Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов атындағы ауданының Құлан ауылындағы емханасы бар орталық аудандық аурухананың құрылысына қаржы қаражатын бөлудiң кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы N 842 қаулысы

      "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов атындағы ауданының Құлан ауылындағы емханасы бар орталық аудандық аурухананың құрылысына ауылда бiлiм беру және денсаулық сақтау объектiлерiн салуға байланысты жұмыстар мен қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру жөнiндегi конкурстардың қорытындылары бойынша бюджет қаражатын үнемдеу есебiнен, сондай-ақ 2003 жыл iшiнде инвестициялық жобалардың уақтылы iске асырылмауына байланысты 365 532 мың (үш жүз алпыс бес миллион бес жүз отыз екi мың) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысына :
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      IV "Шығындар" деген бөлiмде:
      4 "Бiлiм беру" деген функционалдық топта:
      "23450397" деген сандар "23345097" деген сандармен ауыстырылсын;
      225 "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген әкiмшi бойынша:
      "17551390" деген сандар "17446090" деген сандармен ауыстырылсын;
      400 "Ауыл мектептерiн салуға облыстық бюджеттерге берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген бағдарламада "3697600" деген сандар "3592300" деген сандармен ауыстырылсын;
      032 "Ауыл мектептерiн салуға Атырау облыстық бюджетiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген кiшi бағдарламада "480000" деген сандар "477500" деген сандармен ауыстырылсын;
      035 "Ауыл мектептерiн салуға Жамбыл облыстық бюджетiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген кiшi бағдарламада "682600" деген сандар "664800" деген сандармен ауыстырылсын;
      043 "Ауыл мектептерiн салуға Оңтүстiк Қазақстан облыстық бюджетiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген кiшi бағдарламада "1015300" деген сандар "930300" деген сандармен ауыстырылсын;
      5 "Денсаулық сақтау" деген функционалдық топта:
      "19003010" деген сандар "19108310" деген сандармен ауыстырылсын;
      226 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген әкiмшi бойынша:
      "17424401" деген сандар "17529701" деген сандармен ауыстырылсын;
      400 "Орталық аудандық ауруханаларды салуға облыстық бюджеттерге берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген бағдарламада "33600" деген сандар "399132" деген сандармен ауыстырылсын;
      034 "Орталық аудандық ауруханаларды салуға Жамбыл облыстық бюджетiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген кiшi бағдарламада "33600" деген сандар "399132" деген сандармен ауыстырылсын;
      401 "Ауылдық перзентхана құрылысына облыстық бюджеттерге берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген бағдарламада "648360" деген сандар "634590" деген сандармен ауыстырылсын;
      032 "Түркiстан қаласында әйелдер кеңесi бар перзентхана үйiн салуға Оңтүстiк Қазақстан облыстық бюджетiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген кiшi бағдарламада "234860" деген сандар "221090" деген сандармен ауыстырылсын;
      402 "Туберкулез ұйымдарын және аудандық аурухана салуға облыстық бюджеттерге берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген бағдарламада "2318120" деген сандар "2071658" деген сандармен ауыстырылсын;
      033 "Туберкулез ұйымдарын салуға Қызылорда облыстық бюджетiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген кiшi бағдарламада "350000" деген сандар "266650" деген сандармен ауыстырылсын;
      034 "Туберкулез ұйымдарын салуға Батыс Қазақстан облыстық бюджетiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген кiшi бағдарламада "818420" деген сандар "811308" деген сандармен ауыстырылсын;
      035 "Туберкулез ұйымдарын салуға Жамбыл облыстық бюджетiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген кiшi бағдарламада "442100" деген сандар "286100" деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
      "Бiлiм беру" деген функционалдық топта:
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген әкiмшi бойынша:
      400 "Ауыл мектептерiн салуға облыстық бюджеттерге берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген бағдарламада "3697600" деген сандар "3592300" деген сандармен ауыстырылсын;
      032 "Ауыл мектептерiн салуға Атырау облыстық бюджетiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген кiшi бағдарламада "480000" деген сандар "477500" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Мақат ауданының Доссор кентiнде 1200 орындық мектеп салу" деген жолда "480000" деген сандар "477500" деген сандармен ауыстырылсын;
      035 "Ауыл мектептерiн салуға Жамбыл облыстық бюджетiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген кiшi бағдарламада "682600" деген сандар "664800" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Жамбыл ауданының Пионер ауылында 400 орындық Сартбаев атындағы мектеп салу" деген жолда "135000" деген сандар "133000" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Рысқұлов атындағы ауданының Құлан ауылында 400 орындық мектеп салу" деген жолда "133700" деген сандар "131000" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Сарысу ауданының Ақтоғай ауылында 200 орындық мектептiң құрылысын аяқтау" деген жолда "63500" деген сандар "50400" деген сандармен ауыстырылсын;
      043 "Ауыл мектептерiн салуға Оңтүстiк Қазақстан облыстық бюджетiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген кiшi бағдарламада "1015300" деген сандар "930300" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Сайрам ауданының Қарабастау ауылында 719 орындық Аймауытов атындағы N 54 мектептi салу" деген жолда "109300" деген сандар "103800" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Түркiстан қаласы Яссы ауылында 1266 және 1200 орындық екi мектеп салу" деген жолда "410000" деген сандар "361600" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Отырар ауданының Шәуiлдiр ауылында 800 орындық Жамбыл атындағы мектептiң құрылысын аяқтау" деген жолда "270900" деген сандар "239800" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Денсаулық сақтау" деген функционалдық топта:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген әкiмшi бойынша:
      400 "Аудандық орталық ауруханаларды салуға облыстық бюджеттерге берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген бағдарламада "33600" деген сандар "399132" деген сандармен ауыстырылсын;
      034 "Орталық аудандық ауруханалар салуға Жамбыл облыстық бюджетiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген кiшi бағдарламада:
      "33600" деген сандар "399132" деген сандармен ауыстырылсын;
            "125 төсектiк Мойынқұм орталық аудандық
            ауруханасы, Мойынқұм ауылы                      33600"
      деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
            "150 төсектiк T. Рысқұлов атындағы орталық
            аудандық емханасы бар аурухана, Құлан ауылы    365532";
      401 "Ауылдық перзентхана құрылысына облыстық бюджеттерге берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген бағдарламада "648360" деген сандар "634590" деген сандармен ауыстырылсын;
      032 "Түркiстан қаласында әйелдер кеңесi бар перзентхана үйiн салуға Оңтүстiк Қазақстан облыстық бюджетiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген кiшi бағдарламада "234860" деген сандар "221090" деген сандармен ауыстырылсын;
      402 "Туберкулез ұйымдарын және аудандық аурухана салуға облыстық бюджеттерге берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген бағдарламада "2318120" деген сандар "2071658" деген сандармен ауыстырылсын;
      033 "Туберкулез ұйымдарын салуға Қызылорда облыстық бюджетiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген кiшi бағдарламада "350000" деген сандар "266650" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Арал ауданының 100 төсектiк туберкулез диспансерi, Арал қаласы" деген жолда "150000" деген сандар "119500" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Сырдария ауданының 50 төсектiк туберкулез ауруханасы, Тереңөзек кентi" деген жолда "100000" деген сандар "74250" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қармақшы ауданының 60 төсектiк туберкулез ауруханасы, Жосалы кентi" деген жолда "100000" деген сандар "72900" деген сандармен ауыстырылсын;
      034 "Туберкулез ұйымдарын салуға Батыс Қазақстан облыстық бюджетiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген кiшi бағдарламада "818420" деген сандар "811308" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Бөрiлi ауданының 50 төсектiк туберкулез ауруханасы, Ақсай қаласы" деген жолда "286120" деген сандар "282425" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Казталов ауданының 50 төсектiк туберкулез ауруханасы, Казталов ауылы" деген жолда "303400" деген сандар "302736" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Сырым ауданының 25 төсектiк аудандық орталық ауруханасының жанындағы туберкулез бөлiмшесi, Жөмбейiт ауылы" деген жолда "228900" деген сандар "226147" деген сандармен ауыстырылсын;
      035 "Туберкулез ұйымдарын салуға Жамбыл облыстық бюджетiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген кiшi бағдарламада "442100" деген сандар "286100" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Мойынқұм ауданының 40 төсектiк туберкулез ауруханасы, Мойынқұм ауылы" деген жолда "162000" деген сандар "6000" деген сандармен ауыстырылсын;
      2) "Жамбыл облысындағы жер сiлкiнiсінiң салдарларын жою және әлеуметтiк маңызды объектiлердi қалпына келтiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 9 маусымдағы N 540 қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен мақұлданған Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов атындағы ауданындағы жер сiлкiнiсiнен зардап шеккен объектiлердi қалпына келтiру жөнiндегi 2003-2004 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында:
      "2. Денсаулық сақтау объектiлерi" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 12-жолдың төртiншi бағанында "165" деген сандар "150" деген сандармен ауыстырылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады