Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 наурыздағы N 296 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 14, 143-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
2-тармақта:
"5" деген сан "15" деген сандармен ауыстырылсын;
3-тармақта:
"10" деген сандар "25" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламада:
7-бөлiмде:
реттiк нөмiрi 1.1.1-жолдың "Iске асыру (орындау) мерзiмi" деген бағанындағы "ІІІ тоқсан 2003 ж." деген сөздер "IV тоқсан 2004 ж." деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 2.2.1-жолдың "Орындауға жауаптылар" деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"EХҚМ, ЭБЖМ, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі