Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Астрахань - Красный Яр - Қазақстан Республикасының шекарасы - Атырау (Ақтөбе - Астрахань) автомобиль жолындағы Қиғаш өзенi арқылы өтетiн шекаралық көпiр өткелiнiң құрылысы жөнiндегі бiрлескен iс-қимыл туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi Қажымұрат Ыбырайұлы Нағмановқа Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан Астрахань - Красный Яр - Қазақстан Республикасының шекарасы - Атырау (Ақтөбе - Астрахань) автомобиль жолындағы Қиғаш өзенi арқылы өтетiн шекаралық көпiр өткелiнiң құрылысы жөнiндегi бiрлескен iс-қимыл туралы келiсiмге қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей
Федерациясының Үкiметі арасындағы Астрахань -
Красный Яр - Қазақстан Республикасы шекарасы -
Атырау (Ақтөбе-Астрахань) автомобиль жолындағы
Қиғаш өзенi арқылы өтетiн шекаралық көпір өткелiнiң
құрылысы жөнiндегi бiрлескен iс-қимыл туралы
Келісім
Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi:
екi мемлекеттiң өңiрлерi арасындағы өзара алмасулар мен сауда экономикалық байланыстар үшiн қолайлы жағдайлар жасау мақсатында,
жыл бойы сенiмдi және тұрақты қатынасты қамтамасыз ету және дамыту қажеттiгiн негiзге ала отырып,
Астрахань - Красный Яр - Қазақстан Республикасы шекарасы - Атырау (Ақтөбе-Астрахань) автомобиль жолындағы Қиғаш өзенi арқылы өтетiн шекаралық көпiр өткелiн жобалау, салу, пайдалану және қызмет көрсету жөнiндегi бiрлескен iс-қимыл туралы шешiм қабылдауды iске асыруға ниет ете отырып, төмендегiлер туралы келiстi.
1-бап
Осы Келiсiмде:
"көпiр" терминi деп Қиғаш өзенiнiң негiзгi арнасы арқылы өтетiн автожол көпiрi ұғынылады;
"шекаралық көпiр өткелi" терминi деп автожол көпiрi, сондай-ақ oған қосалқы кiреберiстер мен шектес автомобиль жолдары ұғынылады.
2-бап
Осы Келiсiмдi iске асыру жөнiндегi қызметтi үйлестiрудi тараптардың уәкiлеттi органдары:
Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi;
Ресей тарапынан - Ресей Федерациясының Көлiк министрлiгi және Астрахань облысының әкiмшiлiгi жүзеге асырады.
Жоғарыда аталған уәкiлеттi органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар дипломатиялық арналар арқылы уақытылы хабардар етiледi.
3-бап
Тараптар шекаралық көпiр өткелiн салудың мынадай қағидаттары туралы келiстi:
а) көпiр өткелiн жобалау және салу үшiн тараптардың уәкiлеттi органдары тепе-теңдiк негiзде бiрыңғай тапсырыс берушiнiң қызметiн құрады;
б) шекаралық көпiр өткелiн салу шекаралық Қиғаш өзенiнiң су тасқыны бағытын өзгертпеуi, оның арнасына, жаға сызығы мен мемлекеттiк шекараның өту сызығына өзгерiстер енгiзбеуi, осы ауданда кеме қатынасының қауiпсiздiгiне, экологиялық және өзге де қауiпсiздiкке зиян келтiрмеуi тиiс;
в) көпiрдi салуға байланысты барлық шығыстарды, оның iшiнде материалдық-техникалық ресурстарды тартумен жобалау-iздестiру жұмыстарына арналған шығындарды, сондай-ақ көпiр құрылысына байланысты басқа да шығындарды, уәкiлеттi органдар әрбiр тараптан 50 пайыздан тең үлеспен бөлiседi;
г) көпiр бiрлесiп салынады, пайдаланылады және оған қызмет көрсетiледi;
д) көпiр құрылысы аяқталғаннан кейiн Тараптар мемлекеттерiнiң және немесе олардың субъекттерiнiң үлестiк меншiгi болып табылады;
e) көпiрге көлiктiк кiреберiстер, қосалқы объектiлар мен құрылыстар салуды осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетiлген ұйымдардың әрқайсысы өз мемлекетiнiң аумағында дербес жүзеге асырады және көпiрдiң құрылысымен бiр уақытта аяқтайды;
ж) көпiр өткелiн салуға арналған конкурсты өткiзу кезiнде жобаның шекаралық көпiр өткелiнiң ерекшелiгiн және оның iске асырылу шарттарын негiзге ала отырып, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының сыныптан тыс көпiр салу тәжірибесi, техникалық мүмкiндiгi және тиiстi қызметшiлерi бар мамандандырылған көпiр салу ұйымдарын тең шарттарда тартуға.
Осы ұйымдар консорциумға бiрлесуi мүмкiн.
4-бап
Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн өте қысқа мерзiмде осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетiлген органдар осы Келiсiмнiң ережелерiн негiзге ала отырып, ынтымақтастық туралы келiссөздер жүргiзедi, көпiр және шекаралық көпiр өткелiн салудың нақты мәселелерiн, соның iшiнде олардың нәтижелерiн қоса алғанда, iздестiру және жобалау жұмыстарын жүргiзудi реттейтiн қажеттi шарттық құжаттарды, көпiрдi пайдалану және оған қызмет көрсету режимiн әзiрлейдi және оларға қол қояды.
5-бап
Осы Келiсiмдi iске асыру кезiнде шекаралық көпiр өткелiн салу, пайдалану және оған қызмет көрсету барысында туындайтын әртүрлi дауларды шешудi Тараптардың уәкiлеттi органдары консультациялар мен келiссөздер жүргiзу жолымен жүзеге асырады.
6-бап
Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Келiсiмге жеке хаттамалармен ресiмделетiн, осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
7-бап
Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi, белгiленбеген мерзiмге жасалады және Тараптардың бipeуi екiншi Тарапты осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабардар еткен күннен бастап алты ай өткенге дейiн күшiнде болады.
2003 жылғы "___"_________ __________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, бұл ретте барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде алшақтықтар туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлдегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Yкiметі үшін Yкiметі үшін