"Аралық соттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 тамыздағы N 883 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Аралық соттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы

Аралық соттар туралы

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аралық соттары мен Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық аралық соттардың құрылу тәртiбi мен қызметiн, сондай-ақ шетел мемлекетiнде шығарылған аралық соттар шешiмдерiнiң орындалу тәртiбiн реттейді.

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы Заң, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгіленбесе, заңды және жеке тұлғалармен, жеке кәсiпкерлермен азаматтық-құқықтық шарттардан туындайтын дауларға қатысты қолданылады.

      2-бап. Осы Заңда қолданылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
      1) аралық сот - осы Заңға сәйкес азаматтық-құқықтық шарттың тараптары өтiнiш білдiре алатын осы Заңда белгіленген тәртiппен құрылған орган;
      2) халықаралық аралық сот - нақты заңды тұлға жанынан құрылған тұрақты жұмыс iстейтiн халықаралық аралық сот немесе белгiлi бiр дауды шешу үшiн тараптар құрған халықаралық аралық сот;
      3) аралық судья - аралық сотта дауларды шешу үшiн тараптармен келiсiлген тәртiппен осы Заңның нормаларына сәйкес тараптар сайлаған немесе тағайындаған жеке тұлға;
      4) аралық талқылау - аралық сотта дауларды қарау және аралық соттың шешiм қабылдау процесi;
      5) аралық келiсiм - туындаған немесе туындауы мүмкiн дауды аралық соттың қарауына беру туралы шартқа тараптардың жазбаша келiсiмi;
      6) аралық соттың регламентi - белгiленген тәртiппен бекiтiлген аралық сот қызметiнiң рәсiмдiк және ұйымдастырушылық мәселелерiн реттейтiн ережелердi қамтитын тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың регламентi;
      7) құзыреттi сот - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бiрiншi саты бойынша тараптар арасындағы тиiстi шарттың даулары туралы iстi қарауға уәкiлеттi Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң соты;
      8) iскерлiк айналымның әдет-ғұрпы - олар қандай да бiр құжатта тiркелгенiне қарамастан азаматтық-құқықтық шарттар саласында қалыптасқан және кең қолданылатын мiнез-құлық ережесi;
      9) Қазақстан Республикасының резиденттерi - Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жерi бар, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ оның шегінен тыс жерлерде орналасқан жерi бар филиалдары мен өкiлдiктер;
      10) Қазақстан Республикасының резиденттер еместерi - шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұратындар және шет мемлекеттердiң заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жерi бар олардың филиалдары мен өкiлдiктерi;

      3-бап. Қазақстан Республикасының аралық соттар туралы
              заңдары

      1. Қазақстан Республикасының аралық соттар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше ереже белгiленсе, халықаралық шарттың ережесi қолданылады.

      4-бап. Аралық талқылау қағидаттары

      Аралық талқылау мына қағидаттарды сақтай отырып жүзеге асырылады:
      1) тараптар өзара алдын ала келiсiм бойынша туындаған даулар бойынша аралық талқылауды жүзеге асыру тәртiбi мен шарттары мәселелерiн дербес шешуге құқығы барын бiлдiретiн тараптар еркiнiң дербестігі;
      2) аралық судьялар мен соттар өз шешiмдерiнде тек тараптардың келiсiмi бойынша қолданылатын құқық нормаларын ғана басшылыққа алатынын, өз тарапынан, Қазақстан Республикасының нормаларына, заң және өзге нормативтiк құқықтық актілерiне қарама-қайшы болмауын білдіретiн заңдылық;
      3) аралық судьялар мен соттардың оларға берiлген дауларды шешу кезiнде ешкiмге бағынбайды және ешқандай әрекет болмағанда ғана шешiм қабылдайды;
      4) тараптардың аралық талқылауда бiрдей құқық көлемiн пайдаланатынын және бiрдей міндеттер көлемiн көтеретiнiн білдiретін тараптардың бәсекелестiгi және тең құқықтары, өзiнің ұстанымын, тәсілдері мен оны қорғау құралдарын дербес және аралық соттан, басқа органдар мен адамдардан тәуелсiз сайлайды;
      5) аралық судьялар және соттар, оларға берiлген дауларды шешу кезінде және аралық талқылау тараптары белгіленген талаптарды, қоғамның имандылық қағидаттарын және iскерлiк әдептi сақтай отырып, адал әрекет етуге тиiс екенiн білдiретін әдiлеттілік;
      6) заңда азаматтың тиiстi органға ақпаратты хабарлау мiндеттiлiгi тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, аралық судьялардың аралық талқылау барысында белгiлi болған мәлiметтердi тараптардың немесе олардың құқықтық мирасқорларының келiсiмінсiз жария етуге құқығы жоқтығын және аралық талқылау барысында оларға белгiлi болған мәлiметтер туралы куәгер ретiнде жауап ала алмайтындығын білдiретiн құпиялылық.

      5-бап. Аралық соттардың түрлерi

      1. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының аралық соттары және халықаралық аралық соттар әрекет етедi.
      2. Қазақстан Республикасындағы аралық соттар тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот немесе нақты дауды шешу үшін құрылған аралық сот ретiнде құрылуы мүмкiн.
      3. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және олардың бiрлестiктерi (қауымдастықтар, одақтар) немесе шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар мен оның бiрлестiктерi (қауымдастықтар, одақтар) құруы мүмкiн.
      Тұрақты жұмыс істейтін аралық сотты құру үшiн осы тармақта көрсетілген адамдар аралық соттың регламентi, осы аралық сотта қызметтi жүзеге асыратын аралық судьялардың тiзімдерiн бекiтуге тиiс.
      4. Нақты дауды шешу үшiн аралық сот тараптар олардың азаматтық-құқықтық қатынастарынан туындаған дауды шешу үшiн құрады және осы дау шешiлгенге дейiн немесе тараптар дауды құзыреттi сотқа беру туралы шешiм қабылдағанға дейiн әрекет етедi.
      Нақты дауды шешу үшiн құрылған аралық сотты ұйымдастыру және қызмет тәртiбi тараптардың келiсiмiмен айқындалады.
      5. Қазақстан Республикасындағы аралық соттар мемлекеттiк органдардың жанынан құрыла алмайды.

      6-бап. Аралық соттар қызметiндегi қолданылатын құқық

      1. Аралық сот дауларды Қазақстан Республикасы Конституциясы, заң және өзге нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының нормаларына сәйкес қарайды.
      2. Аралық сот шешiмдi шарт талаптарына сәйкес және iскерлiк айналым ғұрпын ескере отырып қабылдайды.
      3. Егер тараптардың қатынасы құқық нормалары немесе тараптардың келiсiмiмен тiкелей реттелмесе және осы қатынастарға қолданылған iскерлiк айналым ғұрпы жоқ болғанда, онда аралық сот ұқсас қатынастарды реттейтiн құқық нормаларын қолданады, ал осындай нормалар жоқ болса, даулар жалпы бастаулар және заңдар, өзге нормативтiк құқықтық актiлер негізiнде шешіледi.
      4. Тараптардың келiсiмi бойынша халықаралық аралық сот дауды қарау кезiнде нақты шет мемлекеттiң заңдарын, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн бөлігінде қолдана алады.

      7-бап. Дауды аралық соттың шешуiне беру

      1. Дау аралық соттың қарауына тараптар арасында жасалған аралық келiсiм болғанда берiлуi мүмкiн.
      2. Аралық келiсiмдi тараптар арасында қандай да бiр нақты құқықтық қатынастарға байланысты туындаған немесе туындауы мүмкiн дауларға қатысты тараптар жасауы мүмкiн.
      3. Шарттары тараптардың бiрiнде тұжырымдамалар немесе өзге стандартты нысандарда айқындалған және өзге тараппен тұтасымен қоса берілген шартқа бiрiктiру жолымен (бiрiгу шарты) басқадай емес қабылдануы мүмкiн шарт бойынша дауды шешу туралы аралық келiсiм, егер бұндай келiсiм талап-арыз беру үшiн негiз туындаған соң жасалған болса, жарамды.
      4. Құзыреттi сот қарауындағы дауға қатысты аралық келiсiм көрсетілген сотпен дау бойынша шешім қабылдағанға дейiн жасалуы мүмкін.
      5. Аралық соттарға мемлекеттiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың, кәмелетке толмаған адамдардың, заңда белгiленген тәртiппен қабiлетсiз деп танылған адамдардың, аралық келiсiмнiң қатысушысы болып табылмайтын тұлғалардың мүдделерiн қозғайтын даулар, табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызмет көрсету туралы, тауарлар және қызметтер нарығында басымдық жағдаймен айналысатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, банкроттық туралы iстер бойынша шарттардан туындаған даулар ведомстволық бағынысты емес.

      8-бап. Аралық соттың қызметiне араласуға жөн бермеу

      Аралық соттың қызметiне, бұл Қазақстан Республикасының заң актілерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда мемлекеттiк органдар мен өзге де мекемелердiң араласуына жол берілмейді.

      9-бап. Аралық талқылаудың тiлi (тiлдерi)

      1. Аралық соттардағы iс жүргiзу тараптардың келiсiмi бойынша мемлекеттiк тiлде, орыс тілінде немесе өзге тiлде жүргiзiледi. Аралық талқылаудың тiлi туралы тараптар келiсiмге қол жеткiзбеген жағдайда, аралық талқылаудың тілін аралық сот белгілейді.
      Аралық талқылау жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмейтiн iске қатысушы адамдарға iс материалдармен танысу, аралық сот әрекетiне аудармашы арқылы қатысу, аралық сотта ана тілiнде мәлiмдеме жасау құқығы қамтамасыз етіледi.
      2. Құжаттар мен өзге материалдарды тараптар аралық талқылау тiлiнде (тiлдерiнде) ұсынбаса, олардың аудармасымен қамтамасыз етедi.
      3. Аралық сот тараптардан құжаттар мен өзге материалдардың аралық талқылау тiлiнде (тілдерiнде) аудармасын талап ете алады.

      10-бап. Аралық келiсiм, оның нысаны және мазмұны

      1. Аралық келiсiм жазбаша нысанда жасалады. Аралық келiсiм, егер ол тараптар қол қойған құжатта қамтылса, хабарламалар алмасу жолымен жазбаша нысанда жасалды деп есептеледi.
      2. Шарттағы дауды аралық соттың шешуiне беру туралы талапты қамтитын құжатқа шарттағы сілтеме, шарт жазбаша нысанда жасалған және осы сілтеме аралық келiсiмдi шарттың бөлiгi болған жағдайда аралық келiсiм болып табылады.
      3. Егер тараптар бұл туралы уағдаласпаса, онда дауды тұрақты жұмыс iстейтiн сотқа бергенде тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың регламентi аралық келiсiмнiң ажырамас бөлiгі ретiнде қаралады.
      4. Аралық келiсiмнiң қолданылуы тараптардың келiсiмiмен ол жасалған тәртiпте тоқтатылуы мүмкiн.

      2-тарау. Аралық соттың құрамы

      11-бап. Аралық судьялар

      1. Аралық судьялар болып iстiң нәтижесiне тiкелей немесе жанама мүдделi емес, тараптардан тәуелсiз болып табылатын және аралық судьяның мiндеттерiн орындауға келiсiмiн берген, жиырма бес жасқа толған, жоғарғы бiлiмi бар жеке тұлға сайланады (тағайындалады).
      2. Дауды жеке-дара шешетiн аралық судьяның жоғары заңгерлiк бiлiмi және заңгерлiк мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы болуы тиiс. Дауды алқалы түрде шешу жағдайында аралық сот құрамы төрағасының жоғары заңгерлiк білiмi болуы тиiс.
      3. Аралық судьяларға үмiткерлерге қойылатын талаптар тараптармен тiкелей келiсілуі және аралық талқылау ережесiмен айқындалуы тиiс.
      4. Аралық судья:
      1) заңдарда белгiленген тәртiппен құзыреттi соттың судьясы болып сайланған немесе тағайындалған;
      2) заңда белгiленген тәртiппен сот қабiлетсiз немесе қабiлетi шектеулi деп таныған;
      3) алынбаған немесе өтелмеген соттылығы бар не қылмыс жасауда кiнәлi деп айып тағылған адам;
      4) құзыреттi соттың судьясы, адвокат, нотариус, тергеушi, прокурор немесе құқық қорғау органдарының басқа қызметкерi ретiндегi өкiлеттігі оның кәсiби қызметiмен сыйыспайтын әрекеттер жасағаны үшiн заңда белгiленген тәртiппен тоқтатылған болса;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аралық судья болып сайлана (тағайындала) алмайтын адамдар бола алмайды.

      12-бап. Дауды қарауда аралық судьялардың саны

      1. Тараптар саны тақ болуы тиiс аралық судьялар санын белгілеуге құқылы.
      2. Егер тараптар бұл туралы уағдаласпаса, онда аралық сотта дауды шешу үшiн үш аралық судьялар сайланады (тағайындалады).

      13-бап. Аралық соттың құрамы

      1. Аралық соттың құрамын құру аралық судьяларды (аралық судьяны) сайлау (тағайындау) жолымен жүргiзiледi.
      2. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сотта аралық соттың құрамын құру тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың регламентiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      3. Нақты дауды шешу үшiн аралық сотта аралық соттың құрамын құру тараптармен келiсiлген тәртiпте жүргiзiледi.
      4. Тараптардың келiсiмi бойынша халықаралық аралық сотта судья болып шетел азаматы сайлануы мүмкiн.
      5. Егер тараптар бұл туралы уағдаласпаса, онда нақты дауды шешу үшiн аралық сот құрамын құру мынадай тәртiпте жүргiзiледi:
      1) үш аралық судьядан тұратын аралық соттың құрамын құру кезінде әр тарап аралық судьяның бipeуін сайлайды, ал осындай жолмен сайланған екi аралық судья үшiншi аралық судьяны сайлайды.
      Егер тараптардың бipeуi басқа тараптан бұл туралы өтінiштi алғаннан кейiн 15 күн iшiнде аралық судьяны сайламаса, немесе екi сайланған судья өз тарапынан өздерi сайланғаннан кейiн 15 күн iшінде үшiншi аралық судьяны сайламаса, онда аралық сотта дауды қарастыру тоқтатылады, және бұл дау құзыреттi соттың қарастырылуына жiберiледi;
      2) егер дау аралық судьяның жеке-дара шешуiне жатса және бiр тарап басқа тарапқа аралық судьяны сайлау туралы ұсыныспен жүгiнгеннен кейiн тараптар 15 күн ішінде аралық судьяны сайламаса, бұл дау құзыреттi соттың қарастырылуына жiберiледi.

      14-бап. Аралық судьяға қарсылық білдiру

      1. Осы Заңның 11-бабының талаптарына аралық судьялар сәйкес келмеген жағдайда тараптар судьяға қарсылық бiлдiру жөнінде өтiніш бере алады.
      2. Қандай да бiр жеке адамға оның аралық судьяны сайлау (тағайындау) мүмкiндiгiмен жүгiнген жағдайда көрсетiлген адам осы Заңның 12-бабына сәйкес оған қарсылық бiлдiру үшiн негiз болып табылатын мән-жайлардың болуы туралы хабарлауы тиiс. Егер көрсетілген мән-жайлар аралық сот талқылауы кезінде туындаған жағдайда, аралық судья бұл туралы тараптарға кешiктiрмей хабарлауы және өздiгiнен бас тартуы тиiс.
      3. Тараптар өзi сайлаған аралық судьяға осы бапқа сәйкес, егер қарсылық білдiру үшiн негiз болып табылатын мән-жайлар тарапқа осы аралық судьяны сайлағаннан кейiн белгiлi болған жағдайда ғана қарсылық білдiре алады.
      4. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттағы аралық судьяға қарсылық білдiру рәсімi тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот регламентінде белгiленедi.
      5. Нақты дауды шешу үшiн аралық соттағы аралық судьяға қарсылық бiлдiру рәсiмi тараптармен келiсiлуi мүмкiн.
      6. Егер аралық судьяға қарсылық бiлдiру рәсiмi тараптармен келiсiлмесе немесе тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот регламентiнде белгіленбесе онда аралық судьяға қарсылық бiлдiру туралы жазбаша уәждi өтiнiштi тараптар аралық сот құрамы құрылғаны белгiлi болғаннан кейiн және осы Заңның 11-бабына сәйкес аралық судьяға қарсылық бiлдiру үшiн негiз болғанда, бес күн iшiнде беруi тиiс.
      Егер қарсылық білдiрiлген аралық судья өздiгiнен бас тартпаса немесе басқа тарап аралық судьяға бiлдiрiлген қарсылыққа келiспесе, аралық судьяға қарсылық бiлдiру туралы мәселе аралық соттың құрамына кiретiн аралық судьялар тараптардың жазбаша уәждi өтiнiшiн алған кезден бастап он күн мерзiмде шешедi.
      Дауды жеке-дара қарайтын аралық судьяға қарсылық бiлдiру туралы мәселенi осы аралық судьялар шешедi.

      15-бап. Аралық судьялардың өкiлеттiгін тоқтату

      1. Аралық судьялардың өкiлеттiгі тараптардың келiсiмi бойынша аралық судьяның өздігінен бас тарту немесе осы Заңда көзделген негiздер бойынша аралық сотқа қарсылық бiлдiруге байланысты, сондай-ақ аралық судья қайтыс болған жағдайда тоқтатылуы мүмкiн.
      2. Аралық судьялардың өкілеттiгi нақты iс бойынша шешiм қабылдағаннан кейiн тоқтатылады. Осы Заңның 38-40 баптарында көзделген жағдайларда, аралық судьялардың өкілеттiгi аралық қалпына келтіріледi, ал содан кейiн көрсетілген баптарда көзделген iс жүргiзу әрекеттерi аяқталғаннан кейiн тоқтатылады.

      16-бап. Аралық судьяларды ауыстыру

      Аралық судьялар өкiлеттiгiн тоқтатқан жағдайда басқа аралық судья ауыстырылатын аралық судьяларды сайлағанда (тағайындағанда) қолданылған ережелерге сәйкес сайланады (тағайындалады).

      3-тарау. Аралық сотта дауды шешуге байланысты шығындар

      17-бап. Аралық сотта дауды шешуге байланысты шығындар

      1. Аралық сотта дауды шешуге байланысты шығындар:
      аралық судьялардың қаламақысын;
      аралық талқылауға қатысуға байланысты аралық судьялар шеккен шығындар, соның iшiнде дауды орау орнына жол жүру, тұру және тамақтану төлемiне шығындарды;
      сарапшыларға және аудармашыларға төленуге тиiс сомаларды;
      аралық судьялармен жазбаша және заттай дәлелдемелердi олар орналасқан жерде қарауға және зерттеуге байланысты шеккен шығындарды;
      куәгерлер шеккен шығындарды;
      аралық сот шешiмi пайдасына жасалған тараптың өкiлiнiң қызметiн төлеу шығындарын;
      аралық талқылауды ұйымдастырушылық және материалдық қамтамасыз ету шығындарын қамтиды.
      2. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сотта аралық судьялардың қаламақысының мөлшерi тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот регламентiнде көзделген аралық судьялар қаламақысына сәйкес аралық сот құрамы айқындайды.
      Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот регламентiнде судьялардың қаламақысына белгiленген мөлшерге нұсқау жоқ болғанда, аралық сот аралық судьяның қаламақысының мөлшерiн талқылаудың әрбiр нақты жағдайында талап қоюдың бағасын, даудың күрделілігiн, аралық талқылауға аралық судьялардың кеткен уақытын және iске қатысты кез-келген басқа мән-жайларды ескере отырып белгілей алады.
      3. Нақты дауды шешу үшiн аралық соттағы аралық судьялардың қаламақысының мөлшерi тараптардың келiсiмi бойынша, ал мұндай жоқ болса - нақты дауды шешу үшiн аралық сот тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот үшiн көзделген тәртiппен белгілейдi.

      18-бап. Аралық сотта дауларды шешуге байланысты
               шығындарды бөлу

      1. Аралық сотта дауларды шешуге байланысты шығындарды тараптар арасында бөлу тараптардың келiсiмiне сәйкес, ал бұндай болмағанда қанағаттандырылған және бас тартылған талаптарға үйлесiмдi жүргiзiледi.
      2. Аралық сот шешiмi пайдасына жасалған тараптың өкiл қызметiне төлемге шығындар, сондай-ақ аралық талқылаумен байланысты өзге шығындар аралық соттың шешiмi бойынша егер келтiрiлген шығындарды өндiру туралы талап аралық талқылау барысында қойылса және аралық сотпен қанағаттандырылса басқа тарапқа қатысты болуы мүмкiн.
      3. Аралық сотта дауды шешуге байланысты шығындарды бөлу аралық соттың шешiмiнде немесе ұйғарымында көрсетіледi.

      4-тарау. Аралық талқылау

      19-бап. Аралық соттың мәселенi шешу құқықтылығы

      1. Аралық сот оған шешуге берiлген дауды қарауға өзiнiң құқылы болуы немесе жоқтығы туралы мәселенi, сонымен қатар тараптардың бipeуi аралық келiсiмнiң жоқтығы немесе жарамсыздық себептерi бойынша аралық талқылауға қарсылық білдірген жағдайда дербес шешеді.
      2. Тараптар оған шешуге берiлген дауды қарауға аралық соттың құқығы жоқтығы туралы даудың мәнi бойынша бiрiншi өтiнiштi ол бергенге дейiн мәлiмдеуге құқылы.
      3. Тараптар аралық соттың құқығын асыра қолдану туралы, егер аралық талқылау барысында аралық талқылаудың нысаны болып қаралуы аралық келiсiмде көзделмеген не заңға немесе аралық талқылау ережесiне сәйкес аралық талқылау мәнi болып табылмайтын мәселе қойылса мәлiмдеуге құқылы.
      4. Аралық сот осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес жасалған өтiнiштi қарауға мiндетті. Өтiнiштi қарау нәтижелерi бойынша ұйғарым шығарылады.
      5. Егер аралық сот өзiнiң құқықтылығы туралы мәселенi қарау кезiнде аралық сотта дауды қарауға не жоқтығы туралы ұйғарым шығарса, онда аралық сот дауды мәнi бойынша қарай алмайды.

      20-бап. Аралық талқылаудың ережесiн айқындау

      1. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот аралық талқылауды егер тараптар аралық талқылаудың басқа ережелерiн қолдану туралы уағдаласпаса, тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың регламентiне сәйкес жүзеге асырады.
      2. Нақты дауды шешу үшiн аралық сот аралық талқылауды тараптармен келiсiлген ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес тараптармен келiсілген аралық талқылау ережесi тараптарға жекелеген мәселелер бойынша келiсу құқығын бермейтiн осы заңның мiндетті ережелерiне қайшы келе алмайды.
      Тараптармен келiсiлмеген, тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың ережесiнде және осы заңда айқындалмаған бөлiкте, аралық талқылаудың ережесiн аралық сот белгілейдi.

      21-бап. Аралық талқылау орны

      1. Аралық сотта нақты дауды шешу үшiн тараптар өз қалаулары бойынша аралық талқылау орны туралы келiсе алады.
      Егер тараптар өзгеше уағдаласпаса, онда аралық талқылау орны нақты дауды шешу үшін аралық сотпен тараптар үшiн қолайлы факторды қоса, iстiң барлық мән-жайын ескере отырып айқындалады.
      2. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сотта аралық талқылау орны тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың регламентiне сәйкес айқындалады.
      Егер тұрақты жұмыс істейтiн аралық соттың регламентiнде аралық талқылау орнына нұсқау не оны айқындау тәртiбi жоқ болса, онда аралық талқылаудың орны аралық сот құрамымен тараптар үшiн қолайлы факторды қоса, iстiң барлық мән-жайын ескере отырып айқындалады.

      22-бап. Талап-арыз және талап арызды керi қайтарып алу

      1. Талапкер жазбаша нысанда аралық сотқа берiлетін талап арызда өзiнiң талаптарын баяндайды. Талап-арыздың көшiрмесi талапкерге беріледі.
      2. Талап-арызда:
      1) талап-арызды беру күнi;
      2) тараптардың атауы, олардың пошталық мекен-жайы және банктiк деректемелерi;
      3) аралық сотқа жүгiну негiзi;
      4) талапкердің талабы;
      5) талапкер өзінің талаптарын негiздеген мән-жайлар;
      6) талап-арыз талаптарының негізiн растайтын дәлелдемелер;
      7) егер талап-арыз бағалауға жатса талап-арыздың бағасы;
      8) талап-арызға қоса тiркелетiн құжаттар мен өзге материалдардың тiзбесi көрсетiлуi тиiс.
      Талап-арызға талап қоюшының немесе оның өкiлi қол қоюға тиiс. Егер талап-арызға талап қоюшының өкiлi қол қойса, талап арызға өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын сенiмхат немесе өзге құжат қоса берiлуге тиiс.
      3. Аралық талқылаудың ережесiмен талап-арыз мазмұнына қосымша талаптар көзделуi мүмкiн.
      4. Жауапкер талапкерге және аралық сотқа талап-арызға керi қайтарып алуды талап-арызға қарсы өзiнiң қарсылығын баяндап ұсынуға құқылы. Талап-арызға керi қайтарып алу талапкерге және аралық сотқа аралық талқылау ережелерінде көзделген тәртiпте және мерзiмде беріледi.
      Егер аралық талқылау ережелерiмен талап-арызды керi қайтарып алуды ұсыну мерзiмi айқындалмаса, онда көрсетiлген керi қайтарып алу аралық соттың бiрiншi мәжiлiсiне дейiн кемiнде 10 күн қалғанда ұсынылады.
      5. Аралық талқылау барысында тараптар өзiнiң талап-арыздық талаптарын не талап-арызға қарсылығын өзгертуге не толықтыруға құқылы.

      23-бап. Аралық талқылауды қозғау

      1. Аралық сот талап-арызды қабылдап, аралық талқылауды қозғау туралы ұйғарым шығарады, тараптарға оның қаралу орны туралы хабарлайды, жауапкерге талап-арызды жазбаша керi қайтарып алуды ұсынады.
      2. Жауапкердiң қарсылық бiлдiрмеуi дауды талқылауға кедергi бола алмайды.

      24-бап. Талап арызды қайтару

      1. Аралық сот талап арызды, егер:
      1) тараптар арасында аралық келiсiм жоқ болса;
      2) аралық келiсiмнiң қатысушысы болып табылмайтын үшiншi тұлғалардың мүддесi қозғалса;
      3) талап арыз аралық келiсiмде көзделмеген аралық сотқа берiлсе;
      4) талап-арызға уәкiлеттiгі жоқ адам қол қойса;
      5) талап қоюшы талап арызды қайтарып алу туралы өтiнiш берсе;
      6) осы немесе басқа бiр соттың iс жүргiзуiнде сол тараптар арасында, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша дау жөнiнде iс бар болса, қайтарып жiбередi.
      2. Арызды қайтару талапкердiң сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгiнуiне кедергi келтiрмейдi.

      25-бап. Қарсы талап қою және қарсы талаптарды есепке алу

      1. Жауапкер қарсы талаптың талапкердiң талаптарымен өзара байланысы болған жағдайда, сондай-ақ қарсы талап қою аралық сотпен аралық келiсiмге сәйкес қаралуы мүмкiн жағдайда талап қоюшыға қарсы талап қоюға құқылы.
      2. Аралық сот шешiм қабылдағанға дейiн, егер тараптармен қарсы талап қою үшiн өзге мерзiм келісілмесе, аралық талқылау барысында қарсы талап қойылуы мүмкiн.
      3. Қарсы талап қою осы Заңның 23-бабы 2-тармағының талаптарын қанағаттандыруға тиiс.
      4. Талапкер аралық талқылаудың регламентiнде немесе ережелерде көзделген тәртiппен және мерзiмде қарсы талап қоюға қарсылығын беруге құқылы.

      26-бап. Дәлелдемелердi беру және зерттеу

      1. Әр тарап өзiнiң талаптары мен қарсылықтарының негіздемесі ретінде сүйенетін мән-жайды дәлелдеуi тиiс. Аралық сот берілген дәлелдемелер жеткілiксiз деп санаса, талаптарға қосымша дәлелдемелер берудi ұсынады.
      2. Аралық сот iс бойынша бар барлық дәлелдемелердi тiкелей зерттеуге мiндеттi.

      27-бап. Аралық соттың мәжiлiсiнде тараптардың қатысу ы

      1. Тараптардың әрқайсысына өзiнiң ұстанымын баяндау және өзiнiң құқығы мен мүддесiн қорғау үшiн тең мүмкiндiктер берілуі тиiс.
      2. Егер тараптар өзгеше келiспесе, онда аралық талқылау аралық соттың мәжiлiсiнде тараптардың не оның өкiлдерiнiң қатысуымен жүзеге асырылады.
      Өкiлдiң өкiлеттiгi Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 61-бабында көзделген талаптар сақтала отырып ресiмделуі тиiс.
      3. Тараптарға аралық сот мәжiлiсiнiң уақыты және орны туралы алдын ала хабарлама жіберілуі тиiс.
      Егер тараптар өзгеше келiспесе, онда барлық құжаттар көшiрмесi және өзге материалдар, сондай-ақ тараптардың бiреумен аралық сотқа ұсынылатын өзге ақпарат, аралық сотпен басқа тарапқа тапсырылуы тиiс. Аралық сот өзiнiң шешiмiн негiздеген сараптамалық қорытындыны аралық сот тараптарға беруге тиiс.
      4. Егер тараптар өзгеше келiспесе, онда аралық сот құрамы iстi жабық мәжiлiсте қарайды.

      28-бап. Тараптардың құқығы

      Аралық талқылауда қатысушы тараптардың:
      1) iс материалдармен танысуға;
      2) дәлелдемелердi ұсынуға;
      3) аралық судьяларға өтiнiш бiлдiруге қарсылық бiлдiруге;
      4) процеске қатысушыларға сұрақтар қоюға, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер беруге;
      5) процесс барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өзiнiң дәлелдерiн беруге;
      6) басқа тараптың өтiнiштерiне және дәлелдерiне қарсы қарсылық білдiру;
      7) аралық сот мәжiлiсiнiң хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескерту беруге;
      8) құзыреттi cот алдында аралық сот шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы өтiнiш бiлдiруге;
      9) аралық соттың шешiмiне заңда белгiленген жағдайда шағым беруге құқығы бар.

      29-бап. Тараптардың құжаттарды және өзге де
               материалдарды ұсынбау және тараптардың келмеу
               салдарлары

      1. Құжаттар мен өзге материалдарды ұсынбау, сонымен қатар аралық сот мәжiлiсiнiң уақыты және орны туралы тиiсiнше хабарландырылған тараптар не олардың өкiлдерiнiң аралық сот мәжiлiсiне келмеуi, егер құжаттар мен өзге материалдарды ұсынбау не аралық соттың мәжілiсiне тараптардың келмеуі олармен дәлелдi емес деп танылса, аралық талқылау және аралық соттың шешiм қабылдауы үшiн кедергi болып табылмайды.
      2. Жауапкердiң талап арызға қарсылығын ұсынбауы талап қоюшының талаптарын мойындау ретiнде қарастырыла алмайды.

      30-бап. Сараптама тағайындау және өткiзу

      1. Егер тараптар өзгеше уағдаласпаса, онда аралық сот дауды шешуде туындайтын мәселелердi түсiндiру үшiн арнайы тануды талап ететiн сараптама тағайындай алады және тараптардың кез-келгеннен сараптама өткiзу үшiн қажеттi құжаттарды, өзге материалдарды не нысандарды талап ете алады.
      Аралық сот аралық талқылаудағы сарапшының қатысуына қатысты өзге мәселелердi, сараптамаға және сарапшы қатысуына төлем шығындарын бөлудi қоса есептегенде, егер бұл мәселелер тараптармен арнайы келісілмеген болса, шешуге құқылы.
      2. Сараптамалық қорытынды жазбаша нысанда ұсынылады.
      3. Егер тараптар өзгеше келiспесе, бұл туралы тараптардың кез-келгенi сұраған не аралық сот бұны қажеттi деп санаған жағдайда, онда сарапшы, сараптамалық қорытынды ұсынылғаннан кейiн, тараптарға және аралық судьяларға сараптама өткiзумен және ұсынылған сараптамалық қорытындымен байланысты сарапшыға сұрақтар қою мүмкіндігiн беретiн аралық соттың мәжiлісiне қатысуға тиiс.

      31-бап. Аралық сот мәжілiсiнің хаттамасы

      1. Егер тараптар өзгеше уағдаласпаса, онда аралық сот мәжiлiсiнде хаттама жүргiзiледi.
      2. Аралық сот мәжiлiсiнiң хаттамасы iс талқылауының барлық маңызды кезеңдерiн қамтуы тиiс.
      Аралық сот мәжiлісiнiң хаттамасында:
      1) аралық сот мәжiлiсiнiң жылы, айы, күнi және орны;
      2) аралық сот мәжiлiсiнiң басталу және аяқталу уақыты;
      3) iстi қараушы аралық соттың атауы және аралық судьяның, аралық сот мәжілісі хатшысының аты-жөндерi;
      4) iстiң атауы;
      5) iске қатысушы адамдардың, өкiлдердiң, куәгерлердiң, сарапшылардың, мамандардың, аудармашылардың келуi туралы мәлiмет;
      6) iске қатысушы адамдарға, өкiлдерге өздерiнiң iс жүргiзу құқықтарын түсiндiру туралы мәлiмет;
      7) төрағалық етушiнiң өкiмi және аралық соттың мәжiлiс залында аралық сот шығарған ұйғарым;
      8) iске қатысушы адамдардың және өкiлдердiң өтiнiштерi, өтiнiмдерi және түсiнiктемелерi;
      9) куәгерлердiң жауаптары, сарапшылардың өз қорытындыларын ауызша түсiндiрулерi, мамандардың түсiндiрмелерi;
      10) құжаттарды жариялау туралы мәлiмет, заттай айғақтарды қарау, дыбыс жазбаларын тыңдау, бейне жазбаларды, киноматериалдарды қарау деректерi;
      11) аралық соттың мәжiлiс залында орын алған сұрақтар мен жауаптардың мазмұны;
      12) шешiмнiң және ұйғарымның мазмұнын жариялау және түсіндіру, оларға шағымдану тәртiбi және мерзiмiн түсiндiру туралы мәлiметтер;
      13) iске қатысушы адамдарға хаттамамен танысу және оған ескерту жасау құқығын түсiндiру туралы мәлiмет;
      14) хаттаманың жасалған күнi көрсетiледi.
      3. Хаттаманы аралық талқылау тараптарының келiсiмi бойынша аралық сотпен, немесе тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың регламентіне сәйкес тағайындалатын сот мәжiлiсiнiң хатшысы жасайды.
      4. Iске қатысушы адамдар және өкілдер хаттаманың қандайда бір бөлiгiн жариялау туралы, хаттамаға олар iс үшiн маңызды деп санайтын мән-жайлар туралы мәлiметтi енгiзу туралы өтiнiш бiлдiруге құқылы.
      5. Хаттама аралық сот мәжiлiсi аяқталған соң үш күннен кешiктірілмей дайындалуы және қол қойылуға тиiс.
      Күрделi iстер бойынша аралық сот мәжiлiсiнiң хаттамасын дайындау және қол қою неғұрлым ұзақ мерзiмде, бiрақ аралық сот мәжiлiсi аяқталған соң он күннен кешiктiрiлмей жүзеге асырылуы тиiс.
      6. Хаттамаға төрағалық етуші және хатшы қол қояды. Барлық өзгерiстер, түзетулер, толықтырулар хаттамада көрсетiлуi және олардың қолдарымен куәландырылуы тиiс.

      5-тарау. Аралық соттың шешiмi

      32-бап. Аралық сот шешiмiнің мiндеттiлiгі

      Аралық келiсiм жасаған тараптар аралық сот шешiмiн орындауға мiндеттеме алады. Тараптар мен аралық сот аралық соттың шешiмiнiң заңи тұрғыда орындалуына бар күш-жiгерiн салады.

      33-бап. Аралық соттың шешiм қабылдауы

      1. Iстiң мән-жайын зерттегеннен кейiн аралық сот аралық соттың құрамына кiретiн аралық судьялардың көпшiлiк даусымен шешiм қабылдайды.
      Шешiм аралық сот мәжiлiсiнде жарияланады. Аралық сот шешiмнiң қарарлық бөлiгiн ғана жариялауға құқылы. Егер тараптар шешiмдi жiберу үшiн мерзiмдi келiспесе, бұндай жағдайда дәлелдi шешiм тараптарға шешiмнiң қарарлық бөлiгi жарияланған күннен бастап 30 күн iшiнде жiберiлуi тиiс.
      Аралық сот басым мүшелерiнiң шешiмiмен келiспейтiн судья өзiнiң ерекше пiкірiн мәлiмдеуге құқылы, бұл шешiмге қоса тiркеледi. Тараптар аралық судьяның ерекше пiкiрiмен танысуға құқылы.
      2. Аралық сот егер оны қажетті деп таныса шешiм қабылдауды кейiнге қалдыруға және тараптарды осы заңның 27-баптың 3-тармағының ережелерiн сақтай отырып қосымша мәжіліске шақыруға құқылы.
      3. Егер аралық талқылау барысында тараптар дауды заңдарға және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмейтiн және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзбайтын бiтiмгершiлiк келiсiм жасау жолымен peттece, аралық сот талқылауды тоқтатады және тараптардың өтiнiшi бойынша және оның тарапынан қарсылық болмаған кезде бұл реттеудi келiсiлген талаптарда аралық соттың шешiмi ретiнде белгiлейдi.
      Келiсiлген талаптардағы аралық соттың шешiмi осы Заңның 34-бабының ережелерiне сәйкес шығарылады және ол аралық соттың шешiмi болып табылатындығына нұсқауды қамтиды. Аралық соттың мұндай шешiмiнiң даудың мәнi бойынша аралық соттың кез-келген шешiмi сияқты мәртебесi және әрекетi бар.
      4. Аралық соттың шешiмi аралық талқылау орнында қабылданған деп есептеледi және оған аралық судья (судьялар) қол қойған күнi заңды күшiне енедi.

      34-бап. Аралық сот шешiмiнің нысаны мен мазмұны

      1. Аралық сот шешiмi жазбаша нысанда жазылады және аралық сот құрамына кiретiн судьялар, сонымен қатар ерекше пiкiрi бар аралық судьялар қол қояды. Егер аралық талқылау алқалы түрде жүзеге асырылған болса, онда шешiмге, басқа аралық судьяның қолы жоқтығының дәлелдi себебi көрсетiлген жағдайда, аралық сот құрамына кіретiн аралық судьялардың көпшілiгi қол қояды.
      2. Аралық сот шешiмiнде мыналар:
      1) шешiм қабылданған күн;
      2) осы заңның 21-бабына сәйкес анықталған аралық талқылаудың орны;
      3) аралық сот құрамы және оның қалыптасу тәртiбi;
      4) дау тараптарының атауы, өкiлеттiктерi көрсетiлген олардың өкiлдерiнiң тектерi мен аты-жөнiнiң бас әрiптерi, лауазымдары;
      5) аралық сот құзыретiнiң негіздемесi;
      6) талапкердiң талабы және жауапкердiң қарсылығы, тараптардың өтiнiшi;
      7) арашалауға қатысушы адамдардың дауының, арызының, өтiнiшiнiң, түсiндiруiнiң мәнi;
      8) аралық сот белгiлеген iстiң мән-жайы, осы мән-жайлар туралы аралық соттың қорытындылары негiзделген дәлелдемелер, шешiм қабылдау кезiнде аралық сот басшылыққа алған заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер.
      Әр мәлімделген талап-арыз талабын қанағаттандыру туралы немесе қанағаттандырудағы бас тарту туралы аралық соттың қорытындылары, аралық сотта дауды шешуге байланысты шығыстардың сомасы, көрсетілген шығыстарды тараптардың арасында бөлу, қажет кезде қабылданған шешiмді орындау мерзiмi мен тәртібі көрсетілетiн қарарлық бөлiгі көрсетілуге тиiс.
      3. Шешiм қабылданғаннан кейiн әр тарапқа осы баптың 1-тармағына сәйкес ресiмделген шешiмнiң бiр данасы тапсырылуға не жiберiлуге тиiс.

      35-бап. Шешiмнің заңдылығы мен негіздiлігі

      1. Аралық соттың заңды және негiздi болуға тиiс.
      2. Аралық сот өзiнiң шешiмiн аралық сот мәжілiсiнде зерттелген дәлелдемелерге ғана негіздейдi.

      36-бап. Қосымша шешім

      1. Егер тараптар өзгеше келiспесе, онда кез-келген тараптардың бiрi бұл туралы екiншi тарапқа хабарлап, аралық соттың шешiмiн алғаннан кейiн 10 күн iшiнде аралық талқылау барысында мәлімделген талаптарға қатысты сол аралық сотқа қосымша шешім қабылдау туралы өтiнiшпен жүгiне алады. Көрсетiлген өтiнiш оны алғаннан кейiн он күн iшiнде дауды шешкен аралық соттың құрамымен қаралуға тиiс.
      2. Тиiстi өтiнiштi қарау нәтижелерi бойынша не аралық сот шешiмiнің құрамдық бөлiгi болып табылатын қосымша шешiм, не қосымша шешiм қабылдау туралы өтініштi қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым қабылданады.

      37-бап. Аралық сотта жаңадан анықталған мән-жайлар
               бойынша дауларды қарау

      1. Аралық соттың шешiмi аралық келiсiм тараптарының бiреуімен немесе құқығына нұқсан келген өзге адамның өтiнiшi бойынша жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін. Аралық соттың жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша шешiмді қарауына негiз:
      1) арыз берушiге белгiлi болмаған және белгiлi бола алмаған iс үшiн елеулi мән-жайлар;
      2) заңды күшiне енген сот үкiмiмен белгiленген, заңсыз не негiзсiз шешiм шығаруға әкеп соққан, куәнiң көрiнеу жалған жауаптары, сарапшының көрiнеу жалған қорытындысы, көрінеу дұрыс аудармау, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы;
      3) күшiне енген сот үкiмiмен белгiленген, тараптардың, iске қатысушы басқа адамдардың, не олардың өкiлдерiнің қылмысты әрекеттерi немесе аралық судьялардың сол iстi қарау кезінде жасаған қылмысты әрекеттерi болып табылады;
      2. Аралық сотқа жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша шешiмді қайта қарау туралы арыз шешiмді шығарған аралық сотқа осы Заңмен белгіленген тәртiппен өтiнiштi қайта қарау үшiн негiз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай iшiнде берiледi және қаралады.
      Егер аралық соттың отырысы болмаған жағдайда оның iшiнде тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот, онда аралық сотта жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша шешiмдер осы Заңда белгiленген тәртiпте құрылған аралық соттың жаңа құрамымен қаралады.

      38-бап. Шешiмді түсiру

      1. Егер тараптар өзгеше келiспесе, онда кез-келген тараптардың бiрi бұл туралы екiншi тарапқа хабарлай отырып, аралық соттың шешiмiн алғаннан кейiн 10 күн iшiнде сол аралық сотқа шешiмдi түсiндiру туралы өтiнiшпен жүгiнедi. Шешiмдi түсiндiру туралы өтiнiш оны алғаннан кейiн 10 күн iшiнде дауды шешкен аралық соттың құрамымен қаралуға тиiс.
      2. Аралық сот өзiнің қабылдаған шешiмiн оның мазмұнын өзгертпей-ақ түсіндiредi.
      3. Тиiстi өтiнiштiң қаралу нәтижелерi бойынша не аралық сот шешiмiнiң құрамдық бөлiгi болып табылатын шешiмдi түсiндiру туралы ұйғарым, не шешiмдi түсiндiруден бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.

      39-бап. Жаңылыс жазуларды, жаңылыс таңбаларды,
               арифметикалық қателердi түзету

      1. Аралық сот кез-келген тараптың өтiнiшi бойынша немесе өзiнiң бастамасы бойынша жіберілген жаңылыс жазуларды, жаңылыс таңбаларды, анық арифметикалық қателердi түзетуге құқылы.
      2. Аралық сот шешiмнiң құрамдық бөлiгi болып табылатын жаңылыс жазуларды, жаңылыс таңбаларды, анық арифметикалық қателердi түзету туралы ұйғарым шығарады.

      40-бап. Аралық сот ұйғарымы

      Даудың мәнiн қозғамайтын мәселелер бойынша аралық сот негізделуге тиiс ұйғарымдар шығарады.

      41-бап. Аралық анықтауды тоқтату

      Аралық сот мынадай жағдайларда егер:
      талапкер өзiнiң талабынан бас тартпаса, егер тек жауапкер мәнi бойынша дауды шешуде заңды мүддесiнiң болуына байланысты аралық талқылауды тоқтатуға қарсы қарсылығын бiлдірмесе;
      аралық соттың оған шешуге берілген дауларды қарауға аралық соттың құзыретiнiң болмауы туралы ұйғарым шығарса;
      сол тараптар арасында, сол мәселе туралы даулар бойынша және сол негiздер бойынша құзыреттi соттың немесе аралық соттың заңды күшiне енген шешiмi болса;
      тараптар аралық талқылауды тоқтату туралы келiсiмге келсе;
      заңды тұлға таратылса, жеке тұлға қайтыс болса (қайтыс болған деп жарияланса), не аралық талқылаудың тарабы болып табылатын жеке тұлға хабарсыз кеткен деп танылса;
      талапкер талап-арыздан бас тартса және аралық сот бас тартуды қабылдаса, аралық талқылауды тоқтату туралы ұйғарымды шығарады.

      42-бап. Шешiмдер мен iстердi сақтау

      1. Аралық соттың шешiмi нақты дауды шешу үшiн оны қабылдағаннан кейiн бiр ай мерзiмде сақтауға арналған iстер жөнiндегi материалдармен қоса тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттардың бiрiне жiберiледi.
      2. Егер тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың ережелерiнде өзге мерзiм белгiленбесе, онда тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сотта қаралған iс осы аралық сотта ол бойынша шешiм қабылданған күннен бастап кемiнде бес жыл сақталады.

      43-бап. Аралық сот шешiмiне шағым беру

      1. Тараптар аралық соттың шешiмiне азаматтық iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiппен құзыреттi сотқа шағымдануы мүмкін.
      2. Аралық сот шешiмiне, егер аралық сот шешiмiнiң күшiн жою туралы өтiнiш берген тарап немесе құқығына нұқсан келген адам мынадай дәлелдемелердi көрсеткен жағдайда ғана шағымдануы мүмкін:
      1) аралық келiсiм Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша жарамсыз немесе тараптарды осы келiсiм бағындырған құқық бойынша жарамсыз болып табылады;
      2) аралық келiсiмде көзделмеген немесе оның шарттарына тура келмейтiн дау бойынша шығарылған, не аралық келiсiмнiң шегiнен шығатын мәселелер жөнiндегi қаулылардан тұратын аралық сот шешімі, сондай-ақ аралық сотқа ведомстволық бағынысты емес даудың салдары.
      Егер аралық сот қаулыларын аралық келiсiм қамтитын мәселелер бойынша мұндай келiсiм қамтымайтын мәселелерi жөнiндегi қаулылардан ажырату мүмкiн болса, онда аралық келiсiм қамтымайтын мәселелер жөнiндегі қаулылардан тұратын аралық сот шешiмiнiң сол бөлiгi ғана жойылуы мүмкiн;
      3) аралық сот құрамы немесе аралық талқылау Қазақстан Республикасының аралық талқылау туралы заң талаптарына сәйкес келмесе;
      4) тараптар аралық судьялардың сайлануы (тағайындалуы) туралы немесе аралық сот отырысының уақыты мен орны туралы тиiстi түрде хабардар етілмесе не аралық сотқа өзiнiң түсiндiрулерiн басқа да себептермен көрсете алмаса;
      5) Қазақстан Республикасының заңдылық қағидаты мен жариялылық тәртiбiне қайшы келсе;
      6) дау аралық талқылаудың нысанасы бола алмайды.
      3. Аралық сот шешiмдерiн жойған жағдайда тараптардың кез-келгенi аралық келiсiмге сәйкес аралық сотқа жүгiнуге құқылы.
      Егер аралық сот шешiмi аралық келiсiмнiң жарамсыздығы салдарынан немесе шешiм аралық келiсiмде көзделмеген немесе оның шарттарына тура келмейтiн дау бойынша қабылданғандықтан, не аралық келiсiмде қамтылмайтын мәселелер жөнiндегi қаулылары болып, толығымен немесе iшiнара жойылған жағдайда тиiстi дау аралық сотта одан әрi қарауға жатпайды.

      6-тарау. Аралық сот шешiмiн орындау

      44-бап. Аралық сот шешiмiн орындау

      1. Аралық сот шешiмi шешiмде белгіленген тәртiп пен мерзiмде мiндеттi орындауға жатады.
      2. Егер аралық сот шешiмiнде мерзiм белгiленбесе, онда ол тез арада орындауға жатады.

      45-бап. Аралық сот шешiмiн мәжбүрлеп орындау

      Егер аралық сот шешiмi белгiленген мерзiмде еркiмен орындалмаса, онда ол мәжбүрлеп орындауға жатады.
      Аралық сот шешiмiн мәжбүрлеп орындау аралық сот шешiмiн мәжбүрлеп орындауға құзыреттi сот берген атқару парағының негiзiнде аралық сот шешiмiн орындау кезiнде қолданылатын атқарушылық iс жүргiзу ережелерi бойынша жүзеге асырылады.

      46-бап. Аралық сот шешiмiн ерiксiз орындауға байланысты
               шығыстарды өндірiп алу

      Аралық сот шешiмiн ерiксiз орындауға байланысты қосымша шығыстар шешiмді өз еркімен орындамаған тарапқа жүктеледi.

      47-бап. Атқару парағын беруден бас тарту үшiн
               негіздемелер

      1. Атқару парағын беру туралы өтiнiштi қарау кезiнде тиiстi құзыреттi сот аралық сот белгілеген мән-жайды зерттеуге не аралық сот шешiмiн мәнi бойынша қайта қарауға құқығы жоқ.
      2. Құзыреттi сот мынадай жағдайларда:
      егер:
      1) оған қарсы аралық сот шешiмi қабылданған тарап құзыреттi сотқа:
      аралық келiсiм жарамсыз болып табылатынын;
      аралық келiсiмде көзделмеген немесе оның шарттарына тура келмейтiн дау бойынша қабылданғанын немесе аралық келiсiмнiң шегiнен шығатын мәселелер жөнiндегі, сондай-ақ аралық сотқа ведомстволық бағынысты емес даудың салдарынан, қаулылардан тұратынын. Егер аралық келiсiммен қамтылатын аралық сот қаулылары осындай келiсiммен қамтылмайтын мәселелерден ажыратылса, онда атқару аралық келiсiммен қамтылатын мәселелер жөнiндегі қаулы бар аралық сот шешiмiнiң сондай бөлiгiн мәжбүрлеп орындауға атқару парағын беруге бас тартылмайтынын;
      аралық сот құрамы немесе аралық талқылау Қазақстан Республикасының аралық талқылау туралы заң талаптарына сәйкес келмесе;
      оған қарсы аралық сот шешiмi қабылданған тарап аралық соттың сайлануы (тағайындалуы) туралы немесе аралық сот мәжілiсiнiң уақыты мен орны туралы не басқа да себептермен аралық сотқа өзiнiң түсiндiрулерiн хабарлай алмаса;
      аралық келiсiм жасалуда тараптардың бiрi толық немесе iшiнара iс-әрекетке қабiлетсiз болса;
      сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша шығарылған құзыреттi соттың немесе аралық соттың заңды күшiне енген шешiмi не талапкердiң талап қоюдан бас тартуына байланысты iс бойынша сот iсiн жүргiзудi тоқтату туралы құзыретті соттың немесе аралық соттың ұйғарымы болса;
      аралық соттың шешiм шығаруы сот үкiмiмен анықталған қылмысты жасау нәтижесiнде мүмкiн болғанын құзыреттi сотқа дәлелдесе;
      2) құзыреттi сот:
      дау Қазақстан Республикасының заңдарына немесе осы дау бойынша тараптарды аралық келiсiм бағындырған басқа құқыққа сәйкес аралық талқылаудың мәнi бола алмайтынынын;
      аралық соттың шешiмi Қазақстан Республикасының заңдылық қағидаты мен жариялылық тәртiбiне қайшы келетiнiн анықтаса атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
      2. Құзыреттi сот атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда тараптар аралық келiсiмге сәйкес заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, ведомстволық бағыныстылық және соттылық ережелерiн сақтай отырып, аралық сотқа не құзыреттi сотқа жүгiнуге құқылы.

      7-тарау. Шетел мемлекетiнде шығарылған аралық соттар
                шешiмдерінің орындалуы

      48-бап. Шетел мемлекетiнде шығарылған аралық соттар
               шешiмдерiнің мiндеттілiгi

      Шетел мемлекетiнде шығарылған аралық соттар шешiмдерi мiндеттi болып табылады және оны тараудағы ереженi ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен орындалады.

      49-бап. Шетел мемлекетiнде шығарылған аралық соттар
               шешiмдерiн тануға және орындауға шағымдану
               тәртiбi

      1. Шетел мемлекетiнде шығарылған аралық соттар шешiмi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргізу кодексiнiң 3-тарауына сәйкес анықталатын Қазақстан Республикасының тиiстi сотының тануы мен орындауы үшiн енгiзiледi.
      2. Шетел мемлекетiнде шығарылған аралық сот шешiмiн тану мен орындау туралы өтiнiш берушi тарап:
      1) аралық сот шешiмiнiң тиiстi түрде куәландырылған түпнұсқасы немесе расталған көшiрмесiн;
      2) аралық келiсiмнiң түпнұсқасы немесе оның тиiстi түрде расталған көшiрмесiн ұсынуы кepeк.
      3. Егер шешiм немесе келiсiм мемлекеттiк тiлде немесе орыс тілiнде жазылмаған жағдайда, аралық сот шешiмiн тану мен орындау туралы өтiнiш берген тарап осы баптың 3-тармағында көрсетiлген құжаттармен қатар мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде тиiстi үлгiде ұсынады.

      50-бап. Шетел мемлекетiнде шығарылған аралық соттар
               шешiмiн тану мен орындаудан бас тарту
               негiздемелерi

      1. Құзыреттi сот мынадай жағдайларда:
      егер:
      1) оған қарсы аралық сот шешiмi қабылданған тарап құзыреттi сотқа:
      аралық келiсiм жарамсыз болып табылатынын;
      аралық келiсiмде көзделмеген немесе оның шарттарына тура келмейтiн дау бойынша қабылданғанын немесе аралық келiсiмнiң шегінен шығатын мәселелер жөнiндегі, сондай-ақ аралық сотқа ведомстволық бағынысты емес даудың салдарынан, қаулылардан тұратынын. Егер аралық келiсiммен қамтылатын аралық сот қаулылары осындай келiсiммен қамтылмайтын мәселелерден ажыратылса, онда атқару аралық келiсiммен қамтылатын мәселелер жөнiндегі қаулы бар аралық сот шешiмiнiң сондай бөлiгін мәжбүрлеп орындауға атқару парағын беруге бас тартылмайтынын;
      аралық сот құрамы немесе аралық талқылау Қазақстан Республикасының аралық талқылау туралы заң талаптарына сәйкес келмесе;
      оған қарсы аралық сот шешiмi қабылданған тарап аралық соттың сайлануы (тағайындалуы) туралы немесе аралық сот мәжілiсiнiң уақыты мен орны туралы не басқа да себептермен аралық сотқа өзiнiң түсiндiрулерiн хабарлай алмаса;
      аралық келiсім жасалуда тараптардың бiрi толық немесе iшiнара iс-әрекетке қабілетсiз болса;
      сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған құзыреттi соттың немесе аралық соттың заңды күшiне енген шешiмi не талапкердiң талап қоюдан бас тартуына байланысты iс бойынша сот iсiн жүргiзудi тоқтату туралы құзыреттi соттың немесе аралық соттың ұйғарымы болса;
      аралық соттың шешiм шығаруы сот үкімiмен анықталған қылмысты жасау нәтижесiнде мүмкiн болғанын құзыреттi сотқа дәлелдесе;
      2) құзыретті сот:
      дау Қазақстан Республикасының заңдарына немесе осы дау бойынша тараптарды аралық келiсiм бағындырған басқа құқыққа сәйкес аралық талқылаудың мәнi бола алмайтынын;
      аралық соттың шешiмi Қазақстан Республикасының заңдылық қағидаты мен жариялылық тәртiбiне қайшы келетiнiн анықтаса атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
      2. Құзiреттi сот атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда шетел мемлекетiнде шығарылған аралық сот шешiмiн тану мен орындау үшiн өтiнiш берген тарап Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу заңнамасында белгiленген тәртiппен ұйғарымды шағымдауға құқылы.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады