Қазақстан Республикасының кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 қазандағы N 1019 қаулысы

      Кеден органдарының экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегi рөлiн арттыру, заңнамалық базаны жетiлдiру, кеден рәсiмдерiн оңтайландыру және оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жыл сайын 1 ақпанға және 1 тамызға Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы  N 38 қаулысымен.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысына жүктелсiн.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы  N 38 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң        
2003 жылғы 3 қазандағы  
N 1019 қаулысымен    
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасының кеден қызметiн дамытудың
2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы

  1. Паспорт

___________________________________________________________________
Бағдарламаның атауы      Қазақстан Республикасының кеден қызметiн
                         дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған
                         бағдарламасы
Негiзгi әзiрлеушi        Қазақстан Pecпубликасының Кедендiк бақылау
                         агенттiгi
Бағдарламаның негiзгi    Қазақстан Республикасының сыртқы сауда
мақсаты                  қатынастарын дамыту және экономикалық
                         қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн кедендiк
                         әкiмшiлендiрудiң нысандары мен әдiстерiн
                         халықаралық талаптар мен стандарттарға
                         сәйкес келтiру
Бағдарламаны әзiрлеу     Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң
қажеттiлiгiнiң           қабылдануына байланысты заңнамалық базаны
негiздемесi              оған сәйкес келтiру және одан әрi
                         жетiлдiру талап етiледi. Қазақстанның
                         халықаралық конвенцияларға қосылуы және
                         Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енуi шеңберiнде
                         iс-шаралар жүргiзу. Халықаралық шарттардың
                         iс жүзiнде iске асырылуын қамтамасыз ету,
                         таяу және алыс шетелдердiң кеден
                         қызметтерiмен жедел ақпарат алмасуды
                         тұрақты негiзде жүзеге асыру үшін кеден
                         органдарының материалдық жағынан нашар
                         жарақтандырылуы мәселесiн шешу талап
                         етiледi.
Бағдарламаның негiзгi    Кедендiк әкiмшiлендiрудi жетiлдiру, 
мiндеттерi               кедендiк бақылау әдiстерi мен нысандарының
                         тиiмдiлiгiн арттыру; қазiргi заманғы
                         ақпараттық технологияларды одан әрi енгiзу;
                         кеден статистикасын дамыту және оның
                         базасында сыртқы сауданың сенiмдi
                         статистикасын қалыптастыру; шекаралас
                         мемлекеттердiң кеден қызметтерiмен өзара
                         iс-қимылды нығайту.
Бағдарламаны             Pecпубликалық бюджет қаражатынан
қаржыландыру көздерi     12 320,9 млн. теңге, оның iшiнде 2004
                         жылы - 3 548,6 млн. теңге, 2005 жылы -
                         4 554,4 млн. теңге, 2006 жылы - 4 217,9
                         млн. теңге сомасында қаржыландыру көлемi
                         талап етiледi.
Бағдарламаны iске асыру  2004-2006 жылдар
мерзiмдерi
Күтiлетiн нәтижелер      Бағдарламаны iске асырудың нәтижесiнде оның
                         материалдық-техникалық базасы одан әрi
                         дамиды және жаңарады, сыртқы экономикалық
                         қызметке қатысушыларға кедендiк қызмет
                         көрсету технологиясы жақсарады, кеден
                         қызметкерлерiнiң кәсiби даярлық деңгейi
                         артады, кеден қызметiн заңнамалық,
                         нормативтiк құқықтық, әдiстемелiк және
                         ақпараттық қамтамасыз ету жақсарады.
                         Тұтастай алғанда кеден жүйесiнiң жұмыс
                         істеу тиiмдiлiгi артады. 2004-2006
                         жылдардағы мемлекеттiк бюджетке кедендiк
                         төлемдер мен салық түсiмдерiнiң болжамды
                         өсiмi тұтастай алғанда 100,0 млрд. теңге
                         болады: 2004 жылы - 31,0 млрд. теңге, 2005
                         жылы - 34,0 млрд. теңге, 2006 жылы - 35,0
                         млрд. теңге.
____________________________________________________________________

  2. Кiрiспе

      Мақсаты отандық рынокты қорғаудан, ұлттық экономиканың құрылымдық қайта құрылуын ынталандырудан, кеден төлемдерi мен салықтарының eң көп жиналуын қамтамасыз ететiн тиiмдi кедендiк әкiмшiлендiрудi ұйымдастырудан көрiнетiн кеден саясаты ел дамуының орта және ұзақ мерзiмдi стратегиясының ажырамас бөлiгi болып табылады.
      Кеден саясатын табысты iске асыру кеден қызметiнiң даму деңгейiне, оның беделi мен құзыреттiлiгiн халықаралық сауда қоғамдастығының тануына, сондай-ақ ел iшiндегi кең әлеуметтiк қолдауға тiкелей тәуелдi болады.
      Кеден қызметiн одан әрi жетiлдiру қажеттiлiгi кеден органдары қызметiнiң сапасы мен тиiмдiлiгiне, оның халықаралық iскерлiк және сауда операцияларын жүзеге асыру практикасына сәйкестiгiне қойылатын жоғары талаптарға негiзделген.
      Кеден саясатының құрамдастарын негiзге ала отырып, кеден қызметiнiң одан әрi дамуы кеден органдары қызметiнiң мынадай негiзгi бағыттары бойынша жүзеге асырылуы тиiс:
      мемлекеттiң экономикалық мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысу;
      әлемдiк сауда қоғамдастығымен, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен, халықаралық кеден ұйымдарымен, басқа елдердiң кеден органдарымен үйлесiмдi қарым-қатынастарды ұстану және дамыту;
      сыртқы экономикалық қызметтi кедендiк-тарифтiк реттеу тетiгiн қалыптастыруға қатысу;
      сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тең құқықтарын қамтамасыз ету, контрабанда мен кеден ережелерiн бұзушылықтардың жолын кесу;
      кеден рәсiмдерiн жүзеге асыру кезiнде тиiмдiлiк пен айқындылықты арттыру;
      кеден органдары қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейiн көтеру, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендiк қызмет көрсету саласында және қызметтiң өз iшiнде жалпы және кәсiптiк әдеп нормалары мен құндылықтарын қалыптастыру және ұстану.
      Кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) қазiргi кезеңде кеден органдарының алдында тұрған мiндеттердiң тиiмдi шешiлуiн қамтамасыз ету мақсатында кеден қызметiнiң жұмысын оның барлық бағыттары бойынша одан әрi жетiлдiруге бағытталады.

  3. Проблеманың қазiргi кездегi жай-күйiн талдау

      Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу кезiнде фискальдық, бақылау функцияларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес құқық қорғау органдарының функцияларын орындай отырып, кеден қызметi соңғы жылдары өзiнiң мемлекет жүргiзiп отырған сыртқы экономикалық саясаттағы рөлiн елеулi түрде күшейттi.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қарашадағы N 1746  қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының кеден қызметiн реформалаудың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасын" iске асыру кеден қызметiн дамытудағы елеулi қадам болып табылды.
      Қазақстанның әлемдiк экономикалық қатынастар жүйесiне ықпалдасу процесi кеден iсi саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру қажеттiлiгiн алдын ала белгiледi. Осы мақсатта 2003 жылғы 1 мамырдан бастап күшiне енген Қазақстан Республикасының Кеден кодексі әзiрленiп, қабылданды, онда кеден рәсiмдерiн үйлестiру мен оңайлату мақсатында халықаралық конвенциялардың ережелерi ескерiлдi, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен өзара қарым-қатынастардың жаңа қағидаттары мен кеден органдары жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру тетiктерi енгiзiлдi.
      Кеден кодексiн iске асыру үшiн оның бiртектi қолдануы мақсатында кеден iсi саласында нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлендi, қабылданды және жүйелендiрiлдi.
      Қазақстан Республикасының кеден қызметiн реформалаудың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру барысында кедендiк әкiмшiлендiру нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру үздiксiз негiзде жүзеге асырылды. Оның мақсаты оларды сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшiн неғұрлым айқын және түсiнiктi ете отырып, кеден рәсiмдерiн оңайлату болды, бұл, өз кезегiнде, олар үшiн қолайлы жағдайлар жасайды.
      Кедендiк ресiмдеу тәртiбiн оңтайландыру мақсатында мамандандырылған кеден бекеттерiнде - "Кедендiк ресiмдеу орталықтарында" кедендiк бақылауды құжаттыққа және iс жүзiндегiге бөлу қағидатына сәйкес келетiн және "күнбе күн" әдiсi бойынша кеден рәсiмдерiн жүргiзудiң ұзақтығын қысқартуға ықпал ететiн кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылаудың үш кезеңдi тетiгi енгiзiлдi. 2002 жылдың қорытындылары бойынша жүк кедендiк декларациялардың 84%-ға жуығы бiр жұмыс күнi iшiнде ресiмделдi.
      Бiрнеше жыл iшiнде республиканың кеден қызметi фискальдық функциясын орындау кезiнде тұрақты оң серпiнге қол жеткiздi. 2002 жылы мемлекеттiк бюджетке 155,3 млрд. теңге аударылды, бұл 1999 жылдың түсiмдерiнен 4 еседен астам артық (1-кесте).

                                                           1-кесте
___________________________________________________________________
                                     | 1999 | 2000 | 2001  | 2002
       Көрсеткiштер                  |  жыл |  жыл |  жыл  |  жыл
___________________________________________________________________
Кеден төлемдерi мен салықтарының       38,2   58,7   102,5   155,3
түсiмi, млрд. теңге

Алынған кеден төлемдерi мен
салықтарының импорт көлемiне           7,5%   8,7%   11,1%   15,4%
қатынасы

Бюджетке салық түсiмдерiнiң жалпы
сомасындағы кеден төлемдерi мен        11,8%  11,3%  14,2%   19,6%
салықтарының үлес салмағы
___________________________________________________________________

      Мемлекеттiк бюджетке салық түсiмдерiнiң жалпы сомасындағы кеден төлемдерi мен салықтарының үлес салмағы 1999 жылғы 11,8%-дан 2002 жылы 19,6%-ға дейiн өстi.
      Мұндай нәтижелерге қол жеткiзуге кеден органдарының қызметiне қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды енгiзу және пайдалану көбiне көп ықпал еттi. 2001 жылғы шiлдеде кеден органдарын басқарудың тiк құрылымын нығайтуға, ақпараттармен алмасу процестерiн елеулi түрде жеделдетуге мүмкiндiк берген Қазақстан Республикасының кедендiк автоматтандырылған ақпарат жүйесiнiң (ҚР КААЖ) бiрiншi кезегi енгiзiлдi.
      ЕурАзЭҚ елдерi Кеден Қызметтерiнiң Басшылары Кеңесiнiң шешiмiне сәйкес республиканың кеден қызметi Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер кеден қызметтерiнiң ақпараттық ресурстарымен автоматтандырылған алмасу жүйесiн құру жөнiнде ұсыныстар дайындауды жүргiзуде.
      2000-2002 жылдар iшiнде кеден органдарының сыртқы байланыстарды дамыту жөнiндегi қызметi жанданды, халықаралық сауда және кеден ұйымдарына ықпалдасу процестерi жалғасты, шет елдермен кеден мәселелерi бойынша бiрқатар екi жақты және көп жақты шарттар мен келiсiмдер жасалды.
      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының орындалуына үлкен назар аударылды. Бұл бағыттағы алдын алу жұмысының тиiмділігi туралы соңғы жылдар iшiндегi кеден органдарында анықталған құқық бұзушылықтардың қысқаруы бойынша таразылауға болады: 2000 жылы - 200, 2001 жылы - 185, 2002 жылы - 142 құқық бұзушылық.
      Кеден органдары жұмысының маңызды саласы экономикалық қылмыстарға және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға қарсы күрес, тауарлар мен көлiк құралдары, есiрткi заттары мен прекурсорлар, қару-жарақ, оқ-дәрiлер, республика үшiн мәдени және тарихи құндылығы бар заттар контрабандасының жолын кесу болып қала бередi. Оларға қатысты кеден органдары қылмыстық iстер қозғаған анықталған қылмыс фактiлерiнiң өсуi қызметкерлердiң кәсiби дағдыларының жоғарылағандығын куәландырады (2-кесте).

                                                             2-кесте
___________________________________________________________________
Қылмыстық iс қозғау үшiн      |1999 жыл|2000 жыл|2001 жыл|2002 жыл
     негіздемелер             |        |        |        |
___________________________________________________________________
ҚР ҚК 209-бабының 1-бөлiгi       108      207       273      304
бойынша - экономикалық
контрабанда

ҚР ҚК 214-бабы бойынша -          42       65       72        84
кеден төлемдерi мен
салықтарын төлеуден жалтару

250-бап бойынша - айналымнан      78       65       102      139
алынған заттардың немесе
айналымы шектелген заттардың
контрабандасы

Жиыны:                            228      337      447      527
___________________________________________________________________

      Соңғы екi жылдың iшiнде жеке құраммен кадр жұмысын жаңа деңгейге көтеруге, қызметкерлерде тапсырылған iске жауапкершiлiк пен патриотизм сезiмiн тәрбиелеуге мүмкiндiк берген ведомстволық нормативтiк кесiмдер қабылданды. Кадрлардың сапалық құрамы жақсарды, жоғары экономикалық, заңгерлiк және арнайы кедендiк бiлiмi бар мамандардың саны көбейдi, алайда олардың үлесi әлі де қызметкерлердiң жалпы санының 50% жуығын құрайды. Осыған байланысты кеден органдарына жоғары кәсiби қызметкерлер тарту жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады.
      Кеден органдарының қызметiн жақсартудың маңызды факторы кеден қызметiн инфрақұрылымның қажеттi элементтерiмен қамтамасыз етiлудiң сапалық жаңа деңгейi болып табылады. "Жiбек жолы", "Қайрақ", "Қордай", "Жаңа жол" iрi кеден бекеттерi салынды, "Қорғас" және "Бахты" кедендерi қайта жаңғыртылды, Алматы қаласындағы Кинологиялық орталық iске қосылды. Осы барлық кеден объектiлерi халықаралық стандарттарға жауап бередi.
      Қазақстан Республикасының әлемдiк шаруашылық байланыстарға тиiмдi түрде ену жағдайларын жасау үшiн кедендiк әкiмшiлендiрудiң нысандары мен әдiстерiн халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес келтiру кеден қызметiн инфрақұрылымның қажеттi элементтерiмен қамтамасыз етудiң сапалы жаңа деңгейiн талап етедi. Соңғы жылдары кеден бекеттерiнiң құрылысын салу мен жайластыруға бюджеттiк қаржыларды қысқарту үрдiсi байқалады. Мәселен, егер 2000 жылы кеден бекеттерiнiң құрылысын салу мен жайластыруға арналған бюджеттiк қаржы 597 млн. теңгенi құраса, үстiмiздегi жылдың жоспары 35 млн. теңгенi құрады.
      Кеден органдарының шекаралық қызметпен, iшкi iстер органдарымен, көлiктiк бақылау қызметiмен және басқа да бақылаушы органдармен өзара iс-қимылын жақсарту мақсатында "Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бiрыңғай мемлекеттiк бақылау жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 қыркүйектегi N 1358  қаулысы қабылданды. "Қазақстан Республикасының автомобильдiк өткiзу бекеттерiнде бiрыңғай бақылау-өткiзу бекеттерiн жайластыру және дамыту бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 қарашадағы N 1256  қаулысымен құрылған ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiн оларда кедендiк, шекаралық, санитарлық-карантиндiк, көлiктiк бақылау, көшi-қон полициясы қызметтерiн орналастыра отырып, бiрыңғай бақылау-өткiзу пункттерiнiң құрылысын салу жөнiндегi бағдарламаның әкiмшiсi етiп белгiледi. Аталған комиссияның хаттамасымен 2004-2006 жылдары бiрiншi кезекте құрылысын салу мен жайластыру жоспарланған 14 өткiзу пункттерiнiң (Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарында) тiзбесi бекiтiлдi.
      Сонымен бiрге, қазiргi кезде кеден бекеттерiнде тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу электр генераторлары пайдаланыла отырып жүргiзiлетiндiгiне қарамастан, жұмыс iстеп тұрған 160 кеден бекетiнiң 26-сында электр беру желiлерi жоқ.
      Ғылыми-техникалық саланың қазiргi заманғы дамуы кезеңiнде Қазақстан Республикасы кеден органдарының алдында өзiнiң техникалық және сапалық сипаттамалары бойынша халықаралық стандарттар деңгейiнде дәл, жедел және сапалы кедендiк бақылауды жүзеге асыруға қабiлеттi кедендiк бақылаудың техникалық құралдарымен жарақтандыру мiндетi тұр.
      Қазақстан Республикасының Кеден  кодексiне сәйкес кеден органдары мiндеттерiнiң бiрi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында радиациялық бақылау жүргiзу болып табылады. Бүгiнгi күнi ол тек жарақтандырылу пайызы 2003 жылғы 1 қаңтарға 30% құрайтын ықшам iздестiру дозиметрлермен ғана (радиоактивтiк материалдарды iздестiруге бағытталған) жүзеге асырылады. Әсiресе автомобильдiк және темiр жол өтпелерiнде радиоактивтiк материалдардың өткiзілуiн тұрақты анықтау жүйелерiнiң көмегiмен дәл және тұрақты бақылауды жүзеге асыру мәселесi өткiр болып отыр. Кеден органдарында мұндай жүйелердiң болуы қазiргi 34 жиынтық қажеттiлiк жағдайында тек 4 жиынтықты ғана құрайды.
      Кедендiк бақылаудың техникалық құралдарын сатып алуға, арналған бюджеттiк қаржының жеткiлiксiз бөлiнуiне байланысты кеден органдарының материалдық-техникалық базасының дамуы кедендiк бақылауды ұйымдастыру деңгейiн халықаралық стандарттар деңгейiне сәйкес келтiруге мүмкiндiк бермейдi.
      Соңғы жылдары тұтастай алғанда кеден қызметiн ұстауға және дамытуға арналған бюджеттiк қаржының қысқару үрдiсi байқалады. Егер 2001 жылы республикалық бюджеттiң қаражатынан қаржыландыру 4,5 млрд. теңгенi құраса, 2002 жылы ол 3,7 млрд. теңгеге дейiн қысқарды, үстiмiздегi жылға 3,9 млрд. теңге бөлу көзделдi. Республика кеден органдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуi iс жүзiндегi қажеттiлiктiң 52% құрайды. Осының нәтижесiнде, Қазақстан Республикасының кеден қызметi қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды практикалық iске асыру толық көлемде қамтамасыз етілмейдi, таяу және алыс шетелдердiң кеден қызметтерiмен жедел ақпараттар алмасу тұрақты негiзде жүзеге асырылмайды.

  4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

      Кедендiк әкiмшiлендiрудiң нысандары мен әдiстерiн Қазақстан Республикасының әлемдiк шаруашылық байланыстар жүйесiне тиiмдi енуiне жағдайлар жасау үшiн халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес келтiру Бағдарламаның басты мақсаты болып табылады.
      Осыған байланысты Қазақстан Республикасының кеден қызметiн дамытудың қазiргi кезеңдегi негiзгi мiндеттерi:
      1) оны халықаралық стандарттарға жақындату үшiн кеден iсi саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
      2) кедендiк әкiмшiлендiрудi жетiлдiру, кедендiк бақылау әдiстерi мен нысандарының тиiмдiлiгiн арттыру;
      3) қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды одан әрi енгiзу;
      4) кеден статистикасын дамыту және оның базасында сыртқы сауданың сенiмдi статистикасын қалыптастыру;
      5) шекаралас мемлекеттердiң кеден қызметтерiмен өзара iс-қимылды нығайту, өңiрлiк бiрлестiктер шеңберiндегi жұмысты жандандыру, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
      6) кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу;
      7) кадр жұмысын жетiлдiру, кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарына және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес;
      8) кедендiк инфрақұрылымды дамыту болып табылады.

  5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi

       Ескерту. 5-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы  N 38 Қаулысымен.

      Кеден iсi саласындағы нормативтiк құқықтық базаны одан әрi жетiлдiру шеңберiнде кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган:
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер Кеден заңнамаларының негiздерiне өзгерiстер мен толықтырулар дайындау;
      шет елдермен және халықаралық ұйымдармен кеден мәселелерi бойынша, оның iшiнде ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесiнiң бiрыңғай кеден кеңiстiгiн құру жөнiндегi шешiмдерiн iске асырумен байланысты өзара қарым-қатынас жөнiндегi шарттық-құқықтық базаны дамыту;
      Қазақстан Республикасының Кеден кодексiн орындау үшiн, сондай-ақ оны қолдану практикасын ескере отырып нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу, келiсу және қабылдау жөнiндегi жұмыстарды жалғастыратын болады. Сонымен бiрге тиiстi әдiстемелiк және консультациялық материалдарды әзiрлеу, оларды жариялау қамтамасыз етiлетiн болады.
      Кедендiк әкiмшiлендiру әдiстерi мен нысандарының тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмыстардың басым бағыттары:
      1) тәуекелдердi басқару жүйесiн ұйымдастыру, тәуекелдердi бағалау әдiстемесiн әзiрлеу, оның iшiнде тәуекелдер көрсеткiштерiн, оларды қолдану өлшемдерiн айқындау;
      2) үздiксiз техникалық жаңару процесiн құру, кедендiк бақылаудың техникалық құралдарын жетiлдiру және қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды қолдану. Аталған мәселенiң шешiлуi Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын сақтау, шекарада радиациялық бақылау жүргiзу, кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жетiлдiру, сондай-ақ сыртқы сауда тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететiн жағдайлар жасау жөнiндегi мiндеттермен тығыз байланысты;
      3) республиканың кеден шекарасында автомобильдiк және темiр жол өткiзу пункттерiнде кешендi, оның iшiнде кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына ветеринарлық, фитосанитарлық және радиациялық бақылауды жүзеге асыруға қабiлеттi бiрыңғай бақылау-өткiзу пункттерiнiң құрылысын салу, сондай-ақ кеден бекеттерi мен автоөткелдердi халықаралық талаптарға сәйкес қайта жаңғырту;
      4) Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң шекарасы арқылы тауарларды өткiзу кезiнде микропроцессорлық пластикалық карталарды одан әрi пайдалана отырып, пластикалық төлем карталары жүйесiн енгiзудiң нәтижесiнде кеден төлемдерi мен салықтарды төлеу тәсiлдерiн оңайлату болып табылады.
      Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi орган қызметiнiң келесi бағыты:
      1) құбыр желiсi көлiгiмен және электр беру желiлерi бойынша өткiзiлетiн, оның iшiнде шекаралас мемлекеттердiң аумақтарында орналасқан энергия ресурстарының өткiзілуiн кеден органдары мен энергия ресурстарын тасымалдаушылардың арасында ақпараттар алмасу тетiгiн енгiзу жолымен бақылау проблемаларын шешудi;
      2) кеден органдары жинақтаған ақпараттардың негiзiнде декларант мәлiмдеген кедендiк құнның тауардың әрбiр нақты түрi бойынша қалыптасқан орташа өлшенген баға деңгейiнен ауытқушылықты анықтауға мүмкiндiк беретiн кедендiк құнды кешендi бақылауды;
      3) кеден төлемдерi мен салықтарды төлеушiлердiң дербес шоттарын жүргiзудi, кеден рәсiмдерiн жүргiзудi жеделдетуге мүмкiндiк беретiн және сайып келгенде, кеден төлемдерi мен салықтардың бюджетке түсуiнiң уақытылығы мен толықтығын қамтамасыз ететiн салық органдары мен қазынашылықтың автоматтандырылған жүйелерiмен ақпарат алмасуды;
      4) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы қолма-қол валютаны, сондай-ақ оңайлатылған, жеңiлдiктi тәртiппен өткiзілетiн тауарларды өткiзуiн есепке алуды және бақылауды қамтамасыз ететiн қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды қолданудың неғұрлым жоғары деңгейiне көшуiн қамтамасыз ету болып табылады.
      Кеден органдары қызметiнiң бағыттарының бiрi олардың сыртқы экономикалық қызметтi тарифтiк және тарифтiк емес реттеу тетiктерiн жетiлдiрудегi рөлiн жандандыру болып табылады. Аталған мiндеттi орындау Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдары туралы жоғары дәрежелi дәлдiктегi ақпараттың болуын талап етедi. Осы мақсатпен ТМД Сыртқы экономикалық қызметi тауарлық номенклатурасының кодтарын тәптiштеу, Қазақстанның сыртқы сауда айналымының ерекшелiгiн ескере отырып СЭҚ TH-дi одан әрi жетілдiру жөнiнде жұмыс жүргiзілетiн болады, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң бiрыңғай СЭҚ TH жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрленедi, жекелеген жiктеу кодтарын нақтылау бойынша iс-шаралар жүргiзіледi.
      Қазiргi кезде кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi орган КААЖ-ды енгiзудiң арқасында сыртқы сауданың кедендiк статистикасының көрсеткiштерiн қалыптастыру жөнiндегi мiндеттi жеткiлiктi дәрежеде iске асырды. Жүк кедендiк декларациялардың электрондық көшiрмелерiнiң дерекқоры құрылды. Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету статистикалық есептiлiктiң қажеттi шығыстық нысандарын қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.
      Алдағы кезеңде халықаралық ынтымақтастықты тереңдету, таяу және алыс шетелдермен кеден мәселелерi бойынша өзара қарым-қатынастарда сапалы жаңа деңгейге шығу, шекаралас мемлекеттердiң кеден қызметтерiмен өзара iс-қимылды және ақпарат алмасуды дамыту мәселелерiне үлкен назар аударылатын болады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кiруiн дайындау шеңберiнде кеден рәсiмдерiн оңайлату мен үйлестiруге, тауарларды сипаттау және кодтау жүйесiне байланысты Халықаралық конвенцияларға қосылу жөнiнде тиiстi рәсiмдер жүргiзу қажет. Сол сияқты Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы кеден қызметтерiн басқару бiрлiгi туралы келiсiмдi және Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберiндегi уағдаластықтарды iске асыру мақсатында тауарлар мен көлiк құралдарының транзитiмен, жеке тұлғалардың шетелдiк валютаны әкетуiмен, ақпараттық өзара iс-қимылды қамтамасыз етумен, контрабандаға қарсы күреспен байланысты мәселелердi шешу жөнiнде iс-шаралар да жүргiзiлетiн болады.
      Құқық қорғау қызметi саласында кеден органдарының кеден шекарасы арқылы есiрткiлердi, қару-жарақты, оқ-дәрiлердi және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелу шектелген басқа да тауарларды заңсыз өткiзудiң жолын кесу және алдын алу жөнiндегi жұмыстарының нәтижелiлiгi артуы тиiс. Ол үшiн мұндай тауарларды өткiзу фактiлерiн, оның iшiнде қызметтiк iздестiру иттерiн, арнайы техникалық тексеру мен бақылау құралдарын пайдалана отырып анықтау әдiстерi жақсаратын болады.
      Республиканың, ТМД елдерiнiң және басқа да шекаралас мемлекеттердiң құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықтың және ақпарат алмасудың жаңа нысандары кеден iсi саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөнiндегi шаралардың тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал ететiн болады.
      Сапалы кадрлық қамтамасыз ету де кеден органдарының қызметiн дамыту мен жетiлдiрудiң маңызды бағыты болып табылады. Кеден қызметi қызметкерлерiнiң кәсiптiк деңгейiн көтеру мәселелерi өзектi болып қала бередi. Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесiнiң шеңберiнде лауазымды адамдарды даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн көтерудi қамтамасыз етуге қабiлеттi оқу мекемелерiн құрудың, оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң өткiр қажеттiлiгi болып отыр. Осыған байланысты Алматы және Атырау қалаларында кеден органдарының қызметкерлерi үшiн бiлiктiлiгiн көтеру курстарын ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Оқу-әдiстемелiк орталықтарын құру жоспарлануда.
      Бағдарламаны iске асыру тетiгi: жауапты орындаушыларды көрсете отырып қатаң мерзiмдер, орындалу нысандарын белгiлеумен Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспарын бекiту.
      Бағдарлама iс-шараларының орындалуын ұйымдастыру басқа министрлiктермен және ведомстволармен бiрге кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi органға жүктелдi.
      Бағдарламаның iске асырылуын ағымдағы бақылауды кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi орган жүзеге асырады.

  6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi

      Бағдарламада көзделген iс-шараларды қаржыландыру көзi республикалық бюджет болып табылады. Бағдарламада көзделген iс-шараларды iске асыру республикалық бюджетте көзделген қаржыландыру шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
      Кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру мақсатында, кеден органдарының алдына қойылған мiндеттердi шешу үшiн қаржыландырудың көлемдерiнде 2004-2006 жылдарға арналған республикалық бюджеттiң қаражатынан 12 320,9 млн. теңге, оның iшiнде 2004 жылы - 3 548,6 млн. теңге, 2005 жылы - 4 554,4 млн. теңге, 2006 жылы - 4 217,9 млн. теңге мөлшерiндегi соманың қосымша бөлiнуiн көздеу қажет. 4 504, 1 млн. теңге мөлшерiндегi соманы кедендiк бақылаудың қазiргi заманғы техникалық құралдарын пайдалануға негiзделген жаңа бақылау нысандары мен әдiстерiн енгiзуге арнап көздеу қажет. Шекарада орналасқан автомобиль және темiр жол өткiзу пункттерiндегi инфрақұрылым объектiлерiнiң, бiрыңғай бақылау-өткiзу пункттерiнiң құрылысына 5 974,9 млн. теңге, сыртқы сауда статистикасын жүргiзудi және жариялауды ұйымдастыру үшiн - 45,8 млн. теңге, әлеуметтiк саясатты жүзеге асыруға және оқу-әдiстемелiк базаны дамытуға - 1 796, 1 млн. теңге көздеу жоспарланып отыр.
      Қаржыландырудың түпкiлiктi сомасы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.

  7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

      Бағдарламаны iске асыру оларды жүзеге асыру нәтижесiнде республиканың тұрақты экономикалық өсiмiн қамтамасыз ету үшiн маңызды алғышарт болып табылатын кедендiк әкiмшiлендiрудiң сапалы жаңа деңгейiне қол жеткiзiлетiн өзара байланысты iс-шаралар кешенiн жүргiзудi көздейдi.
      Халықаралық талаптар мен стандарттарға негiзделген кеден iсi жөнiнде нормативтiк құқықтық база жасау Қазақстанның әлемдiк ықпалдастық процесiне ену процесiн жеделдетуге мүмкiндiк бередi.
      Кеден заңнамасы саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың ақпараттандырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ кеден жүйесiнiң қызметi туралы сенiмдi және жедел ақпаратқа қол жеткізу кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзетiн тұлғалардың, кедендiк ресiмдеу саласындағы қызметтердi ұсынатын кеден органдары мен құрылымдары қызметкерлерiнiң арасындағы құқық бұзушылықтардың санын азайту үшін алғышарттар жасайды.
      Тәуекелдердi бағалау және басқару жүйесiн енгiзу:
      кедендiк бақылаудың таңдаушылық тетiгiн реттеуге және айқын етуге;
      жоғары тәуекел салаларында кедендiк бақылауды шоғырландыруға және кеден органдарының иелiгiндегi ресурстардың неғұрлым тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
      кеден органдары жүргiзетiн кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау жөнiндегi iс-шаралардың нәтижелiлiгiн арттыруға;
      Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтайтын сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу үшiн неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға мүмкiндiк бередi.
      Қазақстан Республикасының кеден органдарын қазiргi заманғы техникамен одан әрi жарақтандыру:
      Қазақстан Республикасының кеден шекарасын кесiп өтетiн тауарлар мен көлiк құралдары туралы сенiмдi ақпаратқа ие болуға;
      тауарлар мен көлiк құралдарының кеден шекарасы арқылы және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткiзiлуiн нақты уақытта, оның iшiнде көзбен көрiп бақылауға;
      тауарлардың сақталуын және баратын кеден органдарына дейiн жеткiзiлу мерзiмдерiнiң сақталуын бақылауды күшейтуге;
      кеден органдары қызметкерлерiнiң құрылымы мен санын оңтайландыруға мүмкiндiк бередi.
      Кинологиялық қызметтi нығайту, сайып келгенде, елдiң ұлттық қауiпсiздiгiн нығайтуға ықпал ететiн есiрткi құралдарының, қару-жарақтың, оқ-дәрiлердiң, жарылғыш заттардың заңсыз өткiзiлуiне қарсы күрестi күшейтуге мүмкiндiк бередi.
      Пластикалық карталарды қолдана отырып есеп айырысу тәртiбiн енгiзу сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кеден төлемдерi мен салықтарды төлеуге қолма-қол ақшасыз аударымдарды жүзеге асыруға, олардың сенiмдiлiгiн қамтамасыз етуге, кеден төлемдерi мен салықтарды төлеудi нақты тiркелген орнына қарамастан, кез келген кеден органында тауарды тiкелей ресiмдеу кезiнде жүргiзуге, кедендiк ресiмдеу рәсiмiн жеделдетуге мүмкiндiк бередi.
      Мамандандырылған жаңа ақпараттық-техникалық жүйелердi қолдану тауарлар мен көлiк құралдарының өткiзiлуiн бақылаудың неғұрлым жоғары деңгейiн қамтамасыз етедi, кеден органдарының шешiмдер қабылдаудағы жеделдiгiн арттырады, Қазақстан Республикасының шетел капиталы үшiн қызығушылық дәрежесiн айқындайтын маңызды фактор болады.
      Кеден органдарының техникалық жарақтандырылуының сапалық және сандық деңгейiн жаңарту мен арттыру бюджетке кеден төлемдерi мен салықтардың түсуiне оң әсер етедi. 2004-2006 жылдардағы кедендiк төлемдер мен салықтардың мемлекеттiк бюджетке түсiмдерiнiң болжамды өсiмi 100,0 млрд. теңге болады: 2004 жылы - 31,0 млрд. теңге, 2005 жылы - 34,0 млрд. теңге, 2006 жылы - 35,0 млрд. теңге.
      Кеден статистикасын, оның iшiнде сыртқы сауданың кеден статистикасын жүргiзудiң әдiстерi мен нысандарын жетiлдiру, толық және сенiмдi ақпарат базасын қалыптастыру, алынған статистикалық деректердi талдау тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын практикалық қолдану бөлiгiнде сындарлы ұсыныстар әзiрлеуге, мемлекеттiк органдарды сыртқы экономикалық қызметтi мемлекеттiк реттеу әдiстерi бойынша шешiмдер қабылдау үшiн қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
      Шекаралас мемлекеттердiң кеден қызметтерiмен өзара iс-қимылды нығайту, өңiрлiк бiрлестiктердiң (ЕурАзЭҚ, ТМД) шеңберiндегi жұмыстарды жандандыру, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту кеден iсi саласындағы халықаралық байланыстарды дамытуға, кеден рәсiмдерiн бiрiздендiруге және оңайлатуға, қазақстандық кеден қызметiнiң халықаралық бағдарламаларды iске асырудағы белсендiлiгiн арттыруға қызмет етедi.
      Кеден органдары қызметкерлерiнiң әлеуметтiк мәселелерiн кезең-кезеңмен шешу жұмыс тәжiрибесi бар, жоғары адамгершiлiк қасиеттерге ие барынша кәсiпқой және құзыретті адамдардың iшiнен кеден қызметiне жиын жүргiзу мүмкiндiгiн бередi. Сайып келгенде бұл, өз қатарында сыбайлас жемқорлық көрiнiстерi мен тұтастай алғанда кеден жүйесiндегi сыбайлас жемқорлық фактiлерiнiң санын азайтуға әкеледi.
      Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде кедендiк әкiмшiлендiрудiң нысандары мен әдiстерi негiзiнен халықаралық стандарттарға сәйкес келтiрiледi, материалдық-техникалық база одан әрi дамиды, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендiк қызмет көрсету технологиясы жақсарады, кеден қызметкерлерiн кәсiби даярлау деңгейi көтерiледi, кеден қызметiн әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз ету жақсарады, тауарлық номенклатураның кодтары бойынша тауарлардың жiктемесiн айқындау кезiнде дәлдiк дәрежесi артатын болады, кеден төлемдерi мен салықтарының бюджетке түсiмi ұлғаяды.

  8. Қазақстан Республикасының кеден қызметін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

       Ескерту. 8-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы  N 38 қаулысымен.

___________________________________________________________________
Р/с |    Іс-шаралар   |  Аяқтау  | Орын. | Орын. |Болжал.| Қаржы.
  N  |                 |  нысаны  | далуы | далу  | ды    | ландыру
     |                 |          | (іске | мер.  |шығыс. |  көзі
     |                 |          | асыры.| зімі  | тар   |
     |                 |          |  луы) |       |(мың   |
     |                 |          |  үшін |       |теңге) |
     |                 |          |жауапты|       |       |
___________________________________________________________________
  1           2              3        4       5       6        7
___________________________________________________________________
  1. Кеден ісі саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
___________________________________________________________________
1.1    ЕурАзЭҚ-қа мүше  ЕурАзЭҚ-қа  Қаржыминi 2004-  жоқ    жоқ
       мемлекеттер      мүше мемле.           2006  
       Кеден заңнама.   кеттер                жж. 
       ларының негіз.   кеден 
       деріне өзгеріс.  қызметтері
       тер мен толық.   басшылары.
       тырулар дайын.   ның кеңесі.
       дауға қатысу     не ұсыныс.
                        тар беру

1.2    Шет елдермен     Келiсiмдер  Қаржыминi 2004-  жоқ    жоқ
       және халықара.   жасасу        СІМ     2006
       лық ұйымдармен                         жж.
       кеден мәселе.
       лерi бойынша,
       оның iшiнде
       ЕурАзЭҚ
       Мемлекетаралық
       кеңесiнiң
       бiрыңғай кеден
       кеңiстiгiн құру
       жөнiндегi шешiм.
       дерiн iске асы.
       руға байланысты
       өзара қарым-
       қатынас жөнiн.
       дегi шарттық-
       құқықтық базаны
       одан әрi
       дамытуды жүзеге
       асыру

1.3    Қазақстан        Норматив.   Қаржыминi 2004-  жоқ    жоқ
       Республикасының    тiк                 2006
       Кеден кодексiн   құқықтық              жж.
       орындау үшiн,    кесімдер.
       сондай-ақ оның     дің
       қолданылу        жобала.
       практикасын        ры
       ескере отырып
       нормативтiк
       құқықтық кесiм.
       дер әзiрлеу,
       келiсу және
       қабылдау

1.4    Халықаралық
       конвенцияларға
       қосылу бойынша
       қажеттi рәсiм.
       дердi жүргізу:

1.4.1  кеден рәсiмдерiн   Заң     Қаржыминi,  2006    жоқ  жоқ
       оңайлату және     жобасы    СІМ,       ж. 2-
       үйлестiру туралы            Сарапта.  тоқсаны
       (Киот конвен.               малық 
       циясы)                      Кеңес

1.4.2  тауарларды         Заң      КБА, СІМ,  2004    жоқ  жоқ
       сипаттау мен      жобасы    Сарапта.   ж. 1-
       кодтаудың үйлес.             малық    тоқсаны
       тірілген жүйесі              Кеңес
       бойынша

1.4.3  кедендiк құқық     Заң      КБА, СІМ,  2005    жоқ  жоқ
       бұзушылықтардың  жобасы     Сарапта.   ж. 1-
       алдын алу,                   малық    тоқсаны
       тергеу және                  Кеңес
       оған қарсы
       күрес бойынша
       (Найроби
       конвенциясы)
___________________________________________________________________
    2. Кедендік бақылау әдістерi мен нысандарының тиiмділігін
           арттыру, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру
___________________________________________________________________
2.1    Халықаралық      ҚР КБА     КБА, ККМ   2004   жоқ   жоқ
       қатынас поезда.  бұйрығы               ж. 3-
       рында жеке                            тоқсаны
       тұлғалар өткi.
       зетiн тауарлар.
       ға қатысты
       кеден рәсiмдерiн
       жүргiзу техноло.
       гиясын әзiрлеу

2.2    Қазақстан          ҚР     Қаржы-  ККМ, 2004 1246800,0  Респу.
       Республикасының  Үкiметi  минi,ҚР ҰҚК  ж.              блика.
       шекарасында      қаулы.    ШҚ,    АШМ, 2005 1246800,0  лық
       автомобильдiк    сының     ДСМ,   ҚОҚМ ж.              бюджет
       өткiзу пунктте.  жобасы                2006  997440,0
       рiнде мемлекет.                        ж.
       тiк бақылаудың
       кедендiк және
       басқа да түрле.
       рiн жүзеге
       асыру мақсатында
       бiрыңғай өткiзу-
       бақылау пунктте.
       рiн құру бойынша
       iс-шараларды
       жалғастыру

2.3    Қазақстан          ҚР     Қаржыминi, 2004  372740,0  Респу.
       Республикасының  Үкiметi  ККМ, ҚР ҰҚК  ж.             блика.
       шекарасында      қаулы.    ШҚ, АШМ,   2005  648570,0  лық
       темiр жол өткiзу сының     ДСМ, ҚОҚМ   ж.             бюджет
       пункттерiнде     жобасы               2006  1309110,0
       мемлекеттiк                            ж.
       бақылаудың
       кедендiк және
       басқа да түрле.
       рiн жүзеге
       асыру мақсатында
       бiрыңғай өткiзу-
       бақылау пунктте.
       рiн құру бойынша
       iс-шараларды
       жалғастыру

2.4    Кедендiк           ҚР       КБА       2004  103430,0  Респу.
       инфрақұрылым     Үкiметi                ж.            блика.
       объектілерiнiң   қаулы.                               лық
       құрылысын салу   сының                                бюджет
       ("Бақты" кеденi. жобасы
       нiң кедендiк
       ресiмдеу залы,
       Ақтау қаласын.
       дағы 10 итке
       арналған питом.
       ник, шалғайдағы
       кеден бекетте.
       рiне арналған
       электрмен
       жабдықтау желi.
       лерi және т.б.)

2.5    "Достық" кеденi.   ҚР        КБА      2004   50000,0  Респу.
       нiң тексеру      Yкiметi               ж.             блика.
       алаңы мен        қаулы.                               лық
       уақытша сақтау   сының                                бюджет
       қоймасын жобалау жобасы
       және құрылысын
       салу

2.6    Қазақстан        Норматив.  КБА, ҰҚК   2004    жоқ     жоқ
       Республикасының    тік      ШҚ, ІІМ,   ж. 3-
       кеден шекарасы   құқықтық     АШМ,    тоқсаны
       арқылы өткiзiле. кесімнің   ДСМ, ИСМ,
       тiн тауарлар мен  жобасы    ККМ, ҚМ,
       көлiк құралдары             СК, ҚПА,
       бойынша бiрыңғай              ҚОҚМ,
       ақпараттық                     АБА
       ортаны құру
       мақсатында кеден
       органдарының
       басқа мемлекет.
       тiк органдармен
       ақпарат алмасу
       тәртiбiн әзiрлеу 

2.7    Кеден органдары. Норматив.    КБА,     2004    жоқ    жоқ
       ның энергия        тiк       ЭжМРМ,    ж. 1-
       ресурстарын      құқықтық     ККМ,    тоқсаны
       тасымалдаушылар. кесiмнiң    ҚОҚМ
       мен өзара         жобасы
       iс-қимыл тәртi.
       бiн әзiрлеу

2.8    Бөлiнетiн        Қазақстан  КБА, ККМ,  2004    жоқ   жоқ
       радиоактивтiк    Республи.    ДСМ,     ж. 1-
       материалдар мен    касы       ҚОҚМ    тоқсаны
       қауiптi қалдық.  Үкіметіне
       тарды кедендiк    ұсыныс.
       бақылаудың          тар
       қолданылып
       жүрген рәсiмде.
       рiнiң сапасын
       арттыру
       мақсатында
       талдауды жүзеге
       асыру және
       ұсыныстар
       әзiрлеу

2.9    Кеден баждары    ИСМ-ға   Қаржыминi  тұрақты  жоқ   жоқ
       ставкаларының    ұсыным
       құрылымы мен
       деңгейiн, тариф.
       тiк аралықтар
       мөлшерiнiң
       қысқаруын және
       тарифтiк
       ставкалар мен
       квоталардың
       практикалық
       пайдаланылуын
       ескере отырып,
       Қазақстан
       Республикасының
       кеден баждары
       ставкаларын
       ұтымды ету
       жөнiнде ұсыныс.
       тар әзiрлеу

2.10   СЭҚ ТН-ге          ҚР       ИСМ, КБА,  2004     жоқ    жоқ
       талдау жүргiзу   Үкіметі    мүдделі    ж. 4-
       және соның                  мемлекет. тоқсаны
       негiзiнде сыртқы              тік
       экономикалық                органдар
       қызметтi тариф.
       тiк және
       тарифтiк емес
       реттеу шараларын
       неғұрлым дәл
       қолдану қажеттi.
       лiгiн ескере
       отырып тауарлар.
       дың кодтарын
       әзiрлеу және
       қосымша нақтылау
       енгiзу

2.11   Шекарадағы кеден    ҚР     Қаржыминi  2004   712013,0 Респу.
       органдарын       Үкіметі               ж.             блика.
       мынадай техника.  қаулы.              2005  1896054,0 лық
       лық кедендiк      сының                ж.             бюджет
       бақылау құралда.  жобасы              2006  1896054,0
       рымен жарақтан.                        ж.
       дыру бойынша
       іс-шараларды
       жүргізу:

2.11.1 радиациялық         ҚР     Қаржыминi  2004  127013,0  Респу.
       бақылау           Үкіметі              ж.             блика.
                          қаулы.             2005  159174,0  лық
                          сының               ж.             бюджет
                          жобасы             2006  159174,0
                                              ж.

2.11.2 жүк автокөлiк      ҚР      Қаржыминi  2004  350000,0  Респу.
       құралдарын       Үкіметі               ж.             блика.
       көшiру үшін      қаулы.               2005 1501880,0  лық
       рентгенография.  сының                 ж.             бюджет
       лық қондырғы.    жобасы               2006 1501880,0
       лармен                                 ж.

2.11.3 тауарлардың        ҚР      Қаржыминi  2004  235000,0  Респу.
       жеткiзiлуiн      Үкіметі               ж.             блика.
       бақылау          қаулы.               2005  235000,0  лық
       жүйесiмен        сының                 ж.             бюджет
                        жобасы               2006  235000,0
                                              ж.

2.12   ҚР Үкiметiнiң    Екінші      КБА,     2004    жоқ      жоқ
       2002 жылғы 2     деңгей.    екінші    ж. 1-
       шiлдедегi         дегі      деңгей.   тоқ.
       N 713 қаулысы.   банктер.    дегі     саны
       мен бекiтiлген    мен      банктер
       Микропроцессор.  келісім.
       лық карточкалар   дер
       негiзiнде Төлем
       карточкаларының
       ұлттық банкара.
       лық жүйесiн
       дамыту бағдар.
       ламасының
       шеңберiнде кеден
       төлемдерi мен
       салықтарды
       микропроцессор.
       лық пластикалық
       карталар арқылы
       төлеу жүйесiн
       қалыптастыру
___________________________________________________________________
                3. Ақпараттық-техникалық саясат
___________________________________________________________________
3.1.   Қазақстан      ҚР Қаржыминi Қаржыминi 2004   15258,0  Респу.
       Республикасы   КБК бұйрығы             ж.             блика.
       сыртқы сауда.                         2005   15258,0  лық
       сының статисти.                        ж.             бюджет
       касын жүргiзудi                       2006   15258,0
       және жариялауды                        ж.
       қамтамасыз ету

3.2    ЕурАзЭҚ-қа және    ҚР      Қаржыминi, 2004    жоқ     жоқ
       ТМД-ға қатысушы  Үкіметі.    АБА       ж.
       мемлекеттердiң     не                 2005
       кеден қызметте.  ақпарат               ж.
       рiнiң кедендiк                        2006
       құқық бұзушылық.                       ж.
       тар, толассыз
       кедендiк бақылау
       саласындағы
       ақпараттық өзара
       iс-қимылын
       қамтамасыз ету
       жөнiндегi
       КААЖ-ды жетiл.
       дiру шеңберiн.
       дегi iс-шаралар.
       ды ұйымдастыру

3.3.   Ақпарат қауiп.     КБА      КБА       2004     жоқ    жоқ
       сiздiгiнiң       бұйрық.               ж.
       талаптарына       тары                2005
       сәйкес кеден                           ж.
       органдары
       ақпараттық
       ресурстарының
       қауiпсiздiгiн
       ұйымдастыру
       жөнiндегi
       шаралар жүйесiн
       әзiрлеу және
       енгiзу
___________________________________________________________________
                     4. Халықаралық ынтымақтастық
___________________________________________________________________
4.1    Дүниежүзiлiк     Келіссөз.    ИСМ,    2004-    жоқ   жоқ
       Сауда Ұйымына     дерге       СІМ,    2006
       қосылу жөнiндегi қатысуға   Қаржыминi  жж.
       Қазақстан        арналған
       Республикасының  құжаттар.
       ұстанымын        ды және
       қалыптастыруға   Қазақстан.
       кеден қызметiнiң ның ДСҰ-
       қатысуын қамта.  ға енуі
       масыз ету        жөніндегі
                        қорытынды
                        құжаттарды
                        дайындау

4.2    Беларусь            ҚР      КБА, СІМ   2004   жоқ    жоқ
       Республикасының, Үкіметіне  мүдделі    ж. 3-
       Қазақстан        ұсыныстар  мемлекет. тоқсаны
       Республикасының,              тік
       Украинаның, Ресей           органдар
       Федерациясының
       кеден әкiмшiлiк.
       терi басшылары.
       ның кеден
       заңнамасын
       бiрiздендiру мен
       бiрыңғай эконо.
       микалық кеңiстiк
       құру бөлiгiндегi
       одан әрi ықпал.
       дасу мәселелерi
       бойынша бiрiншi
       мәжiлiстi өткiзу
       жөнiндегi iс-
       шараларды
       ұйымдастыру

4.3    Қырғыз           Халықара.  КБА, СІМ   2004    жоқ    жоқ
       Республикасы,      лық        ЭМРМ     ж. 2-
       Өзбекстан        келісім.             тоқсаны
       Республикасы,     дердің
       ҚХР және Бельгия  жоба.
       кеден қызметте.   лары
       рiнiң жанынан
       Қазақстан                              2005
       Республикасы                           ж. 2-
       кеден қызметiнiң                      тоқсаны
       өкiлдiктерiн
       құру жөнiндегi
       дайындық жұмыс.
       тарын жүргізу
       (шарттық-құқық.
       тық базаны
       әзiрлеу)

4.4    "Айналық           ҚР      Қаржыминi  тұрақты   жоқ   жоқ
       статистикаға"    Үкіметі.
       талдау жүргiзу     не
       мақсатында       ақпарат
       шекаралас
       мемлекеттермен
       статистикалық
       ақпараттар
       алмасуды жүзеге
       асыру

4.5    ЕурАзЭҚ-қа       Ұсыныстар  Қаржыминi, тұрақты    жоқ    жоқ
       қатысушы         дайындау   ИСМ
       мемлекеттер        және
       сыртқы экономи.   СРТС-ке
       калық қызметiнiң  жолдау
       бiрыңғай тауар
       номенклатурасын
       жетiлдiру
       бойынша ұсыныс.
       тар әзiрлеу
___________________________________________________________________
     5. Кеден органдарының құқық қорғау қызметін жетілдіру
___________________________________________________________________
5.1    Құқық қорғау     Бірлескен  КБА, ІІМ,  2004    жоқ    жоқ
       органдарымен      бұйрық.    ҚПА       ж. 2-
       бiрлесiп қылмыс.   тар                тоқсаны,
       тар мен құқық
       бұзушылықтарды                         2005
       анықтау және                           ж. 2-
       жолын кесу                           тоқсаны
       жөнiндегі
       ведомствоаралық
       алдын алу iс-
       шараларының
       жүргізілуін
       қамтамасыз ету

5.2    ТМД-ға қатысушы  Ұсыныстар   КБА       2004    жоқ    жоқ
       елдердiң Ұлттық  дайындау              ж. 1-
       байланыс торабы.   және               тоқсаны
       мен есiрткiлер.   RILO-
       дiң заңсыз       Мәскеуге
       айналымы фактi.   жолдау
       лерi бойынша
       ақпарат алмасу.
       дың жаңа
       нысандарын
       әзiрлеу

5.3    ТМД-ға қатысушы     ҚР       КБА,      2004    жоқ   жоқ
       елдердiң шеңбе.  Үкіметіне   СІМ,      ж. 3-
       рiнде кеден      ұсыныстар  ТМД-ға    тоқсаны
       қызметтерiнiң               қатысушы
       есiрткi контра.             елдердің
       бандасына қарсы             кеден
       күрес жөніндегі             қызметтері
       бөлiмшелері
       басшыларының
       кеңесiн өткiзу
       бойынша
       iс-шараларды
       ұйымдастыру
___________________________________________________________________
               6. Әлеуметтік және кадр саясаты
___________________________________________________________________
6.1    "Алматы қаласын.   ҚР       КБА       2004     жоқ    жоқ
       да Қазақстан     Үкіметі              ж. 2-
       Республикасы     қаулы.              тоқсаны
       Кедендік бақылау сының
       агенттiгiнiң     жобасы
       Оқу-әдiстемелiк
       орталығы" мемле.
       кеттiк мекемесiн
       құру

6.2    "Атырау қаласын.   ҚР       КБА         2004   жоқ    жоқ
       да Қазақстан     Үкіметі                ж. 2-
       Республикасының  қаулы.                тоқсаны
       Кедендік бақылау  сының
       агенттігiнiң     жобасы
       Оқу-әдістемелiк
       орталық" мемле.
       кеттік мекеме.
       сiн құру

6.3    "Алматы қаласын.   ҚР       КБА       2004  500000,0  Респу.
       да Қазақстан     Үкіметі               ж.             блика.
       Республикасының  қаулы.               2005  499350,0  лық
       Кедендiк бақылау сының                 ж.             бюджет
       агенттігiнiң     жобасы
       Оқу-әдiстемелiк
       орталығының"
       ғимаратын салу

6.4    Кеден органдары.   ҚР       КБА       2004  299980,0  Респу.
       ның қызметкер.   Үкіметі                ж.            блика.
       лерi үшiн Астана қаулы.                               лық
       қаласында 100    сының                                бюджет
       орындық жатақ.   жобасы
       хана салу

6.5    "Достық" кеденi.   ҚР       КБА       2004  248400,0  Респу.
       нiң кеден        Үкіметі               ж.             блика.
       қызметi қызмет.  қаулы.               2005  248000,0  лық
       керлерi үшiн     сының                 ж.             бюджет
       тұрғын үй салу   жобасы

6.6    ТМД-ға қатысушы  Келісім.  КБА, БҒМ   2004     жоқ     жоқ
       мемлекеттер мен   дер                 ж. 2-
       ЕО елдері бiлiм  жасасу              тоқсаны
       мекемелерiмен,
       халықаралық
       ұйымдармен
       қызметкерлердi                         2005
       оқытудың және                          ж. 2-
       бiлiктiлiгiн                          тоқсаны
       көтерудiң
       бiрлескен
       бағдарламаларын
       iске асыру
       бойынша өзара
       ic-қимылды
       кеңейту
___________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады