Маңызды стратегиялық мәнi бар тауарларды мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 тамыздағы N 823 қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Семей машина жасау зауыты" ашық акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң 208 "Төтенше жағдайлар жөніндегi мекемелерi материалдық-техникалық жарақтандыру" республикалық бюджеттiк бағдарламасында көзделген қаражат шегiнде маңызды стратегиялық мәнi бар тауарларды - шынжыр табанды тартқыш транспортерлердi жеткiзушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгіленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады