Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 2 қыркүйектегі N 891 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 367 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 367 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 541-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:

      Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-

      Сауат Мұхаметбайұлы Министрiнiң орынбасары, Мемлекеттiк

       комиссияның төрағасы;

      Өтeмбаев - Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк

      Ерiк Мылтықбайұлы Кеңесi Хатшысының орынбасары -

       Қауiпсiздiк Кеңесi Хатшылығының

       меңгерушiсi, Мемлекеттiк комиссия

       төрағасының орынбасары (келiсiм

       бойынша)

      Жақсыбеков - Қазақстан Республикасының Индустрия

      Әдiлбек Рыскелдiұлы және сауда министрi

      көрсетiлген құрамнан Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмов, Омархан Нұртайұлы Өксiкбаев, Мәжит Төлеубекұлы Есенбаев шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады