Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап . "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 9, 95-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) кiрiспеде "сондай-ақ акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың және" деген сөздер "акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан көбiрек пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың, сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан көбiрек пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың аффилиирленген тұлғалары - тура және/немесе жанама түрде мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан көбiрек пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың шешiмдерiн белгiлеуге және/немесе қабылдайтын шешiмдерiне, соның iшiнде негiзгi ұйымның акцияларын (үлестерiн) иелену құқықтарын жүзеге асырудың, шарттың, ауызша шартты қоса алғанда, немесе басқа да мәмiленiң нәтижесiнде ықпал етуге мүмкiндiгi бар (мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан көбiрек пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың қызметiн реттеудi өздерiне берiлген құзыреттерiнiң шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардан басқа) тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан көбiрек пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың оған қатысты мұндай құқығы бар кез келген тұлға;";
3) тармақшада:
"және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың" деген сөздер "акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан көбiрек пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
"есебiнен" деген сөзден кейiн "осы Заңның 27-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) конкурстық өтiнiмнiң демпингтiк бағасы - тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi белгiлi бiр тауар рыногында қалыптасқан бағалардың деңгейiнен бiрталай төмен бағалар бойынша ұсынған ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмiнiң бағасы;";
5) тармақшада "және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдар" деген сөздер ", акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан көбiрек пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақша "тапсырысшы берушi" деген сөзден кейiн ", оның филиалы, өкiлдiгi" деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
"11) мерзiмдi баспасөз - өткiзiлуге дайындалып жатқан және өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер жарияланатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган белгiлейтiн мерзiмдi баспасөз басылымдары;";
3) 5-бапта:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) өз құзыретi мәселелерi бойынша орындалуға мiндеттi жазбаша өкiм енгiзедi;";
мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Уәкiлеттi органның жазбаша өкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдалынуы мүмкiн;";
4) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
"6-1-бап. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн
қызметтердi өз билiгiндегi ақшаның есебiнен
сатып алуды Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына
сәйкес жүзеге асыруға мiндетті субъектiлердiң
мемлекеттiк тiзiлiмi
Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсiпорындар, акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан көбiрек пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғалар Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi өз билiгiндегi ақшаның есебiнен сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi субъектiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлуi тиiс.
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi өз билiгiндегi ақшаның есебiнен сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi субъектiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзудiң және одан шығарудың тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.";
5) 8-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi абзацта "өнiм берушi" деген сөзден кейiн "осы Заңның 20-бабында және 21-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағында," деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"кәсiптiк бiлiктiлiгi, сондай-ақ сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тиiстi рыногында бiр жылдан кем емес жұмыс тәжiрибесi болуға;";
5) тармақшада: "сот жауапқа тартпаған болуға тиiс" деген сөздер "заңды күшiне енген сот шешiмi негiзiнде жауапқа тартылмаған болуы тиiс" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiкте "қолдау жасалатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне" деген сөздер "жағдайларда ықтимал өнiм берушiлер болып табылатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне және тауарлар өндiретiн, жұмыстар орындап, қызметтер көрсететiн, Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын ұйымдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бiрiншi бөлiкте "толық емес немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Конкурстың ұйымдастырушысы конкурстың қорытындыларын шығарғаннан күннен бастап үш жұмыс күннен кешiктiрмей, ықтимал өнiм берушілер дұрыс емес ақпарат ұсынған барлық анықталған фактiлерi туралы уәкiлеттi органды хабардар етуi тиiс.
Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан көбiрек пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар өнiм берушiлердiң мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiстi түрде орындамағаны туралы сотқа талап ұсынған кезде, олардың талаптары қанағаттандырылған жағдайда, олар сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн үш жұмыс күнi ішінде уәкілетті органның мекен-жайына белгіленген тәртіппен куәландырылған сот шешімінің көшірмесін жiбере отырып, оны хабардар етуге міндетті.
Білiктiлік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат ұсынған ықтимал өнiм берушiлер туралы, сондай-ақ соңғы екі жыл ішінде мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шарттар бойынша олар мiндеттемелерін орындамағаны немесе тиiстi түрде орындамағаны үшiн сот жауапқа тартқан ықтимал өнiм берушiлер туралы ақпарат уәкілетті органның Web-сайтында орналастырылады.";
6) 9-бапта:
4-тармақта:
екiнші бөлiкте "акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар" деген сөздер ", акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан көбiрек пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Мемлекеттiк сатып алу жоспарының нысанын уәкілетті орган бекiтедi.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі оның үздіксіз жұмыс істеуiн қамтамасыз ету мақсатында, егер жаңа қаржы жылдың басына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнің бюджеті (шығыстар сметасы) бекiтiлмесе, осы баптың бiрiншi бөлiгiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тізбе бойынша ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында мемлекеттiк сатып aлу көлемiнен осы шарт бойынша аспайтын көлемде тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылуын ұзартуға құқылы.
Құрылыстағы мердiгерлiк ұзақ мерзімді жұмыстардың және оларға ілеспе тауарлардың және/немесе көрсетілетін қызметтердiң шарттары, сондай-ақ технологиялық жасалу мерзiмi бiр жылдан асатын тауарларды сатып aлу туралы шарттары бiр жылдан асатын мерзiмге жасалуы мүмкiн. Мұндай шарттарды жасаудың тәртібiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.";
7) 10-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлiкпен толықтырылсын:
"Тапсырыс беруші бюджетті (бизнес-жоспарды) бекiткеннен кейiн келесі жылға қажетті және бекiтілген бюджетте (бизнес-жоспарда) көзделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетiн қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөнiнде конкурс өткiзу туралы шешім қабылдауға құқылы.";
3-тармақта: бесінші бөлікте "акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдар" деген сөздер "акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан көбiрек пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөлiкте "акционерлiк қоғамдар" деген сөздер "заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 11-баптың 2-тармағында:
"қабылдау аяқталған күнге дейiн бiр айдан кешiктiрiлмей мерзiмдi баспасөзде жариялануға тиiс, ал мемлекеттiк кәсiпорындар мен акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың оны осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылдау аяқталғанға дейiн күнтiзбелiк жиырма күн бұрын жариялауға құқығы бap" деген сөздер "қабылдауды аяқтау күнiне дейiн күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрiлмей, мерзiмдi баспасөзде жариялануға тиiс" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурс өткiзiлмедi деп танылған жағдайда қайтадан конкурс еткiзу туралы хабарландыру осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылдауды аяқтау күнiне дейiн күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмей мерзiмдi баспасөзде жариялануға тиiс.";
9) 12-баптың 6-тармағында:
бiрiншi бөлiгiнде "жетi" деген сөз "бec" деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi бөлiгiнде "он" деген сөз "жеті" деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 14-бапта:
1-тармақ "үш процентi мөлшерiнде" деген сөздер "бiр процентiнен үш процентiне дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Бұл ретте конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудiң мөлшерi конкурстың барлық қатысушыларына бiрдей болуы тиiс";
2-тармақта:
1) тармақша "құн түрiнде" деген сөздерден кейiн "конкурс бойынша тұтас алғанда" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) олар қайталама рыноктағы тұрғын үйдi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысушы жеке тұлғалар болып табылса, конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзбейдi.";
6-тармақтың 5) тармақшасында "жағдайларда бес жұмыс күнi iшiнде қайтарып бередi." деген сөздер алынып тасталсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) басқа ықтимал өнім беруші конкурстың жеңімпазы болып белгіленген жағдайларда бес жұмыс күні ішінде қайтарып береді.";
11) 16-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: "1-1) конкурстық өтiнімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында конкурстық комиссия тиісті мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратуға құқылы;";
3-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) конкурсқа қатысуға жіберiлген ықтимал өнім берушiнiң конкурстық өтінімiнің бағасы осы тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетiлетiн қызметтерді сатып алуға бөлiнген сомадан артық болса, конкурстық өтiнімді қабылдамайды.";
Мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Объектілерді салуға мердiгерлiк жұмыстарды және оларға iлеспе тауарлардың және/немесе көрсетілетін қызметтердi, сондай-ақ технологиялық жасалу мерзiмi бiр жылдан асатын тауарларды мемлекеттік сатып алу жөнiнде конкурстар өткізілген кезде, егер конкурсқа қатысуға жiберiлген ықтимал өнiм берушінiң конкурстық өтiнімнiң бағасы осы тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетiн қызметтердi сатып алуға бөлiнген сомадан артық болса, оның конкурстық өтінімі де қабылданбайды.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1 Ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық өтінiмінің бағасы демпингтiк болған жағдайда, конкурстық комиссия оның конкурстық өтiнімiн қабылдамауға құқығы бар. Конкурстық өтінімнің демпингтік бағасының тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметі белгiлейдi.";
4-тармақтың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап бермейтiн екеуден кем конкурстық өтінiм табыс етiлген жағдайда да, конкурстық комиссия конкурсты өткізiлмеді деп таниды.";
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қажет болған жағдайда, конкурстық құжаттаманың мазмұнын өзгертудi және қайтадан конкурс өткізуді";
6-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысу үшiн қабылданған конкурстық өтінімдерге баға берiп, оларды салыстырады және ең төмен баға негізінде мынадай өлшемдерді ескере отырып, жеңіп шыққан конкурстық өтiнімді анықтайды:";
1) тармақша алынып тасталсын;
7) тармақшасы "кадрларын даярлау" деген сөздерден кейін "сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердiң рыногындағы жұмыс тәжірибесі" деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтың екінші абзацы "мерзімдi баспасөзде" деген
сөздерден кейiн "егер осы Заңда өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
12) 17-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) егер конкурс өткiзiлген жағдайда, сатып алуға бөлінген сома;
11) жеңiмпаздың ұсынысынан кейiнгi ұсынысы неғұрлым басымдыққа ие болған ықтимал өнiм берушiнiң атауы мен мекен-жайы";
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Конкурстық өтінімін табыс еткен ықтимал өнiм беруші конкурстың қорытындылары мерзiмдi баспасөзде жарияланған күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде уәкiлеттi органға, бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге тәсiлдермен шағымдану құқығын жоғалтпастан, конкурстың қорытындыларын шағымдауға құқығы бар.";
13) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өнiм берушiнi баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып таңдау қандай болса да бiртектi тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық көлемдерi құны жағынан Қазақстан Республикасының заңдарында тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң төрт мың еселенген мөлшерiнен аспаған жағдайда ғана қолданылады, осы тармақтың екiншi бөлiгінде белгiленген жағдайларды қоспағанда.
Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мекемелердiң қандай болса да бiртектi тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық көлемiнiң құны жағынан Қазақстан Республикасының заңдарында тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң екi мың еселенген мөлшерiнен аспаған жағдайда ғана өнiм берушіні баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып таңдауға құқығы бар.";
14) 21-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер белгiлi бiр тауар рыногында, оның үлесі бұл рынокта жүз пайыз болатын, басымдылыққа (монополияға) ие жағдайы бар нарық субъектiсiнде ғана бар болған немесе балама болмаған;";
3) тармақша "технологиялар" деген сөзден кейін "жұмыстар" деген сөзбен, "технологиямен" деген сөзден кейін "жұмыстармен" деген сөзбен толықтырылсын;
4) тармақшада:
"және" деген сөз "/немесе" деген сөзбен толықтырылсын;
"жағдайларда ғана жүргiзiледi" деген сөздер алынып тасталсын;
5) тармақшада "белгiлейдi" деген сөз "белгiлеген;" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6), 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) дереу қалпына келтiрудi талап ететiн коммуникациялардың, механизмдердiң, агрегаттардың, қосалқы бөлшектер мен материалдардың бара жатқан жолда сынуы, iстен шығуы туындаған кезде мемлекеттiк кәсiпорындар, акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан көбiрек пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілi акционерлiк қоғамдар, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғалар, кейiннен уәкiлеттi органға он күнпарақтық күннен аспайтын мерзiмде хабарлай отырып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған;
7) күн сайын және/немесе апта сайын қажеттiлiгi бар тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi конкурстың қорытындыларын шығарған кезеңге дейiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған жағдайларда ғана жүргiзiледi.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Егер мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер үшiн бiртектi тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алудың жылдық көлемi құндық түрiнде Қазақстан Республикасының заңдарында тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң екi мың еселенген мөлшерiнен, ал мемлекеттiк кәсiпорындар, акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан көбiрек пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдар аффилиирленген тұлғалары үшiн төрт мың еселенген мөлшерiнен асып түссе, осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 3), 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды тапсырыс берушi уәкiлеттi органмен келiсе отырып жүзеге асырады. Табиғи монополияның субъектiлерiнен немесе белгiлi бiр тауар рыногында, оның үлесi бұл рынокта жүз пайыз болатын, басымдылыққа (монополияға) ие жағдайы бар нарық субъектiсiнен тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу уәкiлеттi органның келiсiмiн талап етпейдi.
Қаржы жылы iшiнде бiртектi тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың жылдық көлемiн олардың ең болмаса бiреуiнiң мөлшерi айлық есептiк көрсеткiштiң:
1) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органдар мен мемлекеттік мекемелер үшiн екi мың еселенген мөлшерiнен;
2) мемлекеттiк кәсiпорындар, акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан көбiрек пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдар аффилиирленген тұлғалары үшiн төрт мың еселенген мөлшерiнен кем болатындай бөлiктерге бөлшектеуге жол берiлмейдi.";
3-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген жағдайларда бiр көзден сатып алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу жүргiзiлген кезде конкурстық комиссияны құру талап етiлмейдi.";
4-тармақ "өнiм берушi" деген сөздерден кейiн "осы Заңның 21-бабы 1-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Бiр көзден сатып алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың тәртiбiн, сондай-ақ бұл жағдайларда сұраныстарды қарау үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.";
15) 23-бапта:
2-тармақта "үш" деген сөз "бec" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына немесе мемлекеттiк сатып алу туралы қол қойылған шартқа (бағасын төмендетудi қоспағанда) өнiм берушiнi таңдау үшiн негiз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертуi мүмкiн қандай да бiр өзгерiс және/немесе жаңа талаптар енгiзуге жол берiлмейдi.
Өнiм берушiнi таңдау үшiн негiз болған сапасының, көлемiнiң және басқа жағдайларының өзгермеуi шартымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа бағасын төмендетуге қатысты өзгерiстер енгiзуге рұқсат етiледi.
Тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қойғанға дейiн ықтимал өнiм берушiмен шарттың бағасын төмендету мақсатында келiссөз жүргiзуге құқығы бар. Бұл ретте ықтимал өнiм берушiнiң мұндай төмендетуге келiспеуге құқығы бар, бұл тапсырыс берушiге тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстың жеңiмпазы болып танылған ықтимал өнiм берушiмен шарт жасаудан бас тарту құқығын бермейдi.
Егер тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындау барысында сатып алынатын ұқсас тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң бағалары төмендеу жағына өзгерген жағдайда, тапсырыс берушi мен ықтимал өнiм берушiнiң екi жақтық келiсiмi бойынша мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа осы тармақтың ережелерi ескерiле отырып, тиiстi өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.";
16) 27-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы баптың 1-тармағын iске асыру мақсатында конкурсты ұйымдастырушы сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi және/немесе мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi ғана қатыстырылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiнде конкурс өткiзедi. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң көлемдерi осы баптың 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлегеннен кем болмауы тиiс.
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен және/немесе мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнен жүзеге асырған кезде, олардың арасынан өнiм берушінi таңдау, егер осы бап өзгенi белгiлемесе, осы Заңның 2 тарауында көзделген нормаларды қолдана отырып жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурс осы Заңның 16-бабында көзделген негiздер бойынша өткiзiлмеді деп танылған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушының оған осы Заңның 16-бабының 5-тармағы беретiн құқығын пайдалануға және тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiнде қайтадан жалпы негiздерде конкурс өткiзуге құқығы бap.";
17) 4-тарау мынадай мазмұндағы 27-1-баппен толықтырылсын:
"27-1-бап. Сатып алуы мемлекеттiк сатып алу заты болып
табылмайтын тауарлар, жұмыстар мен
көрсетiлетiн қызметтер
Мыналар:
1) жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстар;
2) жалақы (негізгi қаражаттан ұсталатын және содан қызмет көрсетiлетiн штаттағы қызметкерлер мен штаттан тыс жеке тұлғаларға еңбекақы төлеу қоры), жәрдемақы, iссапар шығындары, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер;
3) ғылым, әдебиет және өнер авторларына төленетiн авторлық сыйақы;
4) мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстың "жеңiмпаздары болып белгiленген мемлекеттiк кәсiпорындар, акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан көбiрек пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдар, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғалар немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдар, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғалар жүзеге асыратын, осы конкурс нәтижесiнде белгiленген өздерiнiң шарттық мiндеттемелерiн орындауға қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
5) өкiлдiк шығыстар (өзара ынтымақтастық орнату немесе қолдау мақсатында адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң отырысына келген қатысушыларды, директорлар кеңесiнiң, тексеру комиссиясының отырысына, акционерлер жиналысын өткiзу үшiн келген қатысушыларды ресми қабылдауды өткiзу, оларды көлiкпен қамтамасыз eту, келiссөздер кезiнде дәмхана (фуршет) қызметiн көрсету, ұйымның штатында тұрмайтын аудармашылардың көрсеткен қызметiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстар);
6) көрмелерге, семинарларға, конференцияларға, кеңестерге қатысуға қажеттi шығыстар, сондай-ақ көрмелердiң семинарлардың, конференциялардың, кеңестердiң материалдарын сатып алу, мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алу;
7) шетелде жұмыскерлердi даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн жоғарылату;
8) кепiл, кепiлдiк және қаржылық қызметтердi тарту туралы шарттар бойынша мiндеттеменi орындауды қамтамасыз етудiң басқа тәсiлдерi;
9) лизингке беру факторинг, франчайзинг, комиссия шарты бойынша сыйақы төлеу, сенiмгерлiк басқару, бюджет қаражатынан төлем жасау бөлiгiнде тiкелей субсидия алушыға субсидия беру;
10) рейтингтiк агенттiктерi көрсететiн қызметтердi сатып алу, қаржылық қызметтер (сақтандыру қызметтерiн, сондай-ақ табиғи монополия субъектiлерiнiң қаржылық қызметтердi тартуын қоспағанда);
11) Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiлi бiр мақсаттарға (мiндеттерге) жету үшiн өтеусiз негiзде мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметтерiнiң қайырымдылық және халықаралық сипаты бар шетелдiк мемлекеттiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар беретiн гранттар қаражаттарын, сондай-ақ осы гранттарды қоса қаржыландыруға бөлiнетiн қаражаттарды пайдалану;
12) мемлекеттiк бiлiм тапсырысы;
13) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк көлемi;
14) саудаларға (аукциондарға) қатысуға байланысты шығыстар, саудаларда (аукциондарда) өткiзiлетiн:
орындаушылықты өндiру туралы заңнамаға сәйкес сот орындаушылары жүргiзетiн;
банкроттық туралы заңнамаға сәйкес;
жер туралы заңнамаға сәйкес;
мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру кезiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша мүлiктi (активтердi) сатып алу;
15) бағалы қағаздарды сатып алу;
16) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң монетарлық қызметi;
17) банкноттар мен монеталардың дизайнын, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгенi жасауға байланысты тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;
18) сыртқы аудит бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қызметi;
19) Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық кодексiнiң 72-бабына, Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексiнiң 114- және 304-баптарына, "Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының кодексiнiң 590-бабына және "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына (жоғарыда аталған Заңның 6-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда) сәйкес оны төлеуден босатылған тұлғаларға заң көмегiн көрсетуге төлеу және бұл жағдайлардағы қорғау мен өкiлеттiкке байланысты шығыстарды өтеу, айыптының немесе күдiктiнiң таңдау құқығы болмаған кезде қылмыстық iстер бойынша адвокаттық қызметтер;
20) жасалатын нотариалдық iс-қимылдар үшiн төлеу;
21) мемлекеттік органдардың кесімдері негізінде жер учаскелерін бергені үшін төлеу;
22) мемлекеттiк кәсіпорындардың, акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан көбірек пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың (табиғи монополиялаp субъектілерін қоспағанда) оларды кейіннен көтерме-бөлшек саудада өткiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі белгілейтін тiзбе бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтерді сатып алуы;
23) Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
24) мемлекеттік наградаларды, депутаттың кеуде белгiсiн, мемлекеттік сенiм таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының (соның ішінде қызметтік, елшiлiк) төлқұжаттарын, Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлiктерiн, Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру рұқсатын, азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігін, акциздік алымдардың маркаларын жасау;
25) статистикалық мәліметтердi өңдеу қызметтерін сатып алу;
26) мемлекеттік кәсiпорындардың, акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан көбірек пайызы мемлекеттік тиесілі заңды тұлғалардың немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың инновациялық қызметтi қаржыландыру бойынша шешім қабылдау мақсатында инновацияларды тәуелсіз ғылыми-техникалық сараптау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
27) Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын ұйымдардың негізгі қызметінің заты бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының Yкіметі бекітетін тізбе бойынша сатып алу мемлекеттік сатып алу заты болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген сатып алуды жүзеге асырған кезде тапсырыс берушілер осы Заңның 3-бабында жазылған мемлекеттік сатып алу процесінің құқықтық реттеу принциптерiн басшылыққа алуға міндетті.".
2-бап. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құқықтық кесімдерді осы Заңға сәйкес келтiргенге дейін Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерi осы Заңға неғұрлым қайшы келмейтiн болғандығынан қолданылады.
Осы Заң оны қолданысқа енгізгеннен кейiн туындаған қатынастарға қолданылады. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған құқықтар мен міндеттемелерге осы Заң оны қолданысқа енгізгеннен кейін туындайтын құқықтар мен міндеттемелерге қолданылады.
3-бап. Осы Заң оны ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi