Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Филиппин Республикасының Үкiметi арасындағы дипломаттық және қызметтiк паспорттары бар азаматтарды виза ресiмдеуден босату туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Филиппин Республикасының Үкiметi арасында дипломаттық және қызметтiк паспорттары бар азаматтарды виза ресiмдеуден босату туралы келiсiм жасасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Филиппин
Республикасының Үкiметi арасындағы дипломаттық
және қызметтiк паспорттары бар азаматтарды
виза ресiмдеуден босату туралы
Келісім
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Филиппин Республикасының Үкiметi,
екi жақты қарым-қатынасты одан әрi кеңейтуге тiлек бiлдiре отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
1. Екiншi Тараптың мемлекетiнде тiркелмеген жарамды дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары бар бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары келген кезiнен бастап 30 (отыз) күн iшiнде визасыз екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына келе алады, кете алады, транзитпен өте алады және онда уақытша бола алады.
2. Жарамды дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары бар бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында болатын уақытында осы Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасын сақтауға мiндеттi.
2-бап
Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағындағы дипломатиялық өкiлдiкке, консулдық мекемеге немесе халықаралық ұйымға жұмысқа жiберiлген жарамды дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары бар бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары сол елде олар болатын бүкiл кезеңге жарамды виза алуы тиiс. Осы ереже сондай-ақ егер олардың дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары болса немесе олардың аты-жөнi әкесiнiң немесе шешесiнiң паспортына жазылса, дипломатиялық өкiлдiк немесе консулдық мекеме қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерiне, сондай-ақ олардың асырауындағы адамдарға да қатысты қолданылады.
3-бап
1. Дипломатиялық өкiлдiкке, консулдық мекемеге немесе халықаралық ұйымға жұмысқа тағайындалған, жарамды дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары бар Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтарына және олардың отбасы мүшелерiне визалар олар жол жүргенге дейiн ресiмделедi.
2. Жiберушi Тарап мемлекетiнiң уәкiлеттi органы дипломатиялық өкiлдiкке немесе консулдық мекемеге сондай-ақ халықаралық ұйымдарға тиiстi адамдардың тағайындаулары туралы қабылдаушы Тарап мемлекетiнiң уәкiлеттi органына алдын ала хабарлайды.
4-бап
Дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары бар бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары халықаралық қатынастар үшiн ашық, барлық өткiзу пункттерi арқылы екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына келе алады.
5-бап
Тараптардың әрқайсысы екiншi Тарап мемлекетiнiң азаматына, егер аталған тұлға қолайсыз деп танылса немесе persona non grata деп жарияланса өз шешiмiн дәлелдеп жатпастан оның келуiне рұқсат беруден бас тартуға, немесе оның өз аумағында болу мерзiмiн қысқартуға немесе тоқтатуға құқылы.
6-бап
Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдары осы Келiсiмге қол қойылған кезден бастап 30 (отыз) күн iшiнде дипломатиялық арналар бойынша қолданылып жүрген дипломаттық және қызметтiк паспорттардың үлгiлерiмен алмасады. Өзiнiң паспорттары өзгерген жағдайда кез келген Тарап екiншi Тарапқа жаңа паспорттардың үлгілерiн табыс етедi және оларды қолданысқа енгiзгенге дейiнгi 30 (отыз) күн iшiнде оларды қолданудың тәртiбi туралы хабарлайды.
7-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде даулар және пiкiр алшақтығы туындаған жағдайда, Тараптар оларды консультациялар және келiссөздер арқылы шешетiн болады.
8-бап
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi.
9-бап
Осы Келiсiм олар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
10-бап
Осы Келiсiм беймәлiм мерзiмге жасалады және осы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енеді.
Тараптардың әрқайсысы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлау арқылы осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтата алады. Осы Келiсiм Тараптардың бiрi тиiстi хабарламаны екiншi Тарапқа жiберген күннен бастап 6 (алты) ай өтiсiмен өзiнiң күшiн жояды.
Манила қаласында 2003 жылғы "__"___________________________ әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiм ережелерiн түсiндіруде пiкiр алшақтығы туындаса, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Филиппин
Республикасының Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін