"Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 979 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

      2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi жоғары бiлiмдi мамандарды даярлау және қайта даярлау болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
      1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтудi және әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, "Абай атындағы Алматы университетi" ашық акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - Қоғам) тарату және оның мүлкiн Кәсiпорынға беру жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын;
      3) таратылатын Қоғамның бiлiм алушыларына оқу жылын аяқтау үшiн шаралар қабылдасын;
      4) осы қаулыны iске асыру жөнiнде басқа да шаралар қабылдасын.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2003 жылғы 26 қыркүйектегі 
N 979 қаулысымен     
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
шешімдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Алматы қаласы" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 123-52-жол алынып тасталсын.

      3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына :
      көрсетiлген қаулыға қоса берiлiп отырған Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 222-16-жол алынып тасталсын.

      4. <*>
       Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111  қаулысымен .

      5. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк жоғары оқу орындарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 6 шілдедегi N 1021  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 28, 339-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк жоғары оқу орындарының тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 32-2-жолмен толықтырылсын:
      "32-2. "Абай атындағы қазақ
      ұлттық педагогикалық университетi"
      республикалық мемлекеттiк кәсіпорны            Алматы қаласы".

      6. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Абай атындағы мемлекеттiк университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 9 тамыздағы N 1043  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 29, 370-құжат):
      2-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады