"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 қарашадағы N 1099 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

жоба    

  Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық
актiлерiне өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы"

      Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

      1. "Нормативтiк құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 25-құжат; 2001 ж., N 20, 258-құжат; 2002 ж., N 5, 50-құжат):

      18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "18-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң мазмұны мен жазылу стилiне қойылатын талаптар
      1. Қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеу саласында мемлекеттiк органдардың мiндеттерi, функциялары мен құзыретi заңдарда мемлекеттiк басқару деңгейлерi бойынша айқын ажыратылып белгiленуi тиiс.
      2. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi әдеби тiл мен заң терминологиясының нормалары сақтала отырып жазылады. Ескiрген және көп мағыналы сөздер және теңеулер, эпитеттер, метафоралар қолдануға, сөздердi қысқартуға жол берiлмейдi. Баптың (тармақтың) мәтiнi басқа баптарда (тармақтарда) қайталап жазылмайды.".

      2. "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 20, 379-құжат):

      1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Мемлекеттiк органның құзыретi деп мемлекеттiк органдар қызметiнiң мәнiн айқындайтын олардың белгiленген өкiлеттiктерiнiң жиынтығы ұғынылады;
      мемлекеттiк органның өкiлеттiгi деп мемлекеттiк органның заңдарда белгiленген құқықтары мен мiндеттерi ұғынылады;
      мемлекеттiк органның құқығы деп заңдарда белгiленген белгiлi бiр iс-әрекеттердi жасау, басқа адамнан (басқа адамдардан) белгiлi бiр мiнез-құлықты (ic-әрекеттердi немесе iс-әрекеттерден қалыс қалуды) талап ету мүмкiндiгi ұғынылады;
      мемлекеттiк органның мiндеттемелерi деп мемлекеттiк органдар орындауға мiндеттi заңдарда белгiленген iс-әрекеттер шеңберi ұғынылады;
      мемлекеттiк органның мiндеттерi деп мемлекеттiк орган қызметiнiң негiзгi бағыттары ұғынылады;
      мемлекеттiк органның функциялары деп заңдарда белгiленген өкiлеттіктер шеңберiнде мемлекеттiк органдардың қызметтi жүзеге асыруы ұғынылады;
      мемлекеттiк органның мақсаттары деп мемлекеттік органның өз қызметінде талпыну мәні ұғынылады.".

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады