Радиоизотоптық өнiмнiң импортына рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі N 954 қаулысы

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Изотоп" ғылыми-өндiрiстiк-коммерциялық бiрлестiк" жауапкершiлiгi шектеулі серіктестікке (Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы) (бұдан әрі - "Изотоп" ҒӨКБ ЖШС) Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына "Техснабэкспорт" ашық акционерлік қоғамымен (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы) 2003 жылғы 3 сәуiрдегi N 08843672/30154-052 келісім-шартқа сәйкес көздер мен ерiтiндiлер түрiндегi, жалпы белсендiлiгi 220 000 (екі жүз жиырма мың) беккерель (бөлiнетiн изотоптардың 0,750137132 грамы) 9 (тоғыз) дана санында 3 342 (үш мың үш жүз қырық екі) AҚШ доллары сомасындағы ядролық материалдар негiзiнде радиоактивтi заттарды импорттауға рұқсат берiлсiн, соның iшiнде:
      1) плутоний-238 негiзiнде (ТМД CЭҚ ТН бойынша тауар коды - 284420890, бақылау тiзiмi бойынша 0С002) жалпы белсендiлiгi 80 000 (сексен мың) беккерель (бөлiнетiн изотоптардың 0, 00000013 грамы) 2 (екі) дана санындағы көздер түрiнде 383 (үш жүз сексен үш) АҚШ доллары сомасында;
      2) уран-233 негiзiнде (ТМД СЭҚ ТН бойынша тауар коды - 284440190, бақылау тiзiмi бойынша 0С002) жалпы белсенділiгi 40 000 (қырық мың) беккерель (бөлiнетiн изотоптардың 0, 00011 грамы) 1 (бір) дана санындағы көздер түрiнде 192 (жүз тоқсан екі) AҚШ доллары сомасында;
      3) плутоний-239 негiзiнде (ТМД СЭҚ ТН бойынша тауар коды - 284420890, бақылау тiзiмi бойынша 0С002) жалпы белсенділiгi 46 000 (қырық алты мың) беккерель (бөлiнетiн изотоптардың 0, 00002 грамы) 3 (үш) дана санындағы көздер мен ерiтiндiлер түрiнде 663 (алты жүз алпыс үш) АҚШ доллары сомасында;
      4) плутоний-242 негiзiнде (ТМД СЭҚ ТН бойынша тауар коды - 284420890, бақылау тiзiмi бойынша 0С002) жалпы белсенділiгi 1 000 (бiр мың) беккерель (бөлiнетiн изотоптардың 0, 000007 грамы) 1 (бiр) ампула санындағы ерiтiндi түрінде 1400 (бip мың төрт жүз) АҚШ доллары сомасында;
      5) торий-228 (232) негiзiнде (ТМД CЭҚ TH бойынша тауар коды - 284430690, бақылау тiзiмi бойынша 0C001) жалпы белсендiлiгi 53 000 (елу үш мың) беккерель (бөлiнетiн изотоптардың 0, 750000002 грамы) көздер түрiндегi 2 (екі) дана санында 704 (жетi жүз төрт) АҚШ доллары сомасында.

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен "Изотоп" ҒӨКБ ЖШС-ге осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген радиоизотоп өнiмiнiң импортына лицензия берсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен импортталатын радиоизотоп өнiмін кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.

      4. Радиоизотоптық өнiм тасымалының қауiпсiздiгi мен осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөніндегі комитетiне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады