Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру (дайындау) үшiн пайдаланылатын, бақылауға жататын жабдықтардың тiзбесiн бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қыркүйектегі N 939 қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.11.2023 № 1038 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.11.2023 № 1038 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса берiлiп отырған арнайы бақылаудағы және есiрткi, психотроптық заттарды өндiру мен дайындау үшiн пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың тiзбесi белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.11.2023 № 1038 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Арнайы бақылаудағы және есiрткi, психотроптық заттарды өндiру мен дайындау үшiн пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың айналымын бақылау есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға жүктелсiн.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.11.2023 № 1038 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2003 жылғы 15 қыркүйектегі
  № 939 қаулысымен
  белгіленген

Арнайы бақылаудағы және есiрткi, психотроптық заттарды өндiру мен дайындау үшiн пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.11.2023 № 1038 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Таблеткаларды нығыздауға арналған нығыздау аспаптары мен жабдықтары.

      2. Ампулаларды толтыруға арналған жабдықтар.

      3. Ампулаларды бітеуге арналған жабдықтар.

      4. Химиялық реакцияларды жүргізуге арналған жабдықтар (зертханалық

      реакторлар).

      5. Капсуляторлар.

      6. Пуансондар мен матрицалар.

      7. Бір немесе бірнеше мойны бар сыйымдылығы үлкен реакциялық шыны

      ыдыстар (15 немесе одан да көп литр).

      8. Бөлгіш құйғыштар.

      9. Тікелей ағынды және қарсы ағынды конденсаторлар.

      10. Колба қыздырғыштар.

      11. Бөшкелерге арналған белбеулік қыздырғыштар.

      12. Сулы және майлы жылытқыштар.

      13. Ротациялық буландырғыштар.

      14. Реакциялық ыдыстар (колбалар, пробиркалар, реторттар).

      15. Таблеткалар мен капсулаларды есептегіштер.

      16. Таблеткаларды тозаңнан арылтқыштар.

      17. Вакуумдық сорғылар.

      18. Бюхнер құйғышы.

      19. Дәлдігі жоғары электрондық таразылар.

      20. Дистилляциялық қондырғылар.

      21. Магнитті араластырғыштар.

      22. Либих тоңазытқышы.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады