Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша жеңілдетілген бағаның мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 қыркүйектегі N 918 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 1021 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2015 № 1021  (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жеңілдетілген бағаның мөлшері барлық әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша жеке меншікке сатылатын жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының 50 пайызы болып бекітілсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.06.11 N 482 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады