"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 тамыздағы N 806 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық
құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

      Ескерту. Жоба Қазақстан Республикасының Парламентінен қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2003.11.13. N 1139 қаулысымен .

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 507-құжат; 1995 ж., N 23, 146-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      8-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      "Елді мекендердің осы санатына қойылатын талаптарға сай келмейтін қалалар мен басқа елді мекендер қала мен басқа да елді мекендер мәртебесінен айырылады және осы Заңда белгіленген тәртіппен елді мекендердің тиісті санатына жатқызылуы тиіс.";
      9-баптың 3) тармақшасы "жатқызады," деген сөзден кейін "олардың қала мәртебесінен айырылу мәселесін шешеді," деген сөздермен толықтырылсын;
      10-баптың 2) тармақшасы "жатқызу," деген сөзден кейін "олардың қала мәртебесінен айрылуы," деген сөздермен толықтырылсын;
      11-баптың 1) тармақшасы "жатқызу" деген сөзден кейін ", елді мекендердің қала мәртебесінен айрылуы" деген сөздермен толықтырылсын;
      12-баптың 1) тармақшасы "жатқызу," деген сөзден кейін "олардың қала мәртебесінен айрылуы" деген сөздермен толықтырылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады