"Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 970 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қызметi үшіншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне
байланысты объектілер иелерiнiң азаматтық-құқықтық
жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы

      Осы Заң қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiлер иелерiнің не осындай жауапкершілік жүктелуi мүмкiн адамдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандырудан туындайтын қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасының аумағында оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерi белгілейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда қолданылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
      1) қызметi үшіншi тұлғаларға зиян келтiру қаупіне байланысты объектiдегi авария - үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне зиян келтiрген технологиялық процестiң бұзылуы, механизмдердiң, жабдықтардың және құрылыстардың зақымдануы;
      2) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупіне байланысты объектiнiң иесi - жеке меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында, не кез келген басқа заңды негiзде қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектіге иелік ететiн жеке немесе заңды тұлға;
      3) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупіне байланысты объект иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгi - Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiнi пайдалану нәтижесінде үшiншi тұлғалардың өмiріне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтейтiн жеке және заңды тұлғалардың мiндетi;
      4) сақтандырылған адам - қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiнi пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға зиян келтiргенi үшін өзiне қатысты азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi міндеттi сақтандыру жүзеге асырылатын жеке немесе заңды тұлға;
      5) сақтанушы - жеке меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқықтарында немесе кез келген басқа да заңды негiзде қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiге иелiк ететiн және қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объект иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға. Егер сақтандыру шартымен өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгілде сақтандырылған адам болып табылады;
      6) сақтандыру жағдайы - қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектіде орын алған қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупіне байланысты объектідегi авария нәтижесiне үшiншi тұлғаның өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне келген зиянды өтеу жөніндегi сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің не осындай жауапкершiлiк жүктелуi мүмкiн тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң туындау фактiсі;
      7) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы туындаған кезде үшiншi тұлғаға (пайда алушыға) мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттi заңды тұлға;
      8) сақтандыру сыйлығы - сақтанушы сақтандырушыға соңғысы үшiншi тұлғаға (пайда алушыға) мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтандыру төлемiн жүргiзу мiндеттемесiн қабылдағаны үшін төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
      9) сақтандыру сомасы - мiндеттi сақтандыру объектici сақтандырылған және сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтанушы жауапкершілiгiнің шектi көлемiн білдiретiн ақша сомасы;
      10) сақтандыру төлемi - сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандырушының үшiншi тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру сомасының шегінде төлейтiн ақша сомасы;
      11) мiндеттi сақтандыру объектiсi - оның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiнi пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянды өтеу мiндеттемесiне байланысты сақтанушының (сақтандырылған адам) мүлiктiк мүддесi;
      12) үшiншi тұлға (пайда алушы) - сақтандыру шарты пайдасына жасалатын және оның өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиян өтелетiн зиян шегушi;
      13) төтенше жағдайлар жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы және оның аумақтық органдары.

      2-бап. Сақтандыру қатынастарының қатысушылары

      1. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiлер иелердiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру қатынастарының қатысушылары сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар), қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiлердiң иелерi (сақтанушылар, сақтандырылған адам), үшiншi тұлғалар (пайда алушылар) болып табылады.
      2. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiнiң қызметкерлерi мен иелерi осы Заңға сәйкес жасалатын қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектілер иелерiнің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндеттi сақтандыру шарттары бойынша пайда алушылар болып табылмайды.

      3-бап. Қазақстан Республикасының қызметi үшiншi тұлғаларға
              зиян келтiру қаупіне байланысты объектiлер иелерiнiң
              азаматтық-құқықтық жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру
              туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiлер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндеттi сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңмен белгiленетiн шарттардан өзгеше белгiленсе, онда халықаралық шарттың нормалары қолданылады.

2-тарау. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру
қаупіне байланысты объектiлер иелерiнің азаматтық-құқықтық
жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру
ерекшелiктерi

      4-бап. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне
              байланысты объектілер

      1. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектілер деп мынадай бiрдейлендiрiлген қауіптілік белгілерiнiң ең болмағанда бiреуiн қанағаттандыратын объектілер танылады:
      1) мынадай қауiптi заттар (ықтимал ең жоғарғы бiр жолғы мөлшерде) өндiрiлетiн, алынатын, қолданылатын, қайта өңделетiн, пайда болатын, сақталатын, тасымалданатын (оның iшiнде магистральдық немесе технологиялық құбырлармен) қоймаға салынатын, түсiрiлетiн/тиелетiн, сатылатын, бейтараптандырылатын немесе жойылатын:
      а) тұтанғыш заттар - қалыпты қысымда және ауамен қосылғанда тұтанатын, қалыпты қысымда қайнау температурасы 20 0 С немесе одан төмен газдар - 20 тоннадан артық мөлшерде;
      б) тотықтандырғыш заттар - жануды қалыпта ұстағыш, тұтандырғыш және (немесе) тотықтандыру-қалпына келтiру экзотермиялық реакциялардың нәтижесінде басқа заттардың тұтануына ықпал ететiн заттар - 20 тоннадан артық мөлшерде;
      в) жанғыш заттар - өзiнен өзi тұтанып жануға, сондай-ақ жану көзінен от алуға және ол көздi жойғаннан кейiн де жана беруге бейiм сұйықтар, газдар, тозаңдар - 20 тоннадан артық мөлшерде;
      г) жарылғыш заттар - сыртқы әсердің белгiлi бiр түрiнен жылу бөле және газ түзей отырып, өзінен өзi өте тез таралатын химиялық өзгерiске бейiм заттар - 1 тоннадан артық мөлшерде;
      д) улы заттар - тiрi ағзаға әсер ету кезiнде олардың өлiмiне әкелуге бейім және мынадай сипаттамасы бар заттар:
      бiр килограмм салмаққа қоса алғанда асқазанға қабылданған 200 миллиграмнан төмен келетiн өлтiретiн орташа доза;
      бiр килограмм салмаққа қоса алғанда терiге тиген 400 миллиграмнан төмен келетiн өлтiретiн орташа доза;
      ауадағы өлтіретін орташа концентрация 1 литрге қоса алғанда 2-миллиграмнан төмен, 1 тоннадан артық хлорға барабар мөлшерде;
      e) биологиялық қауіптi заттар;
      2) 0.07 МПа-дан артық қысыммен немесе 115 о С-тан артық су ысыту температурасымен жұмыс iстейтiн құралдарды және қысылған газды пайдаланатын;
      3) 1000 вольттан артық жабдықтар мен электр қондырғыларын (генераторлар, трансформаторлар, тарату құралдарын, электр таратқыш желiлердi, т.б.) пайдаланатын;
      4) тұрақты орнатылған жүк көтергiш механизмдердi, эскалаторларды, аспа жолдарды, фуникулердi, лифтердi (тұрғын үй лифтерiнен басқа) пайдаланатын;
      5) қара және түстi металдардың қорытпасы алынатын және олар балқытылатын;
      6) тұрақты, жылжымалы, қалқымалы бұрғылау қондырғыларын және болуы мүмкiн авария салдарынан қоршаған ортаның едәуiр ластануы болатын ұңғымаларды жер астында жөндеуге арналған көтергiш агрегаттарды пайдаланатын;
      7) көмiрсутек кен орындарын әзiрлеу: ұңғыларды бұрғылау, мұнай, газ және мұнай өнімдерiн өндiру, жинау, дайындау, сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жүргiзетiн;
      8) пайдалы қазбаларды өндiру мен байыту тау-кен жұмыстары, сондай-ақ жерасты жағдайындағы жұмыстар жүргiзетiн объектiлер;
      9) гидротехникалық құрылыстар, өңделген қазба қалдықтарының қоймасы, I, II, III сыныпты күл төгу орындары мен шлам жинау орындары, селден қорғау құрылыстары, суландыру жүйелерi;
      10) атом энергиясын пайдалану объектiлерi.
      2. Егер міндеттi сақтандыру шартының қолданысы кезiнде қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объект бiрдейлендiрiлген қауiптiлік белгілерiне сәйкес келуi тоқтатса, онда сақтанушы бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі уәкiлеттi органға хабарлайды, ол иелерінiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандыруға жататын объектiлердiң қатарынан объектiнi шығару туралы шешiм қабылдайды және ол туралы сақтанушы мен сақтандырушыны жазбаша түрде хабардар етедi.

      5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi міндеттi
             сақтандыруға жататын тұлғалар

      Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты жұмыс iстеп тұрған немесе пайдалануға берiлетін объектiлер иелерiнің және осындай жауапкершiлік жүктелген тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандыруға жатады:
      Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асырушы коммерциялық емес ұйымдарды қоса алғанда, шетелдік, шетелдiк және басқа ұйымдармен бiрлескен заңды тұлғалар;
      Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға құрмастан, жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы жеке тұлғалар.

3-тарау. Қызметi үшінші тұлғаларға зиян
келтiру қаупiне байланысты объектiлер иелерiнiң
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндеттi
сақтандыру шарты

      6-бап. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне
              байланысты объектiлер иелерiнің азаматтық-құқықтық
              жауапкершілігiн міндеттi сақтандыру шартын жасау
              тәртiбi

      1. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiлер иелерiнiң, сондай-ақ осындай жауапкершілік жүктелуi мүмкiн тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес көрсетiлген объектiлерде авариялардың туындауы нәтижесінде өміріне, денсаулығына немесе мүлкiне зиян келуi мүмкiн үшiншi тұлғаның пайдасына сақтандырушы мен сақтаушының арасында жасалған шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.
      Мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға немесе сақтандырылған адамға сақтандыру полисiн жазбаша түрде беру жолымен жасалады.
      Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнің мазмұны мен оны ресiмдеу жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасымен белгiленедi.
      Мiндеттi сақтандыру шартының жазбаша нысанының сақталмауы оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.
      Мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлығын толық төлеген сәтiнен бастап күшiне енеді және оның күшiне енген күнiнен бастап он екi айдан аспайтын мерзiмге жасалады.
      Сақтандырудан қорғаудың қолданылу кезеңi міндеттi сақтандыру шартының қолданылу мерзiмiне сәйкес келедi.
      Мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы, егер мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.
      Мiндеттi сақтандыру шартында нұсқауға жататын шарттардың толық еместігіне сақтандырушы жауаптылықта болады. Мiндеттi сақтандыру шарты бойынша дау туындаған жағдайда оның жекелеген шарттарының толық еместiгi салдарынан дау сақтанушының пайдасына шешiледi.
      Егер мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушының, сақтандырылған адамның немесе үшiншi тұлғаның жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын шарттарда жасалған болса, онда сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтаушының, сақтандырылған адамның немесе үшiншi тұлғаның алдында осы Заңда белгiлеген шарттарда міндеттi болады.
      2. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты және төтенше жағдайлар жөнiндегi уәкілеттi орган қауіптi ретінде бiрдейлендiрген объектiлер иелерi тиiстi хабарламаны алғаннан кейiн 50 күннiң iшiнде мiндеттi сақтандыру шартын жасауға және 60 күннiң iшiнде есептелген сақтандыру сыйлығын толығымен төлеуге мiндеттi.
      3. Пайдалануға берілетiн қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiлер үшiн мiндеттi сақтандыру шарты мұндай объектiнi пайдалануға беретiн сәтке дейiн жасалуы және есептелген сақтандыру сыйлығы толығымен төленуi тиiс.
      4. Бұрын қауiптi болып табылмаған, жаңғырту немесе қайта салалау жоспарланған, одан кейiн қауiптi өндiрiстiк объект ретінде бiрдейлендiрiлетiн қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектi иелерiне немесе мұндай жауапкершiлiк жүктелуi мүмкiн тұлғаға осындай шаралар жүргiзуге дейiн өздерiнің азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға және осы шаралар басталғанға дейін есептелген сақтандыру сыйлығын толығымен төлеуге мiндеттi.
      5. Сақтанушы мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн сақтандырушыны өз бетiнше таңдауға құқылы.
      6. Мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупіне байланысты объектінің иесi сақтандырушыдан азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктiң мiндеттi сақтандыру шарттарын және қолданылу тәртiбiн түсіндiрудi талап етуге құқылы.
      Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiнің иесi міндеттi сақтандыру шартын жасасу туралы өтiнiш жасаған кезде сақтандырушы сақтанушыдан сақтанушының басқа сақтандырушылармен жасасқан немесе жасасатын осы объектiге қатысты азаматтық-құқықтық жауапкершілiгін міндеттi және еріктi сақтандыру шарттары туралы толық ақпараттар ұсынуын талап етуге құқылы.
      7. Шарт жасасу кезiнде сақтандыру жағдайының туындау ықтималдығын және оның туындауынан болатын зиянның (сақтандыру қаупiнің) мөлшерiн анықтау үшін, егер бұл жағдайлар сақтандырушыға белгiлi емес және белгiлi болуы тиiс емес едәуiр маңызы бар жайды сақтанушы сақтандырушыға хабарлауға міндеттi.
      Сақтандырушының жасаған сақтандыру ережесіндегі нақты ескертілген жағдайлар немесе шарт жасасу кездегi сақтандырушының сақтанушыға жазбаша жiберген сұрау салуының едәуiр маңызы бар деп танылады.

      7-бап. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне
              байланысты объектiлер иелерiнің азаматтық-құқықтық
              жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шартын өзгерту
              немесе мерзiммен бұрын тоқтату
      1. Сақтанушының немесе сақтандырушының талап етуi бойынша, егер оларға шарт жасасу кезiнде сақтандырушыға хабарланған жағдайлардағы сақтандыру жағдайының туындау ықтималдығын немесе оның туындауынан келетiн мүмкiн зиянның мөлшерi анықтау үшiн едәуiр маңызы бар айтарлықтай өзгерiстер туралы белгiлi болса, мiндеттi сақтандыру шартының талаптары қайта қарауға жатады.
      Мiндеттi сақтандыру шартында ескертiлген өзгерiстер едәуiр маңызды деп танылады.
      2. Мiндеттi сақтандыру шартының қолданысы мынадай жағдайларда:
      1) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiнi жойған немесе пайдаланудан шығарған жағдайда - осы туралы актіге белгіленген тәртіппен қол қойылған сәттен бастап;
      2) егер қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объект бiрдейлендiрiлген қауiптiлiк белгiлерiне жауап бере алмаған жағдайда - иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлігi міндеттi сақтандыруға жатқызылған объектiні қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiлердің тiзiмiнен шығару туралы сақтанушы және сақтандырушы төтенше жағдайлар жөніндегі уәкiлеттi органнан жазбаша хабарлама алған күннен бастап;
      3) сақтанушы немесе сақтандырушы таратылған жағдайда;
      4) сақтанушы белгiленген мерзiмде және мөлшерде сақтандыру сыйлығын төлемеген жағдайда - оны төлеу үшiн берiлген мерзiмнің аяқталуына қарай;
      5) сақтандырушының сақтандыру төлемiн (сақтандыру төлемдерiн) алғашқы сақтандыру жағдайының туындауы бойынша сақтандыру сомасының мөлшерiнде төлеудi жүзеге асырған жағдайда;
      6) осы Заңның 8-бабы 2-тармағының талаптары орындалмаған жағдайда сақтанушының, сақтандырушының немесе төтенше жағдайлар жөніндегі уәкiлеттi органның бастамасы бойынша;
      7) шарт осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген негiздер бойынша жарамсыз деп танылған жағдайда;
      8) мiндеттi сақтандыру шартының қолданысы сот шешiмi бойынша тоқтатылған жағдайда - сот шешiмiнің күшiне енген сәтінен бастап;
      9) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектіні сақтанушы алмаған, сақтандырушы сақтанушыны ауыстыруға қарсы шыққан жағдайда;
      10) сақтанушының немесе сақтандырушының осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес жасаған бастамасы бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
      3. Сақтанушы мiндеттi сақтандыру шартынан, егер бұл сақтандыру объектiсiнің қызметiн тоқтатуымен байланысты болмаса, кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықтары, егер шартпен өзгеше көзделмесе, қайтаруға жатпайды.
      4. Егер міндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату оның шарттарын сақтандырушының кінәсiнен орындамаудан туындаса, соңғысы сақтанушы төлеген сақтандыру сыйлығын толығымен қайтаруға мiндеттi.
      5. Мiндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға бастамашы тарап мiндеттi сақтандыру шарты бойынша бұл туралы екiншi тарапты жазбаша түрде хабардар етуге тиiс.
      6. Осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 4)-8), 10) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша міндеттi сақтандыру шартының қолданылуы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда сақтанушы жаңа мiндетті сақтандыру шартын жасасуға міндеттi.
      7. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағында көзделген негiздер бойынша міндеттi сақтандыру шартының қолданылуы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда, сақтанушы жаңа мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға және бұрынғы міндеттi сақтандыру шартының қолданылуы тоқтатылған сәтке есептелген сақтандыру сыйлығын толығымен төлеуге мiндеттi.
      8. Егер сақтандырушы мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының немесе зиян шегушiнің жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын жағдайда жасасқан болса, онда сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандырушы зиян шегушi алдында осы Заңмен белгiлеген шарттарда мiндетті болады.

4-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықтары

      8-бап. Сақтандыру сомасы
      1. Мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлген сақтандыру сомасы мiндетті сақтандыру шартының қолданылуы кезiнде сақтандыру жағдайлары болған жағдайда сақтандырушының жиынтық жауапкершілiгiнiң шекті көлемiн (лимитiн) білдiредi.
      2. Осы Заңмен қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiлер иелерiнің немесе осындай жауапкершiлiк жүктелуi мүмкiн тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілiгін міндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мынадай (ең төменгі алынып тасталсын) сомасы (мiндеттi сақтандыру шарты жасалған күнге Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген айлық есептiк көрсеткiшпен):
      1) улы заттар өндiрiлетiн, алынатын, пайдаланылатын, қайта өңделетiн, пайда болатын, сақталатын, тасымалданатын, қоймаға салынатын, түсiрiлетiн/тиелетiн, сатылатын, бейтараптандырылатын немесе жойылатын қызметі үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупіне байланысты объектiлер, сондай-ақ атом энергиясын пайдаланылатын объектiлер үшiн - 70 000;
      2) жанатын, тұтанатын, тотығатын заттар өндiрiлетiн, алынатын, қайта өңделетiн, пайда болатын, сақталатын, қоймаға салынатын, түсiрiлетiн/тиелетiн, сатылатын, бейтараптандырылатын, жойылатын, технологиялық процесте пайдаланылатын немесе магистралды труба құбырлармен тасымалданатын қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiлер үшiн - 50 000;
      3) жарылғыш заттар алынатын, пайдаланылатын, қайта өңделетiн, пайда болатын, сақталатын, тасымалданатын, қоймаға салынатын, түсiрiлетiн/тиелетiн, сатылатын, бейтараптандырылатын немесе жойылатын қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiлер үшiн - 70 000;
      4) биологиялық қауiптi заттар алынатын, пайдаланылатын, қайта өңделетiн, пайда болатын, сақталатын, тасымалданатын, қоймаға салынатын, түсiрiлетiн/тиелетiн, сатылатын, бейтараптандырылатын немесе жойылатын қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiлер үшiн - 21 000;
      5) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты басқа объектiлер үшiн - 28 000 болып белгiленедi.
      3. Егер қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объект бiрнеше бiрдейлендiрiлген қауiптілік белгілерiне бiрден жауап берген жағдайда, онда сақтандыру сомасының ең төменгi сомасының көлемiн анықтау үшiн қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объект кiретiн санаттарда көрсеткен жоғары сома пайдаланылады.
      4. Осы баптың 2-тармағы талаптарының орындалмауы мiндеттi сақтандыру шартының жарамсыздығына әкеп соғады.

      9-бап. Сақтандыру сыйлықтарының мөлшерi

      1. Сақтандыру сыйлығы сақтандыру сомасына қолданылатын сақтандыру тарифтерi негiзiнде белгiленедi. Сақтандыру тарифтерінің мөлшерi сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы келiсiммен анықталады, бiрақ осы Заңда көрсетiлген мөлшер шегiнде белгiленуi тиiс.
      2. Осы Заң қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупіне байланысты объектiнiң санатына орай сақтандыру тарифтерінің мынадай шектi мөлшерiн белгiлейдi (сақтандыру сомасының пайызы есебiмен):
      1) улы заттар өндiрiлетiн, алынатын, пайдаланылатын, қайта өңделетін, пайда болатын, сақталатын, тасымалданатын, қоймаға салынатын, түсiрiлетiн/тиелетiн, сатылатын, бейтараптандырылатын немесе жойылатын қызметi үшіншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiлер үшiн - 2.25%-дан 2.75%-ға дейiн;
      2) жанатын, тұтанатын, тотығатын заттар өндiрiлетiн, алынатын, қайта өңделетiн, пайда болатын, сақталатын, қоймаға салынатын, түсiрiлетiн/тиелетiн, сатылатын, бейтараптандырылатын, жойылатын, технологиялық процесте пайдаланылатын немесе магистралды труба құбырлармен тасымалданатын қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупіне байланысты объектiлер үшiн - 2.00%-дан 2.50 %-ға дейін;
      3) жарылғыш заттар алынатын, пайдаланылатын, қайта өңделетін, пайда болатын, сақталатын, тасымалданатын, қоймаға салынатын, түсiрiлетiн/тиелетiн, сатылатын, бейтараптандырылатын немесе жойылатын қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiлер үшiн - 2.25%-дан 2.75%-ға дейiн;
      4) биологиялық қауiптi заттар алынатын, пайдаланылатын, қайта өңделетiн, пайда болатын, сақталатын, тасымалданатын, қоймаға салынатын, түсiрiлетiн/тиелетiн, сатылатын, бейтараптандырылатын немесе жойылатын қызметi үшiншi тұлғаға 1.75%-дан 2.25%-ға дейiн;
      5) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты басқа объектiлер үшiн - 1.55%-дан 2.00%-ға дейiнгi мөлшерiн белгiлейдi.
      Eгep қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупіне байланысты объект бiрнеше бiрдейлендiрiлген қауiптiлiк белгiлерiне бiрден жауап бере алған жағдайда, онда сақтандыру сомасының ең төменгi сомасының көлемiн анықтау үшiн осы объектi кiретiн санаттарда көрсетілген жоғары сома пайдаланылады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтары талаптарының орындалмауы мiндеттi сақтандыру шартының жарамсыздығына әкеп соқтырады.

      10-бап. Сақтандыру сыйлығын төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi

      Сақтандыру сыйлығы мiндеттi сақтандыру шарты жасалғаннан кейiн 10 күннiң iшiнде бiр жолға төленеді. Мiндеттi сақтандыру шартын кез келген негiздер бойынша өзгерткен кезде жаңадан жасалған есептеулер мен бұрынғы төленген сақтандыру сыйлықтары арасындағы айырмашылық 15 күннiң iшінде қосымша төлеуге (қайтаруға) жатады.

5-тарау. Сақтандыру төлемi

      11-бап . Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы шарттары

      1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды қосып, жазбаша нысанда бередi.
      2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мына құжаттар:
      1) сақтандыру полисi;
      2) сақтандыру жағдайының туындау фактiсiн және зиян шегушiге келген шығынның мөлшерiн растайтын құжат;
      3) сақтанушы жасаған сақтандыру жағдайы туралы акт;
      4) еңбекке уақытша жарамсыздығының мерзiмi туралы денсаулық сақтау ұйымдары анықтамасының немесе үшiнші тұлғаның мүгедектiгiнің белгіленгендiгi туралы мамандандырылған мекемелер анықтамасының көшiрмесi - ол белгiленген жағдайда;
      5) үшiншi тұлғаның өлiмi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi және пайда алушыға зиянды өтету құқығын растайтын құжат (көшiрме) үшiншi тұлға өлген жағдайда;
      6) үшiншi тұлғаның жоғалған, жетiспейтiн немесе зақымдалған (бүлiнген) мүлкiнің тiзбесi - мүлiкке зиян келтiрiлген жағдайда;
      7) сақтандыру жағдайы туындаған кезде шығындардың алдын алу немесе азайту мақсатында сақтанушы шеккен шығыстарды растайтын құжаттар қоса беріледi.
      3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтiнушiге ұсынған құжаттарының толық тiзбесi және оларды қабылдау күнi көрсетiлген анықтама беруге мiндеттi.
      4. Үшiншi тұлға, ал ол өлген жағдайда - қолданыстағы заңнамаға сәйкес үшiншi тұлғаның өлiмiне байланысты зиянды өтеуге құқығы бар тұлға пайда алушы болып табылады.
      5. Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру кезiнде сақтандырушы пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтін шарттар қабылдауын талап етуге құқығы жоқ.
      6. Егер сақтандыру жағдайының туындауына алып келген оқиға нәтижесiнде үшiншi тұлғаның денсаулығы нашарласа (мүгедектiк немесе мүгедектiктiң одан жоғары тобы белгiленсе) немесе қаза тапса, онда сақтандырушы үшiншi тұлғадан (пайда көрушіден) немесе қолданыстағы заңға сәйкес үшiншi тұлғаның өлiмiне байланысты зиянды төлеттiруге құқығы бар тұлғадан түскен өтiнiш пен тиiстi құжаттардың негiзiнде бұрын төленген сомаларды есептей отырып, осы Заңмен белгiленген тәртiпте және мөлшерде сақтандыру төлемiне қайта есептеу жүргiзуге мiндеттi. Бұл ретте бұрын төленген сомалар қайта есептеу кезiнде сақтандыру төлемiнiң сомаларына есептеледi.
      7. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектідегi авариялардың зардаптарына қарай сақтандыру төлемiнiң мөлшерiне:
      1) үшiншi тұлғалар қаза тапқан, мүгедектiк немесе еңбекке уақытша жарамсыздық белгіленген жағдайдағы бiржолғы жәрдемақы;
      2) үшiншi тұлға қаза тапқан жағдайда, оны жерлеу шығыстары;
      3) үшiншi тұлғаның қираған мүлкiнің құны;
      4) үшiншi тұлғалардың қираған мүлкiн жөндеу, бөлшектерiн ауыстыру немесе тұтыну сапасын қайта қалпына келтiру шығыстары;
      5) авариялардың немесе олардың зардаптарын жою жөнiндегi үшiншi тұлғалардың (мiндетiне төтенше жағдайларды жою кiретiн бюджеттiк ұйымдардан басқа) шығыстары кiредi.

      12-бап. Сақтандыру төлемiнің мөлшерiн анықтау

      1. Үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиян мөлшерiн бағалау төтенше жағдайлар және қауіптi өндiрiстiк oбъектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жүргiзiлген авариялардың себептерiн тексеру нәтижелерi бойынша белгiленедi.
      Сақтандыру төлемiнің мөлшерiн авария себептерін тексеру актiсінің, сот шешiмдерінің, келтiрiлген залалдың мөлшерi туралы деректер қамтылған басқа материалдардың негiзiнде сақтандырушы анықтайды.
      2. Әрбiр зиян шегушiнің өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн төленетiн бiржолғы жәрдемақы мөлшерi осы Заңмен (Қазақстан Республикасының заңнамасында мiндеттi сақтандыру шарты жасалған күнге белгiленген айлық есептiк көрсеткiштермен) белгiленедi және мыналарды құрайды:
      1) қаза тапқан кезде - 600;
      2) мүгедектiк белгiленген кезде:
      I топтағыларға - 500;
      II топтағыларға - 400;
      III топтағыларға - 300;
      3) еңбекке уақытша жарамсыздық белгiленген кезде - жарамсыз болған әрбiр күнге 0,60, бiрақ барлығы 60-тан аспайды.
      3. Мүлiкке зақым келген кезде келтiрiлген зиянның мөлшерi сақтандыру жағдайы болған күнге дейiн орын алған мүлiктiң тозуын ескеріп, оны қалпына келтiру құнының есебiне сүйене отырып айқындалады.
      Қалпына келтiру құны сақтандыру жағдайы болған сәтте қолданылған орташа нарықтық баға мен тарифтiң негiзiнде айқындалады.
      Мүлiк қираған кезде келтiрілген зиянның мөлшерi сақтандыру жағдайы болған күнге тозуды ескеріп, мүлiктiң нақты құнына сүйене отырып айқындалады.
      Егер оны қалпына келтiру техникалық мүмкiн болмаса немесе экономикалық негiзсiз болса мүлiк қираған деп саналады. Егер бұл ретте күтілетiн шығыстар (орнын толтыру құны) сақтандыру жағдайы болған күнге есептелген амортизацияны ескерiп, мүлiктiң нақты құнынан сексен пайыз артық болса, онда мүлiктi қалпына келтiру экономикалық негiзсiз деп саналады.
      4. Әрбiр зиян шегушiнің мүлкiне келтiрiлген зиян мөлшерiн сақтандыру жағдайы болу нәтижесiнде сақтанушының немесе оның өкiлiнiң өтiнiшi бойынша сақтандырушы белгiлейдi. Келтiрілген зиянның мөлшерiн бағалауды қажет болған кезде тәуелсiз сарапшы жүргiзедi. Келтiрiлген зиянды бағалау нәтижелерiмен келiспеген кезде тараптар басқалай дәлелдеп шығуға құқылы.
      5. Сақтандыру төлемi зардап шегушінің өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген нақты зиянның, қалыптасқан шығынның мөлшерiнен және осы Заңмен белгілеген бiржолғы жәрдемақы мөлшермен аспауы тиiс.
      6. Сақтандырушы келтiрiлген зиянның мөлшерiн анықтау мақсатымен қосымша тексеру жүргiзуге құқылы. Осыған байланысты ол құзыреттi органдардан аварияны техникалық тексеру материалдарын, келтiрiлген зиянға байланысты құжаттарды, медициналық құжаттарды, шығын болған (бүлiнген, қираған) мүліктің құны, жүргiзiлген жұмыстардың, келтiрілген шығындардың құны туралы бiлуге мүмкiндiк беретiн шоттарды, сондай-ақ өзге де қажеттi құжаттарды талап етуге құқылы.
      7. Сақтандыру төлемдерi мiндеттi сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының шегiнде жүргiзiледi.
      Келтiрiлген зиянды толық өтеу үшiн сақтандыру сомасы жетпеген кезде сақтандырушы міндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы шегiнде келтiрiлген зиянға теңдей етiп сақтандыру сомасын төлеудi жүзеге асырады. Бұл ретте зиян шегушiлер келтiрiлген зиянның сомасы алынған сақтандыру төлемінің сомасынан асатын мөлшерде келтiрiлген зиянды өтеу туралы сақтаушыға (сақтандырылған адамға) тiкелей талап етуге құқылы.
      8. Егер сақтандыру жағдайы туындаған сәтке сақтанушының (сақтандырылған адамның) осы Заңға сәйкес сақтандырылған азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi, сондай-ақ басқа сақтандырушыда сақтандырылған болса, онда сақтандырушының әрқайсысы өздерi жасаған шарт шегiнде жауапты болады, бiрақ сақтанушының барлық сақтандырушыдан алған сақтандыру төлемдерінiң жалпы сомасы нақты залалдан аспайды.
      Бұл ретте сақтанушы кез келген сақтандырушыдан онымен жасалған шартта көзделген сақтандыру сомасының көлемінде сақтандыру төлемiн алуға құқылы. Егер алынған сақтандыру төлемi нақты залалды жаппаса, сақтанушы жетiспейтiн соманы басқа сақтандырушыдан алуға құқылы.
      Сақтандыру төлемiнен толығымен немесе iшiнара босатылған сақтандырушы келтiрiлген залалды басқа сақтандырушының төлеуiне орай сақтандырушыға келтiрiлген шығыстарды шегергенде, сақтандыру сыйлықтарының тиiстi бөлiгiн қайтаруға мiндеттi.
      9. Егер келтiрiлген зиянды басқа тұлғалар өтеген жағдайда, сақтандырушы мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төлеуге жататын төлем сомасының және басқа адамдардың өтейтiн сомасының арасындағы айырмашылығын ғана төлейдi. Сақтанушы оған белгiлi болған пайда алушыларға басқа тұлғалар жүргiзген зиянды өтеу төлемдерi туралы сақтандырушыға хабарлауы тиiс.
      10. Сақтандырушы сақтанушыға сақтандыру жағдайында зиянның алдын алу немесе азайту мақсатында, егер мұндай шығыстар қажет болған немесе сақтандырушының нұсқауын орындау үшiн жүргiзiлген болса, егер тiптi тиiстi шаралар ойдағыдай болмаған жағдайда да өтелуi тиiс. Көрсетiлген шығыстарды өтеудi сақтандырушы тиiстi шығындар туралы актінi алған күннен бастап, бiрақ төлемдерiн жүргiзуден бұрын емес, 30 күн iшiнде жүргiзедi.
      Сақтанушының көрсетiлген шығыстары нақты мөлшерде төленедi, бiрақ сақтандыру төлемi мен шығындар өтемiнің жалпы сомасы қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объект иелерiнің азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлген сақтандыру сомасынан аспауы тиiс. Егер шығыстар сақтанушы сақтандырушының нұсқауын орындау нәтижесiнде болса, олар сақтандыру сомасына қатыстырылмай толық мөлшерде өтеледi.
      Сақтанушы болуы мүмкiн шығындарды азайту үшiн орынды және қолайлы шараларды қасақана қабылдамауы салдарынан туындаған сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырудан сақтандырушы босатылады.

      13-бап. Сақтандыру төлемiн төлеудi жүзеге асыру шарттары мен
               тәртiбi

      1. Сақтандыру төлемдерi сақтанушының жауапкершiлiгiн белгiлеген соттың шешiмi күшiне енген және сақтандырушының сақтандыру төлемдерiн жүргiзу мәселесiн шешуге арналған барлық қажеттi құжаттарды алған күнiнен бастап 30 күн iшiнде жүзеге асырылады.
      2. Сақтандырушы сақтандыру төлемдерiн уақытында жүргiзбегенi үшiн пайда алушыларға сақтандыру күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерiнде өсiм төлейдi.
      3. Сақтандырушы деп танылған немесе сақтандыру жағдайына соттың тиісті шешiмімен қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектідегi аварияның нәтижесінде келтiрiлген зиянды өтеу туралы өтiнiштi қанағаттандыру олардың түсу тәртiбiмен, ал бiрнеше өтiнiш бiр мезгілде түскен кезде мынадай кезектiлікпен:
      бiрiншi кезекте жеке тұлғалардың өмiрiне және денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптар қанағаттандырылады;
      екiншi кезекте жеке тұлғалардың мүлкiне келтiрiлген зиян өтеледi;
      үшiншi кезекте заңды тұлғалардың мүлкiне келтiрiлген зиян өтеледi.

      14-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан
               босату негiздерi

      1. Сақтандыру төлемдерiне:
      1)  мiндеттi  сақтандыру  шартында  көзделген  сақтандыру сомасынан артық зиянды өтеу туралы қандай да болмасын талаптар;
      2) осы Заңның 11-бабы 7-тармағына сәйкес өтеуге жатпайтын, зиянды өтеу туралы талаптар;
      3) сақтанушының осы Заңның 12-бабының 10-тармағында көрсетiлгеннен басқа шығыстары мен залалдары жатпайды.
      2. Егер авариялар мыналардың салдарынан болған жағдайда:
      1) сақтаушының немесе пайда алушының арам ниетi;
      2) әскери iс-қимылдар, сондай-ақ маневрлер немесе өзге де әскери iс-шаралар, қарулы құралымдардың немесе террористердің iс-қимылдары;
      3) азаматтық соғыс, халықтың түрлi толқуы немесе ереуiлдер;
      4) қарсы тұруға болмайтын күштер: дүлей зiлзалалар, табиғи сипаттағы табиғи құбылыстар;
      5) басқа тұлғалардың заңға қайшы iс-қимылдары, осындай iс-қимылдардың салдарынан қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiге сақтанушы иелiк етуден айрылған жағдайда сақтандырушы сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру мiндетiнен босатылады.
      3. Сақтандырушыны сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырудан босату үшiн мыналар:
      1) сақтандырушының сақтандыру объектiсi, сақтандыру қаупi, сақтандыру жағдайы және оның зардаптары туралы сақтанушыға бiле тұра жалған мәлiметтердi хабарлауы;
      2) сақтандыру жағдайының шығынын азайту жөнiнде сақтандырушының қасақана шара қабылдамауы;
      3) шығынның келуiне кiнәлi тұлғадан сақтанушының тиiстi шығынның өтеуiн алуы;
      4) сақтандырушының сақтандыру жағдайының туындауы кезіндегi жағдайы тексеруде және оларға келтiрiлген шығынның көлемiн белгiлеуге сақтанушының кедергi болуы;
      5) сақтандыру жағдайының туындауы туралы сақтандырушыға хабарламауы;
      6) сақтандыру жағдайының туындағаны үшiн жауапты тұлғадан, сақтандырушының өзiнiң құқығын талап етуден бас тартуы, сондай-ақ талап ету құқығының сақтандырушыға өтуі үшін қажетті құжаттарды сақтандырушыға беруден бас тартуы негiз болуы мүмкiн.
      Егер сақтандыру өтемi төленген болса, сақтандырушы оны толығымен немесе жартылай қайтаруды талап етуге құқылы.
      4. Сақтандырушыны осы бапта көзделген заңсыз жасалған iс-әрекеттерi бойынша сақтанушының алдындағы сақтандыру жауапкершiлiгiнен босату, сақтандырылған адамға немесе пайда алушыға сақтандыру төлемiн төлеудi жүзеге асырудан сақтандырушы бiр мезгілде босатылады.
      5. Мiндеттi сақтандыру шартының шарттарымен сақтандыру төлемiн төлеуден бас тарту үшін басқа да негіздер қарастырылуы мүмкiн, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе.
      6. Сақтандыру төлемiн төлеуден бас тарту туралы сақтандырушы шешiм қабылдайды және сақтанушыға бас тарту себептерiн дәлелдi негiздей отырып, жазбаша нысанда сақтанушыға хабарлайды.
      7. Сақтандыру төлемiн жүргiзуден сақтандырушының бас тартуына сақтанушы сотқа шағымдануы мүмкiн.

      15-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы

      1. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырушы сақтандырушының сақтанушыға төленген сома шегiнде:
      1) сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған немесе оның туындауына мүмкіндiк туғызған сақтанушының қасақана жасаған iс-қимылы;
      2) сақтандыру жағдайына байланысты себептермен қасақана қылмыс жасаған немесе әкiмшiлiк құқық бұзған Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен белгiленген тәртiпте танылған сақтанушының жасаған iс-қимылы;
      3) зиянды азайту жөнiнде қасақана сақтанушының орынды және дұрыс шаралар қабылдамауының нәтижесінде зиян көлемiнің артуы;
      4) сақтандыру объектiсi, сақтандыру қаупi, сақтандыру жағдайы және оның зардаптары туралы сақтанушының сақтандырушыға бiле тұра жалған мәлiметтер беруi;
      5) сақтандыру жағдайының туындауына жауапты тұлғаға сақтанушының өзiнің талап қою құқығынан бас тартуы, сондай-ақ талап қою құқығының өтуi үшiн қажеттi құжаттарды сақтандырушыға беруден бас тартуы жағдайында керi талап қоюға құқығы бар.
      2. Мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өтелген зиян үшiн жауапты тұлғаға сақтаушының қоятын керi талап ету құқығы төленген сома шегiнде сақтандыру өтемiн жүзеге асырған сақтандырушыға ауысады.
      3. Мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру өтемiн жүзеге асырған сақтандырушының қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты oбъектідегi аварияның болуына себеп болған олардың қызметтiк, лауазымдық немесе өзге де еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде қасақана жасаған iс-қимылдарын қоспаған жағдайда қате және (немесе) дұрыс iс-әрекет жасамаған сақтанушы қызметкерлерiне, керi талап қою (керi кету) құқығы жоқ.

6-тарау. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      16-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi

      1. Сақтанушы:
      1) сақтандырушыдан мiндеттi сақтандырудың шарттарын, мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсіндiрудi талап етуге;
      2) сақтандыру құжаты жоғалған жағдайда оның көшiрмесiн алуға;
      3) келген зиянның мөлшерiн бағалау нәтижелерiмен және сақтандырушы немесе тәуелсiз сарапшы жүргiзген сақтандыру төлемдерi мөлшерiнiң есептеулерімен танысуға;
      4) мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға;
      5) сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерiн азайту туралы сақтандырушының шешiмiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiлеген тәртiпте қарсы болуға;
      6) мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде осы Заңның 9-бабы 3-тармағының талаптарын орындағанда сақтандыру сыйлығынан жеңілдiк берілуiн талап етуге және алуға;
      7) егер қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiнiң iшiндегi немесе сыртындағы жағдайдың өзгеруi сақтандыру қатерiн төмендетуге әкеп соқса (сақтандыру жағдайының немесе ол басталысымен зиян мөлшерiнің болу мүмкiндiгінің ықтималдылығы), онда жасаған мiндеттi сақтандыру шартын қайта қарауды талап етуге құқылы.
      2. Сақтанушы:
      1) белгiленген сақтандыру сыйлығын дер кезiнде және толық көлемде төлеуге;
      2) мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде осы қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiге қатысты бұрын жасалған немесе жасалатын барлық мiндеттi немесе ерiктi азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттары туралы сақтандырушыға хабарлауға;
      3) мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы кезеңiнде қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiнiң iшiндегi және одан тыс жердегi өзгерген жағдайлар туралы, егер бұл өзгерiстер сақтандыру қатерiнiң елеулi артуына әсерiн тигiзсе, сақтандырушыға, олардың құзыретi шегінде уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға дереу хабарлауға;
      4) сақтандыру қатерiн (сақтандыру жағдайының туындау ықтималдығын және одан келетiн залалдың мөлшерiн) едәуiр арттыруы мүмкiн дайындалып жатқан сақтандырылған қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiнi жаңғырту немесе қайта салалау туралы сақтандырушыны және мемлекеттiк уәкілетті органдарды ескертуге;
      5) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiдегi аварияның алдын алу, олардың салдарынан келген азайту жөніндегі қажеттi және мүмкін шаралар қабылдауға;
      6) 3 күндiк мерзiм iшiнде сақтандырушыға және мемлекеттiк уәкілетті органдарға қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектіде болған кез келген оқиғалар, қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектідегi авариялар туралы, сондай-ақ олардың үшiншi тұлғаларға зиянды өтеу туралы сақтандырушыға талап-арыз қоюға әкелуi мүмкін кез келген зардаптары туралы, зиянды өтеу туралы барлық талаптар мен талап-арыздар туралы сақтандырушыға өз құзыретi шегiнде хабарлауға, жай-күйдi және төтенше жағдайдың себебiн сипаттайтын барлық құжаттарды ұсынуға;
      7) авариялар туындаған кезде болуы ықтимал шығынды азайту үшін қалыптасқан жағдайларда қолайлы және дұрыс шаралар қабылдау. Мұндай шаралар қабылдай отырып, сақтанушы сақтандырушының нұсқауларын орындауы тиiс, егер олар сақтанушыға хабарланған болса;
      8) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiсінде авариялардың және өзге де жағдайлардың туындау себептерiне өз бетiнше тергеу жүргiзу мүмкiндiгiмен сақтандырушы өкілін қамтамасыз етуге;
      9) сақтандырушы өкiлi қарағанға дейiн сақталуын (егер бұл қауiпсiздiк мүддесiне немесе зиянды азайтуға қайшы келмесе) қамтамасыз етудiң әр түрлi шараларын қабылдауға;
      10) сақтандырушыға барлық қажеттi ақпаратты хабарлауға (қажет болса, жазбаша түрiнде), сондай-ақ оған сақтандыру жағдайының жайын анықтау үшін қажеттi қолда бар құжаттарды ұсынуға;
      11) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектіде орын алған авариялардың салдарынан үшiншi тұлғалардың өмiріне, денсаулығына, мүлкіне немесе өзге де мүлiктік мүдделерiне келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiнің сот шешiмiмен белгiленген фактiсi туралы сақтандырушыға 3 күн мерзiм iшiнде хабарлауға;
      12) зардап шеккен үшiншi тұлғалар ұсынған талаптарды реттеу жөніндегі қандай да болмасын мiндеттемелердi өзiне сақтандырушының алдын ала келiсiмiнсiз қабылдамауға;
      13) сақтандырушыға барлық құжаттар мен айғақтамаларды беруге және оған көшкен керi талап ету құқығын сақтандырушының жүзеге асыруы үшiн қажеттi барлық мәлiметтердi оған хабарлауға мiндеттi.
      Мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.

      17-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi
      1. Сақтандырушы:
      1) мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде сақтанушыдан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен көзделген мәлiметтерден басқа, осы Заңға сәйкес мiндеттi сақтандыру шартына енгiзу үшiн қажет мәлiметтердi, соның iшіндe бұрынғы мiндеттi және ерiктi сақтандыру шарттары, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдерi туралы хабарламаларды талап етуге;
      2) тиiстi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан олардың құзыреттерiне қарай сақтандыру жағдайының туындау фактiсi мен зиян шегушiге келген шығынның мөлшерiн растайтын құжаттар сұратуға;
      3) үшiншi тұлғаның бүлiнген мүлкiн және зақымдану аймағын байқауға қатысуға және байқау актiлерiне қол қоюға;
      4) егер қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiнің ішіндегі немесе сыртындағы жағдайдың өзгеруi сақтандыру қатерiн төмендетуге әкеп соқса (сақтандыру жағдайының немесе ол басталысымен зиян мөлшерiнің болу мүмкiндiгінің ықтималдылығы), онда жасалған мiндеттi сақтандыру шартын қайта қарауды талап етуге;
      5) келген зиянды өтеуге байланысты қатынастарда сақтанушының атынан және тапсырмасы бойынша әрекет етуге;
      6) сақтандырушының (сақтандырылған адамның) тапсырмасы бойынша сот және төрелiк етушi органдарда оның атынан iс жүргiзудi өзiне қабылдауға, сондай-ақ оның атынан үшiншi тұлғалар қоятын талап-арыздарға қатысты шағымдар жасауға. Алайда, сақтандырушының бұл iс-қимылдары сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру бойынша өз міндеттерiн мойнына алу деп бағаланбауы керек;
      7) зиян келтiргенi үшiн жауапты тұлғаға керi талап қоюға құқылы.
      2. Сақтандырушы:
      1) сақтанушыны (сақтандырылған адамды) міндетті сақтандырудың шарттарымен таныстыруға, мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге;
      2) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiлер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру ережесiн қосып, сақтанушыға (сақтандырылған адамға) белгiленген мерзімде сақтандыру полисiн беруге;
      3) сақтандыру жағдайы кезiнде сақтандыру төлемiн белгіленген мерзiмде жүзеге асыруға;
      4) сақтандыру төлемiн төлеуден бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда сақтанушыға жазбаша нысанда бас тартудың дәлелдi негiздемесiн жiберуге құқылы.
      Мiндеттi сақтандыру шартымен сақтандырушының басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
      3. Сақтанушы мен сақтандырушы осы бөлiмде қарастырылған мiндеттердi орындамағанда олар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң ережелерiне сәйкес жауаптылықта болады.

7-тарау. Мiндеттi сақтандыру
жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету

      18-бап. Мемлекеттiк бақылау

      1. Осы Заң талаптарының сақталуын бақылауды төтенше жағдайлар жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттiк орган және өзге де мемлекеттік органдар өз құзыретi және осы Заңның талаптары шегінде жүзеге асырады.
      2. Сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау жөніндегі уәкілеттi мемлекеттік орган осы Заң талаптарының сақталуын бақылауды өз өкiлеттiгінің шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес жүзеге асырады.
      3. Төтенше жағдайлар жөніндегі уәкiлеттi орган өздерiнің функциялары мен өкiлеттіктерi шегiнде:
      1) қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi сақтандыру қатерiн бағалау әдiстемесiн әзiрлейдi;
      2) өндiрiстiк объектілердi қауіптiге жатқызудың бiрдейлендiру өлшемдерiн өзгерту және мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының ең төменгi мөлшерін және ең төменгi сақтандыру тарифiн өзгерту жөнiнде ұсыныс бередi;
      3) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiлердің иелерiнен осы Заңға сәйкес олармен жасалған міндеттi сақтандыру шарты туралы ақпарат алуға құқылы;
      4) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiлер және жасасқан мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша мәлiметтер банкiн ұйымдастырады және жүргiзедi және осы Заң талаптарын орындау мониторингiнің жүйесiн ұйымдастырады;
      5) егер оған қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiнi пайдалануға байланысты сақтандыру жағдайының болу ықтималдығын немесе ол туындаған кезде болуы мүмкiн зиян мөлшерiн арттыруға әкеп соғуы мүмкiн жағдайлардың өзгеруi туралы белгiлi болған жағдайда, сақтанушы мен сақтандырушыға бұрын жасалған мiндеттi сақтандыру шартын қайта қарауды ұсынуға құқығы бар;
      6) осы Заңның талаптарын бұза отырып жасалған мiндеттi сақтандыру шартын жарамсыз деп тану туралы ұсыныстар енгiзуге құқығы бар;
      7) нәтижесiнде объект бiрдейлендiрiлген қауіптілік белгiлерiне жауап беретiн өндiрiстік объектiні жаңғырту және қайта салалау жүргiзгеннен кейiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуды талап етуге құқығы бар.

      19-бап. Осы Заңның талаптарын орындамағаны үшін
               жауапкершiлiк
      Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объект иелерiнің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласындағы заңнаманы бұзған кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жауаптылықта болады.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады