Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 14 қазандағы N 1259 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 қазандағы N 1082 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Ертiс-Қарағанды каналын санитарлық қорғау режимi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 14 қазандағы N 1259 қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) тақырыбындағы, кiрiспедегi және 1-тармақтағы "Ертiс-Қарағанды каналын" деген сөздер "Қаныш Сәтпаев атындағы каналды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ертiс-Қарағанды каналын санитарлық қорғау режимi туралы ережеде:
      тақырыбындағы және бүкiл мәтiн бойынша "Ертiс Қарағанды каналын" деген сөздер "Қаныш Сәтпаев атындағы каналды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бүкiл мәтiн бойынша "мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаумен", "Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау", "Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға", "Ертiс-Қарағанды каналын пайдалану жөнiндегi кәсiпорынмен", "Ертiс-Қарағанды каналын пайдалану жөнiндегi кәсiпорын", "Ертiс-Қарағанды каналын пайдалану жөнiндегi кәсiпорны", "Ертiс Қарағанды каналын пайдалану жөнiндегi кәсiпорынға" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiмен (бұдан әрi - Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi), "Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi", "Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiне", "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң "Қаныш Сәтпаев атындағы канал" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен (бұдан әрi - "Қаныш Сәтпаев атындағы канал" кәсiпорны)", "Қаныш Сәтпаев атындағы канал" кәсiпорны"; "Қаныш Сәтпаев атындағы канал" кәсiпорнына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақтың а) тармақшасындағы, 10-тармақтың а) және б) тармақшаларындағы, 11-тармақтың г) тармақшасындағы "бассейндiк су шаруашылық бiрлестiктерiмен, экология және биоресурстар басқармаларымен", "бассейндiк су шаруашылығы бiрлестiктерiмен, экология және биоресурстар басқармаларымен" деген сөздер "бассейндiк су шаруашылық басқармаларымен, қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармаларымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақтың е) тармақшасындағы, 17-тармақтың ж) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитет органдарымен", "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң органдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң аумақтық органдарымен", "Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi мен оның аумақтық органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13, 14, 15-тармақтардағы және 17-тармақтың а) мен г) тармақшаларындағы "Экология және биоресурстар министрлiгi", "Экология және биоресурстар министрлiгiнiң" деген сөздер "Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi", "Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14-тармақтағы "Балық аулауды қадағалау жөнiндегi бассейндiк инспекцияларға" деген сөздер "аймақтық балық инспекцияларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15-тармақтағы "Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитетiнiң аумақтық органдарына" деген сөздер "Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң аумақтық органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады