"Қазақстан-Британ техникалық университетi" жабық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiн "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталына беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 987 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiктерiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) "Қазақстан-Британ техникалық университетi" жабық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталына берудi қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Алматы қаласы" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 123-50-жол алынып тасталсын;
      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
      Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 222-15-жол алынып тасталсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады