Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Болгария Республикасының Үкіметi арасында денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі N 944 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Болгария Республикасының Үкiметi арасында денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасынының Денсаулық сақтау бiрiншi вице-министрi, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi Анатолий Александрович Белоногқа Келiсiмнiң жобасына қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Болгария Республикасының Үкiметi арасында денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берілсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Болгария
Республикасы Үкіметiнің арасындағы денсаулық сақтау және
медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы
Келiсiм

      Бұдан әрi Уағдаласушы тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Болгария Республикасының Yкiметi денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласында мемлекеттерi арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ниеттерiн басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келiстi:

1-бап

      Уағдаласушы тараптар екі жақтың мүдделерi мен өзара ықылас негiзiнде және екi мемлекеттiң ұлттық заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесетiн болады.

2-бап

      Уағдаласушы тараптар басымдық берiлген мынадай салалардағы ынтымақтастықты дамытады:
      - бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;
      - мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
      - ана мен бала денсаулығын сақтау;
      - санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы ынтымақтастық;
      - тамақ өнiмдерiнiң гигиенасы және тамақ өнiмдерiн санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру;
      - қоршаған орта және денсаулық;
      - дәрi саясаты;
      - медицина ғылымы;
      - денсаулық сақтауды қаржыландыру.

      Санамаланған салалардан басқа, Уағдаласушы тараптар және ынтымақтастықтың басқа да салаларын қосымша талқылауы мүмкiн.

3-бап

      Уағдаласушы тараптар бiр-бiрiмен:
      - ғылыми-педагогикалық кадрлар, медицина мамандарын алмасу;
      - тараптар үшiн басым проблемалар бойынша тәжiрибе және өзектi ақпарат алмасу;
      - ұлттық ғылыми-медициналық iс-шараларға ғалымдардың қатысуы;
      - бiрлескен ғылыми-практикалық жобалармен жұмыс iстеу жолымен ынтымақтастық жасайды.

4-бап

      Уағдаласушы тараптар жұқпалы және паразиттiк аурулардың алдын алу әрi мемлекеттiк санитарлық бақылау саласында екi мемлекеттiң құзыреттi органдарының арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесетiн болады.
      Қажет болған жағдайда, олар әз мемлекеттерiнде қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалдың өршуi, сондай-ақ басқа да аса қауiптi жұқпалы аурулардың пайда болуы туралы бiр-бiрiн өзара хабардар ететiн болады.

5-бап

      Уағдаласушы тараптар медицина ғылымы саласында ақпарат және тәжірибе алмасу мақсатында екi мемлекет медициналық білiм беру ұйымдарының, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының арасындағы тiкелей ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесетiн болады.

6-бап

      Уағдаласушы тараптар өз елдерiнде халықаралық ғылыми iс-шараларды өткiзу туралы бiр-бiрiн хабардар ететiн болады және мүдделi мамандарды тартуда жәрдемдесетiн болады.

7-бап

      Мамандар мен сарапшыларды өзара алмасу жiберетiн және қабылдайтын ұйымдардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлігi, сондай-ақ көрсетілген шараларды қаржыландыру тәртiбi белгіленетiн eкі мемлекеттiң мүдделi ұйымдары арасындағы шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын болады.

8-бап

      Уағдаласушы тараптар осы Келiсiмнiң орындауымен байланысты қызметтi үйлестiру үшiн екi мемлекеттiң құзыреттi органдары ретiнде мыналарды белгілейдi:
      Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi;
      Болгария тарапынан - Болгария Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi.
      Уағдаласушы тараптар екi мемлекет құзыреттi органдарының ресми атаулары немесе функциялары өзгерген жағдайда, дипломатиялық арналар бойынша бұл туралы бiр-бiрiн дереу хабардар етедi.

9-бап

      Осы Келiсiм бес жылға жасалады және Уағдаласушы тараптардың оны күшiне енгiзу үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Егер Уағдаласушы тараптардың бiрi басқа уағдаласушы тарапқа дипломатиялық арналар бойынша оның қолданылу мерзiмi өткенге дейiн алты айдан кешiктiрмей осы Келiсiмнiң күшiн жоюға өз ниетi туралы хабарламаса, Келiсiмдi қолдану келесi бесжылдық мерзімге өздiгінен ұзартылады.

10-бап

      Осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Уағдаласушы тараптардың өзара келiсiмi бойынша жүзеге асырылады және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделедi.

11-бап

      Осы Келiсiм күшiне енгеннен баптап Уағдаласушы тараптардың арасындағы қатынастарда 1982 жылғы 3 қарашадағы Болгария Халық Республикасының Yкiметi мен Советтiк Социалистiк Республикалар Одағы Үкiметінің арасындағы "Денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы" келiсiмнiң қолданылуы тоқтатылады.
      200  жылғы "___"______ әрқайсысы қазақ, орыс және болгар тiлдерiнде екі түпнұсқа данада жасалған, бұл ретте барлық мәтiннiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Уағдаласушы тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi.

      Қазақстан Республикасының          Болгария Республикасының
      Yкіметi үшiн                       Үкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады