Yрiмшi қаласындағы (Кытай Халық Республикасы) жылжымайтын мүлiктi Қазақстан Республикасының меншiгіне сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 қыркүйектегі N 967 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің Yрімшi қаласындағы (Қытай Халық Республикасы) Паспорттық-визалық қызметінің персоналын әкiмшілік және тұрғынжай орналастыру үшiн Қазақстан Республикасының меншігіне Yрiмшi қаласы, Куньмин көшесі, N 31 мекен-жай бойынша орналасқан ауданы 300 шаршы метр ғимараттың бiр бөлiгiн (бұдан әрi - ғимараттың бiр бөлiгi) сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгінiң ұсынысы қабыл алынсын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы icтep министрлiгi 2003 жылға арналған республикалық бюджетте "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдіктерiн орналастыру үшiн шет елдерде жылжымайтын мүлік сатып алу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен ғимараттың бiр бөлiгiн сатып алуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ақы төленетін күнге белгілеген бағам бойынша 25000 (жиырма бес мың) АҚШ долларына баламалы сомада ақы төлеуді заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлiнген  қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды заңнамада белгiленген тәртіппен жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады