Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Астана қаласы әкiмiнiң Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының "Қараөткел" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының теңгерiмiндегi Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi 8, мекен-жайында орналасқан "Есiл" қонақ үйi ғимаратын республикалық меншiктен Астана қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы ұсынысы қабыл алынсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Астана қаласының әкiмдiгiмен бiрлесiп заңнамада белгіленген тәртiппен "Есiл" қонақ үйi ғимаратын қабылдау-беру бойынша қажеттi ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі