Қазақстан Республикасының Yкiметі мен Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының Дайындық комиссиясы арасында Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты қолдауға халықаралық мониторинг объектiлерінде сертификаттаудан кейiнгi iс-шараларды қоса алғанда, iс-шараларды өткiзу жөнiнде келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы N 1042 қаулысы

      Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың ережелерiн iске асыру, сондай-ақ Халықаралық мониторинг жүйесiне кiретiн Қазақстан Республикасындағы сейсмикалық станцияларды тиiмдi дамыту және оларға қызмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының Дайындық комиссиясы арасындағы Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты қолдауға халықаралық мониторинг объектiлерiнде сертификаттаудан кейiнгi iс-шараларды қоса алғанда, iс-шараларды өткiзу жөнiндегi келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi Рахат Мұхтарұлы Әлиевке Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының Дайындық комиссиясы арасында Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты қолдауға халықаралық мониторинг объектiлерiнде сертификаттаудан кейiнгі iс-шараларды қоса алғанда, iс-шараларды өткiзу жөнiнде келiсiм жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Yкiметі мен Ядролық
сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының
Дайындық комиссиясы арасында Ядролық сынақтарға
жан-жақты тыйым салу туралы шартты қолдауға халықаралық
мониторинг объектiлерінде сертификаттаудан кейiнгi
iс-шараларды қоса алғанда, iс-шараларды өткiзу жөнiндегі
Келiсiм

      1996 жылғы 19 қарашада Нью-Йорк қаласында қабылданған Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартқа (бұдан әрi - ЯСЖТШ) қосымшада баяндалған Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт Ұйымының Дайындық комиссиясын (бұдан әрi - Комиссия) құру туралы қарардың 12-бабының (b) тармағына сәйкес бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi (бұдан әрi - Үкiмет) мен Комиссия бiрлесе отырып, Комиссияның қолда бар мониторинг объектiлерiн түгендеудi жүргiзу; учаскелерде iздестiру жұмыстарын жүргiзу; мониторинг объектiлерiн жаңғырту немесе жаңаларын құру және/немесе Халықаралық Мониторинг Жүйесiнiң (бұдан әрi - ХМЖ) стандарттарына сәйкес объектiлердi сертификаттау жөнiндегi қызметiн жеңiлдету мақсатында, ЯСЖТШ тиiмдi орындау мақсатында ХМЖ үздiксiз тестiлеудi, уақытша жұмыс iстеуi мен қызмет көрсетуiн жеңілдету мақсатында төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Үкiмет және Комиссия осы Келiсiмнiң шарттарын орындауды жеңiлдету мақсатында ынтымақтасады. Қазақстан Республикасының аумағында Комиссия өткiзуге немесе Комиссияның атынан өткiзiлуге тиiстi iс-шаралар осы Келiсiмге 1-қосымшада баяндалған.

2-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес Комиссия өткiзуi немесе Комиссия атынан өткiзiлуi тиiс iс-шаралар келiсiм-шарттың немесе Комиссияның Қаржы Регламентiнiң ережелерiне сәйкес Комиссия жасаған келiсiм-шарттардың мерзiмдерi мен шарттарына сәйкес өткiзiледi.

3-бап

      Осы Келiсiмнiң шеңберiнде өткiзiлетiн iс-шараларды Yкіметпен консультациядан кейiн Комиссия тағайындайтын қызметкерлер штатынан тұратын Комиссия Тобы жүзеге асырады. Комиссияға ауыстыру үшiн топтың жаңа мүшелерiн ұсыну құқығы берiлген жағдайда Үкiметке Комиссия Тобының белгiлi бiр мүшелерiнен бас тарту құқығы берiледi. Комиссия әрбiр iс-шара бойынша Топ Жетекшiсiн тағайындайды. Үкiметтiң өкiлi (бұдан әрi - Өкiл) осы Келiсiм шеңберiндегi Үкiмет пен Комиссия арасындағы байланыстырушы тұлға болып табылады.

4-бап

      Шекараны қиып өту пунктiне Комиссия Тобының айтылғандай келуiне дейiн кемiнде 14 күн бұрын Өкiл мен Комиссия Тобының Жетекшiсi осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес iс-шараларды өткiзу үшiн Қазақстан Республикасының аумағына Комиссия Тобы әкелуге тиiс жабдықтарға қатысты консультацияларды қоса алғанда, жоспарланған iс-шараларды өткiзудi жеңiлдету мақсатында консультация өткiзедi. Сертификаттаудан кейiнгi iс-шаралар үшiн жабдық ХМЖ қызмет көрсету жөнiндегi тиiстi Жедел Басшылыққа сәйкес болуы тиiс. Осы консультациялар процесiнде Үкiмет Қазақстан Республикасының аумағына Комиссия Тобы мен жабдық кiретiн және одан шығатын кездегi Қазақстан Республикасының шекарасын қиып өту пункттерi туралы Комиссияны хабардар етедi.

5-бап

      Осы Келiсiмнiң 4-бабында айтылатын консультациялар кезiнде Өкiл осы Келiсiмге 1-қосымшада айтылған iс-шараларды өткiзу үшiн Комиссия Тобына Қазақстан Республикасының аумағына кiру және онда болу құқығын беретiн құжаттарды ресiмдеу үшiн қазақстандық Тарапқа қажеттi сұратылып отырған ақпарат туралы Комиссияны хабардар етедi. Комиссия бұл ақпаратты консультация аяқталысымен дереу Үкiметке ұсынуы тиiс. Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес Комиссия Тобына Қазақстан Республикасының аумағына кiру және онда осындай жұмыстарды жүргiзу үшiн қажеттi уақыт кезеңiне қалу құқығы берiледi. Үкiмет Комиссия Тобының мүшелерiне қажеттi визалардың берiлуi мен жаңартылуын тездету үшiн шаралар қабылдайды.

6-бап

      Комиссия Тобының iс-шаралары осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес қазақстандық Тарапқа және Комиссия Тобы өз қызметiн жүзеге асыратын объектiлерге немесе аудандарға мүмкiндiгiнше ең аз қолайсыздық келтiре отырып, функцияларын дер кезiнде және тиiмдi орындалуын қамтамасыз ету үшiн Үкiметтiң қатысуымен жоспарланады. Мұндай қызмет айналаға экологиялық және өзге қауiп тудырмайтындай болуы тиiс.

7-бап

      Үкiмет Қазақстан Республикасының аумағында болатын Комиссия Тобы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi және оның қалыпты жұмыс iстеуi үшiн қажетті жағдайлар жасайды. 1946 жылы 13 ақпанда Нью-Йорк қаласында қол қойылған БҰҰ-ның артықшылықтары және иммунитеттерi туралы Конвенцияның ережелерi осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау кезiнде Комиссияның қызметiне, оның лауазымды тұлғаларына және сарапшыларына қолданылады.

8-бап

      Үкiмет осы Келiсiмнiң шеңберiнде тиiстi ұйымдардың Комиссия Тобымен ынтымақтастығын қамтамасыз ету үшiн барлық күш-жiгерiн салады. Комиссия Өкiлге осы Келiсiмнiң шеңберiнде жүргiзiлетiн жұмысқа қатысты ақпаратты дер кезiнде толық көлемде берiп отыруға мiндеттенедi.

9-бап

      Үкiмет пен Комиссия 4-бапта көрсетiлген консультациялар уақытында Комиссия Тобының Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге арналған жабдықтарының тiзiмiн алдын ала дайындайды. Yкiмет Комиссия Тобының қызметiн өткiзуi үшiн осы жабдықтың қажеттiлiгi мен жарамдылығына көз жеткiзу үшін, Комиссия Тобының Қазақстан Республикасына әкелген жабдықтарын тексерудi жүргiзуге құқығы бар. Қазақстан Тарабы, егер Комиссия Тобының Жетекшiсi оның қатысуы қажет деп санамаса, тексерудi Комиссия Тобы Жетекшiсiнiң қатысуынсыз жүргiзуге құқығы бар. Топ Жетекшiсi сақталу мақсатында Өкiлдi ерекше қарауды немесе сақтауды талап ететiн жабдық туралы хабардар етедi. Ол туралы ақпарат Өкiлге шекарадан қиылысу нүктесiне Топ келместен бұрын берiледi. Үкiмет Комиссия Тобы әкелген жабдықтың сенiмдi қауiпсiз орында сақталуын қамтамасыз етедi. Жабдықты тасымалдау кезiндегi кідірiстердiң алдын алу мақсатында Үкiмет жабдықтың Қазақстан Республикасының аумағына әкелуiне және әкетiлуiне қатысты ұлттық заңнама талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз етуде Комиссия Тобына жәрдемдеседi.

10-бап

      Осы Келiсiмнiң шеңберiнде Қазақстан Республикасына әкелiнетiн Комиссияның жабдығы мен басқа мүлкi кеден бажынан босатылады. Өкiл осы жабдық пен мүлiк үшiн кедендік рәсiмдердi жеңiлдетуге жәрдемдеседi. Мониторинг объектілерiнде тұрақты орнату үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген жабдыққа арналған құқық жабдықтың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген сәтiнен басып Үкiметке қайтарусыз берiледi.

11-бап

      Комиссия, оның мүлкi, кiрiсi және осы Келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген басқа меншiгi Қазақстан Республикасының тiкелей салықтарынан босатылады. Тараптар осы Келiсiмнiң ережелерi бойынша қызметтер көрсетуге арналған мәмiлелер мен келiсiм-шарттар жасасу кезiнде Комиссия төлеген бағаның бiр бөлiгiн құрайтын салықтардың төленген сомасын қайтару жөнiнде қажеттi әкiмшiлiк шараларды қабылдайды.

12-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес өткiзiлген iс-шаралар бойынша бiр Тараптың орындаған кез келген мәлiметтерi және ресми есептерi екiншi Тарапқа ұсынылады.

13-бап

      Осы Келiсiм мүдделерiнде ХМЖ станцияларында сертификаттаудан кейiнгi iс-шаралар мынадай екi талапты қанағаттандырғаннан кейiн дереу басталатын болады:
      1) сертификаттау жөнiндегi басшылыққа немесе рәсiмдерге сәйкес Комиссияның ХМЖ станцияларының сертификатталуы, және
      2) егер Комиссия және тиiстi ұйымдар арасында жасалуы объектiлердi пайдалану және қызмет көрсету үшiн қажет болса егжей-тегжейлi қаржылық келiсiмдi қоса алғанда, Комиссияның бюджетiн бекiту.

14-бап

      Сертификаттаудан кейiнгi iс-шаралар бойынша ынтымақтастық мыналарды қамтиды:
      1) Тараптар жасасқан рәсiмдер мен келiсiмдерге сәйкес Yкiметтiң объектiлердi тестiлеуi, олардың уақытша пайдаланылуы, қызмет көрсетуі. Халықаралық Деректер Орталығы ("ХДО") сапасы жоғары және сенiмдiлiгi жоғары дәрежедегi деректер алуына кепiлдiктi қамтамасыз ету үшiн бұл рәсiмдер ХМЖ қызмет көрсету жөнiндегi Басшылықпен келiсiледi;
      2) Үкiметтiң Комиссияға ХМЖ жедел Басшылығымен көзделген тестiлеу, уақытша пайдалану үшiн және Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес жабдықтарға қызмет көрсетуге қажеттi, Комиссия үшiн қолайлы тарифтермен және Комиссияның тиiстi бюджеттiк шешiмдерiмен коммуналдық қызметтi ұсынуы;
      3) Үкiметтiң ұлттық заңнамаға сәйкес байланыс арналары үшін қажеттi тиiстi жиiлiктердi сұрату бойынша ұсынуға кепiлдендiруi;
      4) Үкiметтiң ХДО объектiлерi Жедел Басшылығында белгiленген форматтар мен хаттамаларды пайдалана отырып тiркеген немесе жинастырған деректердi тапсыруы. Деректердiң бұлай берiлуi неғұрлым тиiмдi тәсiлмен және ең аз шығынмен тiкелей тиiстi станциядан және Ұлттық Деректер Орталығынан жасалады. Комиссияға деректер берудiң барлық түрлерi Үкiмет белгiлеген ең төменгi тарифтерден аспауы тиiс көрсетiлген қызметтердiң құнымен тiкелей байланысты алымдардан басқа, салықтардан және басқа мiндеттi төлемдерден бос болады;
      5) Үкiметтiң объектiмен байланысты, ақпараттық желiлердi, далалық жабдықтар мен датчиктердi қоса алғанда, объектiлер мен жабдықтардың табиғи сақталуын қамтамасыз етуi;
      6) Үкiметтiң ХМЖ Жедел Басшылығына сәйкес барлық объектiлердегi құрал-жабдықтарды калибрлеудi қамтамасыз етуi;
      7) Үкiметтiң Комиссияны ХДО-ты ақпараттандыру проблемаларының туындағандығы туралы, бүлiну себептерi туралы хабардар етуi және оларды жоюдың күтулi уақытын көрсетуi. Үкiмет, сондай-ақ Комиссияны қандай да болмасын объектіден түсетiн деректердiң сапасына әсер еткен қалыпсыз құбылыстың пайда болған уақыты туралы хабардар етедi;
      8) Комиссия Үкiметпен Комиссияның жабдықтар мен байланыс арналарын тексеру және жабдықтар мен Үкiмет жауапкершілікте болатын өзгерiстерден басқа, өзге де пайдалану рәсiмдерiндегi қажеттi өзгерiстердi орындау мақсатында объектiлерге қол жеткiзу рәсiмдерi жөнiнде консультациялар өткiзуi. Мұндай рәсiмдердi орындау үшiн Комиссияның 1-қосымшада көрсетiлген объектiлерге енуге мүмкiндiгi болуы тиiс.

15-бап

      Қазақстан Тарабы осы Келiсiмнiң шеңберiнде Комиссияның қажет болған кезде 1-қосымшада көрсетiлген кез келген объектiнi тестілеуге және уақытша оның жұмысына қатысты немесе ХДО деректерiнiң берілуiне қатысты сұрау салуларына мониторинг объектiлерi бойынша шұғыл ақпарат беруiн қамтамасыз етедi. Бұл жауаптар тиiстi объектiнiң Жедел Басшылығында көрсетiлген форматтарда орындалады.

16-бап

      Осы Келiсiмнiң орындалуына қатысты құпиялылық ЯСЖТШ-ке және Комиссияның тиiстi шешiмдерiне сәйкес қаралатын болады.

17-бап

      Комиссия табиғи қауiпсiздiктi қоса алғанда, объектiлердi тестiлеу, уақытша пайдалану және оларға қызмет көрсету жөнiндегi деректердiң ұқсастырылуымен келiсiлген рәсiмдердi қолдану жөнiндегi үлгiлердiң берiлуi, ХМЖ станцияларынан және Деректердiң Ұлттық Орталығынан ЯСЖТШ-ке сәйкес ХДО деректерiнiң берiлу шығыстарын көтередi.

18-бап

      Осы Келiсiмге 1-қосымшада айтылған әрбiр iс-шара аяқталысымен Комиссияның шешiмi бойынша Қазақстан Тарабына объектiнiң ХМЖ бiр бөлiгi ретiнде тиiстi жұмыс iстеуiн қолдау үшiн техникалық көмек көрсетiледi. Комиссия, сондай-ақ Комиссияның бекiтiлген бюджет шегiнде тиiстi коммуникациялық құралдарды уақытша пайдалану және мониторинг объектiлерiне қызмет көрсету кезiнде техникалық көмек көрсетедi және қолдау көрсетедi.

19-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындауға қатысты Тараптар арасында пiкiр қайшылықтары немесе даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды тездетiп шешу мақсатында мәжiлiс өткiзедi. Егер Тараптар ортақ келiсiмге келе алмаған жағдайда екi Тарап та олардың шешiлуiне көмектесу және ықпал ету үшiн Комиссияның Жалпы отырысына жүгiне алады.

20-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. Тараптар, егер қажет деп тапса, қосымша келiсiмдер жасауы мүмкiн.

21-бап

      Осы Келiсiмге 1-қосымша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Осы Келiсiмнiң 1-қосымшасы мен мәтiнiндегi ережелер арасында пiкiр қайшылықтары орын алған жағдайда, осы Келiсiмнiң ережелерi артықшылыққа ие болады.

22-бап

      Комиссия осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi барлық мемлекетiшілiк рәсiмдердiң орындалуы туралы Қазақстан Республикасының хабарын алған күннен бастап осы Келiсiм күшiне енедi. Осы Келiсiм ЯСЖТШ күшіне енгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымы арасында жаңа Келiсiм жасалғанға дейiн күшiнде қалады.

      200 жылғы "___"_______ _______ үш түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде қол қойылды. Даулар туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тілiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

      Қазақстан Республикасының       Ядролық сынақтарға жан-жақты
      Үкiметi үшiн                    тыйым салу шарты ұйымының
                                      Дайындық комиссиясы үшiн

      (қолы)                          (қолы)

      _________________________       _________________________
      (аты-жөнi және лауазымы)         (аты-жөнi және лауазымы)

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ядролық
сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарты ұйымының
Дайындық комиссиясы арасындағы Ядролық сынақтарға
жан-жақты тыйым салу туралы шартты қолдауға халықаралық
мониторинг объектiлерiнде сертификаттаудан кейiнгi
iс-шараларды қоса алғанда, iс-шараларды өткiзу
жөнiндегi келiсiмге
1-қосымша

      1. Халықаралық мониторинг объектiлерiнде төменде ұсынылған iс-шаралардың бiреуiнiң немесе барлығының өткiзiлуi талап етiлуi мүмкiн:

      1. Түгендеу.
      2. Алаңды зерттеу.
      3. Жабдықты орнату.
      4. Жаңғырту.
      5. Тестiлеу және бағалау.
      6. Сертификаттау.
      7. Сертификаттаудан кейiнгi iс-шаралар.

      2. Қазақстан Республикасының аумағындағы Халықаралық Мониторинг Жүйесiнiң мониторинг объектiлерi

      1. Мақаншы                           MKAR

         PS23 сейсмологиялық станциясы     Тұрпаттық топ

      2. Бурабай                           BYAR

         AS57 сейсмологиялық станциясы     Тұрпаттық топ

      3. Курчатов                          KURK

         AS58 сейсмологиялық станциясы     3-С>тобы тұрпаты

      4. Ақтөбе                            AKTO

         AS59 сейсмологиялық станциясы     3-С тұрпаты

      5. Ақтөбе

         IS31 инфрадыбыс станциясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады