Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына , "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн тәуелсiз аудиторды таңдау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегi N 1011 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес мүшелерiнiң ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн тәуелсiз аудиторды таңдау жөнiндегi конкурсты өткiзу үшiн мынадай құрамда комиссия құрылсын:
Павлов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Александр Сергеевич Министрiнiң бiрiншi орынбасары, төраға
Досаев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ерболат Асқарбекұлы министрi, төрағаның орынбасары
Комиссия мүшелерi:
Мұқанов - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Мақсат Нұрдәулетұлы Әкiмшiлiгi Әлеуметтiк-экономикалық
талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi (келiсiм
бойынша)
Сәтқалиева - Қазақстан Республикасының Қаржы
Валентина Адамовна министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң
төрайымы
Аман - Қазақстан Республикасының Парламентi
Евгений Иосифович Сенатының депутаты, Экономика, қаржы
және бюджет жөнiндегi комитетiнiң
мүшесi (келiсiм бойынша)
Қосмамбетов - Қазақстан Республикасының Парламентi
Төлебек Қосмамбетұлы Мәжiлiсiнiң депутаты, Қаржы және
бюджет жөнiндегi комитетiнiң мүшесi
(келiсiм бойынша)
Әйтекенов - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Медiбайұлы және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi
Сейiткұл - Республикалық бюджеттiң атқарылуын
Қайырбек Сейiтқұлұлы бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң
мүшесi (келiсiм бойынша)
Әлжанов - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
Батырбек Асылбекұлы Монетарлық операциялар департаментiнiң
директоры (келiсiм бойынша).
2. Конкурстық комиссия заңнамада белгiленген тәртiппен 2003 жылғы 31 желтоқсанға дейiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн 2003-2004 жылдарға тәуелсiз аудиторды таңдау жөнiндегi конкурсты өткiзсiн және оның нәтижелерi бойынша конкурстың жеңiмпазын анықтасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі