"Бурабай-Құс фабрикасы кентi-Наурызбай батыр кентi Воробьев-Қотыркөл кәрiздiк қысым коллекторы" объектiсiн Ақмола облысының коммуналдық меншiгіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 963 қаулысы

      "Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес және мемлекеттiк меншiктi тиiмдi басқару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Ақмола облысы, Щучье ауданы, Бурабай кентi мекен-жайы бойынша орналасқан "Бурабай-Құс фабрикасы кентi-Наурызбай батыр кентi Воробьев-Қотыркөл кәрiздiк қысым коллекторы" объектiсi белгiленген тәртiппен республикалық меншiктен Ақмола облысының коммуналдық меншігіне берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Ақмола облысының әкiмдігімен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген объектiнi қабылдау-беру жөнiнде қажеттi шараларды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады