Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi мен Сингапур Республикасының Сауда және индустрия министрлігінiң арасындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 қарашадағы N 1097 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi мен Сингапур Республикасының Сауда және индустрия министрлiгiнiң арасындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қоюға келiсiм берiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

жоба 

Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда
министрлiгi мен Сингапур Республикасының Сауда
және индустрия министрлiгi арасындағы
ынтымақтастық туралы келiсiм

(Келісім қол қойылған күннен бастап күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi мен Сингапур Республикасының Сауда және индустрия министрлiгi,
      мыналарға:
      сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту мақсатында екi ел арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесуге;
      стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйымдар қабылдаған қағидаттар мен нормаларға сүйене отырып, өнеркәсiптiк стандарттар және техникалық ережелер саласындағы ынтымақтастықты дамытуға;
      индустриялық-инновациялық бағыттағы бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi ақпаратпен, тәжiрибемен, технологиялармен алмасуды жүзеге асыруға;
      Тараптардың халықаралық экономикалық ұйымдарға кiруi мәселелерi қолдау көрсетуге және жәрдем жасауға ұмтыла отырып,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Тараптар өз құзыретi шеңберiнде, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес сауда-экономикалық ынтымақтастықтың одан әрi дамуына ықпал ететін болады.

2-бап

      Тараптар және техникалық реттеу жөнiндегi мүдделi органдар арасындағы тiкелей байланыстар орнату жөнiндегi халықаралық стандарттар мен талаптарға және стандарттау жөнiндегi басқа да материалдарға сәйкес Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық стандарттарын үйлестiруде жәрдемдесетiн болады.

3-бап

      Тараптар техникалық көмек көрсету және бiлiктi мамандардың консультацияларын беру мәселелерiн қоса алғанда, өзара мүдделілiк танытатын инновациялық-өнеркәсiптiк бағдарламаларды дамыту мен тарату саласындағы тәжiрибемен алмасуға күш салатын болады.

4-бап

      Сингапурлiк тарап, Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүше елдiң мемлекеттiк органы бола отырып, Қазақстан Республикасының осы ұйымға семинарлар мен тренингтердi өткiзу жолымен кiруi мәселелерi бойынша жәрдемдесетiн және қолдайтын болады.

5-бап

      Тараптар өз мемлекеттерiнiң шағын кәсiпкерлiгi саласындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесетiн болады. Осыған байланысты Қазақстан тарабы Азияға және одан тыс жерлерге кiретiн Қазақстан компанияларына көмек көрсету және база жасау үшiн Сингапурде бизнес-орталық құруды қарастыра алады.

6-бап

      1. Тараптар жеке секторда мынадай салаларда бизнес-ынтымақтастығына жәрдемдесе алады:
      а) қорғаныс өнеркәсiбi;
      б) электрондық Үкiмет;
      в) кеме жасау мен жөндеудi қоса алғанда, теңiз инжинирингi;
      г) жинақтаушы жабдықтар өндiрiсiн/импортын қоса алғанда, мұнай мен газ;
      д) мұнай химикаттары мен химикаттар;
      е) электроника;
      ж) әуежайды басқару мен консультацияны қоса алғанда, азаматтық авиация;
      з) өнеркәсiптiк және технологиялық парктер;
      и) қаржы мен сақтандыру;
      к) ақпараттық және коммуникациялық технологиялар.
      2. Ынтымақтастық консультациялар беру және техникалық қызметтер көрсету, ақпарат және бiрлескен кәсiпорындардың өзара дамуы және тәжiрибе алмасу нысанында болуы мүмкiн.

7-бап

      Тараптар олардың мемлекеттерiнiң аумағында өткiзілетiн iскерлiк орта өкiлдерiнiң сауда көрмелерiне, жәрмеңкелерге және басқа да осындай iс-шараларға қатысуына ықпал жасайтын болады.

8-бап

      Тараптар өз мемлекеттерiнiң заңнамасы туралы, инновациялық қызмет саласындағы және басқа да салалардағы бiлiктiлiктi арттыру бойынша өткiзiлетiн тренингтер туралы ақпаратпен, сондай-ақ мерзімдi басылымдармен және статистикалық деректермен алмасатын болады.

9-бап

      1. Осы Келiсiмнің шеңберiндегi Тараптар арасындағы ынтымақтастық Тараптармен келiсiлген iс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      2. Келiсiмдi iске асыру мақсатында Тараптар бiрлескен комиссия құра алады.

10-бап

      Тараптар осы Келiсімдi iске асыру процесiнде туындайтын тәжiрибемен және бiлiммен алмасуға қатысты шығыстарды бөлудi қарастыруы тиiс.

11-бап

      Тараптардың өзара уағдаласуы бойынша осы Келiсiмге осы келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

12-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және баптары iске асыруға қатысты кез келген келiспеушілiктер Тараптар арасындағы консультациялар және келiссөздер жолымен шешiлуi тиiс.

13-бап

      1. Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және Тараптардың бipeуi кемінде алты ай бұрын дипломатиялық арналар бойынша екiншi Тарапқа оның қолданылуын тоқтатуға өз ниетi туралы жазбаша хабарламасын жолдағанға дейiн қолданылады.
      2. Осы Келiсiмдi бұзу мыналарға:
      осы Келiсiмде осыған ұқсас бұзғанға дейiн қабылданған Тараптардың құқықтары мен міндеттерiне немесе
      осы Келiсiмге сәйкес күшiне енген, бiрақ осыған ұқсас бұзғанға дейiн толық көлемде орындалмаған кез келген мәмілеге немесе келiсiмге әсер етпеуi тиiс.
      3. Осы Келiсiмнiң ағылшын, қазақ және орыс тілдерiнде, екi түпнұсқалық данада қол қойылды, әрi барлық мәтiннiң күшi бiрдей.
      4. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тілiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

      Осыны растау үшiн уәкiлеттi болып табылатын Тараптардың өкілдерi осы Келiсiмге 2003 жылғы қарашада Сингапур Республикасында қол қойды.

     Қазақстан Республикасының          Сингапур Республикасының
        Индустрия және сауда               Сауда және индустрия
          министрлiгi үшiн                   министрлiгi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады