Петропавл су торабының су қабылдағышымен бiрге Есiл өзенiндегi бөгеттi - гидротехникалық құрылысты республикалық меншiкке беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қазандағы N 1057 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Петропавл су торабының су қабылдағышымен бiрге Есiл өзенiндегi бөгеттi - гидротехникалық құрылысты (бұдан әрi - Бөгет) республикалық меншiкке беру туралы Access Industries (Eurasia), LLC компаниясының ұсынысына келiсiм берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi:
      1) Access Industries (Eurasia) LLC компаниясымен Бөгеттi мемлекеттiк меншiкке беру туралы шарт жасассын;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен Бөгеттi республикалық меншiкке қабылдап алу жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын;
      3) Бөгеттi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң "Солтүстiксушар" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының теңгерiмiне берсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады