Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы N 3827 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнің қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы
20 қаңтардағы N 3827 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 4-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасындағы кәсiптік мерекелер мен атаулы күндер туралы"
1998 жылғы 20 қаңтардағы N 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 1, 1-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсін:
1) тақырыбындағы "кәсiптiк мерекелер мен атаулы күндер" және 1-тармақтағы "кәсiптiк мерекелер мен атаулы күндердiң" деген сөздер тиiсiнше септелiп "кәсiптiк және өзге де мерекелер" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк мерекелер мен атаулы күндердiң тiзбесi осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы "__" ____
N____Жарлығына
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Президентiнің
1998 жылғы 20 қаңтардағы
N 3827 Жарлығымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де
мерекелердiң тiзбесi
Отан қорғаушы күні - 7 мамыр
Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске - 31 мамыр
алу күні
Баспасөз, теледидар және радио күнi - 28 маусым
Медициналық қызметкер күнi - маусымның
үшiншi жексенбiсi
Бiлiм күнi - 1 қыркүйек
Қазақстан Республикасының халықтары - 22 қыркүйек
тілдерінің күнi
Мұғалiм күнi - қазанның бiрiншi
жексенбiсi
Ұлттық валюта күні - 15 қараша
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні - қарашаның
үшiншi жексенбiсi