"Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 қазандағы N 1010 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзілсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Ішкі су көлігі туралы

      Осы Заң мемлекеттiк органдар мен заңды және жеке тұлғалардың арасында iшкi су көлiгiмен кеме қатынасы, жолаушыларды, багажды және жүк тасымалдауды жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастарды реттейдi, сондай-ақ олардың құқығын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгін айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) өзен портының айдыны - айлақтарда кемелердің жүрiп-тұруы және кемелер мен составтардың жүк өңдеудi күтетiн немесе рейске аттанатын рейдтер құрылысы үшiн пайдаланылатын, сондай-ақ қажеттi операциялар орындалатын су айдынының шектеулі учаскесi;
      2) жағалау белдеуi - судың жағалауынан бастап, өзеннің, табиғи су қоймасының жағалауының түкпiрiне, қолдан жасалған су қоймалары суының жобалық деңгейiне дейiн енi 20 метр ендiктегi жер белдеуi;
      3) Қазақстан Республикасының ішкі су жолдары (бұдан әрi - iшкi су жолдары) - навигациялық белгiлермен немесе өзге де тәсiлдермен белгiленген және кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын табиғи немесе қолдан жасалған қатынас жолдары;
      4) Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi (бұдан әрi - ішкi су көлiгi) - Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген және қарамағына Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарында кеме қатынасы мен кеме қатынасына байланысты өзге де қызметтi жүзеге асыратын көлiк түрлерiнің бiрi;
      5) дебаркадер - швартовкаға және жолаушылар немесе жүк кемелерiне қызмет көрсетуге арналған жүзбелi айлақ (өздiгінен жүрмейтiн тұрған, кеме);
      6) диспаша - кеме иелерi мен жүк иелерi арасында кеменің, жүктің және фрахтың бағасын барабар бөлiнетiн ортақ апат бойынша шығындардың есебiнен тұратын құжат;
      7) диспашерлер - iшкi су көлiгi саласындағы бiлiмi мен тәжiрибесi бар адамдар;
      8) лоцман - кеменi арқандап байлау орнына қауіпсiз алып жүру, зәкiрге қою және кемелердi портта қайта орналастыру саласындағы белгiлi бiр бiлiм мен дағдыға ие маман;
      9) кемелердi лоцмандық алып жүру - лоцман жүзеге асыратын кемелердi алып жүру;
      10) лоцмандық қызмет - лоцманның (лоцмандардың) қызметi;
      11) навигация - өзеннің мұздан бос және кеме қатынасы жүзеге асырылатын кезең;
      12) жүкқұжат - тiкелей аралас темiржол-су және тiкелей су қатынастарында жүк тасымалдау кезiнде қолданылатын көлiктiк құжат;
      13) қауіптi жүктер - бұл олардың қасиеттерi мен ерекшелiктерiне қарай тасымалдау, қайта тиеу және тасымалдау кезінде адамдар өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiп туғызатын, қоршаған ортаға зиян келтiретін, материалдық құндылықтардың зақымдануына немесе жойылуына әкелетiн жүктер;
      14) жолаушы - тасымалдаушымен шарттық қатынастарда тұрған және оның жол жүруiн, не келiсiм бойынша жүк тасымалдауды жүзеге асыруын, тасымалдаушының келiсiмiмен автокөлiк құралдарына, жануарларға немесе басқа да жүктерге iлесiп жүруiн куәландыратын билетте немесе өзге де құжатта көрсетілген тұлға;
      15) теңiзшi паспорты - шетелдiк жүзудегi қазақстандық немесе шетелдiк кемелерде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы азаматтарының тұлғасын куәландыратын құжат;
      16) тасымалдаушы - тасымал құжаттарында көрсетiлген жолаушыларды, теңдеме жүктерi мен жүктердi тасымалдау кезiнде қызмет көрсетудi ұсынатын және кеменi меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздермен иеленушi тұлға;
      17) уәкiлеттi органның кәсіпорны - ішкі су көлiгiнiң мемлекеттiк кәсiпорны, оның негiзгi міндетi қызмет көрсететiн шекаралар шегiнде кемелердің қауіпсiз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында кеме жүзетiн су жолдарын тиiстi ұстау мен дамыту үшiн өндірiстiк қызметтi жүзеге асыру болып табылады.
      18) айлақ - кемелердiң қауiпсiз кiруiне арналған құрылғысы бар және кемелердiң қауiпсiз аялдауына, оларға жүк тиеуге, жүк түсiруге және қызмет көрсетуге, сондай-ақ жолаушыларды кемеге отырғызуға және кемеден түсiруге арналған гидротехникалық құрылыс;
      19) тұру пунктi (шығанақ) - жылдың жазғы және қысқы мерзiмiнде жөндеу, тұру, кемелердi және өзге де жүзбелi объектілердi техникалық тексеру мақсатында абаттандырылған және жабдықталған жер учаскесi және үстіңгi су объектілерiнiң айдыны;
      20) жол жұмыстары - ішкi су жолдарының су түбiн тереңдету түзеп-жөндеу, тральдық, су түбiн тазарту, iздеттiру және навигациялық құрал-жабдықтардың құрылғылары мен құралдарын күтiп ұстау жөніндегі басқа да жұмыстар;
      21) кеме қатынасының тiркелiмi - жiктеу және iшкi және аралас (өзен-теңiз) жүзудiң техникалық қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк мекемесi;
      22) рейдтер - кемелердің зәкiр салып тұруына, маневр жасауына немесе жүктердi қайта тиеуiне арналған кеме жүрiсi шегiнен тыс порт акваториясының бөлiгi;
      23) рейс - белгiлi бiр уақыт аралығында географиялық пункттер немесе аудандар арасында жүктердi немесе жолаушыларды тасымалдаудың көлiктiк процесi;
      24) өзен порты - (бұдан әрі - порт) жер учаскесiнде орналасқан құрылыстар кешенi және жолаушылар мен кемелерге қызмет көрсету, жүктердi тиеу, түсiру, қабылдау, сақтау және беру, көлiктің басқа да түрлерiмен өзара iс-қимыл жасау мақсатында абаттандырылған және жабдықталған iшкi су жолдары акваториялары;
      25) Жүзуге жарамдығы туралы куәлiк - кеме қатынасы Тiркелiмiнің Ережесiне сәйкес берілетiн кеме қатынасы Тiркелімнің негiзгi құжаттарының бiрi.
      26) кеме иесi - тiркеу ережесiне сәйкес кеменің меншiк иесi ретiнде тiркелген тұлға;
      27) кеме - кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын өз-өздiгiнен жүретiн немесе өздiгiнен жүрмейтiн жүзбелi құрылыс, соның ішінде аралас (өзен-теңiз) жүзу кемесi, паром, су түбiн тереңдетушi және су түбiн тазартушы снарядтар, жүзбелi кран және басқа осыған ұқсас техникалық құрылыстар;
      28) аралас (өзен-теңiз) жүзу кемесi - техникалық сипаты бойынша теңiз және iшкi су жолдарында кеме қатынасы мақсатындағы жарамды әрi белгiленген тәртiппен пайдалануға жiберiлген кеме;
      29) кеменi иеленушi - кеменің иесi болып табылатындығына немесе оны өзге заңды негiзде пайдаланылуына қарамай кеменi өз атынан пайдаланылатын тұлға;
      30) кеме жүргiзу - iшкi су жолдары бойынша жүзудi жүзеге асыратын кеменi басқаруға байланысты қызмет;
      31) кеме жолы - iшкi су жолдарының айдынында оның бағыты мен белгiлi бiр көлемдегi кемелердiң белгiлi бiр шекте кедергiсiз жүзу шекарасын көрсететiн навигациялық жағдайдың белгiлерi орналастырылған су белдеуi;
      32) кеме қатынасы шлюзi - кеменi судың бiр деңгейiнен екiншi деңгейiне көтеруге немесе түсiруге арналған гидротехникалық құрылыс;
      33) кеме қатынасы - iшкi су жолдарында жүктердi, жолаушыларды және олардың қолжүктерiн, почта жөнелтілімдерiн тасымалдауға, кемелер мен өзге де жүзбелi объектілердi жетекке алуға, пайдалы қазбаларды барлау мен өндiруге, балық өндiру және өзге де кәсіпшілігіне, құрылыс, жол, гидротехникалық, су асты-техникалық және басқа осы сияқты жұмыстарды жүргiзуге, лоцмандық әрi мұзжарғыштық алып жүру, құтқару операциялары, су объектiлерiн қорғау, оларды ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруға, суға батқан мүлiктi көтеруге, санитарлық және бақылауға, оқу, спорт, мәдени және өзге де мақсаттарда, ғылыми зерттеулер жүргiзуге арналған кемелердi пайдалануға байланысты қызмет;
      34) уәкілеттi органның аумақтық бөлiмшесi - Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келiсiм мен шарттардың, сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы заңдарды және осы заңның талаптарын сақтау үшін, тиiстi бақылауды, сондай-ақ кеме жүзетiн су жолдарының жай-күйiне, техникалық пайдалану ережелерiне, кемелердегi қызмет жарғыларына және кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да нұсқамалар мен нұсқауларға қадағалауды жүзеге асыратын инспекциялаушы орган;
      35) уәкiлеттi орган - iшкi су көлiгi саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, Қазақстан Республикасы iшкi су көлiгi қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органы.

      2-бап. Осы Заңның қолданыс аясы

      1. Осы Заң:
      Қазақстан Республикасы ішкі су жолдарына және онда орналасқан кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарына;
      Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарында орналасқан порттарға;
      Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарында пайдаланылатын кемелер мен өзге де жүзбелi объектiлерге қолданылады.
      2. Осы Заңның ережесi, онда тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әскери-теңiз күштерi жалауын қадап жүзушi кемелер мен Шекара қызметінің бөлiмдерiне қолданылмайды.
      3. Кемелердің жүзуi мен кеме қатынасының қауiпсiздiгiн, соның iшiнде құтқару операцияларын жүргiзудi қамтамасыз етудiң Қазақстан Республикасы iшкi су жолдары учаскелерiндегi навигациялық-гидрогеографиялық жағдайлары теңiздегi сауда талаптарына сәйкес келетiн жағдайда, сауда мақсатында теңiзде жүзу шарттары бойынша кеме қатынасының қауiпсiздiгiнен туындаған қатынастар - сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы заңдармен, ал тасымал шартынан туындаған қатынастар осы Заңмен реттеледi.

      3-бап. Iшкi су көлігі туралы Қазақстан Республикасының
              заңнамасы

      1. Iшкi су көлiгi туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасы Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгеннен өзге ереже белгiленген болса, онда халықаралық шарт нормалары қолданылады.

      4-бап. Iшкi су көлiгiндегі мемлекеттiк басқару

      1. Iшкi су көлiгiндегi мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметi мен уәкiлеттiк орган жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің iшкi су көлiгi саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
      1) iшкi су көлiгi саласында мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
      2) iшкi су жолдарын дамытудың бағдарламаларын бекiту;
      3) iшкi су көлігі саласындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      4) Қазақстан Республикасы аумағы бойынша транзиттiк жолаушылар қатынасына тыйым салу туралы шешімдер қабылдау;
      5) Қазақстан Республикасы аумағына қолжүгi мен жүктi алып кiруге, (аумағынан) алып шығуға, алып өтуге тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;
      6) кеме экипажы мүшелерiн дипломдау тәртiбiн айқындау;
      7) кемелердi мемлекеттiк тiркеу ережесiн және оларға құқықты бекiту;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер.
      3. Iшкi су көлiгi саласындағы уәкілеттi органның құзыретiне мыналар жатады:
      1) кемелердің және өзге де жүзбелi объектiлердің айлаққа келуi, байланып қойылуы және тұрағына арналған уақытша бейілді құрылғылар мен қалқығыш құрылыстарды салудың, жүктерді тиеудің, түсірудің және сақтаудың, жолаушыларды кемеге отырғызудың және түсiрудің тәртібiн анықтау;
      2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеме тiзiмiне немесе кеме кiтабына мемлекеттiк тiркелуге жататын кеменің командалық құрамындағы адамдарды дипломдау, сондай-ақ теңiзшi паспортын беру;
      3) кеме қозғалысын диспетчерлiк реттеу;
      4) iшкi су жолдарында лоцмандық қызмет пен өзге де қызмет арқылы iшкi су көлiгінде жүзу ережесінің сақталуын бақылау;
      5) кеме қатынасы қауіпсiздiгiн, жеке және заңды тұлғалардың iшкi су жолдарының жұмыс iстеу тәртiбiн анықтайтын заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi сақтауын бақылауды қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
      6) ішкі су көлiгi жолдарында кемелер пайдаланатын байланыс саласындағы ереженi, нормалар мен стандарттардың орындалуын бақылау;
      7) кемелердi тiркеу мен жіктеу;
      8) кемелердi техникалық қадағалауды жүзеге асыру;
      9) кемелердi, порттарды, жағалау объектiлерiн, кеме қатынасының гидроқұрылыстарын техникалық куәлiктендіру жүргiзудi қамтамасыз ету;
      10) iшкi су көлiгi жолдарын кеме қатынасы жай-күйiне келтiрудi қамтамасыз ету және шлюздерді күтiп ұстау;
      11) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын қадап жүзу құқығын беру және кеменiң шет ел мемлекетінің жалауын қадап жүзуiне уақытша ауысуы туралы шешiм қабылдау;
      12) кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлерге аттестация жүргiзу;
      13) iшкi су жолдары саласында туындайтын қатынастарды реттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесімдер жобасын әзiрлеу;
      14) жолаушыларды, багаж бен жүктердi тасымалдау тәртiбiн белгiлеу;
      15) өзен (құйылыс) порты капитаны туралы ереженi бекiту;
      16) өз құзыретi шегiнде iшкi су көлiгi саласындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу және халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру.

      5-бап. Лицензиялау

      Iшкi су көлiгiндегi жекелеген қызмет түрлерi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес берiлген лицензия негiзінде жүзеге асырылады.

      6-бап. Тарифтер (тасымалдау ақысы)

      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тасымалдаушының қызмет көрсетуiне баға, соның iшiнде тариф (тасымалдау ақысы) тасымалдаушының тиiмдi жұмыс істеуi үшiн қажеттi кіріс деңгейiн қамтамасыз етуге тиiс.

2-тарау. Ішкі су жолдары

      7-бап. Жалпы ережелер

      1. Iшкi су жолдары және онда орналасқан кеме қатынасы үшiн пайдаланылатын кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстары мемлекет меншiгiне жатады.
      Кеме қатынасы үшiн ашық iшкi су жолдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтеді.
      2. Қазақстан Республикасының шекаралық аймақ учаскелерiн қоспағанда, кемелердің ішкі су жолдарымен жүзу жағдайын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз етудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      3. Кемелердің шекаралық аймақ учаскелерiндегi iшкi су жолдарымен жүзу жағдайын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен реттеледi.

      8-бап. Iшкi су жолдарын күтіп ұстау

      1. Жол жұмысын, соның iшiнде мемлекет меншiгiндегi порттағы рейдтi құру мен күтiп ұстау және осы порттың айлағына келу жөніндегі жұмысты жүргiзу, сондай-ақ кеме қатынасы гидротехникалық құрылыстарын күтiп ұстау әрi ішкі су жолдары ұйымдарының технологиялық байланысын ұйымдастыруды уәкiлеттi органның кәсіпорны жүзеге асырады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген портқа келудегi, сондай-ақ тұрақ пунктіндегi жол жұмысын жүргiзудi олардың иелерi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша жүзеге асыруға мiндеттi.
      3. Iшкi су жолдарын және ондағы кеме қатынасы гидротехникалық құрылыстарын күтiп ұстау жөніндегі жұмыс жол жұмысын жүргiзуге арнайы рұқсатсыз жүзеге асырылады.

      9-бап. Iшкi су жолдарындағы құрылғылардың
              құрылысы мен оны пайдалану

      1. Iшкі су жолдарында тұрғызылған жасанды құрылыстардың (көпiрлердiң, платиналардың, айлақ құрылыстарының, арналардың, гидроэнергетика құрылғыларының, су бетіндегi және су астындағы өту жолдарының, байланыс желiлерi мен электр бергiштерiнің, құбырлардың, су жинағыштардың және басқа қандай да гидротехникалық құрылыстардың) құрылысы мен пайдаланылуы және оларды пайдалануға байланысты жүргiзілетiн жұмыстар, руда емес құрылыс материалдарын өндiру көлiктегi уәкiлеттi органның келiсiмiмен жүзеге асырылады.
      2. Iшкi су жолдарындағы құрылыстардың, соның ішінде салынып жатқан құрылыстардың иеленушілерi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша өз есебiнен навигациялық шырақтар мен белгiлер, соның iшінде жүзбелiлерін, басқа да құрал-жабдықтарды орнатуға және мемлекеттік стандарттар талабына сәйкес кеме қатынасының қауiпсiздiгi мақсатында олардың iс-қимылын қамтамасыз етуге міндеттi.
      3. Көпiрлердің және пайдаланып отырылған, сондай-ақ iшкi су жолдарында тұрғызылып жатқан басқа қандай да бiр гидротехникалық құрылыстардың иеленушілерi уәкiлеттiк органның келiсiмi бойынша кемелер мен басқа да жүзбелi құралдардың кедергiсiз әрi қауiпсiз өткiзілуiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ өз есебiнен олардың келуiне қажетті су түбін тереңдету және су түбiн тазалау жұмысын жүргiзуге, кемелердің қауiпсiз жүрiп өту үшiн қажеттi жайластыру мен бейімдеуді дайындап шығаруға, құруға және күтiп ұстауға, көтерiлетiн көпiр қанаттарын ашуға және көтеруге міндеттi.
      4. Гидроэлектрстанциялардың және iшкi су жолдарындағы кідіріссіз және қауiпсiз кеме қатынасы үшiн қажеттi мұндай құрылыстардың жоғары және төмен учаскелеріндегi су деңгейiн реттеушi су қысымымен жұмыс iстейтiн басқа да гидротехникалық құрылыстарды иеленушiлер уәкілетті органмен келiсiлген су деңгейiн қолдауға міндеттi.
      5. Iшкi су жолдарындағы су деңгейiн реттеуші құрылыстарды пайдалану уәкілеттi органның келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
      6. Кеме қатынасы үшiн пайдаланылатын өзендердегi және бiрнеше мемлекеттің аумағынан өтетiн өзендердегi кепілдендірілген тереңдік Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негiзiнде белгiленедi.

      10-бап. Iшкi су жолдарындағы акваторияларды, жағалау
               белдеулерiн және жер учаскелерiн пайдалану

      1. Қалалық елдi мекендер аумағынан тысқары орналасқан iшкі су жолдары шегінде кеме қатынасына байланысты жұмыстар үшін тұрақты жерпайдалануға өзінің түпкiліктi жағалауынан бастап, жағалаудың түкпiрiне және қолдан жасалған iшкi су жолдарындағы жобалық су деңгейiне дейiн енi 20 метр жер белдеуi берiледi. Табиғи суайдында (көл) жағалау белдеуi жағалау түпкiрi жағалау шетiнен бастап белгiленеді.
      Жағалау белдеуiн пайдаланудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      2. Уәкілеттi орган кәсiпорнының:
      1) кеме қатынасын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу және осы мақсатта құрылыстар мен үй-жайлар тұрғызу үшін жағалау белдеуін пайдалануға;
      2) iшкi су жолдарының жағалау белдеуiне навигациялық құрал-жабдықтардың жағалау құралдарын орнатуға;
      3) кеме қатынасының қауіпсiздiгiн, оның iшiнде навигациялық құрал-жабдықтарының жағалау құралдарының көрiнiп тұруын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ өзен салалары учаскелерін суретке түсiру кезінде геодезиялық негiздеме үшін жағалау белдеуінде өскен ағаштар мен бұталарды кесудi жүзеге асыруға.
      Навигациялық құрал-жабдықтардың жағалау құралдарын орнату және олардың көрiнiп тұруын қамтамасыз ету үшiн қию жұмыстарын жүргiзу сонымен қатар жағалау белдеуi шегiнен тысқары, Қазақстан Республикасының орман және су заңдарында белгiленген тәртіппен жүргізілуі мүмкін;
      4) осы тармақта көрсетiлген жұмыстарды жүргiзу үшiн жағалау белдеуiнің шегіндегi топырақты, тасты, қиыршық тастарды, ағаштар мен бұталарды қайтарымсыз пайдалануға құқығы бар.
      3. Уәкілеттi органның аумақтық бөлiмшелерінің:
      1) кемелердің және өзге де жүзбелi объектiлердің айлаққа келуi, байланып қойылуы және тұрағына арналған уақытша бейiмдi құрылғылар мен жүзбелi құрылыстар салуға, жүктердi тиеуге, түсiруге және сақтауға, жолаушыларды кемеге отырғызуға және кемеден түсiруге рұқсат беруге;
      2) уақытша құрылыстар салуға және кемелердің алдын ала болжанбаған қыстап қалуы немесе кемелермен көлiк оқиғалары болуы жағдайларында басқа да қажеттi жұмыстарды жүргiзуге рұқсат беруге құқығы бар.
      4. Iшкi су жолдарының жағалау белдеуін уақытша жұмыстар жүргiзу үшiн пайдаланушы тұлғалар ол аяқталғаннан кейiн жағалау белдеуiн тазалауға және оны жайластыруға мiндеттi.
      5. Iшкi су жолдарының жағалау белдеуiне, навигациялықты қоспағанда кеме жүрiсiне қарай бағытталған қандайда бiр тұрақты шырақтар орнатуға тыйым салынады. Уақытша шырақтарды иеленушiлер оларды орнатуды уәкілеттi органмен келiсуге және мұндай шырақтарды кеме жүрiсi жағынан қоршауды қамтамасыз етуге тиiстi.
      6. Егер мұндай қызмет кеме қатынасының қамтамасыз етумен қиыспайтын болса, шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру үшiн жағалау белдеуiн пайдалануға жол берiлмейді.
      7. Жағалау белдеуінде орналастырылатын объектiлер құрылысын жобалау және қайта жөндеу уәкiлеттi органмен міндеттi түрде келiсуге жатады.
      8. Мұндай учаскелер кеме қатынасы үшiн пайдаланылатын жағдайда су учаскелерiн балық аулау қажеттiгi үшiн пайдалануға уәкілеттi органның келiсiм бойынша жол беріледi.
      9. Жағалау белдеуi шегінде орналасқан жер учаскелерiн бөлу және iшкi су жолдары акваториясынан учаскелер бөлу, оларға қандай да бiр құрылыстар тұрғызу уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      10. Кемелердің және басқа да жүзбелi құралдардың тұруына, жөндеуге, құрылысына арналған жағалау белдеуі мен су акваториясына iргелес учаске уәкілеттi орган кәсiпорнының пайдалануында болады.
      11. Қазақстан Республикасы шекаралық аймақтары учаскелерiндегi ішкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің келiсiмiмен жүзеге асырылады.
      12. Акваторияда және iшкi су жолдары шегiндегi жағалау белдеуiнде iшкi су жолдары мен жағалау белдеуiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн және (немесе) оларды пайдалануға қиындық туғызатын қадағалаусыз кемелердi, құрылыстарды қалдыруға тыйым салынады.

      11-бап. Iшкi су жолдарына кереғар iс-әрекеттермен
               келтiрiлген зиянды өтеу

      Навигациялық құрал-жабдықтар құралдарын, кеме қатынасы гидротехникалық құралдарын, кеме қатынастары мен басқа да объектілердi зақымдау немесе жою нәтижесінде заңды және жеке тұлғалардың келтiрген зияны Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес өтелуге жатады.

3-тарау. Кеме

      12-бап. Кемелердi бiрiздендіру құралдары

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзілімінде немесе кеме кiтабында мемлекеттiк тiркеуге жататын әрбiр кеменi өз атауы немесе нөмiрi, сондай-ақ тiзiмге алу пунктi болуға тиiс.
      Кеменің атауын немесе нөмiрін, уәкілеттi орган белгiлеген тәртіппен, оның меншік иесi бередi.
      2. Кеменi мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырушы орган оған бiрiздендiрілген нөмiр береді.
      3. Кеменi мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын орган кемеге шақыру дабылы берiледi. Кеменің техникалық жарақтандыруына қарай оған сонымен қатар спутниктiк байланыстың кеме секциясының бiрiздендiрілген нөмiрi және кеме станциясы iздеп шақыру нөмiрi беріледi.

      13-бап. Кеме құжаттары

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзілімiнде немесе кеме кiтабында тiркелген және iшкi су жолдары бойынша кеме қатынасын жүзеге асырушы кемеде, тiзбесi мен тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайтын, кеме құжаттары болуға тиiс.
      2. Көшiрмесi осындай куәлiк берген орган немесе нотариус куәландыруға тиiс кемеге меншік құқығы туралы куәлiктi қоспағанда, кеме құжаттары кемеде түпнұсқа түрінде болуға тиiс.
      3. Теңiзге шығатын немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өтуге байланысты кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде сонымен қатар Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда және сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы заңдарда көзделген құжаттар болуға тиiс.
      4. Шетел мемлекеттерiнің Қазақстан Республикасының ішкi су қолдарында жүзуші кемелерiнің Қазақстан Республикасы заңдарында және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда белгiленген құжаттары болуға тиiс.
      5. Кеме құжатының нысаны, оны беру мен жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілеттi орган белгілейді.
      6. Шетел мемлекетiнің жалауын қадап жүзушi және Қазақстан Республикасының портына кіруші немесе iшкi су жолдары бойынша жүрiп өтушi кеменi, кеме құжатын тану Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негiзінде жүзеге асырылады.

      14-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын
               көтерiп жүзу құқығы

      1. Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарындағы кемеге тек Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын көтеріп жүзуге ғана жол берiледi. Шетел жалауын қадаған кеменi, соның ішiнде Қазақстанның iшкi су жолдары мен транзиттiк өту мақсаты бойынша кеменiң жүзуi Халықаралық шарттар негiзінде жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын қадап жүзу құқығы:
      1) Қазақстан Республикасының;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген заңды және жеке тұлғаның меншiгіндегi кемеге берiледi.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауын қадап жүзу құқығын пайдаланушы кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын алып жүруге мiндеттi.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын көтерiп жүзу құқығын пайдаланбайтын кемеде осындай жалауды көтергенi үшiн кiнәлi тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген жауапкершілiкте болады.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын көтерiп жүзу құқығы кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне немесе кеме кiтабына мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап туындайды.
      6. Кеменi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлiк бередi.
      7. Кеменi мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырушы орган жалға алынған шетелдiк кемелер тiзілiмінде кеменi мемлекеттiк тiркеу нәтижесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлiк кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешiмде көрсетiлген мерзiмге берiледi.
      8. Меншiкке Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде алынған кемелер Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын қадап жүзу құқығын Қазақстан Республикасының консулдық мекемесi мұндай құқықты куәландыратын уақытша куәлiк берген күннен бастап кеменiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркелгенге дейiн бiр жылдан аспайтын уақытқа пайдаланады.
      9. Кеме иесi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлiк жүзу құқығы туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда кеменi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган меншiк иесiнің өтiнiшi бойынша оған аталған куәліктің дубликатын бередi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын қадап жүзу құқығы туралы куәлiк дубликатын беру тәртiбi кеменi мемлекеттiк тiркеу туралы ережемен белгiленеді.
      10. Кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығарылған күннен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлік жүзу құқығын жоғалтады.
      11. Уәкiлеттi орган шешiмінің негiзiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын көтерiп жүзу құқығы шетел мемлекетiнің кеме тiзілімінде тiркелген, қазақстандық жалға алушы экипажсыз жалға алған (бербоут-чартер) кемеге:
      1) жалға алушы осы баптың 2-тармағына сәйкес кеме иесiне қойылған талаптарға жауап беретін;
      2) кеме иесiнің кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын көтерiп жүзуіне, ауысуына жазбаша нысанда келiсiм берген;
      3) кеме иесi мемлекетiнің заңдары кемеге шетел мемлекетiнің жалауын көтерiп жүзу құқығын беруге тыйым салмайтын жағдайда уақытша берілуi мүмкін.
      12. Осы баптың 11-тармағында көрсетiлген кемеге екі жылдан аспайтын мерзiмге, одан әрi қарай әрбiр екі жыл сайын, бiрақ жалдау шартының қолданыс мерзiмiнен аспайтын уақытқа, ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын қадап жүзу құқығы берілуi мүмкін.
      13. Кеме шетелдiк тұлғаға экипажсыз жалға (бербоут-чартер) берiлген жағдайда, кеме иесi осындай беруге жазбаша нысанда келiсiм берген және кеменi жалға алушының мемлекетiнің заңдары кемеге осындай мемлекеттің жалауын қадап жүзу құқығына жол берген жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын қадап жүзу құқығы уақытша тоқтатылуы мүмкiн.
      Кеменi шетел мемлекетiнің жалауын қадап жүзуге ауыстыру туралы шешiмдi уәкілеттi орган қабылдайды. Кеменің шетел мемлекетінің жалауын қадап жүзуге ауысу мүмкіндiгінің мерзiмi кеменi жалдау шартының қолданыс мерзiмiмен айқындалады.

4-тарау. Кемеге меншік құқығы, кемелерді
және оларға құқықты мемлекеттік тіркеу

       15-бап. Кемеге меншiк құқығы

      1. Кеме Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының, оның ішінде шетел мемлекеттерiнің, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, азаматтығы жоқ шетелдiктердің меншiгінде бола алады.
      2. Кемеге немесе кеменің бөлiгiне меншiк құқығы осындай құқықты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кітабында мемлекеттiк тiркеу сәтiнен бастап туындайды және уәкiлеттi орган немесе аумақтық бөлiмше берген куәлiкпен расталады.
      Кемеге меншiк құқығы туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда кеменi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган кеме иесінің өтiнiшi бойынша оған көрсетiлген құжаттың көшiрмесiн беруi мүмкiн. Кемеге меншiк құқығы туралы куәлiктің көшiрмесiн беру тәртiбi кемелердi және оларға құқықты мемлекеттiк тiркеу ережелерiмен белгiленедi.
      3. Жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы кил салу немесе сарапшының қорытындысымен расталған тең құрылыс жұмыстарын жүргiзу жағдайында жасалып жатқан кемелер тiзілімінде тiркелуi мүмкiн. Жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын тiркеу кезінде тиiстi куәлік беріледi.
      4. Кеме иесiнің, егер шартта басқаша көзделмесе, оны кеменi сенiмдi басқару шарты бойынша сенімдi басқарушыға кеме иесінің мүддесi үшiн сыйақыға кеменi басқаруды жүзеге асыру үшiн беруге құқылы.
      Кеменi сенімдi басқаруға беру оған меншiк құқығының сенімдi басқарушыға өтуiн білдiрмейдi.
      5. Кеменi сенiмдi басқаруға беру Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кеме тiзiлiмінде немесе кеме кiтабында міндеттi тiркеуге жатады.
      6. Кемелердi басқару және оларды пайдалану саласында құзыреттi тұлғалар сенiмдi басқарушы болуы мүмкiн.

      16-бап. Кеменi және оған құқықты мемлекеттiк тiркеу

      1. Кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзілімінде немесе кеме кiтабында мемлекеттік тiркеуге жатады.
      2. Осы Заңның 14-бабының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын қадап жүзу құқығы уақытша берiлген кеме жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлімінде мемлекеттiк тiркелуге жатады.
      3. Кеменi және оған құқықты мемлекеттiк тiркеу дегенiмiз мемлекеттің кемеге құқықтың пайда болуын, шектеуiн, (мәжбүрлеуiн), басқа бiреуге өтуi немесе тоқтатылуын тану және дәлелдеу актісi болып табылады.
      4. Кеменің мемлекеттiк тiркелгенi (қайта тiркелгенi) үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртіп пен мөлшерде алым алынады.
      5. Iшкi жүзудегi бас двигателінің қуаты кемінде 55 киловатт өз-өзiнен жүретiн өзен кемелерiн және сыйымдылығы кемінде 80 тонна өз-өзiнен жүрмейтiн өзен кемелерiн, сондай-ақ кез келген жолаушылар және сұйық тасымалының кемелерiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      6. Уәкiлеттi орган сонымен қатар кеме кiтабына шағын өлшемдi спорттық желкендi және саяхат желкендi кемелердi, мұндай кеменің бас қозғалтқышының бар-жоғына әрi қуатына және сыйымдылығына қарамай, басқа да спорттық кемелердi ондағы жолаушы санына қарамай, соның iшінде бас двигателiнің қуаты кемінде 55 киловатт спорттық және саяхаттық өз-өзінен жүретiн кеменi, сыйымдылығы кемінде 80 тонна киловатт спорттық және саяхаттық өз-өзiнен жүрмейтiн кеменi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады.
      7. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырушы орган, егер:
      1) кеменi мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш тиiстi емес тұлғаға берiлгенде;
      2) кеменi мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынылған құжаттың нысаны мен мазмұны Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмегенде мемлекеттiк тiркеуден бас тартады.
      8. Кеменi мемлекеттiк тiркеуден бас тартқандығы үшiн мүдделi тұлғаның соттық тәртiппен шағымдануы мүмкін.
      9. Егер кемеге меншiк құқығы шетел мемлекетiнің кеме тiзiлiмiне тiркелген болса, онда ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзілiмiне тiркелiне алмайды. Мұндай жағдайда кемеге меншiк құқығын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне тiркеу үшiн меншік иесi кеменің шетелдің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен шығарылғандығы туралы көшiрменi ұсынуға тиiс.
      10. Шетелдің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне тiркелген кеме осындай кемеге осы Заңның 14-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын қадап жүзу құқығын уақытша беру туралы шешім шыққан күннен бастап бiр ай ішінде жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiне мемлекеттiк тiркелуге жатады.

      17-бап. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк
             тiркеудiң негiздерi

      1. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тipкеудің негiздерi:
      1) мемлекеттiк билiк органдарының өз құзыретi шегiнде шығарған актілерi;
      2) кемеге қатысты Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жасалған шарттар мен басқа да мәмiлелер;
      3) мұраға құқық туралы куәлiк;
      4) соттың заңды күшіне енген шешiмi;
      5) кемеге Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген құқық туралы куәлiк болып табылады.
      2. Кеменi мемлекеттiк тiркеу үшiн берiлген құқықты белгілеушi құжаттың заңды күшiн тексерудi кеменi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы орган жүргiзедi.

      18-бап. Кеменi мемлекеттiк тiркеу үшін қажеттi
             құжаттар тiзбесi

      1. Кеменi мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берілуі тиiс:
      1) анкета;
      2) кемеге меншік құқығын растайтын құжат;
      3) жүзуге жарамдығы туралы куәлiк;
      4) өлшеу куәлiктерi (аралас (өзен-теңiз) жүзу кемелерi үшiн);
      5) жіктелiм куәлiгi;
      6) теңiз, өзен және шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу үшiн алымдар сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат;
      7) жолаушылар куәлiгi (жолаушылар кемесi үшін).
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын көтерiп жүзу құқығы уақытша берiлген кеменi мемлекеттiк тiркеу кезінде кеменi мемлекеттiк тiркеу туралы кеменi жалдаушының өтiнiшiне, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) жалға алу шартының нотариалды расталған көшiрмесi;
      2) кеме иесінің және кеменің тiркелген ипотекасының кепiлзат иесiнің жазбаша рұқсаты немесе кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын көтерiп жүзуге көшiруге арналған оған мәжбүрлеу;
      3) жалға алу шарты бойынша кеменi қазақстандық жалдаушының атауы мен заңды мекен-жайын не аты мен тұрған жерiн растайтын құжат;
      4) шетел кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы және осы кеменi атауын белгiлеу туралы уәкілеттік органның шешiмi;
      5) тiкелей жалау ауыстырғанға дейiн кеме тiркелген шетел мемлекетiнің құзыреттi билiк орындары берген және осындай мемлекеттiк жалауын көтерiп жүзу құқығы кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын көтерiп жүзу құқығын берген мерзiмге тоқтатылғанын растайтын құжат.

      19-бап. Кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
              кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығару

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан:
      1) күйреген немесе хабарсыз жоғалған;
      2) құрылысындағы ақау салдарынан күйреуге ұшыраған;
      3) қайта жасау немесе басқа да өзгерiс нәтижесiнде сапасын жоғалтқан кеме;
      4) осы заңның 14-баптың 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкестiгін жоғалта бастаған кеме шығарылуға жатады.
      2. Кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан кеменi шығарып тастау үшiн иеленушi кеменi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға өтiнiш пен мұндай шығару үшiн негiз болып табылатын себептi растайтын құжат беруге тиiс.

      20-бап. Тiркелмеген кеменi пайдаланғаны және кемелерді
               мемлекеттiк тiркеу ережесiн бұзғандығы үшiн
               жауапкершiлiк

      1. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген кеме жүзуге жiберiлмейдi.
      2. Тiркелмеген кеменi пайдаланушы не оны кемелердi тiркеу және есепке алу ережесiн бұза отырып тiркеген тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      21-бап. Кеменi қамауға алу және мәжбүрлеп сату

      Сот қуынымды кеменi қамауға алуға шешiм шығаруды немесе кеменi атқару өндiрiсi тәртiбiмен мәжбүрлеп сатуды қамтамасыз ету туралы айқындама қабылдаған жағдайда, кемелердi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiркелiмiне тиiстi жазба енгiзеді. Кеменiң меншiк иесiн кеменi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы орган қуынымды қамтамасыз ету бойынша кемеге шаралар қолдану немесе қолдануды алып тастау туралы хабардар етуге тиiс.

5-тарау. Iшкі суларда жүзетін кеменің кепілі.
Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасы

      22-бап. Iшкi суларда жүзетiн кеменiң кепілдiгi,
               кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң
               ипотекасы

      Iшкi суларда жүзетiн кеменің кепілдiгi, кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы сауда мақсатымен теңiзде жүзу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.

6-тарау. Кеме экипажы

      23-бап. Кеме экипажының құрамы

      1. Кеме экипажы кеменің командалық құрамы адамдарынан, кеме командасынан, ал жолаушы кемелерiнде - сонымен қатар кеме жолаушыларына қызмет көрсетушi персоналдан тұрады.
      2. Кеменi командалық құрамында кеме капитаны, су түбiн тереңдету немесе су түбiн тазалау жабдықтарының командирi, олардың көмекшілерi, механиктер мен электромеханиктер, механиктер мен электромеханиктердің көмекшiлерi, радиомамандар мен дәрiгерлер кiредi.
      3. Кеме командасы кемеде жұмыс iстейтiн, кеме командасы құрамына кiрмейтiн адамдар мен кеме жолаушыларына қызмет көрсететiн персоналдан тұрады.
      4. Өз-өзiнен жүретiн көлiк кемесi экипажының ең төменгi құрамы белгiлi бiр тектегi кеменi пайдалану талаптарына сәйкес уәкілеттi орган бекiткен, өз-өзiнен жүретiн көлiк кемелерi экипажының ең төменгi құрамы туралы ережемен белгiленедi.
      5. Кеме экипажының құрамына кiретiн адамдар кеме экипажы мүшелерiнің тiзiмiне енгiзiлуге тиiс оны жүргiзу кеме капитанының міндетi болып табылады.

      24-бап. Кеме экипажы мүшелерiне қойылатын талаптар

      1. Кеме экипажы мүшелерiнің лауазымдарына тағайындалуға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен, кеме экипажды мүшелерiн дипломдау туралы ережеде белгiленген тиiстi диплом мен бiлiктiлiк куәлiгiмен расталған тиiстi бiлiктiлiгi бар адамдар жiберiледі.
      2. Кемедегi жұмысқа денсаулығы туралы мұндай жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы бар адамдар жiберiледі.
      3. Кеме экипажы құрамына кiретiн шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеме капитаны, кеме капитанының аға көмекшiсi және радиомаман лауазымына тағайындала алмайды. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кеме экипажының құрамына кiру мүмкiндiгiнің шартын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілеттi орган айқындайды.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өтуге байланысты кеме қатынасын жүзеге асыратын кемедегi жұмысқа Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес ресiмделген теңiзшi паспорты бар адамдар жiберiледi.

      25-бап. Кемедегi еңбек қатынастары

      1. Кеме экипажының мүшелерiн тағайындауды кеменi иеленушi тек кеме капитанының келiсiмiмен ғана жүзеге асырады.
      2. Кеме экипажының мүшесiн жұмысқа алу тәртiбi, оның құқығы мен міндеттерi, еңбек және төлем шарттары, сондай-ақ қызметтен босату тәртiбi мен негiздерi Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен, осы Заңмен және өзге де нормативтiк құқықтық актілермен айқындалады.
      3. Кеменi иеленушi экипажының мүшесiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбектің қауiпсiз жағдайын, денсаулығы мен өмiрiн қорғауды, бақытсыз жағдайлардан сақтандыруды, құтқару құралдарының бар болуын, азық-түлiкпен және сумен толассыз жабдықтауды, тиiстi үй-жайлардың (каютаның, асхананың, санитарлық тораптардың, медициналық пункттердің, демалу үшiн үй-жайлардың) болуын, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудi қамтамасыз етеді.
      4. Кеме экипажының мүшесi ол қызметтік міндеттерін атқару үстінде қаза болған немесе өмiрi мен денсаулығына зиян келген жағдайда, кеме иеленуші кеме экипажының мұндай мүшесiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеуге мiндеттi.
      5. Кеме экипажының кез келген мүшесiнің жеке пайдалануына арналған мүлкiн кемеде алып жүруге құқылы. Кемемен болған оқиға салдарынан мұндай мүлiк жойылған немесе зақымдалған жағдайда кеменi иеленушi кеме экипажы мүшесiне келтiрiлген залалды өтеуге міндеттi.
      Кеме апатына кiнәлi экипаж мүшесiнiң мүлкiне келтiрiлген залал өтелуге жатпайды.

      26-бап. Кеме экипажы мүшесiнiң ол жұмысқа
               қабылданған жерге оралуы

      1. Кеменi иеленушi:
      1) кеме күйреген;
      2) кеме экипажының мүшесi ауырып немесе жарақат алып, кемеден тысқары жерде емделу талап етiлген;
      3) Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес еңбек шарты (келiсiм-шарт) тоқтатылған, соның iшiнде белгiлi бiр мерзiмде жасалған еңбек шартының (келiсiм-шарттың) қолданыс мерзiмi Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде аяқталған;
      4) кеменi иеленушiнiң кеме экипажының мүшесiне қатысты, Қазақстан Республикасының заңдарында немесе еңбек шартында (келiсiм шартта) көзделген өз мiндеттерiн, кеме иеленушiнің дәрменсiздiгi (банкротқа ұшырауы), кеменi сату немесе мемлекеттің кеме тiркеуiн өзгертуi салдарынан, орындау мүмкiндiгi болмаған;
      5) кеме экипажы мүшесінің келiсiмiнсiз әскери iс-қимыл аймағына немесе індеттi қауiптi аймаққа бағыттаған жағдайда, өз есебiнен кеме экипажы мүшесiнің кеме экипажы мүшесiн жұмысқа қабылдаған жерге немесе тараптар келiскен жерге, оның салмағы 30 килограммға дейінгi мүлкiмен оралуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      2. Кеме экипажы мүшесiнің жұмысқа алынған жерге оралуының себебi олардың еңбек шартын (келiсiм-шартты) бұзуы болып табылатын жағдайда кеменi иеленуші бұл экипаж мүшесінен мұндай оралуға байланысты шығыстарды, Қазақстан Республикасы заңдарына және еңбек шартына (келiсiм-шартқа) сәйкес толық немесе iшiнара өндiрiп алуға құқылы.

      27-бап. Кеме капитаны

      1. Кеме капитаны бiлiктілік деңгейi қойылған талаптарға сәйкес тек қана Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.
      Кеме капитанына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, оларды аттестациялау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
      2. Кеме капитанына кеменi басқару, соның iшінде кеме жүргiзу, кеменің қауiпсiз жүзуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану, кемедегi тәртiптi қолдау, қоршаған ортаны қорғау, кемеге, кемедегi адам мен жүкке келтiрiлетiн зиянның алдын алу жүктеледі.
      3. Кеме иесi, жүк жөнелтушi немесе оның заңды өкілдерi болмаған кезде кемеге, жүкке немесе кеме қатынасынан қатысты қажеттi мәмiле жасасу кезінде, сондай-ақ кемедегi мүлiкке қатысты құным берiлген жағдайда, кеме капитаны кеме иесi және жүк жөнелтуi өкiлi болып табылады.
      4. Кеме капитанының пiкiрi бойынша кемеге анық күйреу қаупі төнген жағдайда, кеме капитаны кемедегi жолаушыларды құтқару жөніндегi барлық шараны қолданғаннан кейiн экипаж мүшелерiнің кеменi тастап шығуына рұқсат етедi. Кеме капитаны кемеден ең соңғы болып, кеме журналын машиналық журнал мен радиожурналды, аталған рейстің картасын, навигациялық аспап таспаларын, құжаттар мен құнды заттарды құтқару жөнінде өзiне қатысты шараны қолданғаннан кейiн тастап шығады.
      5. Кеменi иеленушiге капитанның осы баптың 4-тармағында көзделген кеме капитанының міндеттерін бұзғандығы үшін жауапкершiлiк жүктелмейдi.

      28-бап. Кеме капитанының құқығы мен мiндеттерi

      1. Кеме капитаны, егер ол мұны өз кемесiне және ондағы адамдарға айтарлықтай қауiпсiз жасай алса, суда апатқа ұшыраған кез келген адамға көмек көрсетуге мiндетті.
      2. Соқтығысқан кемелерi әрқайсысының капитаны осы кеме соқтығысына қатысқан басқасына, оның жолаушыларына және оның экипаж мүшелерiне көмек көрсетуге міндеттi. Соқтығысқан кемелердің капитандары бiр-бiріне өз кемелерінің атауларын хабарлауға міндеттi.
      3. Кеме капитанының оның құзыретi шегіндегi өкiмiн кемедегi адамдардың барлығы орындауға тиiс.
      4. Кеме капитанының iшкi су көлiгi кемелерiндегi қызмет жарғысында, тәртіп туралы Жарлықта көзделген жағдай мен тәртiпте кеме экипажы мүшелерiн ынталандыруға және тәртіптiк жаза қолдануға, оларды қызметтік мiндеттi атқарудан шеттетуге құқығы бар.
      5. Кеме капитанының Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделгендей, iс-қимылында қылмыстық белгiлер жоқ, бiрақ кеменің немесе ондағы адамдар мен мүлiктердiң қауіпсіздігіне қатер төндiретiн адамды оқшаулауға құқығы бар.
      6. Жүзудегi кемеде Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көрсетiлген қылмыстық белгiлер байқалған жағдайда, кеме капитаны бұл туралы құзыреттi органдарға дереу хабарлап, осындай қылмысты жасауға күдiктi адамды оны жақын маңайдағы порттың немесе жақын маңайдағы елдi мекендегi құзыреттi органға бергенге дейiн ұстауға міндеттi.
      7. Кемеге құқыққа қарсы iс-әрекет жасау мақсатында адамдардың шабуылы жағдайында, кеме капитаны ішкі iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдарының келiсiмi бойынша уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен әрекет етуге міндеттi.
      8. Кемеде бала туудың әрбiр жағдайында немесе кемедегi өлiмнің әрбiр жағдайында капитан екi куәгермен, егер ол кемеде бар болса, дәрiгердің қатысуымен тиiстi акт жасауға, сондай-ақ кеме журналына жазба енгiзуге міндеттi.
      9. Кеме капитаны кеме иеленушіні кемедегі өлiм жағдайы туралы хабардар етуге және өлген адамның мәйiтiн сақтау әрi оны туысқандарына немесе жақын маңайдағы порттағы порттың билiк орындарына беру жөнінде шара қолдануға міндеттi.
      10. Кеме капитаны өлген адамның кемедегi мүлкіне, мұндай мүлiктi жасалған тiзiмге сәйкес өлген адамның туысқандарына немесе жақын маңайдағы порттағы порттың билiк орындарына бергенге дейін, тiзiм жасауға және оның сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      11. Кеме экипажы мүшесiнің немесе жолаушының қаза болу мүмкіндігіне жол беретiн, оның жоғалып кетуi жағдайында кеме капитаны бұл туралы кеме журналына жазуға, бұл туралы акт жасауға, сондай-ақ жоғалып кеткен кеме экипажы мүшесi мен жоғалып кеткен кемедегi мүлiкке тiзiм жасап, аталған актiмен мүлiктi жақын маңайдағы порттағы порттың билiк орындарына беруге мiндеттi.
      12. Кеме капитаны жүзу кезінде кемеде болған адамның аманатын куәландыруға құқылы. Кеме капитаны куәландырған аманат нотариалдық куәландырумен теңестiрiледi.
      13. Кеме экипажы мүшесi немесе жолаушы кеме жүзуде болған уақытта көрсетуi мүмкiн болмайтын кезек күттiрмейтiн медициналық көмек көрсетудi қажет еткен жағдайда кеме капитаны бұл туралы кеме иесiн, кеме капитанын хабардар ете отырып (мұндай болған кезде), ал кеме шетелдiк портқа кiрген кезде Қазақстан Республикасының консулы мен кеме иеленушiнің агентiн хабардар ете отырып (шетел портында осындай агенттiң болуы кезiнде), жақын маңайдағы портқа кiруге мiндеттi.
      14. Кеме капитаны қайтыс болған, ауырған немесе кеме капитанына өз қызметтiк мiндеттерiн орындауға кедергi өзге себептер жағдайында, кеме капитанының міндеттері кеме иеленушінің өкiмiн алғанға дейін, кеме капитанының аға көмекшісіне жүктеледі.

      29-бап. Рейстi жалғастыру үшін ақшаға кезек
               күттiрмейтін қажеттiлiк

      1. Рейс кезінде кеме капитаны алдын ала болжай алмаған және одан шығу жолы өзiне байланысты емес, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, әскери iс-қимылдар, рейстi жалғастыруға кедергi келтiретін техникалық ақаулар салдарынан рейстi жалғастыру үшiн ақшаға кезек күттірмейтін қажеттiлiк туындаған кезде кеме капитаны, егер оның кеменi иеленушіден өкiм алу үшiн мүмкіндiгi немесе уақыты болмаса, рейстi жалғастыру үшiн қажеттi мүліктерді қоспағанда, өзiне сеніп тапсырылған мүлiктің бiр бөлiгiн, және азық-түлiк тағамдары, қорының бiр бөлiгiн сатуға құқылы. Бұл ретте кеме капитаны рейстi жалғастыру үшiн кеме иесiне неғұрлым аз залал келетiн тәсілді таңдап алуға міндеттi.
      2. Кеме капитанына осы баптың 1-тармағында белгiленген құқықты қолдану кезінде бұзушылық жiбергенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершілiк жүктеледi.

7-тарау. Кеме қатынасының қауіпсіздігі

      30-бап. Жалпы ережелер

      1. Кеменi жүзуге дайындау кеменi иеленушінің мiндетi болып табылады.
      Кеме, егер кеме экипажы тиiстi түрде жарақтандырумен қамтамасыз етiлсе және ол кеме қатынасы қауiпсiздiгiн жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы iшкi су жолдары саласындағы заңдарда белгiленген экологиялық-санитарлық, өрт қауіпсiздігi талаптарына жауап берсе, жүзуге жарамды деп есептеледі. Кеме, егер кеме экипажының құрамы кеме жүзуге аттанар күнi өз-өзiнен жүретiн көлiк кемелерi экипажының ең аз құрамы туралы уәкiлеттi орган белгiлеген талап етумен белгiленгендегіден саны жағынан кем екендiгi белгiлi болса, жүзуге жiберiлмейдi.
      2. Кеме иеленуші:
      1) кемелердi қауiпсiз пайдалануға жауапты адамды тағайындауға;
      2) кемелердi пайдаланудың қауiпсiз тәжiрибесiн қамтамасыз етуге;
      3) кеме экипажы мүшелерiнің, кеме қатынасы қауiпсiздiгi саласындағы басқа да қызметкерлерi дағдысын ұдайы жақсартуға;
      4) кеме экипажын жарақтандыруды қамтамасыз етуге және осы Заңда белгiленген кеме қауіпсiздiгi талаптарына сәйкес келуге тиiс, кеменi техникалық жай-күйінде ұстауға міндеттi.
      Кеме қатынасы қауiпсiздігін қамтамасыз ету талаптарын сақтамағаны үшiн кеменi иеленушiге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілiк жүктеледi.
      3. Уәкiлеттi орган кәсіпорны кеме қатынасы қауiпсiздігiн жүзеге асыру үшiн:
      1) iшкi су жолдарын, су жолдарындағы кеме қатынасының жай-күйiн қамтамасыз ету және шлюздерді күтiп ұстау бағдарламасы бойынша мемлекеттiк тапсырысқа сәйкес күтiп ұстауды;
      2) кемелер мен өзге де жүзбелi объектілердi шлюз арқылы өткiзудi жүзеге асырады.
      4. Iшкi су жолдарында орналасқан гидротехникалық басқа қандай да бiр құрылысты иеленушi кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қатер төнген жағдайдың туындағаны туралы тиiстi шара қолдану үшін уәкiлеттiк органның аумақтық бөлiмшесiн дер кезінде хабардар етуге міндеттi.
      5. Кеме қатынасының қауiпсiздiк бақылауды уәкілеттi орган өзiнің аумақтық бөлiмшелерi арқылы жүзеге асырады.
      6. Уәкілеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнің кемелер мен өзге де жүзбелi объектiлерге және iшкi су жолдарындағы құрылыстарға, уәкілеттi орган белгiлеген тәртiппен тексеру жүргiзуге, кеме қатынасы қауiпсiздігiн қамтамасыз ету талаптарына жауап бермейтiн кемелер мен өзге де жүзбелi объектілердi ұстап тұруға, кемелер мен өзге де жүзбелi объектiлерде кеме қауіпсiздігіне қауiп-қатер болған кезде олардың қызметiн тоқтатуға тұрып, қозғалысына тыйым салуға құқығы бар.
      Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнің лауазымды тұлғаларының және Кеме қатынасы тiркелiмiнің нұсқамасы iшкi су жолдарында кеме қатынасын жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғаның орындауы үшін міндеттi болып табылады.
      7. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалауын көтеріп жүзушi теңiз кемесi немесе шетел мемлекетiнің жалауын қадап жүзушi кеме ішкi су жолдарына кiрген кезде қадағалау органы, кеме қатынасының қауiпсiздiгi үшiн, олардың iшкi су жолдары бойынша жүзушi кемелермен бiрдей негiзде тиiстi тексеруге алуы мүмкiн.

      31-бап. Кемеге техникалық қадағалау жасау
               және кемелерді жiктеу

      1. Кемеге техникалық қадағалау жасауды және кемелердi жiктеудi уәкілетті орган жүзеге асырады.
      2. Техникалық қадағалау жасау мен кемелердi жiктеуге мыналар жатады:
      1) iшкi жүзудегi бас қозғалтқышының қуаты кемiнде 55 киловатт өз-өзiнен жүретiн өзен кемелерi, сиымдылығы 80 тонна өз-өзiнен жүрмейтiн өзен кемелерi, барлық жолаушылар және сұйық таситын кемелер, iшкi су жолдарындағы паром өткелдерi мен жүзбелi көпiрлер, аралас (өзен-теңiз) жүзу кемелерi;
      2) қозғалтқышының бар-жоғына және әрi мұндай кемелердің сиымдылығына қарамай, спорттық желкендi және саяхаттық желкендi шағын өлшемді кемелер, ондағы жолаушылар санына қарамай, басқа да спорттық, саяхаттық кемелер, соның және бас қозғалтқышының қуаты 55 киловатт спорттық және саяхаттық өз-өзiнен жүретiн кемелер, сиымдылығы кемінде 80 тонна спорттық және саяхаттық өз-өзiнен жүрмейтiн кемелер.
      3. Кеме қатынасы тiркелiмi уәкiлеттi орган бекiтетiн техникалық қадағалау жүзеге асырылуға тиiс, кеменi жобалау, жасау, жөндеу және iске пайдалану туралы ереженi және кемеге орнату үшiн материалдар мен бұйымдар дайындау туралы ереженi әзiрлейдi.
      4. Кеме қатынасы тiркелімiнің осы баптың 3-тармағында көрсетілген ереженi орындалмаған кезде кеменi, кеме тетiктерi, құрылғылар мен техникалық құралдарды пайдалануға тыйым салуға, сондай-ақ кемені, пайдалануға рұқсат ететiн құжат бермеуге немесе бұрын берiлгенiн жоюға құқығы бар.

      32-бап. Кеменi пайдалану қауіпсіздігіне бақылау жасау

      1. Iшкi су жолдарында iшкi жүзудегi өз-өзінен жүретiн және өз-өзiнен жүрмейтін кемелердi, оларды қозғаушылардың түрiне, бас двигателiнің қуатына және мұндай кеменің сиымдылығына қарамай, iшкi су жолдарында пайдаланылатын жолаушылар, саяхаттық, спорттық және сұйық таситын кемелердi, соның ішінде шағын көлемдi флоттарды пайдалану қауiпсiздігiне бақылауды уәкілеттi органның аумақтық бөлiмшесi жүзеге асырады.
      2. Уәкілеттi органы:
      1) iшкi су жолдарындағы кемемен болған көлiк оқиғаларын тексеру мен жiктеудi;
      2) кеменің жүрiсiн тиiсiнше ұстауын және навигациялық құрал-жабдықтар құралдарын бақылауды жүзеге асырады.
      3. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының кеменi пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы нұсқамасы iшкi су жолдарында кеме қатынасын жүзеге асыратын кеменi иеленушінің, кеме экипажы мүшелерiнің заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшiн міндеттi болып табылады.

      33-бап. Порт капитаны жүзеге асыратын бақылау
               мен өкiлеттiктер

      1. Кеме қатынасының қауіпсiздігін және теңiз портындағы тәртіптi қадағалауды, соның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының, шетел кемелерiнің кiруi үшiн ашық порттағы, сондай-ақ өзен құйылысында орналасқан порттағы сауда мақсатымен теңiзде жүзу туралы заңдар мен ережелердің сақталуына қадағалауды уәкілеттi орган бекiткен өзен (өзен құйылысы) портының капитаны туралы ережеге сәйкес порт капитаны жүзеге асырады.
      2. Порт капитандары кеме қатынасы қауіпсiздігі мен порттардағы тәртіптің қамтамасыз етілуін қадағалауды жүзеге асыратын порттардың тiзбесiн уәкілетті орган белгiлейдi.
      3. Порт капитанын қолданыстағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      4. Порт капитанының оның құзыретіне қатысты өкiмi порттағы кемелерге, заңды және жеке тұлғаларға міндеттi.
      5. Порт капитаны кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында кемелерге бақылауды, уәкілеттi орган белгiлеген тәртiппен, порттағы қызметтi ұйымдастыру әрi реттеу өкілдiгiн жүзеге асырады.
      6. Порт капитанның талабы бойынша порттағы кеме капитандары, өзге де жүзу объектiлерін иеленушілер, сондай-ақ портта кәсіпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар портта апатқа ұшыраған адамдар мен кемелердi құтқаруға қатысуға мiндеттi.

      34-бап. Экологиялық қауіпсiздіктi
               қамтамасыз етуге бақылау

      1. Кемелердi пайдалану кезінде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi орган жүзеге асырады.
      2. Уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органмен бiрлесе отырып:
      1) iшкi су жолдарында табиғатты қорғау мақсатындағы объектiлердің қызмет аймағындағы олардың орналасуына және жұмыс iстеуiне бақылауды;
      2) кеме иеленушiлерi мен кеме капитандарына экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi бойынша ақпараттық қызмет көрсетудi жүзеге асырады.
      3. Тұрғындардың аман-саулығының санитарлық-эпидемиологиялық саласында уәкілетті органдар iшкi су көлiгінің қызметіндегі санитарлық ережелер мен нормалардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады.

      35-бап. Кеменi лоцмандық алып өту

      1. Iшкi су жолдары бойынша кеменің жүзу қауiпсiздігiн қамтамасыз ету және кемемен болатын көлiк оқиғаларының алдын алу мақсатында лоцмандық алып өту жүзеге асырылады.
      Кемелердi лоцмандық алып өту бойынша қызмет ақылы негiзде көрсетiледi.
      Кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      2. Кеменi лоцмандық алып өтудi лоцмандар жүзеге асырады.
      Лоцман ретінде жұмысқа уәкілеттi орган белгiлеген лоцмандық қызмет туралы ереже талаптарын қанағаттандыратын Қазақстан Республикасының азаматы жiберiлуi мүмкiн.
      3. Міндеттi лоцмандық алып өтуге жататын iшкi су жолдары учаскелерiнің, кеме түрлерi мен көлемдерiнің тiзбе су уәкілеттi орган белгiлейді.
      4. Егер бұл кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында қажет болған жағдайда лоцманның кеменi лоцмандық алып өтуді кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мүмкіндiк бepeтін жағдай басталғанға дейiн тоқтата тұруға құқылы.
      5. Лоцманның кемеде болуы кеме капитанының кеменi басқару жауапкершілік босатпайды. Лоцман ұсынымдарының дұрыстығына күдiк келтiру үшiн жеткiлiктi негiздер болғанда, кеме капитаны кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, аталған лоцманның қызмет көрсетумен бас тартуға құқылы. Кеменi лоцмандық алып өту міндеттi болып табылған жағдайда, кеме капитаны аталған лоцманды алмастыруды талап етуге тиiс.
      6. Лоцманның кiнәсiнен кеменi иеленушiге келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк кеменi иеленушiге зиян келтiрiлген сәтте лоцман еңбек қатынасында тұрған мемлекеттiк лоцмандық қызметке немесе кеменi лоцмандық алып өту жөніндегi мемлекеттiк емес ұйымға жүктеледі.
      Лоцмандық қызмет және кеменi лоцмандық алып өту жөніндегi мемлекеттiк емес ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен лоцманның кiнәсiмен кеменi иеленушiге келтiрілуi мүмкiн зиянды өтеу жағдайында өзiнің азаматтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға міндеттi.
      7. Шетел мемлекетінің жалауын қадап жүзу кеме iшкi су жолдарының бүкiл өнбойында, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, міндеттi лоцмандық алып өтуге жатады.
      8. Кеменi лоцмандық алып өту кезінде лоцман уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне:
      1) кеме қатынасының қауiпсiздiгiне қатер төнуi мүмкiн кеме жүрiсiнің кез-келген өзгерiсi;
      2) лоцмандық алып өтудi өзi жүзеге асыратын кемемен, және iшкi су жолдарының өзi қызмет көрсететiн учаскесіндегi басқа да кемелермен болған кез-келген көлiк оқиғалары;
      3) өзi лоцмандық алып өтудi жүзеге асырып отырған кеменің капитанының кеменің жүзу ережесi мен iшкi су жолдарын кемелерден аққан сарқынды және құрамында мұнай бар сулармен ластаудың алдын алу ережесiн орындамағаны туралы дереу хабарлауға міндетті.
      9. Кеменi қауіпсiз алып өтудi қамтамасыз ету саласындағы кеменi лоцмандық алып өту жөніндегi лоцмандық қызметтің қызметін қадағалауды уәкiлеттік орган жүзеге асырады.

      36-бап. Кемелер қозғалысын шектеу немесе тыйым салу

      Еңсерiлмес күш жағдайлары, өзге де апатты сипаттағы құбылыстар мен әскери iс-қимылдар туындаған жағдайларда, сондай-ақ портта жүктер мен кемелердiң шамадан тыс шоғырлануы кезінде және кеме қатынасы қауіпсiздiгін, адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтауды, жүктердiң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi кеме қозғалысын шектеу немесе тыйым салу туралы, сондай-ақ белгiлi бiр учаскелердегi немесе ішкi су жолдарының белгiлi бiр бағыттарындағы судың төмен деңгейiнің салдарынан олардың отырып қалуын шектеу туралы шешiм қабылдап, бұл туралы мұндай шектеудің қолданыс мерзімдерi туралы шешiм қабылдайтын уәкiлеттi органды дереу хабардар етуге құқылы. Кемелер қозғалысын бес тәулiктен артық мерзiмге шектеу немесе тыйым салу жағдайында уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiн дереу хабардар етедi. Қабылданған шешiм туралы уәкілеттi органның аумақтық бөлiмшесi кемелер қозғалысын шектеу немесе тыйым салуды енгiзудiң себептерi мен мерзiмдерiн көрсете отырып, жүктердi тасымалдау ережесінде белгiленген тәртiппен тасымалдаушыларды, жүк жөнелтушiлерді, жүк алушыларды хабардар етеді.

8-тарау. Суға батқан мүлік

      37-бап. Осы тарауда белгiленген ережелердің
               қолданылу аясы

      1. Суға батқан мүлiкке күйреуге ұшыраған кеме, олардың cынықтары, құрал-жабдықтар, жүктер және олардың iшкi су жолдарының шегінде жүзiп жүргенiне немесе су астында, су түбінде болғандығына не саяз суларға немесе жағаға шығып қалғанына қарамай, басқа да заттар жатады.
      2. Осы бөлiмде белгiленген нормалар:
      1) суға батқан әскери мүлiктi көтеруге, аластауға және жоюға;
      2) егер мұндай мүлiк iшкi су жолдарының шегiнде су түбiнде жатса, суға батқан мәдени сипаттағы археологиялық немесе тарихи мәнi бар мүлiктердi көтеруге қолданылмайды.

      38-бап. Cуғa батқан мүлiктi оның иесiнiң көтеруі

      1. Суға батқан мүлiктің иесi мұндай мүлiктi көтеру туралы өзiнің ниетiн мүлiк суға батқан күннен бастап бiр жыл iшiнде уәкілеттiк органға хабарлауға тиiс.
      2. Уәкілеттiк орган суға батқан мүлiк иесiнiң өтiнiшiн алған күннен бастап, үш ай iшiнде меншiк иесi үшiн көтеру тәртiбiн, сондай-ақ суға батқан мүлiктi көтеру үшiн жеткiлiктi, меншiк иесiнің суға батқан мүлiктi көтеру тәртiбi мен мерзiмi туралы уәкiлеттi органнан хабар алған күнiнен бастап кемінде бiр жыл мерзiм белгiлейдi.

      39-бап. Меншiк иесiнiң суға батқан мүлiктi
               көтеру мiндетi

      1. Cуғa батқан мүлiк кеме қатынасының қауiпсiздігiне немесе қоршаған ортаны ластаумен залал келтiру қатерiн төндірген, не биологиялық су ресурстары кәсiпшiлiгiн, iшкi су көлiгінде қызметтi және iшкi су жолдары шегiнде жол жұмыстарын жүргiзудi жүзеге асыруға кедергi келтiрген жағдайда, суға батқан мүлiк иесi уәкілеттiк органның талабы бойынша оған берiлген мерзiм iшiнде суға батқан мүлiктi көтеруге, ал қажет жағдайда оны аластауға немесе жоюға міндеттi.
      2. Cуғa батқан мүлiк иесi белгілi жағдайда уәкілеттiк орган оны өз шешiмi туралы хабардар етедi.
      Суға батқан мүлiк иесi белгiсiз жағдайда уәкілеттiк орган бұқаралық ақпарат құралдарында суға батқан мүлiктi көтеру үшiн белгiлеген мерзiм туралы мәлiметтi жариялайды.
      3. Суға батқан мүлiк иесi осы Заңның 38-бабының 1-тармағына сәйкес өтініш жасамаған немесе осы Заңның 31-бабының 2-тармағына сәйкес белгiленген мерзiмде мүлiктi көтермеген жағдайда, меншiк иесiнің суға батқан мүлiкке құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады.

      40-бап. Cуғa батқан мүлiктi уәкілеттi орган
               кәсiпорынының көтеруі, аластауы немесе жоюы

      1. Уәкілеттi орган кәсiпорнының:
      1) суға батқан мүлiк иесi осы Заңның 39-бабы 1-тармағына сәйкес суға батқан мүлiктi көтеруге немесе қажет болған кезде, не суға батқан мүлiк иесi анықталмаған немесе суға батқан мүлiктi көтермеген және қажет кезінде оны белгiленген мерзімде аластамаған немесе жоймаған кезде оны аластауға немесе жоюға мiндеттi;
      2) суға батқан мүлiк кеме қатынасы қауiпсiздiгiне айтарлықтай және тiкелей қатер немесе қоршаған ортаны ластаумен тiкелей елеулi қатер төндiрген не биологиялық су ресурстары кәсіпшiлiгiн жүзеге асыруға, iшкi су көлiгi қызметiне және iшкi су жолдары жол жұмыстарын жүргiзуге елеулi кедергi келтiрген;
      3) суға батқан мүлiк иесiнің оны өз құралдарымен не өзi таңдаған кеме көтеру ұйымдарының құралдарымен көтеруге, аластауға не жоюға рұқсат етпеуге жеткiлiктi негiздер бар болған жағдайда суға батқан мүлiктi көтеруге, ал қажет кезде аластауға және жоюға құқығы бар.
      2. Егер суға батқан мүлiк иесi белгiлi болса, онда осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайда, мұндай мүлiктi көтеру, аластау және жою осындай мүлiк есебiнен жүзеге асырылады.
      3. Егер суға батқан мүлiк көтерiлген сәттен бастап кемінде бiр жыл өтпеген жағдайда, оның иесi суға батқан мүлiктi көтеруге кеткен шығыстарды және осы шығыстарға байланысты келтiрiлген шығыстарды өтегеннен кейiн, осы баптың 1-тармағына сәйкес көтерiлген суға батқан мүлікті талап етуі мүмкін.

      41-бап. Уәкiлеттi орган кәсiпорнының өзi
               келтiрген шығыстарды толық өтеу құқығы

      Осы Заңның 40-бабының 3-тармағында көзделген мерзімнің өтуi бойынша уәкiлеттi орган кәсiпорнының суға батқан мүлiктi иесiз деп таныған кезде:
      1) көтерiлген суға батқан мүлiктi немесе оның бiр бөлiгiн Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен сатып, оны сатудан түскен сома есебiнен көтеруге кеткен шығыстарды және осы шығыстарға байланысты келтiрiлген басқа шығыстарды да өтеуге;
      2) суға батқан мүлiк иесiнен оны сатудан түскен сомамен жабылмаған шығыстарды өндiрiп алуға, ал суға батқан мүлiктi жою кезінде осындай мүлiктi жоюға байланысты келтiрiлген шығыстарды өндiрiп алуға құқығы бар.

      42-бап. Cуғa батқан мүліктi кездейсоқ көтеру

      Кеме қатынасына байланысты операцияларды жүзеге асыру кезінде ішкi су жолдары шектерінде кездейсоқ көтерiлген суға батқан мүлiк мұндай мүлiкке қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген шаралар қабылдауға міндеттi уәкiлеттi органға өткiзiлуге тиiс.

9-тарау. Порттар

      43-бап. Өзен (саға) портының құқықтық мәртебесi

      1. Порттардың мемлекет меншігінде, сондай-ақ азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншігінде болуы мүмкiн.
      Iшкi су жолдарындағы порттар ортақ пайдалану объектiлерi болып табылады және мақсатына қарай бөлiнедi.
      2. Порттардың жағалау белдеуiнің акваториясы мен жерi мемлекеттiк меншік болып табылады. Порт үшiн жер учаскесiн беру, сондай-ақ бұл учаскелердi қайтарып алу Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      3. Мемлекеттiк порттардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      4. Мемлекеттiк порттардың құрылысы, қайта жөнделуi үшiн жер учаскелерi шығындарды толық көлемде өтеу арқылы, сондай-ақ басқа жер учаскесiн беру жолымен Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген тәртiппен алып қойылуы мүмкiн.
      5. Шетел кемелерiнің Қазақстан Республикасының портына кiруi және оларға қызмет көрсету халықаралық шарттар негiзінде жүзеге асырылады.

      44-бап. Порт аумағы мен акваториясы

      1. Порт аумағын Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес портқа бөлiнген жер учаскелерi, соның iшiнде оның болашақтағы дамуы үшiн қажеттi аймақтар құрайды.
      2. Порт акваториясын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен портқа бөлiнген iшкi су жолдары шегіндегi акватория учаскесi, соның iшінде рейдтер мен портқа кiрер жерлердi құрайды. Порт акваториясының шекарасын белгiлеудi уәкілеттi орган жүзеге асырады.

      45-бап. Портты пайдалануға қойылатын негiзгi талаптар

      1. Порт айлақтарының иеленушiсi кемелер үшiн қауіпсiз кiрудi, кемелердiң мұндай айлақтардағы қауiпсiз тұрағын қамтамасыз етуге, олардың қоймалары, жүк көлемiн айқындауға арналған құралдары, жүк тиегiш - жүк түсiргiш құрал-жабдықтары, жолаушылардың, соның iшінде мүгедектер үшін кемеге отырғызуға, түсiруге және кеменің келуiн күтуге арналған бейiмдегiштерi, ал қажеттi жағдайда портқа вагондарды беру әрi жинау және порттан вагондарды әкету үшiн темiржол кіреберiс жолдары болуға тиiс.
      2. Порт гидроқұрылыстары, навигациялық және гидрографиялық құрал-жабдықтар, жүктi қайта тиеу кешендерi, айлақтар, қызметтiк ғимараттар және портта орналасқан әрi қолданылатын басқа да мүлiктер портты иеленушінің есебінен күтiп ұсталады.
      3. Порттарда қоршаған ортаны қорғауға, шаруашылық-тұрмыстық және құрамында мұнай бар суларды, басқа да қалдықтарды қабылдауға әрi өңдеуге арналған құралдар, сондай-ақ порт акваториясы шегінде кемелердi құтқару әрi өрттi сөндiру жөніндегi жұмысты жүзеге асыруға арналған құралдар болуға тиiс.

      46-бап. Порттағы қызметтi жүзеге асыру

      1. Порттағы қызметтi жүзеге асыру ережесiн уәкілеттi орган бекiтедi және мынадай тәртiпте болуы тиiс:
      1) порттың белгiленген шекарасының сипаттамасы;
      2) кемелердiң портқа кiруi және порттан шығуы;
      3) кемелердің порт акваториясы шегiнде жүзуi және олардың портта тұруы;
      4) порттағы қауiпсiздiк пен тәртіптi қамтамасыз ету;
      5) iшкi су көлiгi ұйымдарының технологиялық байланысты пайдалануы.

      47-бап. Өзен портында (сағалық) көрсетiлетiн қызметтер

      1. Өзен (сағалық) порты кемелердiң келу кезегiне қарай оларға тиеудi (түсiрудi) және қызмет көрсетудi, жүктермен көлiк-экспедиторлық және қоймалық қызметтердi, көлiктің басқа түрлерiнен iшкi су көлiгiне жүктердi ауыстырып тиеудi және керiсiнше, жолаушылар кемелерiне қызмет көрсетудi, сондай-ақ порт кемелерінде және көлiктiң басқа түрлерінде жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдауды жүзеге асырады.
      2. Порттың мiндеттi қызметтер көрсетуiнің тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметi белгiлейді. Порттың міндеттi қызметтер көрсетуiне бағалар (тарифтер) және олардың шектi деңгейiн белгiлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
      3. Міндеттi тiзбесiне кiрмейтiн көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттармен белгiленедi.

      48-бап. Порт әкiмшілiгі

      1. Шетел кемелерiнің кiруiне және қызмет көрсетуіне ашық порттарда, сондай-ақ сауда мақсатында теңiзде жүзуге мемлекеттiк қадағалау жүзеге асырылатын, өзен сағаларында орналасқан порттарда уәкiлеттi органның шешiмi бойынша порт әкімшiлiгінің функциясы өз қызметiн қолданылып жүрген заңнамаға және уәкілеттi орган бекiткен ережеге сәйкес жүзеге асыратын порт капитанына жүктеледі.
      2. Порт капитанының негiзгi мiндеттерi мен функциялары кеме қатынасының қауiпсiздiгi мен порт айдынындағы жұмысты қамтамасыз ету, тиiстi мемлекеттiк органдармен ынтымақтасу, порт айдынын мұнаймен ластануын болдырмау және салдарын жою жөніндегi жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру, төтенше жағдайларды болдырмау және жою бойынша шараларды жүзеге асыру кемелерден қалдықтарды қабылдау және өңдеудi ұйымдастыру, порт айдыны шегінде кемелердi құтқару және порттағы кемелерде өрттердi жою бойынша жұмыстарды жүзеге асыру, порт қызметi туралы статистикалық деректер беру болып табылады.

10-тарау. Кемелерді жалдау

      49-бап. Жалпы ережелер

      1. Iшкi су көлiгiнде кеменi жалдау Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. Осы бөлімде белгiленген ереже, егер жалдау шартында өзгеше белгіленбесе, қолданылады.
      2. Кеменi жалдау жалға берушi - кеменi жалға берушi тұлға мен жалдаушы - кеменi жалға алушы тұлға арасындағы шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
      3. Кеменi экипажымен жалдау сонымен қатар жалға берушiнің кеменi жалға алушыға кеменi және оны техникалық пайдалануды басқару жөнiндегi қызмет көрсетудi де бepуді көздейдi.
      4. Кеменi экипажсыз жалдауға жалға берушіге кеме мен оны техникалық пайдалануды басқару жөнінде қызмет көрсету кiрмейдi.
      5. Жалға алушыға үшiншi жақ тарапынан жалға алынған кемеге байланысты талаптардан туындайтын жаза қолдануға жол берiлмейді.
      6. Жалдау шарты қолданыстағы уақытта кеменi иелiктен айыру аталған шарт қолданысының тоқтатылуы болып табылмайды, және жаңа меншiк иесi мұндай шартта көзделген барлық құқық пен міндеттердi, Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртіппен, иеленедi. Бұл ретте кеменi иеленуден айырылған тұлға кемеге меншiк құқығын иеленушi тұлғаны иелiктен айырылған кемеге қатысты жасалған жалдаудың барлық шарттары туралы хабардар етуге міндеттi. Кемеге меншiк құқығын иеленген тұлғаның міндетi аталған кеменi барлық жалға алушыларын меншіктің ауысуы туралы хабардар ету болып табылады.
      7. Кеменi жалға берудi және жалдау шарты қолданысының мерзiмi өтуі бойынша кеменi қайтаруды жалдау шартында көрсетiлген жерде жалға берушi мен жалға алушы жүзеге асырады. Кеменi көрсетiлген жерге жеткiзуге байланысты шығыстар, егер шартта өзгеше көзделмесе, кеменi берушi тарапқа жүктеледi.
      8. Жалдау шартында кеменi жалға алушының иелігiне, мұндай мерзiмнің басталуы мен аяқталу күнi көрсетiліп, беру мерзiмi көзделедi. Жалға алушы кеменi өз иелігiне мұндай мерзiмнің басталу күнiнен ерте алуға тиiстi емес. Жалға алушы кеменi өз иелiгiне мұндай мерзiмнiң аяқталу күнi өткенге дейiн алуға мiндеттi. Мұндай мерзiмнің аяқталу күнi бiткенi бойынша кеме жалға алушының иелiгіне берiлмеген жағдайда оның жалдау шартын бұзуды талап етуге құқығы бар. Сонымен қатар жалға берушi де егер мұндай мерзімнің аяқталу күнiнің бiтуi бойынша жалға алушы кеменi қабылдамаса, жалдау шартын бұзуға құқылы.
      Жалдау шартын өзгерту және бұзу тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес жүргiзiледі.
      9. Телжалдау шартын жасасу кезiнде кеменi бepуші тұлға кеме телжалдауға берiлетiн тұлғаға қатысты жалға берушілер үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқық пен мiндеттердi иеленедi, бiрақ бұл ретте Қазақстан Республикасының заңдарында және бұл кеме жалға немесе телжалға қабылданған тұлғаға қатысты жалдау шартында көзделген құқық пен міндеттер сақталады.

      50-бап. Кеменi экипажымен жалға беру кезiндегi
               жалға берушінiң құқығы мен міндеттерi

      1. Жалға берушi жалдау шартында көзделген мақсаттар үшiн кеменiң жарамдылығын қамтамасыз етуге, кеменi экипажбен жасақтауды және тиiстi жарақтандыруды, сондай-ақ кеменi техникалық қауiпсiз пайдалануды, оның экипажын ұстауды және жалдау мақсатына сәйкес Қазақстан Республикасы iшкi су көлiгi саласындағы заңдарда көзделген кеме құжаттарының болуын қамтамасыз етуге міндеттi.
      2. Кеме экипажының мүшелерi кеменi жалға берушінің еңбек қатынастарын сақтайды. Олар оның кеменi басқару мен техникалық пайдалануға қатысты өкiмдерiне бағынады.
      Егер жалдау шартында өзгеше көзделмесе экипаж мүшелерiне қызмет көрсету төлемi жөніндегi шығыстар, сондай-ақ оларды ұстау жөніндегi шығыстар жалға берушіге жүктеледi.
      3. Жалға берушiге жалға өткізiлген кеменің кемшiлiктерi үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес жауапкершiлiк жүктеледі.
      4. Жалға берушi кеменi иесi болып табылмаған жағдайда, ол аталған кемеге қатысты жалдау және телжалдау шарттарындағы жасалғандардың барлығы туралы кеме иесiне хабарлауға мiндеттi.

      51-бап. Кеменi экипажымен жалдау кезiндегi
               жалға алушының құқығы мен мiндеттерi

      1. Жалға алушының, егер ол кеменің мақсатына және сыныбына сондай-ақ жалдау шартында көзделген мақсаттарға қайшы келмесе, жалға берушiнің келiсімiнсiз өз атынан тасымалдау немесе жетекке алу шарттарын жасасуға құқылы.
      2. Кеме экипажының мүшелерi жалға алушының кеменi коммерциялық пайдалану бөлігіндегi өкiмдерiне бағынады, жалға алушы кеменi коммерциялық пайдалануға барлық шығыстарды, соның ішінде материалдарды пайдалану процесінде жұмсалған отын және басқа да шығыстарға төлемді және алымдарға төлемді жүзеге асыруға міндеттi.
      3. Жалға алушының кеменi коммерциялық пайдалануға басшылықты жүзеге асыру үшiн оған, кеменi коммерциялық пайдалану бөлігіне өкiмi кеме капитаны үшiн міндеттi болып табылатын, өз өкімін тағайындауға құқылы.

      52-бап. Экипажсыз кеменi жалдау кезiндегi жалға беруші
               мен жалға алушының құқығы мен мiндеттерi

      Кеменi экипажсыз жалдау кезінде арендаға берушiнің құқығы мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленедi.

      53-бап. Кеменi жалдағаны үшiн есеп айырысу

      1. Жалға алушы жалға берушiге жалдау шартында көзделген тәртiп пен мезгілде жалдау ақысын төлейдi.
      2. Жалға алушы кеме жалға берушiнің кiнәсiнен жарамсыз болған уақыт iшіндегi кемеге қатысты жалдау ақысы мен шығыстарын төлеуден босатылады. Кеме жалға алушының кiнәсiнен пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, жалдау ақысы толық көлемде төлеуге жатады.
      3. Кеме күйреген жағдайда жалдау ақысын, оның күйреу күнін, ал егер бұл күнді белгiлеу мүмкiн болмаса, ол туралы соңғы хабарды алған күндi қоса алған уақыт үшін, жалға алушы төлеуге тиiс.
      4. Кеменi жалға берушiге уақтылы қайтармаған кезде жалға алушы кеменi ұстағаны үшiн, жалдау шартында көзделген жалдау ақысы ставкасынан, немесе жалдау шартында көзделген жалдау ақысы ставкасынан асып кетсе жалдау ақысының нарықтық ставкасынан шыға отырып, жалдау ақысын төлейдi.
      5. Жалдау ақысын төлеу 15 тәулiктен аса кешiккен жағдайда, жалға бepуші кеменi жалға алушыдан ескертусiз алып қойып, одан осыған байланысты келтiрiлген шығындарды өндірiп алуға құқылы.
      6. Жалға алушы кемеге зиян келтiрмей жүргiзген жақсартуларды, егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы өз қалауы бойынша алып қоя алады.

11-тарау. Жүктерді тасымалдау

      54-бап. Жалпы ережелер

      1. Iшкi су көлiктерінде жүктердi тасымалдау жүк тасымалдау шарты, осы Заң және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер негiзінде жүзеге асырылады.
      2. Жүктердi iшкi су көлiктерінде тасымалдауды жүзеге асыру тәртiбiн (бұдан әрi - жүктердi тасымалдау ережесi) уәкiлеттi орган белгiлейдi. Жүктердi тасымалдау ережесi мынадай шарттар мен тәртiптi белгiлейдi:
      1) жүктердi тасымалдау үшiн көрсету және қабылдау;
      2) жүк құжатын және тасымалдау құжаттарын pecімдeу;
      3) жүктерді тиеу және түсіру;
      4) жүктердi үйіп және ақтара тиеп тасымалдау;
      5) тез бүлiнетiн жүктердi тасымалдау;
      6) жүк салмағын анықтау;
      7) кемелер мен контейнерлерге қойылатын талаптар;
      8) кемелер мен контейнерлердi пломбалау;
      9) кемеде жүктердi орналастыру және бекiту;
      10) кемелер мен контейнерлердi жүк тиеу мен түсiруге беру;
      11) тасымалдаулар бойынша есептер;
      12) жеткiзу мерзiмiн және жүктi жеткiзу мерзiмiн есептеу;
      13) өкiмдер, жүктердi басқа мекен-жайға жiберу және қайтару;
      14) жүктердi сақтау, ұстап қалу және беру;
      15) жүктердi iске асыру;
      16) қауiптi жүктердi тасымалдау;
      17) жүктердi басқа мекен-жайға жiберу;
      18) кеменi тазалау.

      55-бап. Жүк тасымалдау шарты

      1. Жүк тасымалдау шарты көлiктiк жүк құжатын және оның негiзінде ресімделген жол тiзімдемесiн және тасымалдау үшiн жүктi қабылдау туралы түбiртектi жасау жолымен ресімделедi.
      2. Жол құжаттарының нысаны мен толтыру тәртiбi жүк тасымалдау ережесiмен белгiленеді ішкi су көлiгінде жүктердi тасымалдауға байланысты заңды және жеке тұлғалар үшiн міндеттi болып табылады.

      56-бап. Жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт

      Тасымалдаушы, жүк жөнелтушi жүктi жүйелi тасымалдауды жүзеге асыру қажет болған кезде жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ шарттар жасасуы мүмкiн.
      Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартқа сәйкес тасымалдаушы жүкті белгiленген мерзімде қабылдауға, ал жүк жөнелтуші оны уағдаласқан көлемде тасымалдау үшiн ұсынуды міндеттенедi. Шартпен көлiк құралдарының көлемi, мерзiмi және басқа да жеткiзу шарттары әрi тасымалдау үшiн жүктердi ұсыну, есеп айырысу тәртiбi, сондай-ақ жүктi тасымалдауды ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген өзге де шарттары белгiленедi.

      57-бап. Жүктi жеткiзу мүмкіндігі жоқтығының салдарлары

      1. Тасымалдау үшін қабылданған жүктi келу портына жеткiзу немесе көлiк жүкқұжатында көрсетiлген тұлғаға оны еңсерілмейтiн күш, әскери iс-қимылдар, билiк орындарының тыйым салуы, апат сипатындағы құбылыстар, төтенше жағдайлар немесе тасымалдаушыға қатыссыз басқа себептер салдарынан берiлмеген кезде тасымалдаушы бұл туралы жүк жөнелтушiнi, жүк алушыны және жөнелту әрi келу порттарында тиеу-түсiру жұмыстарын жүзеге асырушы ұйымдарға жүктi жеткiзуге кедергi келтiру себептердi көрсете отырып, хабардар етеді және жүктi не iстеу керегi туралы жүк жөнелтушiнің, жүк алушының өкiмiн сұратады.
      Егер тасымалдаушы төрт тәулiк iшiнде жүктердi не iстеу керегi туралы жүк жөнелтушiнің, жүк алушының өкiмiн алмаса, және әдейi орындалуы мүмкiн емес өкiм алса, оның, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айналымнан алынып қойылған және айналымдағы шектеулі жүктердi, сондай-ақ арнаулы, соның iшінде мемлекеттiк әрi қорғаныстық қажеттiлiктердi қанағаттандыруға арналған әскери жүктердi қоспағанда, жүктердi сатуға құқығы бар.
      2. Жүк тасымалдау үшiн жүктi тасымалдау үшiн міндеттi қабылдауды тоқтату мерзiмi басталғанға дейiн қабылданса, және осы баптың 1-тармағында көрсетiлген себептердi қоспағанда, кеме рейстi жалғастыруға ұзақ кедергі келуіне байланысты жолда кідірсе, тасымалдаушы жүк жөнелтушінің, жүк алушының келiсiмi бойынша жүктi портқа немесе басқа келу пунктiне көлiктің басқа түрiмен жiберу немесе оны осы Заңның 58-бабында көзделген тәртiппен сату жөнінде шаралар қолдануға міндеттi.
      Жүрiлмеген қашықтық үшiн тасымалдау ақысы жүк тасымалдауды төлеушi жүк жөнелтушiге немесе жүк алушыға қайтарылады. Жүктi портта түсiру мен сақтау тасымалдауының есебiнен жүзеге асырылады.
      3. Жүк тасымалдау үшiн, жүкті тасымалдау үшiн міндетті қабылдауды тоқтату мерзiмi басталғанға дейiн қабылданса, және осы баптың 1-тармағында көрсетiлген себептердi қоспағанда, рейстi жалғастыруға ұзақ кедергi келуіне байланысты жолда кідiрсе, және төрт сөтке ішінде жүк жөнелтушіден, жүк алушыдан жүктi не iстеу керегi туралы өкiм түспесе, тасымалдаушының өз қалауы бойынша жүк жөнелтушiнің, жүк алушының есебiнен оны рейстi жалғастыру мүмкiндiгi туындағанға дейін, соның iшінде халықаралық навигациялық кезеңге кемеде қалдыруға, немесе жүктi осы Заңның 58-бабында көзделген тәртiппен сатуға құқығы бар.

      58-бап. Жүктердi сату тәртiбi

      1. Осы Заңда көзделген жағдайларда жүктердi сату, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айналымнан алып қойылған және шектеулi айналымдағы жүктердi, сондай-ақ арнаулы, соның iшiнде мемлекеттiк және қорғаныстық қажеттiлiктердi қанағаттандыруға арналған жүктердi қоспағанда, жүктердің бағасын төлеу туралы құжаттармен, немесе мұндай құжаттар болмаған кезде, тиiстi шартпен, немесе, салыстырмалы жағдайларда әдетте осыған ұқсас тауарлардан алынатын бағадан шыға отырып, шартпен бекiтiлген жүктердің бағасынан шыға отырып, сатып алу-сату шартына сәйкес жүзеге асырылады.
      Сатылатын жүктердi есепке алу және олар үшiн есеп айырысу тәртiбiн өкілеттi орган белгiлейдi.
      2. Жүктердi сатудан түскен сома, тасымалдаушыға тиесілі төлемдер мен оларды сатуға жұмсалған шығындар шегерiле отырып, жүк алушы жүктердің бағасын төлеген жағдайда - соған немесе қалған жағдайларда жүк жөнелтушiге аударуға жатады.
      Жүктердi сатудан түскен сома тасымалдауға тиесiлі төлемдерді және жүктердi сақтау мен сатуға жұмсалған шығыстарды жабу үшін жеткiлiксiз жағдайда, тасымалдаушы жүктi жөнелтушіден ала алмаған қалған соманы өндiрiп алуға құқылы.
      3. Тасымалдаушы, егер жүктер тез бұзылатын болып табылса, немесе жүктердi сақтауға жұмсалған шығыстар көрсетiлген мерзімде жүктердiң бағасынан асып кетсе, жүктердi осы Заңда көрсетiлген мерзімдерден бұрын сатуға құқылы.

      59-бап. Көлiк экспедициясының шарты

      1. Көлiк экспедициясының шарты бойынша бiр тарап (экспедитор) сыйақы үшiн және екiншi тараптың (клиенттiң, жүк жөнелтушiнің немесе жүк алушының) есебiнен жүк тасымалдауға байланысты шартта айқындалған қызмет көрсетулердi орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға, соның iшінде клиенттiң атынан немесе өз атынан жүк тасымалдау шартын жасасуға міндеттенеді.
      2. Көлiк экспедициясының шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалынады.

12-тарау. Жолаушыларды, олардың багажын және почта жөнелтілімдерін су көлігімен тасымалдау

      60-бап. Жалпы ережелер

      1. Жолаушыларды және олардың багажын тасымалдау жолаушыларды шартының негiзінде жүзеге асырылады.
      2. Жолаушыны тасымалдау шарт бойынша тасымалдаушы оған жол жүру құжатына (билетке) сәйкес кемеден орын берiп, оны бару портына тасымалдауға мiндеттенедi, ал, жолаушы жол жүргенi үшін белгiленген ақыны төлеуге міндеттi.
      3. Багажды тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы багажды беру портына тасымалдауға және оны осы теңдеме жүктi алуға уәкiлеттi тұлғаға беруге міндеттенедi, ал жолаушы тасымалдағаны үшiн белгiленген ақыны төлеуге міндеттi.
      4. Iшкi су жолдарында жолаушыларды және олардың багажын тасымалдауды жүзеге асыру тәртiбiн (бұдан әрi - жолаушыларды тасымалдау тәртiбi) уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      61-бап. Жүктерді тасымалдау үшiн бағыттардың түрлерi

      1. Жүктерді тасымалдау бағыттары тасымалдау жағдайларына, олардың ұзақтығына жолаушылар тасымалдау бағыттарының қашықтығына және жолаушыларға ұсынылатын қызмет көрсетулердің сапасына қарай мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) көліктiк - транзиттiк, жергiлiктi, қала маңайына, қала iшiне қатынайтын жолаушыларды тасымалдау және алып өту бағыттары;
      2) туристiк - жолаушыларды ұзақтығы 24 сағаттан артық тасымалдау бағыты;
      3) экскурсиялық-саяхаттық - жолаушыларды ұзақтығы кемiнде 24 сағат болатын тасымалдау бағыты.
      Осы бапта көзделген жолшыларды тасымалдау бағыттарының түрлерiн айқындау шарты жолаушыларды тасымалдау ережесiмен белгiленедi.
      2. Жолаушыны тасымалдау шарты жол жүру құжатымен (билетпен), ал теңдеме жүктi тасымалдау шарты теңдеме жүктің түбiртегiмен ресімделедi.
      3. Экскурсиялық-саяхаттық және туристiк маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдау шарты жолдама немесе жолаушылар тобын тасымалдау билетi нысанында ресімделе алады.
      4. Көлiк маршруттары бойынша жолаушыларды тасымалдау талаптары, жол жүру құжаттары мен теңдеме жүк түбiртектерінің нысаны, оларды сату мен ресімдеу тәртiбi, сондай-ақ олардың қолданыс мерзімдерi жолаушыларды тасымалдау ережесiмен белгiленедi.

      62-бап. Тасымалдаушының құқығы мен мiндеттерi

      1. Тасымалдаушы жолаушыға билетте немесе жолдамада көрсетiлген кемедегi орынды беруге міндеттi.
      Билет немесе жолдама белгiлi бiр тұлғаның атына берiлген жағдайда, оны басқа тұлғаға беруге болмайды.
      2. Жолаушыларға қызмет көрсету орындарында соның iшінде билет сатылатын пункттерде жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру туралы көрнекi және қолжетiмдi нысанда уақтылы әрi шынайы ақпарат ұсынылуға тиiс.
      3. Тасымалдаушы билет сатуды, соның ішіндe алдын ала сатуды ұйымдастыруға, сондай-ақ Жолаушыларды тасымалдау ережесiне сәйкес анықтама қызметiнің, жүк сақтау қоймасының, демалыс бөлмесінің және басқа қызметтердiң қызмет көрсетуiн ұсынуға тиiс.
      4. Жолаушылар үй-жайы бар дебаркардерлерi (жүзбелi айлақтары) жоқ елдi мекендерде - павильондар, ал қала маңындағы желiлер мен өткелдерде қолайсыз ауа-райынан қорғанатын орындықтары бар шатырлы ықтар болуға тиiс. Бұл ретте жолаушыларды отырғызу және түсiру орындары, олардың қауiпсiздiгi мақсатында, қажеттi құрылғылармен жабдықталуға тиiс, құрылғыларды олардың иелерi жабдықтауға тиiс.
      5. Жолаушылар мемлекеттiк стандарттармен және жолаушыларды тасымалдау жөніндегi нормативтермен белгiленген тасымалдау жағдайларымен қамтамасыз етiледi.
      6. Жолаушыларға жеңілдiк пен қызмет көрсетудi ұсынудың тiзбесi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
      7. Тасымалдаушы кеме қауiпсiз жүзуiн қамтамасыз етуге, оны экипажбен жасақтауға және оны тасымалдаудың барлық уақытында тиiсiнше күтiп ұстау үшiн барлық қажеттiлiктермен жарақтандыруға міндеттi.
      8. Вокзал маңайы мен айлақ маңайындағы аумақтарды абаттандыру оларды иеленушiлердің есебiнен жүзеге асырылады.

      63-бап. Жолаушының құқығы мен мiндеттерi

      1. Жолаушының:
      1) кемелер қозғалысының кестесiнде көрсетiлген немесе кеме қатынасы маршруты бойынша жарияланған кез келген портқа (пунктке дейiн) жол жүру үшiн кез келген санаттағы жолаушы орнына билет алуға;
      2) өзiмен бiрге бөлек орынды алу құқығынсыз - жетi жасқа дейiнгi, ал халықаралық қатынастарда бес жасқа дейінгi бiр баланы ақысыз алып жүруге;
      Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымалдау кезiнде жетi жастан бастап он бес жастағы балаларға билеттің толық құнының елу пайызын төлеп, билет алуға;
      3) халықаралық қатынастарда бес жастан он екi жасқа дейiнгi балаларға билеттiң толық құнының елу пайызын төлеп, билет алуға;
      4) өзiмен (алып жүруге жеңiл, басқа жолаушыларға таршылық етпейтiн ұзындығы кемінде 1,8 метр немесе ұзына бойының жиынтық ұзындығы кемiнде 2,6 метр заттарды) - жалпы салмағы кемiнде 36 килограмм, ал жүрдек кемелерде кемiнде 20 килограмм болатын қолжүгiн ақысыз алып жүруге. Қолжүгiн сақтау жауапкершiлігі жолаушыға жүктеледi;
      5) багажды тасымалдау тарифiне сәйкес ақылы тасымалдау үшiн теңдеме жүктi өткізуге;
      6) кемемен қашықтығы 500 шақырым және одан да көп жол жүру кезінде жүру жолында кемінде 10 тәулiк аялдама, мұндай аялдаманы тиiсiнше ресімдей отырып, жасауға;
      7) емдеу мекемесiнің құжатымен куәландырылған ауру жағдайында билеттi қолдан жұмыс мерзiмін ауру уақытында ұзартуға немесе билеттi тапсырып, тасымалдау ақысын алуға;
      8) кеме шыққанға дейiн кез келген уақытта, ал рейс басталғаннан кейiн кеме аялдаған кез келген портқа тасымалдау шартынан бас тартуға, жолаушыларды тасымалдау ережесінде белгiленген тәртiппен билеттi өткiзіп, кеме жолының жүрiлмеген бөлiгi үшiн тасымалдау ақысын алуға;
      9) кеменің шығуы кешiккен жағдайда тасымалдау шартынан бас тартып, тасымалдау ақысын алуға құқылы.
      2. Жолаушы:
      1) сапарда жол жүру құжатын (билет) сатып алған кезде, жүру кезiнде және жол құжатын тексеру кезінде тұлғаны куәландыратын құжат ұсынуға;
      2) кемеге отырғызу кезiнде және жүру аяқталғанға дейiн сапарда жол жүру құжаты болуы;
      3) қоғамдық тәртіптi, кемелердi және жағалауда орналасқан әрi жолаушыларды тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған объектiлердi пайдалану ережесiн сақтауға, сондай-ақ тасымалдаушының мүлкiне ұқыпты қарауға мiндеттi.

      64-бап. Жолаушылар тасымалдау шартын тасымалдаушының
               бастамасы бойынша тоқтату немесе өзгерту

      1. Тасымалдаушы:
      1) жолаушыны бару портына дүлей күштің, әскери iс-қимылды қоғамдық тәртiптердің, билiк орындарының тыйым салуының, табиғи апат сипатындағы құбылыстардың, төтенше жағдайлардың немесе өзге де тасымалдауға қатыссыз себептердiң салдарынан тасымалдау мүмкiн болмаған;
      2) тиiстi атқарушы билiк органдарының шешiмi негiзiнде кеменi ұстап қалған немесе кеме мемлекеттiк қажеттiлiктерге тартылған;
      3) кеме үшiн жөнелту портының немесе бару портының қолжетiмсiздiгi (порт құрсауы, кеме апаты, кеме жүрiсi үшін су деңгейiнiң жетiмсiздiгi және басқа);
      4) кеме күйреген немесе оны күштеп басып алған;
      5) жолаушыларды тасымалдау ережесiн жолаушы бұзған немесе мұндай ереженi сақтаудан жолаушы бас тартқан жағдайда бiржақты тәртiппен жолаушыларды тасымалдау шартын бұза алады.
      2. Тасымалдаушының бастамасы бойынша кеме шыққанға дейiн тасымалдау шарты тоқтатылған кезде - жолаушыға жол жүргенi және теңдеме жүктi алып жүргенi үшiн төлем, ал аталған шарт рейс аяқталғанға дейiн тоқтатылған кезде кеме жүрiп өтпеген қашықтық үшiн жол жүру және теңдеме жүктi алып жүру үшiн төлем қайтарылады.
      Аталған шарт жолаушы жолаушылар тасымалдау ережесiн бұзған немесе ол кеме қатынасының, басқа жолаушылардың өмiрi мен денсаулығының қауіпсiздігiне қатер төндiретiн iс-әрекеттер жасаған кезде тоқтатылған жағдайда, жол жүргенi және теңдеме жүктi алып жүргенi үшiн жол ақы жолаушыға қайтарылмайды.
      3. Жолаушы тасымалдау шарты тасымалдаушының бастамасы бойынша, осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, кеме рейсi уақытында тоқтатылған кезде, тасымалдаушы, жолаушының бару портына келу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ тасымалдаушының кiнәсiнен жолаушыға келтiрiлген шығындарды өтеу мақсатында, жолаушыны оның талабы бойынша жөнелту портына немесе жақын маңайдағы елдi мекенге өз есебiнен жеткiзуге мiндеттi.

      65-бап. Талап етілмеген багаж

      1. Кеме портқа келген күннен бастап үш ай iшiнде талап етiлмеген багаж сатылуы мүмкiн.
      2. Багаждың түбiртегiн көрсетушiнің қуыным мерзiмi iшiнде осы баптың 1-тармағына сәйкес сатудан түскен сомадан талап етiлмеген теңдеме жүктi сақтау мен оны сату кезінде тасымалдаушы келтiрген шығындарды шегере отырып, алуға құқығы бар.

      66-бап. Почта жөнелтiлiмдерін тасымалдау

      1. Почта байланысы ұйымдарына тұрақты рейстер жасайтын кемелерде белгiленген ақымен әрi өз қызметкерлерінің iлесiп жүруiмен почта жөнелтілiмдерін тасымалдауға құқық берiледi.
      Почта байланысы ұйымдары қызметкерлерiнің iлесiп жүруiмен почта жөнелтiлімдерiн тасымалдауды жүзеге асырушы кемелерде почта операцияларын жүргiзу, почта жөнелтiлімдерін сақтау және почта байланысы ұйымдары қызметкерлерiнің демалысы үшiн белгiленген тәртіппен ақылы үй-жайлар ұсынылады.
      2. Почта жөнелтiлімдерін су көлiгiмен тасымалдау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      3. Тасымалдаушының кiнәсiнен почта жөнелтiлiмдерiнiң жоғалғаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушының почта байланысы ұйымдарының алдындағы жауапкершілік почта байланысы ұйымдарының жөнелтушi немесе адресат алдындағы жауапкершілiгi мөлшерiнен аспауға тиiс.

13-тарау. Кемелерді, салдарды және өзге де
жүзбелі объектілерді жетекке алу

      67-бап. Жетекке алу шарты

      1. Жетекке алу шартына сәйкес бiр тарап (жетекке алушы) кеменi, салды немесе өзге де жүзбелi объектілердi жетекке алу талаптарын сақтай отырып, бару пунктiне уақтылы және сол күйінде жетекке алып жеткiзіп, оны көлiк жүкқұжатында көрсетiлген тұлғаға өткізуге, ал екiншi жақ (жөнелтушi) жетекке алу үшiн жетекке алынатын объектiнi берiп, ол үшiн төлем жасауға міндеттенедi.
      2. Жетекке алынатын объектiлердi жетекке алу (бұдан әрi - жетекке aлу) уәкiлеттi орган белгілеген кемелердi және салдар мен өзге де жүзбелi объектiлердi жетекке алу шартына және жетекке алу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады. Кемелердi және салдар мен өзге де жүзбелi объектілердi жетекке алу ережесi мынадай тәртiп пен шарттарды белгiлейді:
      1) жүк құжатын, тасымалдау және өзге де құжаттарды ресiмдеу;
      2) жетекке алуды ұйымдастыру;
      3) жетекке алу бойынша қызметтер көрсетуге төлем жасау;
      4) жетекке алынатын объектiнi жетекке алу үшiн көрсету;
      5) экипаж бен жеткiзушiлердiң құрамына қойылатын талаптар;
      6) жетекке алынатын объектiні жөнелту, қабылдау және тапсыру.

14-тарау. Ортақ апат кемелерді және басқа
мүліктерді құтқару

      68-бап. Кемелердi және басқа мүлiктердi құтқару кезiнде
               туындаған қатынастарды реттеу

      Кемелердi және басқа мүліктердi құтқару кезiнде туындаған қатынастарды реттеу сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы заңдарда көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

15-тарау. Актілер, талап етулер, қуынымдар
мен қуыным мерзімі

      69-бап. Актілер

      1. Жүк тасымалдаушының, жетекке алушының, жiберушiнің, алушының жетекке алынатын объектiлердi жiберушілер мен оларды алушылардың, сондай-ақ шығындар, жолаушының заттық жауаптылығы үшiн негiз болып табылатын мән-жай коммерциялық актiлер немесе жалпы нысандағы актiлер арқылы куәландырылады.
      Коммерциялық актi мен жалпы нысандағы актiнің нысандары, сондай-ақ оларды толтыру ережелерi жүктердi тасу ережелерiнен және жолаушылар мен теңдеме жүктердi тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.
      2. Тасымалдаушы жүктi, теңдеме жүктi немесе жетекке алынған объектiнi бергенде мынадай жағдайларды:
      1) жүктiң, теңдеме жүктің немесе жетекке алынған объектiнің нақты атауының, жүктің немесе теңдеме жүк салмағының, жүк орындары немесе теңдеме жүк орындары санының тасымалдау құжатында көрсетiлген мәлiметтерге сәйкес еместiгiн;
      2) жүктің, теңдеме жүктің немесе жетекке алынған объектiнің жоғалуы, жетiспеуi және бүлiнуi (бұзылуын);
      3) тасымалдау құжаттары жоқ жүктi, теңдеме жүктi немесе жетекке алынған объектiнi, сондай-ақ жүксiз, теңдеме жүксiз немесе жетекке алынған объектiсiз тасымалдау құжаттарының анықталғанын;
      4) зақымданған салдағы ағаш пен такелаждың жетiспейтiнiн;
      5) ұрланған жүктің, теңдеме жүктің немесе жетекке алынған объектiнің қайтарылғанын куәландыру үшiн коммерциялық актi жасауға міндеттi.
      Тасымалдаушы тасымалдау құжаттарында коммерциялық акт жасалғаны туралы белгi қоюға тиiс.
      Коммерциялық акт жасаудан бас тарту немесе оны белгiленген талаптарды бұза отырып рәсiмдеу Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен шағымдануы мүмкiн.
      3. Тасымалданатын сұйық жүктердiң жетiспеуi немесе бұзылуы жүк тасымалдау ережелерiмен белгiленген тәртiпте тасымалдау құжаттарымен куәландырылады.
      4. Коммерциялық акт:
      1) тасымал үшiн қабылданған жалпы жүзу кезеңi есептiк жағдайына орай жүк салмағының табиғи кему нормасы, тасымалдау кезінде ылғалдық немесе қоқыс процентiнің төмендеу нормасы, таразылау құралдары көрсеткiштердегi ауытқу, жүк салмағындағы айырма нормалары шегінде жетiспегенде;
      2) жеткiзiлуi техникалық ақаусыз кемеде немесе жабу-сүргiлеу тетiктерi бүлiнбеген контейнерлерде не жүктi жiберушi немесе жүктi алушының өкiлi қатысса жүзеге асырылған жүктердi беру кезiнде жасалмайды.
      5. Жалпы нысандағы акт осы баптың 2-тармағында қарастырылмаған мән-жайларды куәландырған жағдайда жасалады.
      6. Актіні жасауға қатысушы тараптар, оған қол қоюдан бас тартуға хақылы. Тараптар акт мазмұнымен келiспесе, онда өз пiкiрлерiн баяндауға хақылы.
      7. Жалған ақпараты бар актiнi жасаған немесе оған қол қойған тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгiленген тәртіппен жауапқа тартылады.

      70-бап. Талап етулерді ұсыну шарттары мен тәртiбi

      1. Тасымалдау (жетекке aлу) шартынан туындайтын талап етулер жүк тасымалдаушыға қуыным мерзiмi аяқталғанға дейiн ұсынылуы мүмкiн.
      2. Жолаушыларды, теңдеме жүктi, жүктi тасымалдауға немесе жетекке алынатын объектiнi сүйреуге байланысты туындайтын талап етулер тасымалдаушыларға немесе жетекке алушыларға олардың орналасқан жерлерi бойынша ұсынылады.
      3. Жүктің жоғалуы, жетiспеуi және бүлiнуi (бұзылуы) туралы талап етулерге тасымалдау құжаттарынан басқа талап етулердi ұсынуға құқық беретiн құжаттар және жөнелтiлген жүктің саны мен құнын куәландыратын құжаттар тiркелуге тиiс. Тасымалдау құжаттар түпнұсқада ұсынылады.

      71-бап. Талап етулер мен қуынымдарды ұсыну құқығы

      1. Тасымалдаушыға немесе жетекке алушыға:
      1) жүктің немесе жетекке алынған объектiнің келмегенi туралы тасымалдаушының немесе жетекке алушының жүктi тасымалдау үшiн немесе жетекке алынатын объектiнi сүйреуге қабылдағаны туралы белгiсi бар түбiртектi ұсынса - жүктi жөнелтушi мен алушының немесе жетекке алынатын объектiнi жөнелтушi мен алушының - жүк немесе жетекке алынатын объект жоғалған жағдайда;
      2) олар көлiктiк тауар құжаттамасын, сұйық жүк тасымалдағанда коммерциялық актiнi немесе тасымал құжатын, ал коммерциялық акт болмағанда - коммерциялық актіні жасаудан бас тартуға шағым берiлгенi туралы құжатты ұсынса - жүктi алушының немесе жетекке алынған объектiнi қабылдаушының - жүк жетiспеген немесе бүлiнген (бұзылған) не жетекке алынған объект бүлiнген жағдайда;
      3) көлiктiк тауар құжаттамасын ұсынса, жүктi жөнелтушi, жүктi алушы немесе жетекке алынатын объектінi жөнелтушi, алушы, тасымал ақысын және басқа да өтемдердi белгiленген мөлшерден артық төлеген жағдайда;
      4) теңдеме жүк түбiртегiн көрсеткенде жолаушы - теңдеме жүк жоғалған жағдайда;
      5) тасымалдаушы берген теңдеме жүктің жетiспейтiндiгi немесе бүлінгенi (бұзылғаны) туралы коммерциялық актiнi ұсынушы - теңдеме жүк жетiспеген немесе бүлiнген (бұзылған) жағдайда;
      6) билетiн көрсеткен кезде жолаушы - жолаушы кемесінің шығуы ұсталған немесе келуі кешiккен жағдайда;
      7) көлiктiк тауар құжаттамасын ұсынған кезде жүктi алушы немесе жетекке алынған объектіні алушы - жүктің немесе жетекке алынатын обектiнің жеткiзілуі мерзiмi сақталмаған жағдайда құқық пайда болады.
      2. Осы бапта қарастырылған талап етулер мен қуынымдарды ұсыну құқығы тапсыру шартын немесе сенiмхатты дұрыс рәсімдеген жағдайда жүк жөнелтушiге, жүк алушыға және өзге заңды және жеке тұлғаларға берiлуi мүмкін.

      72-бап. Талап-тілектерді қарау мерзiмi

      1. Талап-тiлектер ол алынған күннен бастап екi апта мерзімде қаралуға тиiс.
      2. Бiр құжатпен тiкелей аралас қатынас арқылы жүзеге асырылатын тасымал бойынша талап-тілектер - үш ай мерзiмде қаралады.
      Осы бапта көзделген мерзімде талап-тiлектер өзгертiлмесе немесе мерзiмінде жауап берiлмесе, шағынушының қуынуға құқық пайда болады.

      73-бап. Қуыным мерзiмiнің уақыты

      1. Тасымалдаушыға (жетекке алушыға) ішкi су жолдары арқылы жүк тасымалдау шартынан туындайтын қуыным тасымалдаушының талап етулердi орындаудан толық немесе iшiнара бас тартқанда не ұсынылған талап етулерге тасымалдаушыдан жауап ала алмаған жағдайда жасалуы мүмкiн.
      2. Қуыным мерзiмi уақытының өтуi талап етудi ұсынуға негiз болған оқиғаның туындаған күнiнен басталады.
      3. Қуыным мерзiмiнің уақыты:
      1) жүктердi тасымалдау (жетекке алу) шарты бойынша - бiр жыл;
      2) жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау шарты бойынша - алты ай болып белгiленедi.
      4. Кемелердің қақтығысуына және құтқару операцияларын жүзеге асыруға байланысты туындаған талаптар бойынша қуыным екi жыл iшiнде ұсынылуы мүмкін.

16-тарау. Тасымалдаудан туындайтын міндеттемелер
бойынша жауапкершілік

      74-бап. Тасымалдау бойынша міндеттемелерді
               бұзғаны үшiн жауапкершілiк

      1. Тасымалдаудан шығатын міндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда тараптарға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, тасымалдау шарттарында, сондай-ақ олардың негiзінде жасасатын шарттарда белгiленген негiз бен мөлшер бойынша жауапкершілiк жүктеледi.
      2. Тараптардың осы Заңмен белгiленген жауапкершiлiктi шектеу немесе жою мақсаты бар келiсiмінің күшi жүрмейдi.
      Тараптар өзара келiсiм бойынша осы Заңда белгiленген жауапкершiлiк мөлшерiн ұлғайта, сондай-ақ тасымалдау шарты бойынша қосымша жауапкершiлiктi қарастыра алады.
      3. Тасымалдаушылардың тасымалдау жөніндегi, соның iшiнде тiкелей аралас және халықаралық жол қатынасында, міндеттерді орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн өзара жауапкершiлiк осы Заңмен жүктердi тасымалдаушылар арасындағы келiсiмдермен айқындалады.
      4. Тасымалдауды бiрнеше тасымалдаушы жүзеге асырған жағдайда олар жүк жөнелтуi, жүк алушы алдында жүктің, теңдеме жүктің жоғалғаны, зақымданғаны (бүлiнгенi), жетiспеушiлiгi, жеткiзудiң уақытын өткiзiп алғандығы үшiн бiрдей жауапкершiлiкте болады.
      5. Тасымалдаушы өзге тасымалдаушыға, жүк жөнелтушiге, жүк алушыға, экспедиторға, егер оларға олардың кiнәсінен болған жауапкершiлiк жүктелсе, керi талап қоюға құқылы.

      75-бап. Тұрақсыздық айыбы

      1. Тасымалдау жөніндегi міндеттердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн кiнәлi тарап Азаматтық кодексте, осы Заңда немесе шартта белгiленген мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейдi.
      2. Тасымалдаушыға тиесiлi төлемдердi төлey уақытын өткiзiп алғаны үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген өзгенiң ақшалай қаржысын заңсыз пайдаланғаны үшiн жауапкершілiк мөлшерінде тұрақсыздық айыбы өндiрiп алынады.

      76-бап. Жолаушының өмiрi мен денсаулығына зиян
               келтiргенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi

      1. Тасымалдаушыға тасымалдау кезінде жолаушының өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиян үшін, егер жолаушыны тасымалдау шартында тасымалдаушыға неғұрлым жоғары мөлшерде жауапкершілiк көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiк жүктеледi.
      2. Жолаушының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн, тасымалдаушының жауапкершiлiгi жолаушы кемеде болған кезеңде және кемеге отырғызу (түcipу) кезiнде кеме аумағында басталады.

      77-бап. Жүктердi тасымалдауға немесе жүзбелi
             объектiлердi жетекке алуға берiлген өтiнiмдерді
             орындамағаны үшiн жауапкершiлiк

      Тасымалдаушы, жетекке алушы жүктi тасымалдауға көлiк құралдарын немесе жетекке алуға жетекке алынатын объектіні қабылданған өтiнiмге немесе шартқа сәйкес бермегендiгі үшiн жүк жөнелтушiге немесе жетекке алынатын объектiнің жөнелтушiге жүктi немесе жетекке алынатын объектiнi бермегенi, сондай-ақ берiлген көлiк құралдарын өзге себептермен пайдаланбағаны үшін, айлық есептiк көрсеткiш көлемiнен пайызбен шегерiлген айыппұл түрінде мынадай мөлшерлерде жауапкершiлiк жүктеледі:
      1) кемеде жүк тасымалдау және жүзбелi объектiнi жетекке алу кезiнде - жүктің немесе жетекке алынған объектiнің әрбiр тоннасы үшiн айлық есептiк көрсеткiш шамасының 0,3 мөлшерi;
      2) жүктердi контейнерлерде тасымалдау кезiнде:
      брутто көлемi қоса есептегенде 5 тоннаға дейiн әрбiр контейнер үшiн айлық есептiк көрсеткiш шамасының 1,5 мөлшерi;
      брутто көлемi 5 тоннадан қоса есептегенде 10 тоннаға дейiн әрбiр контейнер үшiн айлық есептiк көрсеткіш шамасының 3,5 мөлшерi;
      брутто көлемi 10 тоннадан жоғары әрбiр контейнер үшiн айлық есептiк көрсеткiш шамасының 7 мөлшерi;

      78-бап. Жүктi немесе жетекке алынған объектiнi жеткiзу
               мерзiмiн бұзғаны үшiн жауапкершілiк

      Жүктi немесе жетекке алынған объектiнi жеткiзу мерзiмiн сақтамағаны үшiн тасымалдаушы немесе жетекке алушы жүк алушының немесе жетекке алынған объектiнi алушының талабы бойынша әрбiр мерзiмi өткен тәулiк үшiн тасымалдау төлемiнің 9 пайызы, бiрақ, егер олар мерзiмдi өткiзiп алу өздерiнің кiнәсiнен емес екенiн дәлелдесе, тасымалдау төлемiнің 50 пайызынан аспайтын мөлшерде айыппұл төлейді.

      79-бап. Жолаушыны, қолжүгiн жеткiзу мерзiмiн бұзғаны
               үшiн жауапкершiлiк

      1. Жолаушылар кемесiн жөнелтудi ұстап қалғаны немесе оның кешiгiп келгенi үшін қала маңы, қала іші маршруттары бойынша тасымалдауды, сондай-ақ жолаушыларды өткелдерден тасымалдауды қоспағанда, тасымалдаушы жолаушыға ұстап қалынған немесе кешiктiрiлген әрбiр сағат үшiн, егер тасымалдаушы мұндай ұстап қалу немесе кешiгiп келу өзiнің кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, тасымалдау төлемiнің үш пайызы мөлшерінде айыппұл төлейдi.
      Өндiрiліп алынған айыппұл сомасы тасымалдау төлемiнің мөлшерiнен аспауы тиiс.
      Көрсетiлген айыппұлдарды төлеу жолаушыларды тасымалдау ережесiне сәйкес жолаушының өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
      2. Теңдеме жүктi мерзiмiн өткiзiп алған әрбiр тәулiк үшiн тасымалдаушы жолаушыға, алушыға тасымалдау төлемiнің 5 пайызы мөлшерінде, бiрақ, егер мерзімін өткiзіп алу өзiнің кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, оның тасымалдау көлемiнен аспайтын мөлшерде, айыппұл төлейдi.

      80-бап. Жүктiң, теңдеме жүктiң жоғалғаны, жетiспеушiлiгі
               немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн
               тасымалдаушының жауапкершілігі

      1. Тасымалдаушыға жүктің, теңдеме жүктің жоғалғаны, жетiспеушiлiгi немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн оны тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап оларды жүк алушыға немесе теңдеме жүктi алуға уәкiлеттi тұлғаға берген сәтке дейiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiк жүктеледi.
      2. Тасымалдауға құндылығы жариялаусыз қабылдаған жүктің теңдеме жүктің жоғалғаны, жетiспеушiлiгi немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдауға мынадай мөлшерлерде жауапкершілiк жүктеледі:
      1) жоғалған немесе жетiспеген жағдайда - жоғалған не жетiспеген жүк, теңдеме жүк құнының мөлшерiнде;
      2) жүк, теңдеме жүк зақымданғанда (бүлiнгенде) - жүк, қолжүгi құнының қанша сомаға төмендегенi мөлшерінде.
      3. Тасымалдауға құндылығы жариялаусыз қабылдаған жүктің, теңдеме жүгiнің жоғалғаны, жетiспеушiлігi немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушыға жарияланған құндылық мөлшерлерде жауапкершiлiк жүктеледi.
      4. Егер жүк, теңдеме жүк келу портына жеткiзу мерзiмi аяқталғаннан кейiн отыз тәулiк iшінде келмесе, жоғалған деп есептеліп, мұндай жүктiң, құндылығы осы баптың 2-тармағында көзделген мөлшерде өтеп алуға жатады.
      Жүк, теңдеме жүк көрсетiлген мерзiм iшінде келген жағдайда жүк алушы немесе теңдеме жүктi алушы оны бұрын жүктi немесе теңдеме жүктi жоғалтқаны үшiн алған соманы тасымалдаушыға қайтара отырып, ала алады.
      5. Жүктің немесе теңдеме жүктің құны оның сатушы есебiнде көрсетiлген немесе шартта көзделген бағасынан шыға отырып, ал есебi болмаған немесе шартта бағасы көрсетiлмеген кезде - салыстырмалы жағдайларда әдетте осыған ұқсас тауарлар үшiн өндірiп алынатын бағадан шыға отырып айқындалады.
      6. Тасымалдаушы жүктi немесе теңдеме жүктiң жоғалуынан, жетiспеушiлігінен, зақымдануынан (бүлiнуiнен) келген залалмен қатар клиентке, егер тасымалдау ақысы жүктің немесе теңдеме жүктің құнына кiрмесе, мұндай жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдағаны үшiн алған тасымалдау ақысын қайтарады.

      81-бап. Жетекке алынған объектiнiң жоғалғаны немесе
               зақымданғаны үшiн жетекке алушының
               жауапкершiлiгi

      1. Жетекке алушыға жетекке алынған объектiнің жоғалғаны немесе зақымданғаны үшiн жетекке алынатын объектiнi қабылдаған сәттен бастап, оны алушыға берген сәтке дейiн, егер жоғалту зақымдау (бүлiну) өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жауапкершiлiк жүктеледi.
      2. Жетекке алынған объектi жоғалған жағдайда жетекке алушыдан жоғалған жетекке алынған объектінің құны мөлшерiнде залал және оны жетекке алғаны үшiн төлем, егер бұл төлем жоғалған жетекке алынған объектінің құнына кiрмесе, өндiрiп алынады.
      3. Жетекке алынған объектi, салды қоспағанда, зақымданған (бүлiнген) кезде жетекке алушыдан жетекке алынған объектiнi жөнелтушi немесе алушы белгiлеген, жетекке алынған объектiнi жөндеу құны өндiрiп алынады. Келiспеушiлік туындаған кезде жетекке алынған объектінi жөндеу құнын тәуелсiз сараптамашы белгiлей алады.
      4. Жетекке алушының кiнәсiнен сал зақымданған кезде ол:
      салды жөнелтушiге (алушыға) - жоғалған такелаждың құнын;
      ұйымдарға - тараптардың келiсiмiмен немесе заңдармен айқындалған өзге органның шешiмiмен ағаш жиынтығының, бiрақ, мұндай ағаш жиынтықталған орнынан осыған ұқсас тауар үшiн әдетте өндiрiп алынатын бағадан шыға отырып, сал мен көлiк оқиғасы болған сәттегi ағаштың толық құнынан артық емес, құнын төлейдi.
      5. Жетекке алынған объекті, егер шартта көрсетiлген жетекке алу мерзiмi аяқталғаннан кейiн 10 күн iшiнде беру портына (пунктiне) келмесе, жоғалған деп есептеледi.
      Егер жетекке алынған объектi көрсетiлген мерзiм iшінде келсе, тасымалдаушы жүктің, теңдеме жүктің жоғалғаны үшiн төленген соманы талап етуге құқылы.

      82-бап. Жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының жауапкершiлiгi

      1. Көліктiк жүкқұжатта жүк атауы, жүк тасымалдау кезінде айрықша таңбалар мен қажеттi алдын алу шаралары дұрыс көрсетiлмегенi үшін тасымалдауға тыйым салынған жүктi ұсынғаны үшiн немесе жүк қасиетiн дұрыс көрсетпегенi үшiн жүк жөнелтушіден аталған жағдайлар келтiрген шығындарды тасымалдаушыдан қайтаруға қарамай мұндай жүктi оны тасмалының барлық қашықтығына тасымалдағаны үшiн бес еселенген төлем мөлшерінде айыппұл салынады.
      2. Солардың кiнәсiнен орын алған кемелерi нормадан көп тұрып қалғаны және солардан контейнерлерді қайтаруды ұстап қалғаны үшін, тараптардың келiсiмiмен белгiленген мөлшерде, жүк жөнелтушіден, жүк алушыдан айыппұл өндірiп алынады.
      3. Жүктердi түсiргеннен кейiн кемелердi немесе контейнерлерді тазаламағаны үшiн жүк алушы тасымалдаушыға тазалау жөніндегi жұмыстар құнын екi еселенген мөлшерде төлеуге міндетті. Тасымалдаушының, жүк алушы оларды тазалау жөнiндегi жұмыстарды орындағанға дейінгi кезде тазаланбаған кеменi немесе контейнердi тазалаудан, кеменiң немесе контейнердің нормадан көп тұрып қалғаны үшiн айыппұлды өндіріп ала отырып, бас тартуға құқығы бар.
      4. Кеменің контейнердің немесе пакеттегi құралдарының зақымданғаны үшiн кiнәлi тараптан қажеттi жөндеу жұмысы өндiрiлiп алынады.

      83-бап. Жол жүру құжаттары жоқ жолаушының жауапкершiлiгi

      Жол жүру құжатынсыз жүргенi үшiн жолаушыдан Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк жауапкершiлігі туралы заңнамаға сәйкес шерінде айыппұл өндiріліп алынады.

      84-бап. Жауапкершілiктен босату

      1. Тараптар тасымалдау жетекке алу шарттарынан шығатын міндеттердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн жауапкершiлiктен Азаматтық кодексте, осы Заңда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер бойынша жауапкершiлiктен босатыла алады.
      2. Тараптар, егер міндеттерді орындамау немесе тиiсiнше орындамау:
      1) еңсерiлмес күштің, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың;
      2) әскери iс-қимылдардың, төтенше жағдай енгізудің;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен жарияланған жүктердi ауыстыруды, кемелер мен басқа да жүзбелi объектiлердің қозғалысын тоқтату немесе шектеу салдарынан болса, жауапкершiлiктен босатылады.
      3. Тасымалдаушы, жетекке алушы сонымен қатар:
      1) мiндеттемелер жолаушының, жүк жөнелтушiнің, жүк алушының, жөнелтушiнің, алушының, экспедитордың кiнәсi бойынша орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған;
      2) көлiк ыдысының, немесе олардың қасиеттерiнің жасырын кемшiлiгi салдарынан жүк, багаж сақталмаған;
      3) табиғи кему нормасының шегiнде жүк көлемiнде айырмашылықтар болған, ылғалдылығы төмендеген және таразы аспаптарының көрсеткiштерінде нормалар ауытқыған, сондай-ақ тасымалдаушының қатысуынсыз жүк жөнелтушi айқындаған салмақ бойынша тасымалдауға қабылданған жүк көлемінде айырмашылықтар болған;
      4) жүк жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының жолсерігiнің iлесіп жүруімен тасымалданған кезде жауапкершiлiктен босатылады.
      4. Жүк жөнелтушiнi, жөнелтушi, егер жүк немесе жетекке алынған объектi тасымалдау немесе жетекке алу жағдайлар салдарынан берiлмеген болса, осы Заңның 120-бабында көзделген жауапкершiлiктен босатылады.

      85-бап. Тiкелей аралас жол қатынастарында жүктерді
               тасымалдауды жүзеге асыру кезіндегi
               жауапкершiлiк

      1. Жүктердi оларды ауыстырып тиеу порттарына бергенге дейiн жүктердің сақталмағаны үшiн жауапкершiлiк - жүктi өткiзуден тарапқа, бергеннен кейiн жүктi қабылдаған тарапқа жүктеледi.
      2. Iшкi су көлiгi ұйымдарының және басқа көлiк түрлерi ұйымдарының тiкелей аралас жол қатынасында тасымалдау үшiн қабылданған жүктердің сақтамағаны үшiн жауапкершілігі Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңымен айқындалады.
      Iшкi су көлiгi ұйымдарының және басқа көлiк түрлерi ұйымдарының жүктерi жоғалуындағы, жетiспеушілігi және зақымдануындағы (бүлiнуiндегi) кiнәсiн белгiлеу кезiнде жауапкершiлiк көрсетiлген ұйымдарға жүктеледi.

      86-бап. Осы Заңның күшiне eнуі

      Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады