Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бiртұтас экономикалық кеңiстiктi қалыптастыру туралы келiсiмді жасасу туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі N 933 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бiртұтас экономикалық кеңiстiктi қалыптастыру туралы келiсiмдi жасасу туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасының Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Бiртұтас экономикалық кеңiстіктi қалыптастыру
туралы келiсiмдi жасасу туралы

      Қаулы етемін:
      1. Бiртұтас экономикалық кеңiстiктi қалыптастыру туралы келiсiмнің жобасы мақұлдансын.
      2. Бiртұтас экономикалық кеңiстiктi қалыптастыру туралы келiсім жасалсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Жоба

Бiрыңғай экономикалық кеңістік құру туралы
Келісімге қол қою туралы

      Қаулы етемін:
      1. Бiр экономикалық кеңістік құру туралы Келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

жоба

Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы
келісім

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Украина,
      өз халықтарының экономикалық және әлеуметтiк ілгерілеуіне жәрдемдесуге, олардың өмiр сүруін жақсартуға ұмтыла отырып;
      Тараптардың экономикасын нығайтуға және көп жақты экономикалық ынтымақтастықты бұдан әрi тереңдету және Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру (бұдан әрi - БЭК) жөнiндегі өзара тиімді уағдаласушылықтарға қол жеткiзу арқылы интеграциялық процесстердi күшейту үшiн экономикалық реформаларды қатар жүргiзе отырып олардың гормоналдық дамуын қамтамасыз етуге іс-қимылды ұмтылыспен;
      осы орайда Тараптардың олардың ықпалдастық процестердi одан әрi тереңдетуге дайындығын ескере отырып БЭК құру процесiне қатысуын айқындайтын құқықтарын мойындай отырып;
      мемлекет пен халықты байланыстыратын достық қарым-қатынасты растай отырып, халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей принциптерi мен нормаларын негізге алып, олардың көркеюiн қамтамасыз етуге тiлек бiлдiріп;
      Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Украина Президенттерiнің 2003 жылғы 23 ақпандағы Мәлiмдемелерiн ескере отырып;
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптардың экономикасын тұрақты және тиiмдi дамыту және халықтың өмiрiн жақсарту үшiн жағдай жасау мақсатында Тараптар БЭК құру процесiне кiрiседi.
      Тараптар Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк дегендi экономиканы реттейтiн механизм құратын, бiрыңғай принциптерге негiзделген, тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капиталдың еркiн қозғалуын қамтамасыз ететiн және бiрыңғай сыртқы сауда және келiсiлген салықтық, ақша-кредиттiк және валюталық-қаржылық саясатты тең құқықты бәсеке мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшiн ол қаншалықты қажет болса, соншалықты мөлшерде жүргiзетiн, Тараптардың кедендiк шекараларын бiрiктiретiн экономикалық кеңiстiк деп түсiнедi.
      Тараптар:
      Тараптар экономикаларының халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей принциптерi мен нормаларының, сондай-ақ ДСҰ ережелерi мен принциптерi базасында тұрақты дамуын қамтамасыз ететiн Тараптар арасындағы сауда мен инвестицияның дамуына;
      экономикалық әлеуеттердiң бiрлiгi мен дамуын нығайтуға, сондай-ақ Тараптар экономикаларының сыртқы рыноктардағы бәсекелестiкке қабiлеттiгін арттыруға жәрдемдесуге ұмтылады.

2-бап

      Ықпалдасуды тереңдету мiндеттерiн кезең бойынша шешудi Тараптардың қабылданған мiндеттерді орындауымен және мынадай тапсырмаларды iс жүзiнде шешумен орындалады:
      Тарифтiк немесе тарифтiк емес реттеу, бәсекенiң бiрыңғай ережелерi, субсидтер және мемлекеттiк қолдаудың басқа да ережелерiн қолдану саласындағы бiрыңғай саясат жүргiзу базасында өзара саудада демпингке қарсы, өтемақылық және арнайы қорғау шараларын қолданбауды болжайтын алып қоюларсыз және шектеулерсiз, еркiн сауда аймағын құру;
      Техникалық регламенттер мен стандарттарды, санитарлық және фитосанитарлық нормаларды әзiрлеу мен қолдану принциптерiн бiрiздендіру;
      Макроэкономикалық саясатты үйлестiру;
      Тауарлардың, қызметтер көрсетудiң, капиталдың және жұмыс күштерiнің еркiн қозғалуы үшiн жағдайлар жасау;
      Тараптардың заңнамаларын БЭК құру үшiн қаншалықты қажет болса, соншалықты мөлшерде, сауда және бәсекелiк саясатты қоса алғанда үйлестiру;
      Табиғи монополиялардың (темiр жол көлiгi, магистральды телекоммуникациялар, электроэнергияны, мұнайды, газды тасымалдау саласында және басқа да салаларда), бiрыңғай бәсекелiк саясаттың қызметiн peттеудің бiрыңғай принциптерiн құру және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтер көрсетуiне кемсiтпеушілiкпен қарау және тарифтердiң тең деңгейiн қамтамасыз ету.

3-бап

      Тараптар осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында көрсетiлген мақсаттар мен мiндеттерге сәйкес осы Келiсiмге қоса берiлген және оның ажырамас бөлiгi болып табылатын Бiрыңғай экономикалық кеңістік құру туралы тұжырымдамада көзделген iс-шараларды жүзеге асырады.
      Тараптар осы Келiсiмді iске асыру мақсатында Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру жөнiндегi Негiзгi шаралар кешенiн әзiрлейді.

4-бап

      БЭК құру мен қолданысқа енгiзу процестерiн үйлестiрудi құрылымы ықпалдастық деңгейiн ескерумен құрылатын тиiстi орган жүзеге асырады.
      БЭК-тің органдары мемлекетаралық элементтердің және соңғының мәнiн бiртiндеп арттыру арқылы Тараптар уәкілеттiгiнiң бiр бөлiгін бiрыңғай реттеушi органға беру принциптерiнiң үйлесуi негiзiнде құрылады.
      БЭК-тi құруды үйлестiру мен басқаруды және мемлекетаралық деңгейде қолданысқа енгiзудi Мемлекет басшыларының кеңесi (бұдан әрi - МБК) қамтамасыз етедi.
      МБК шеңберiндегi әрбiр қатысушы-мемлекеттер дауысының саны "бiр мемлекет - бiр дауыс" принципiне сүйене отырып бөлiнедi. МБК-ның шешiмi консенсуспен қабылданады.
      Тараптар олар халықаралық шарттар негiзінде өз өкілеттiктерiнiң бiр бөлiгiн табыстайтын БЭК-тiң бiрыңғай реттеушi органын құрады. Оның шешiмi Тараптардың орындауына мiндеттi болып табылады.
      БЭК-тің бiрыңғай реттеушi органында барлық мәселелер бойынша шешiмдер дауыс өлшеу арқылы қабылданады. Әрбiр Тараптың дауыс саны оның экономикалық әлеуетiн ескеру арқылы айқындалады. Дауыстарды бөлу Тараптардың келiсiмдерi негiзiнде белгiленедi.
      Кез-келген Тарап МБК-ге БЭК-тiң бiрыңғай реттеушi органының шешiмiн қайта қарау туралы ұсыныс бере алады.
      Жекелеген халықаралық шарттармен егер де шешiмдi қабылдау бiр немесе бiрнеше Тараптарға елеулi экономикалық қауiп төндiретiн болса, өтемақы механизмi көзделетiн болады.

5-бап

      БЭК әртүрлi деңгейлi және әртүрлi жылдамдықты ықпалдастықты ескере отырып кезең бойынша құрылады.
      Бiр кезеңнен екіншi кезеңге ауысуды Бiрыңғай экономикалық кеңістiк құру жөнiндегi Негiзi шаралар кешенінде көзделген iс-шараларды толық көлемде орындаған Тараптар жүзеге асырады.
      Тараптар әзiрлігіне орай Бiрыңғай экономикалық кеңістiк құруды және қолданысқа енгiзудi қамтамасыз ететiн халықаралық шарттарға қосылады. Осы орайда әрбiр Тарап осындай халықаралық шарттарға қосылудың келiсілген жалғаспалылығын сақтауы тиiс. Тараптардың бiреу де басқа Тараптардың ықпалдастықтың мейлiнше жоғары дәрежесiне жылдам жылжуына бөгет бола алмайды.
      Әртүрлi деңгейлi және әртүрлi жылдамдықты ықпалдастық әрбiр Тарап ықпалдастықтың қандай даму бағытында немесе жекелеген ықпалдастық iс-шараларында ол қатысады және қандай көлемде екендiгiн білдіреді.

6-бап

      БЭК-тi құру мен қолданысқа енгiзудi қамтамасыз етудің құқықтық негiзi халықаралық шарттар мен Тараптардың мүдделерiн ecкepe отырып және халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей нормалары мен принциптерiне сәйкес жасалған және қабылданған БЭК органдарының шешiмдерi болып табылады.

7-бап

      Осы Келiсiмнің ережелерiн түсiндiруге және/немесе қолдануға қатысты Тараптардың арасындағы даулар мен әртүрлi көзқарастар консультациялар мен келiссөздер жүргiзу арқылы шешiледі.

8-бап

      Осы Келiсiм оның мақсаттары мен принциптерiн бөлiсетiн басқа мемлекеттердiң қосылуы үшiн осы Келiсiмнiң барлық Тараптарымен келiсiлген жағдайларда ашық.
      Қосылған мемлекет үшiн осы Қаулы депозитарий осындай қосылуға келiсiмi туралы Тараптардың соңғы хабарламасын алған күнiнен бастап күшiне енедi.

9-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын және осы Келiсiмнiң 10-бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуі мүмкiн.

10-бап

      Осы Келiсiм депозитарий Тараптардың оның күшiне енуiне қажеттi мемлекетiшілiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.

11-бап

      Осы Келiсiм белгiсiз мерзiмге жасалады.
      Әрбiр Тарап осы Келiсiмнен депозитарийге одан шығатыны туралы жазбаша хабарламаны кемiнде шығуына дейiнгi 12 ай iшiнде жiберiп шыға алады.
      Осы Келiсiмнiң депозитарийi Қазақстан Республикасы болып табылады.
      Депозитарий бiр ай мерзiмде осы Келiсiмнiң барлық қатысушыларын Қандай да бiр Тараптың Келiсiмнен шыққаны туралы хабарлайды.
      200__ жылы ____________ қаласында орыс тiлiндегi бiр түпнұсқалы данада жасалды. Түпнұсқалы данасы осы келiсiмге қол қойған барлық мемлекеттерге оның куәландырылған көшiрмелерiн жiберетiн Қазақстан Республикасының мұрағатында сақталады.

Жоба

Бірыңғай экономикалық кеңістік құрудың тұжырымдамасы

      Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құрудың тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Украинаның (бұдан әрi- қатысушы мемлекеттер) көп жақты экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мақсатында Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру жөніндегi шараларының бағдарламасын бiлдiредi.
      Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктi (бұдан әрi - БЭК) қатысушы мемлекеттер тауарлардың, қызметтер көрсетудiң, капиталдың және жұмыс күшiнiң еркiн қозғалысын қамтамасыз ететiн бiрыңғай қағидаттарға негiзделген экономиканы реттеудің тетiктерi жұмыс iстейтiн және тең бәсекелестiк пен макроэкономикалық тұрақтылығын ұстауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi шамада және көлемде бiрыңғай сыртқы сауда мен келiсiлген салық, ақша-кредит және валюта-қаржылық саясаты жүргiзiлетiн қатысушы мемлекеттердің кеден аумағын бiрiктiретін экономикалық кеңiстiк деп түсiнедi.

I. Мақсаттары мен міндеттері

      БЭК-тi құрудың мақсаты қатысушы мемлекеттердің тұрақты және тиiмдi дамуы мен халықтың өмiр деңгейiн жоғарлату үшiн жағдай жасау болып табылады.
      Қатысушы мемлекеттер мыналарға жәрдемдесуге ұмтылады:
      халықаралық құқықтың жалпы мойындалған нормалары мен қағидаттары негiзiнде қатысушы мемлекеттердің экономикасын табанды дамытуды қамтамасыз ететiн қатысушы мемлекеттер арасындағы сауда мен инвестицияларды дамытуға;
      инфрақұрылымдық кешендi реттеу мен ықпалдастырудың үйлесiмдi жүйесiн орнату жолымен кәсіпкерлiк қызметтi дамыту үшiн мүмкіндіктер жасау;
      қатысушы мемлекеттер экономикасының сыртқы рыноктардағы бәсеке қабілеттігін арттыру мақсатында қатысушы мемлекеттердiң экономикалық әлеуеттерiн бiрiктiру және толыстыру.
      Ықпалдастыруды тереңдету мiндеттерiн кезең-кезеңмен шешу қатысушы мемлекеттердің қабылданған міндеттемелердi орындауға және мына мiндеттердi нақты шешуге негізделедi:
      тарифтiк және тарифтiк емес реттеу саласында бiрыңғай саясат жүргiзу, бәсекелестiктің бiрыңғай ережелерi, қаражаттандыру және мемлекеттiк қолдаудың өзге де нысандарын қолдану негiзінде өзара саудада демпингке қарсы, өтемдік және арнайы қорғану шараларын қолданбауды болжайтын алусыз және шектеулерсiз еркiн сауда аймағын құру;
      техникалық регламенттер мен стандарттардың, санитарлық және фитосанитарлық нормаларды әзiрлеу мен қолданудың қағидаттарын бiрiздендiру;
      макроэкономикалық саясаттың үйлесімдiгi;
      тауарлардың, қызметтер көрсетудiң, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысы үшін жағдай жасау;
      сауда және бәсекелестiк саясатын қоса алғанда, БЭК-тің жұмыс iстеуi үшiн қажеттi шамада қатысушы мемлекеттердiң заңнамаларын үйлесімдіру;
      табиғи монополиялар (темiр жол көлiгi, магистральдық телекоммуникациялар, электр қуатын, мұнайды, газды тасымалдау саласында және басқа да салаларда) қызметiн реттеудің бiрыңғай қағидаттарын, бiрыңғай бәсекелестiк саясатты қалыптастыру және табиғи монополиялар субъектiлерінің қызметтер көрсетуiне кемсiтушіліксiз ену мен тарифтер деңгейiнiң теңдiгiн қамтамасыз ету.

II. Негізгі қағидаттар

      БЭК-тің жұмыс icтеуінің негiзгi қағидаттары тауарлардың, қызметтер көрсетудiң, капиталдың және жұмыс күштерінің қатысушы мемлекеттердің шекаралары арқылы еркiн өтуін қамтамасыз ету, сондай-ақ келiсілген макроэкономикалық саясатты және жекелеген салалар бойынша жалпы саясаттарды жүргiзу болып табылады.
      Тауарлардың epкін қозғалысы қағидаты еркiн сауда режимiн алуды жоюды және қатысушы мемлекеттердiң келiсiлген әдiстемесi, тарифтiк емес шаралары негiзiндегi кеден тарифтерiн бiрiздендiру, жалпы кеден тарифтерiн қалыптастырудың өзара саудадағы шектеулерiн алу, үшiншi елдермен тауарлар саудасын реттеудің құралдарын қолдануды көздейдi. Өзара саудадағы демпингке қарсы, арнайы және қорғану шараларын қолдану тетiктерi бәсекелестiк және қаражаттандыру саласындағы бiрыңғай ережелермен алмастырылатын болады.
      Қызметтер көрсетудiң еркiн қозғалысын қамтамасыз ету қағидаты қызметтер көрсету рыногына және БЭК аясындағы жеткiзушiлердің қызметтер көрсетуіне толық енудi қамтамасыз ету және үшiншi елдердiң қызметтер көрсету рыногына және БЭК жеткiзушiлерiнің қызметтер көрсетуiне ену бойынша келiсiлген саясатты жүргiзу үшiн жалпы ережелер мен әдiстердi қалыптастыруды болжайды.
      Қатысушы мемлекеттердің жеке тұлғаларын БЭК аясында кедергiсiз өтуін қамтамасыз ету және халықаралық құқықтар және ДСҰ-ның нормалары мен қағидаттарын ескере отырып, үшiншi елдерге қатысты келiсiлген көшi-қон саясатын қалыптастыру жұмыс күшiнiң еркiн қозғалысын қамтамасыз етудiң қағидаты болып табылды.
      Келiсiлген макроэкономикалық саясат жүргiзудің қағидаты макроэкономикалық көрсеткiштер, оның iшінде iшкi бағалар, бiрiншi кезекте энерготасымалы және табиғи монополиялардың қызметтер көрсету тарифiнiң деңгейiн теңестiрудің конвергенциясын қамтамасыз етедi.
      Жекелеген салалар бойынша жалпы саясат жүргiзу қағидаттары Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру туралы Келiсiмдi дамытуда әзiрленген секторальдық келiсiмдер жасауды болжайды.
      БЭК әртүрлi деңгейлiк және әртүрлi жылдамдықты ықпалдасудың мүмкiндiктерiн ескере отырып, кезең-кезеңмен қалыптасады.
      Әртүрлi жылдамдықты ықпалдасу әр мемлекет ықпалдасудың өзара iс-қимылының әртүрлi деңгейінде тұрған қатысушы мемлекеттердің әртүрлi деңгейлік ықпалдасуына алып келетiн қандай да бiр халықаралық шартына қосылу сәтiн дербес айқындауын білдіреді.
      Әртүрлi деңгейлiк және әртүрлi жылдамдықты ықпалдасу әр қатысушы мемлекет ықпалдасудың қандай даму бағытын немесе жекелеген ықпалдасу шараларына оның қатысатынын және қандай көлемде қатынасатынын дербес айқындауын бiлдiредi. Мемлекеттiң дайындық шамасына қарай БЭК-тiң қалыптасуы және жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететін халықаралық шарттарға қатысу мүмкiндiгi бар. Бұл жағдайда мемлекет халықаралық шарттар тiзбесiне қосылудың келiсiлген кезектiгiн сақтауы тиiс. Мемлекеттің БЭК аясындағы қолданыстағы халықаралық шарттарға қосылуы үшiн бұл халықаралық шарттарға қатысушы барлық мемлекеттердiң келiсімiн талап етедi. Бұл ереже осы тұжырымдамамен айқындалатын БЭК-тiң қағидаттары мен шарттарының жұмыс iстеуiне қатысты болады.
      БЭК-ті құрудың бiр кезеңiнен екiншi кезеңiне өтудi Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру жөнiндегi негiзгi шаралар Кешенiнiң алдыңғы кезеңiнде көзделген iс-шараларды орындаған қатысушы мемлекеттер жүзеге асырады.
      Қатысушы мемлекеттердiң бiр бiрiне ұсынатын басымдықтар көлемiн олар қатысушы болып табылатын БЭК-ті құру жөніндегi келiсімдер айқындайды.
      Қандай да бiр қатысушы мемлекеттің ықпалдасуды дамытудың жекелеген бағыттарына немесе жекелеген ықпалдасу iс-шараларына қатыспауы немесе iшiнара қатысуы басқа қатысушы мемлекеттердің ықпалдасуды дамытудың көрсетілген бағыттарын немесе жекелеген ықпалдасу iс-шараларын жүзеге асыруына кедергi болмауы тиiс.
      Қандай да бiр қатысушы мемлекеттік ықпалдасуды дамытудың жекелеген бағыттарына немесе жекелеген ықпалдасу iс-шараларына қосылуының ең кеш мерзiмi БЭК-ке қатысушы мәртебесiн өзгертпейді.
      БЭК-тің негiзiн салушы мемлекеттердің (Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы - Одақтас мемлекеттер, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Қазақстан Республикасы - ЕурАзЭҚ мүшелерi) ықпалдасуының әртүрлi деңгейлерiн ескере отырып, ықпалдасудың ең жоғары деңгейлерiне өту мүмкiндiгiнiң мерзiмiн әр қатысушы мемлекет дербес айқындайды.
      Еркiн сауда аймағын құруды аяқтау БЭК-тi құрудың бiрiншi кезектегi және негiзгi кезеңi болып табылады.
      БЭК ерiктiлiк, экономикалық өзара пайдалылық, кемсiтудiң жоқтығы, құқықтық кепілдік, мақсаттар тоқайластығы, қабылданған мiндеттемелер үшiн жауапкершiлiк, ашықтық сияқты қағидаттарды ecкepe отырып құрылады.

III. Бірыңғай экономикалық кеңістікті
құрудың негізгі бағыттары

      БЭК халықаралық құқықтың жалпы қабылданған нормалары мен қағидаттарын, сондай-ақ Еуропа одағының тәжiрибесi мен заңнамаларын ескере отырып, ықпалдасу деңгейiн жоғарлату жолымен, экономикадағы қайта түрленуiн, келiсiлген экономикалық саясат, экономика, сауда саласында және басқа да бағыттар бойынша заңнаманы үйлесiмдi ету және бiрiздендiру жүргiзу жөнiндегi бiрлескен шараларды жүзеге асыратын қатысушы мемлекеттердің ілеспелiгi арқылы бiрте-бiрте құрылады.
      Ықпалдасудың бағыттары мен оларды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар әр қатысушы мемлекет үшін олардың орындалуының міндеттілігін, сондай-ақ оларды iске асыру механизмдерi мен келiсілген шешімдердің орындалмауына жауапкершілікті көздейтін тиiстi халықаралық шарттар мен БЭК органдарының шешiмдерi негiзінде айқындалады.
      БЭК-тi құру мынадай негiзгi негiзге алатын iс-шараларды жүзеге асыруды білдiредi:
      тауарлар үшiн алусыз және шектеусiз мыналар негiзiнде сауда peжимін орнату:
      - бәсекелестiктiң және қаражаттандыруды қолданудың бiрыңғай ережесi, сондай-ақ тарифтiк және тарифтiк емес реттеу саласында келiсілген саясат жүргiзу негiзiнде тауарлар мен қызметтер көрсетудi еркiн өтiмiн көздейтiн алусыз және шектеусiз еркiн сауда аймағын құруды аяқтау жөнiндегi кешендi шараларды iске асыру;
      - жалпы кеден тарифтерiн қалыптастыру;
      - бәсекелестiк саясат, табиғи монополияларды реттеу, оның iшiнде табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтер көрсетуге, қаражаттандыру және мемлекеттiк қолдаудың өзге де нысандарына кемсiтпеушiліксiз ету және тарифтердiң тең деңгейiн қамтамасыз ететiн бiрыңғай ережелердi айқындау;
      - ДСҰ-ның нормалары мен ережелерi негiзiнде тарифтiк емес реттеу шараларын бiрiздендiру, үшiншi елдерге қатысты оларды қолданудың бiрiздендiрген тәртiбiн құру;
      - өзара саудада тарифтiк және тарифтiк емес шектеулердi қолданбау;
      - кейiннен оларды аяқталу кезеңінде жоя отырып, iшкi кеден шекараларында кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау тәртiбiн оңайлату;
      техникалық регламенттер мен стандарттар, санитарлық және фитосанитарлық нормаларды әзiрлеу мен қолданудың қағидаттарын бiрiздендiру;
      қызметтер көрсету рыногына ену режимiн ырықтандыру, мұндағы бар кедергiлер мен шектеулердi бiрте-бiрте жою;
      басым салалар мен өндiрiстерге инвестициялар тарту үшін қолайлы ахуал жасауға келiсiлген жағдайлар;
      санаткерлiк меншiктi қорғау саласында бiрыңғай саясат жүргiзу;
      салық салу қағидаттарын үйлесiмдiру, оның iшiнде жанама салықтарды алусыз салудың келiсiлген қағидаттарына өту, салық пен жиындарды iшкi рыног пен ұлттық өндiрушiлердi қорғаудың құралы ретінде қолдануға жол бермеу;
      ұлттық валюталардың өзара айырбасталымдығы және ұлттық валюталармен есептесуге өту, валюталық саясаттың жалғаспалы ырықтануы үшiн жағдай жасау, ұлттық валюталардың валюталық бағамдарын орнатудың тетiгiн келiсу, әсерлi төлем жүйесiн қалыптастыру, қатысушы мемлекеттердiң экономикалық жағдайларының жақсаруына қарай капитал қозғалысын ырықтандырудың деңгейiн жоғарлату;
      БЭК-тi құруды құқықтық ресiмдеу мен қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдау;
      шешiмдердi қабылдаудың тетiгiн әзiрлеу және қабылданатын шешімдердiң орындалуын қамтамасыз ету.
      Жоғарыда айтылған iс-шаралардың орындалуы Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктi құру жөнiндегi Кешендi негiзгi шараларды iске асыру арқылы қамтамасыз етіледi.

IV. ДСҰ-ға кіру жөнінде келіссөздер
жүргізу кезіндегі өзара әрекет

      Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктi құру мен оның қызметi ДСҰ-ның нормалары мен ережелерiн ескере отырып, жүзеге асырылады.
      Қатысушы мемлекеттер бұл ұйымға кiруi жөнiндегi келiссөздердiң әртүрлі кезеңiнде тұрғандықтан ықпалдасудың әртүрлі деңгейлік және әртүрлі жылдамдықтың мүмкіндігін ескере отырып, ДСҰ-ға кiру жөнiнде келiссөздер өткiзу кезiнде келісiлген ұстанымдар тетiгi әзiрлеуi қажет. Бұл тетік мыналарды болжайды:
      ДСҰ-ға кiру туралы келiссөздер барысын талқылау үшiн тоқсан сайын консультациялар өткiзу;
      қатысушы мемлекеттердiң келiсiлген шарттарда ДСҰ-ға кiруi.
      Қатысушы мемлекеттер ДСҰ-ға кiру жөнiнде келiссөздер жүргiзу кезiнде ұстанымдарды келiсу тетiгінің нақты нысандарын дербес таңдайды.
      Қатысушы мемлекеттердің бiрi ДСҰ-ға басқалардан бұрын кiрген жағдайда ол:
      басқа қатысушы мемлекеттердiң ДСҰ-ға жедел кiруiне жәрдемдесетiн болады;
      ДСҰ-ға кiру жөнiндегi келiссөздер аясында басқа қатысушы мемлекеттерге талаптарды жылжытудан қалыс қалады.

V. Бірыңғай экономикалық кеңістік құрудың
және шешімдер қабылдау тәртібінің
институциональдық негіздері

      БЭК-ті құру процесстерін үйлестiрудi жекелеген шарттар негiзiнде құрылатын тиiстi органдар жүзеге асырады. Органдардың құрылымы ықпалдасу деңгейiн ескере отырып, құрылады.
      БЭК-тi құруды мемлекетаралық деңгейде үйлестiру және басқаруды Қатысушы мемлекеттер басшыларының кеңесi (бұдан әрi - ҚМБК) қамтамасыз ететiн болады.
      ҚМБК аясындағы әр қатысушы мемлекеттердiң дауыстар саны "бiр мемлекет - бiр дауыс" қағидатына орай бөлiнедi. ҚМБК шешiмдерiн консенсус қабылдайды.
      Қатысушы мемлекеттер халықаралық шарттар негiзiнде өз өкiлеттiктерiнiң бiр бөлiгiн табыстайтын бiрыңғай реттеушi органды (Комиссияны) құрады. Оның шешiмдерi барлық қатысушы мемлекеттердiң орындауы үшiн мiндеттi болады.
      Комиссия жалпы кеден тарифi немесе бәсекелестiктің бiрыңғай ережелерінің қайсысы бұрын енгiзiлген сәтінен бастап өзінің жұмыс iстеуiн бастайды. Ықпалдасу процестерiнің дамуы және тереңдеуiне қарай бiрыңғай реттеу органының өкілеттігi тиiсiнше ұлғаяды.
      Комиссияда барлық мәселелер бойынша шешiмдер дауыстар басымдылығымен қабылданады. Әр қатысушы мемлекеттік дауыс саны оның экономикалық әлеуетiн ескерумен айқындалады. Дауыстарды бөлу және дауыс беру рәсiмi қатысушы мемлекеттердiң келiсiмi негiзiнде белгiленедi.
      ҚМБК негiзгi өкiлетікттерi:
      БЭК аясында одан әрi ықпалдасудың келешегiн айқындау;
      Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру жөнiндегi Негiзгi шаралар кешенінің орындалуына бақылау жасау;
      БЭК-тi құру үшін қабылданатын негiзгi қағидаттар мен шаралардың қолданылуы мен сақталуын қамтамасыз ету;
      үшiнші елдерге қатысты сауда-экономикалық саясатын әзiрлеу;
      БЭК-ке жаңа мүшелердi қабылдау туралы шешiмдер қабылдау;
      БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің кеден-тарифтiк және бәсекелестік саясатын бiрiздендiру жөніндегi мiндеттердi қою және Комиссияның баяндамаларын қарау;
      БЭК-тің жұмыс iстеуінің қағидатты мәселелерi бойынша өзге де шешiмдердi қабылдау болып табылады.
      БЭК-тің талаптағыдай жұмыс iстеуiн және дамуын қамтамасыз eту үшін Комиссия өз құзыры шегінде:
      БЭК-тiң мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыруды қамтамасыз етеді;
      БЭК-тің мақсаттарына жету және мiндеттерiн орындаумен байланысты мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды және қорытынды бередi;
      БЭК-тің мақсаттарына жетуге және мiндеттерiн орындауға қажеттi нормативтік құқықтық актiлердiң жобаларын, әдiстемелiк материалдарды және басқа да құжаттарды әзiрлейдi;
      өзге де өкілеттiктердi жүзеге асырады.

VІ. Құқықтық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету

      Қатысушы мемлекеттердiң мүдделерiн ескере отырып және халықаралық құқықтық жалпы қабылданған нормалары мен қағидаттарына сәйкес жасалатын және қабылданатын халықаралық шарттар мен БЭК органдарының шешімдерi БЭК-тiң қалыптасуы мен қызметiнiң құқықтық негiзi болып табылады.
      Ықпалдасудың әртүрлi жылдамдығын және әртүрлi сипатын назарға ала отырып, БЭК-тің халықаралық шарттары мен өзге де құжаттарының жобаларын дайындау жөніндегi жұмыстардың аяқталғаны туралы шешiмдер егер, тиiстi жоба iшкi жалпы өнiм жиынтығының кем дегенде үштен екiсi үлесінде болатын қатысушы мемлекеттердің кем дегенде үшеуiмен келiсiлсе қабылданады.
      Қатысушы мемлекеттер қабылданған шешiмдердiң iске асырылуы тетiгiн бекiту олардың орындалмағаны үшiн санкция енгiзу, сондай-ақ БЭК-тi құруға жiберiлген олар жасасқан әрбiр халықаралық шарттардағы дауларды шешудің тетiгi қажеттiгiн мойындайды. Бұл құжаттар олардың ескертпелерiне жол бермеу туралы ережелердi қамтуы тиiс.
      БЭК органдарын қаржыландыру бiрыңғай реттеу органына қатысушы мемлекеттердің дауыс санына тең қатысушы мемлекеттердiң үлестiк жарнасы есебiнен жүзеге асырылады.
      БЭК-тің жұмыс iстеуін қамтамасыз ету үшiн экономикалық және құқықтық сипаттағы тұрақты жаңартылатын ақпарат шоғырланатын деректер қоры құрылады.

VII. Қорытынды

      БЭК олардың БЭК аясында жасалатын және қолданыстағы халықаралық шарттардан туындайтын мiндеттемелердi қабылдаған жағдайда, қатысушы мемлекеттердің келiсiмдерiмен бекiтiлген макроэкономикалық және институциональдық өлшемдерiне сәйкес және барлық қатысушы мемлекеттердің келiсiмiмен басқа мемлекеттер үшін ашық.
      Кез-келген қатысушы мемлекеттiң БЭК-тi қалыптастыру аясында қабылданған өз мiндеттемелерiн алдын ала реттей отырып, БЭК-тен шығу құқығына ие.
      Қатысушы мемлекеттің БЭК-тен шыққан күнiнен бастап БЭК аясында жасалған халықаралық шарттар мен қабылданған шешiмдерден туындайтын осы қатысушы мемлекет алдындағы басқа қатысушы мемлекеттердің мiндеттемелерi күшiн жояды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады