"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қарашадағы N 1153 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

жоба

"Байланыс туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негiздерiн белгілейдi, мемлекеттік органдардың аталған қызметті реттеу жөнiндегі өкілеттiгiн, байланыс қызметiн көрсететiн немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерiн анықтайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Байланыстың мақсаты

      1. Байланыс байланыстың қызмет көрсетулерiне жеке және заңды тұлғалардың қажеттілiгін қанағаттандыруға және мемлекеттiк органдардың қауiпсiздiк қорғаныс, құқық тәртiбiн қорғау, қажеттілiгін қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтiк инфрақұрылымының ажырамас бөлігi болып табылады.
      2. Байланыс құралдары мен есептеу техникасы ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтау және тарату процесiн қамтамасыз етудің техникалық базасын құрайды.

      2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) абонент - осы мақсаттар үшін абоненттік номер немесе сәйкестендiрiлген код бөлiнген кезде осындай қызметтердi көрсету туралы онымен шарт жасасылған, байланыс қызмет көрсетулерін пайдаланушы;
      2) телефондық қосылу қызметiне ақы төлеудің тiркелген абоненттік жүйесi (бұдан әрi - қызметке ақы төлеудің абоненттік жүйесi) - байланысты пайдаланушының белгiлi бiр, уақыт кезеңiндегi төлемдер сомасы абоненттік желiнi, оның түрiне қарамастан, абонентке тұрақты пайдалануға беру ақысын және бiр абонентке шаққанда оның орташа ұзақтығына қарай жергіліктi телефонды қосу ақысын қамтитын қызметке ақы төлеу жүйесi;
      3) жоғарғы жиiлiктi құрылғылар - телекоммуникация саласында қолдануын қоспағанда, өнеркәсiптiк, ғылыми, медициналық, тұрмыстық және басқа мақсаттарда электр магниттiк энергиясын өндiруге және пайдалануға арналған жабдық және (немесе) аспаптар;
      4) басымдық байланыс операторы - Қазақстан Республикасының  монополияға қарсы заңнамасына сәйкес, байланыс саласында басымдық жағдайға ие болып отырған (монополиялық) байланыс операторы;
      5) кабельдi канализация - байланыс кабельдерiн төсеу, құру және техникалық қамтамасыз етуге арналған жер асты құбырлары мен құдықтардың жиынтығы;
      6) арнайы курьерлiк және фельдъегер байланыстарының арналары - фельдъегерлердiң алып жүруiмен арнайы жiберiлiмдердi жөнелтуге пайдаланылатын, арнайы курьерлiк және фельдъегер байланысы бөлiмшелерiнiң жиынтығы;
      7) радиожиілік спектрiнің конверсиясы - азаматтық мақсаттағы радиоэлектронды құралдардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануды ұлғайтуға жұмсалатын шаралардың жиынтығы;
      8) байланыс желiлерi - тарату жолдары (кабельдiк, радиорелейлiк және басқалары), байланыстың табиғи тiзбектерi және желiлiк кабельдi құрылыстары, оның iшiнде, Қазақстан Республикасының немесе басқа елдердiң байланыс операторлары телекоммуникациялық желiлерiнiң қалааралық (халықаралық) телефон станцияларын қосатын магистральдық байланыстар;
      9) магистральдық байланыс операторы - магистральдық байланыс желiсiне ие болушы және (немесе) пайдаланушы және басқа байланыс операторларына трафик транзитi және желiлiк ресурстардың берiлуi бойынша қызмет көрсетушi байланыс операторы;
      10) қалааралық телефон байланысы - жергiлiктi телефондық қосулардан басқа, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын байланыс қызмет көрсетулерiн пайдаланушылары арасындағы телефондық байланыс;
      халықаралық телефондық байланыс - Қазақстан Республикасының аумағында тұратын және басқа мемлекеттiң аумағында байланыс қызмет көрсетулерiн пайдаланушылары арасындағы телефондық қызмет;
      11) желiаралық қосылулар - телекоммуникацияның бiр желiсiн екіншісіне қосу қызметi көрсетiлуiнiң нәтижесi болып табылатын телекоммуникация желiлерiнің өзара iс-қимылы;
      12) телекоммуникацияның жергiлiктi желiсi - бұл қалаларда және ауылдық елдi-мекендерде телекоммуникацияны жүзеге асыруға арналған коммутациялық жабдықтардан (станциядан, шағын станциядан, концентраторлардан), желiлiк-кабельдi құрылыстардан (қосқыш желiлер мен арналары), тарату жүйелерi мен абоненттік құрылғылардан (терминалдардан) тұратын техникалық құралдардың жиынтығы;
      13) байланыс саласындағы ұлттық ресурстар - байланыс жерсерiктерiнiң радиожиiлiк, нөмiрлеу және орбиталдық позицияларының ресурстары;
      14) байланыс қызметтерiн көрсету - пайдаланушыларға байланыс қызмет көрсетулерiн ұсынуға негiзделген байланыс операторларының қызметi;
      15) ақырғы жабдық - абонент желiлерiне қосылған және абоненттiң пайдалануындағы байланыс желiлерi бойынша телекоммуникация сигналдарын таратуға немесе қабылдауға арналған, не көрсетілген мақсаттарға арналған техникалық құралдар;
      16) байланыс операторы - байланыс қызмет көрсетулерiн ұсынуға заңнамада белгіленген тәртiппен рұқсат алған жеке немесе заңды тұлға;
      17) әмбебап қызмет көрсетулерiнiң операторы - жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiнде заңнамамен сәйкес байланыстың әмбебап қызметтерiн көрсету мiндеттерi жүктелген байланыс қызметтерiн көрсететiн байланыс операторы;
      18) телекоммуникация желiлерінің күзет аймағы - байланыс желiлерiнiң бойында және байланыс объектілерінің маңайында орналасқан, ондағы өсiмдіктерімен және құрылыстарымен бiрге алғандағы жер учаскесi;
      19) телефондық қосылымдарының қызмет көрсетулерi төлемақысының мерзімдік уақыттық жүйесі (бұдан әрі - қызмет көрсетулерге ақы төлеудің уақыттық жүйесі) - байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт мерзімі үшін төлейтін төлемдер сомасы тұрақты құраушыдан - түріне тәуелсіз абонент желісін абонентке тұрақты пайдалануға ұсынғаны үшін төленетін ақыдан және өзгермелi құраушыдан - тарифтеу бiрлiгiнде оның iс-жүзiндегi ұзақтығына байланысты жергiлiктi телефон қосылуларын ұсынғаны үшiн төленетiн ақыдан тұратын ақы төлеу жүйесi;
      20) байланыс қызмет көрсетулерiн пайдаланушы - байланыс қызмет көрсетулерiнiң тұтынушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
      21) радиожиілiк спектрiн пайдаланушы - жиiлiк белдеуi немесе радиожиілiк (радиожиілiкті арна) меншiктелген (тағайындалған) жеке немесе заңды тұлға;
      22) почта байланысы - почталық және арнайы жөнелтiмдердi қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткiзу, сондай-ақ почталық ақша аударымдары;
      23) почта жөнелтімдерi - хаттар, почта карточкалары, бандерольдар, пакеттер, сәлемдемелер, почта контейнерлерi, сондай-ақ тиiстi орамдағы баспасөз басылымдары;
      24) үкiметтiк байланыс - мемлекеттiк басқару мұқтаждары үшiн арнайы қорғалған байланыс;
      25) жиілiк белдеуiн, радиожиiлiктi (радиожиiлiктi арнаны) меншiктеу (тағайындау) - радиожиілiк спектрiн тиiстi пайдаланушының радиоэлектронды құралды пайдалана отырып осы рұқсатта көрсетілген радиожиілiктi (радиожиiлiктi арнаны) пайдалануға тиiстi радиожиiлiк органы берген рұқсат құжаты;
      26) телекоммуникацияның бiр желiсiн басқасына қосып алу - телекоммуникацияның екi желiсiнің арасында бұл желiлердiң байланыс қызметтерiн тұтынушылар арасында қосылуды орнату және хабар беру мүмкiн болатын технологиялық өзара iс-қимылды ұйымдастыру;
      27) тарифтiктi өткiзу - байланыс (телекоммуникация желiлерi) қызметiн пайдаланушылар арасында қосылуды және ақпарат беру процесiн жүзеге асыру;
      28) радиожиілiкті спектр - 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейiнгi ауқымдағы радиожиілiктердiң белгілi жиынтығы;
      29) радиоэлектронды құрал - қосымша жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды таратуға және (немесе) қабылдауға арналған және бiр немесе бiрнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың қиыстырудан тұратын техникалық құрал;
      30) нөмерлер ресурсы - байланыс желiлерiнде пайдаланылатын нөмiрлер жиынтығы;
      31) байланыс - ақпаратты қабылдау, жинау, өңдеу, жинақтау, беру (тасымалдау), жеткiзу, тарату, почта және арнайы жөнелтiмдерi, почталық ақша аударымдары;
      32) байланыс желiсi - телекоммуникация және почталық байланысына арналған және құрамына байланыс желiлерi мен құралдары кiретiн технологиялық жүйе;
      33) жергiлiктi телефон қосылуларының құнын есептеудiң мерзiмдiк жүйесi (бұдан әрi - жергiлiктi телефон қосылыстарының мерзiмдiк eceбi) жергiлiктi телекоммуникация желiсiнiң қызметiн пайдаланғаны үшiн төлем сомасын есептеудi қамтамасыз ететiн жергiлiктi телефон қосылуларын есепке алудың технологиялары мен әдiстерiнiң жиынтығы;
      34) абоненттер туралы қызметтiк ақпарат - абоненттер туралы мәлiметтер (телефон нөмiрлерi, электронды почтаның мекен-жайы), биллингтi мәлiметтер және абонентке ұсынылатын қызмет көрсетулер туралы мәлiметтер;
      35) арнайы жөнелтiмдер - мемлекеттiк құпиялар және оларды тасымалдаушылар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың аса маңызды хат-хабарлары, қорғаныс өнеркәсiбiнiң бұйымдары, олардың құраушылары (заттары) мен жүктерi салынған тiркелетiн пакеттер, сәлемдемелер және метиздар;
      36) арнайы курьерлiк байланыс - арнайы байланыс бөлiмшесi жүзеге асыратын және кез келген заңмен қорғалатын құпияны және құндылықтарды, оның iшінде бағалы металдар, тастар және олардан жасалған бұйымдар салынған арнайы және өзге де жөнелтiмдердi қабылдау, өңдеудi, сақтауды, тасымалдауды және жеткiзудi (тапсыруды) қамтамасыз ететiн арнайы курьерлiк байланыстың түpi;
      37) байланыс құралдары - телекоммуникация хабарларын не почта жөнелтiмдерiн қалыптастыру, өңдеу, беру немесе қабылдау үшiн пайдаланылатын техникалық және бағдарламалық құралдар;
      38) трансляция - теледидар және радио бағдарламаларын тарату үшiн таратушы радиоэлектрондық құралдарды, кабельдiк желiлер мен радиожиілік спектрiнiң номиналдарын пайдалана отырып, ақпаратты тарату процесiн жүзеге асыру;
      39) трафик - байланыс құралдарына түсетiн, шақырулар, хабарлар және сигналдар құрайтын ағынның түсiретiн жүктемесi;
      40) әмбебап байланыс қызмет көрсетулерi - кез келген пайдаланушыға кез келген елдi мекенде белгiленген сапа және баға деңгейiмен, осы қызмет көрсетулердiң қол жеткiзiмiн қамтамасыз ететiн байланыс қызмет;
      41) байланыс желiсiн басқару - байланыс желiсiн қызметiн, оның iшiнде жүктеме (трафик) ағынының реттелуін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық шаралардың жиынтығы;
      42) қосып алу қызмет көрсетуi - өзара iс-қимыл жасайтын желiлердiң пайдаланушылары арасында қосылуды және ақпарат берудi орнату мүмкiн болатын, байланыс операторларының байланыс желілерiнiң арасындағы өзара iс-қимылды ұйымдастыру қажеттiлiгiн қанағаттандыруға бағытталған қызмет;
      43) байланыстың қызмет көрсетулерi - аса маңызды хат-хабарларды, почталық және арнайы жөнелтiмдердi, почталық ақша аударымдарын немесе телекоммуникация хабарларын қабылдау, өңдеу, сақтау, беру, тасымалдау, жеткiзу жөнiндегi қызмет;
      44) фельдъегерлiк байланыс үкiметтің өте маңызды, аса құпия, құпия хат-хабарларын қабылдауды, сақталуын, тасымалын және жеткiзуiн қамтамасыз ететiн үкiметтiң курьерлiк байланыс түрi;
      45) байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық субъектілерi - жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiне қосылатын байланыс операторлары, арнайы, ведомстволық және корпоративтiк телекоммуникация желілерiнiң, жеке коммутациялық жабдықтың иелерi, радиожиілiк спектрiн пайдаланушылары радиоэлектронды құралдардың иелерi;
      46) электр байланыс (телекоммуникация) - кез келген немесе сымдық, радио-, оптикалық және басқа да электр магниттік жүйелерi бойынша белгiлердi, сигналдарды, дауыстық ақпаратты, жазбаша мәтiндi, кескiндердi дыбыстарды тарату және қабылдау.

      3-бап. Байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының
               заңнамалары

      1. Байланыс саласындағы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың нормаларына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.
      2. Егерде Қазақстан Республикасының бекiткен халықаралық шарттарымен, осы Заңдағыдан басқа, өзге де тәртiптер белгiленген болса, онда халықаралық шарттардың ережесi қолданылатын болады.

      4-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттiк қызметтi реттеудiң
               негiзгi принциптерi

      Мыналар байланыс саласындағы мемлекеттiк қызметтi реттеу принциптерi болып табылады:
      1) байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң, байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың құқықтарын сақтау және мүдделерiн қорғау;
      2) әмбебап байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған жағдайларды құру;
      3) телекоммуникация желiлерi және құралдары арқылы хабарламалар тарату еркіндігі, почта жөнелтiмдерiн қабылдау, жеткiзу және транзиттеу еркіндігі;
      4) байланыс саласындағы қызметке қатысу және оның нәтижелерiн пайдалануға жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының теңдігі;
      5) әдiл бәсеке;
      6) Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрыңғай стандарттардың негiзінде желiлiк технологиялық ерекшелiктердi ескере отырып, байланыстың сенiмдiлiгi мен басқарылуын қамтамасыз ету;
      7) байланыс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, дүниежүзiлiк байланыс жүйесiне интеграциялануға қолдау көрсету;
      8) байланыс саласындағы ұлттық ресурстардың орталықтандырылған басқаруды қамтамасыз ету.

2-тарау. Байланыс саласы қызметiнiң мемлекеттiк реттелуi

      5-бап. Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган

      1. Байланыс саласындағы қызметтi реттеудi Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн, байланыс саласындағы уәкiлетті орган жүзеге асырады. Байланыс саласындағы уәкiлетті орган шығаратын нормативтiк құқықтық актілерi және оның өз өкілеттiгi шегiнде қабылдайтын шешiмдерi олардың ведомстволық тиесiлігі мен меншiк нысандарына қарамастан байланыс қызметін көрсететiн немесе оны пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылады.
      2. Мыналар байланыс саласындағы уәкiлеттi органның негiзгі мiндеттерi болып табылады:
      1) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды үйлестiруді және пайдалануды, сондай-ақ өз құзiретi шегiнде байланыс саласындағы метрология, стандарттау және сертификаттау қызметтерiне қатысу және оның iске асуын қамтамасыз етудi қоса отырып, байланыс саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
      2) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы мемлекеттiк реттеу қызметiн жүзеге асыру;
      3) Қазақстан Республикасының байланысы мен ақпараттандыруын дамытудың және жетілдiрудің басымды және негiзгi бағыттарына ұсыныстар әзiрлеуге қатысу және оны iске асыру, оның сапасын, арттыру қол жеткiзімдiгін және орнықты жұмыс iстеуiн арттыру;
      4) байланыс саласындағы қызметтiң салааралық үйлестiрiлуi;
      5) байланыс саласындағы қызметтi лицензиялау;
      6) байланыс саласында мемлекеттiк қадағалауды және бақылауды жүзеге асыру;
      7) почта төлемiнің мемлекеттiк белгі түрлерi мен шығару көлемiн анықтау;
      8) радиожиілік спектрiн пайдалануды жоспарлау, сондай-ақ оның тиiмдi пайдалануын қамтамасыз ету;
      9) байланыс және ақпараттандыру қызмет көрсету рыногының жұмыс iстеуiне жағдайлар жасау;
      10) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды басқару;
      11) байланыс мәселелерi жөнiндегi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ байланыс операторларының iс қимылдарын үйлестiру.

      6-бап. Байланыс саласындағы уәкiлеттi органның құқықтары мен
               мiндеттерi

      1. Байланыс саласындағы уәкілетті орган мыналарға мiндетті:
      1) Қазақстан Республикасының барлық аумағында байланыстың жалпыға қол жеткiзiмдi қызмет көрсетулерiн ұсыну жөнiндегi қызметтi реттеуге;
      2) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етуге;
      3) ұлттық және қоғамдық қауiпсiздiктің мүдделерiн сақтауға;
      4) байланыс саласындағы қатынастарды реттеу мәселелерi жөнiнде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарауға;
      5) байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық
жүргiзушi субъектiлерге байланыс саласындағы заңнама талаптарын бұзушылықтарды жою туралы орындалуға мiндeтті нұсқамаларды жіберуге;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпке сәйкес радиожиiлiк спектрiнiң пайдалануына бақылау жасауды жүзеге асыру;
      7) байланыс саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметтерiне, сондай-ақ байланыс саласындағы ұлттық ресурстардың пайдаланылуына мемлекеттiк техникалық қадағалау мен бақылауды қамтамасыз ету;
      8) ұлттық қауiпсiздiк органдарымен, телекоммуникация саласында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қамтамасыз ету, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiк органдарымен бiрлесе телекоммуникация саласындағы ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша байланыс операторлары қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру;
      9) байланыс саласындағы ұлттық ресурстардың тiзiлiмдерi мен лицензияларын жүргiзу.
      2. Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган мыналарға құқылы:
      1) байланыс саласындағы нормативтік құқық және нормативтiк техникалық кесімдерді қабылдауға және әзiрлеуге;
      2) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы қызметтi реттейтiн заңнама нормаларының бұзылуына кiнәлi адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әкімшілік жазаға тартуға;
      3) жоғары жиiлiктi және өте жоғары жиiлiктi өрiстердегi таратушы құрылғылардың иелерiнен, заңды тұлғалардан қоршаған ортаға және халық денсаулығына электр магниттi өрiстердің терiс әсерiнiң алдын алу бөлiгінде санитарлық ереженi - гигиеналық және экологиялық нормативтердi сақтауды талап етуге.
      4) арнайы мақсаттағы байланыс желiлерi объектілерiн қоспағанда, байланыс саласындағы қызметтi және радиожиiлiк спектрiн пайдалануды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң объектілерiне, тиiстi түрде ресiмделген техникалық тапсырманы және қызмет куәлiктерiн көрсеткен жағдайда, белгiленген тәртiппен қол жеткiзуге;
      5) пайдалану құқығына рұқсаты болмаған, белгіленген нормаларға техникалық сипаттамалары сәйкес келмеген жағдайда, радиоэлектронды және жоғары жиiлiктi құрылғылардың иелерiнен осы құрылғылардың жұмысын дереу тоқтатуды талап етуге;
      6) адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған табиғи ортаға, немесе тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйелерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiне қауiп төндiретiн, байланыс желiлерiнiң технологиялық жабдығын пайдалану, еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы ережелерiнің бұзылғаны анықталған жағдайда жекелеген, байланыс құралдарының немесе технологиялық жүйелердiң жұмысын тоқтата тұруға құқылы.

      7-бап. Қазақстан Республикасының радиожиілiк органдары

      1. Мыналар, Қазақстан Республикасында жиiлiк, радиожиілiктер белдеулерiн (радиожиiлiк арналарды) таратуды, бөлудi және меншiктеудi жүзеге асыруға уәкілеттi радиожиiлiкті органдар болып табылады:
      Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы уәкiлеттi органы;
      Қазақстан Республикасы әскери басқармасының орталық атқарушы органы.
      2. Мыналар байланыс саласындағы уәкілеттi органның радиожиілiк спектрiн реттеу кезiндегi негiзгi функциялары болып табылады:
      1) өз құзыретi шегiнде радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану жөнiндегi радиожиiлік спектрiн пайдалану және бөлу мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлердi, мемлекеттiк стандарттарды, пайдалану ережесiн және басқа нормативтiк-техникалық құжаттарды әзiрлеу;
      2) бөлiнетiн жиiлiктер, радиожиілiктер белдеуiн (радиожиіліктi арналарды) техникалық сараптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында радиожиiлiк спектрiн пайдаланудың, азаматтық мақсаттағы радиоэлектронды құралдар мен сатып алудың (сатудың), қолданудың және шетелден әкелудің тәртiбiн белгiлеу және рұқсаттар беру;
      5) азаматтық мақсаттағы радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпке сәйкес радиожиiлiк спектрiнiң пайдалануына бақылау жасауды жүзеге асыру;
      7) радиоэлектронды құралдарға оның iшiнде халықаралық шарттар мен ережелерге сәйкес iс-қимыл жасайтын халықаралық ұйымдардың және шетел мемлекеттерiнің радиоэлектронды құралдарына радиобөгеуілдердi жою жөнiнде iс-шараларды ұйымдастыру;
      8) жиiлiктер белдеуiн, радиожиіліктердi (радиожиілікті арналарды) меншiктеудi жүзеге асыру және Халықаралық электр байланыс одағының Радиобайланыс регламентiне сәйкес радиожиiлiктерді халықаралық үйлестiру жөніндегi iс-шараларды орындау.
      3. Қазақстан Республикасы әскери басқармасының орталық атқарушы органы азаматтық мақсаттағы радиоэлектронды құралдар үшiн ауқымдық бiрлесе пайдалану радиожиiлiк спектрiн бөлу және пайдалану жөнiндегi қажеттi келiсулердi жүргiзедi, сондай-ақ қорғаныстың және мемлекеттiк қауiпсiздiктiң мұқтаждарын қамтамасыз ету мақсатында радиожиілiк спектрiн пайдалануды және тиiстi радиоэлектронды құралдарды пайдалануды реттеудің жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi.

      8-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың құзыретi

      1. Облыс әкiмдiгiнiң құзыретi (республикалық мәндегі қаланың, астананың):
      1) үкiметтiк байланыс бөлiмшелерiнiң желiлерiнен басқа, тиiстi әкiмдiк аумағында қызметiн жүзеге асыратын, барлық байланыс операторларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдары байланыс мамандарының қатысуымен байланыс ғимараттарының құрылысы мен пайдалану жоспарларын, телекоммуникация желiлерi мен өзге де инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiн келiседi.
      Байланыс кабельдерiн тартуға арналған кабельдiк канализацияның құрылысын ұйымдастырған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдарының, сондай-ақ басқа да барлық байланыс операторларының мүдделерi ескерiлуi тиiстi.
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте байланыс операторларына тиiстi шығындардың өтемақысымен, абоненттерге тегiн қосылуларды беру үшiн, байланыс операторларымен бiрлесе әлеуметтiк мағынасы бар объектiлердiң тiзбесiн белгiлейдi;
      3) нормативтерге және тиiстi технологиялық нормаларға сәйкес почталық байланыс объектiлерiн орналастыру үшiн үймереттер мен үй-жайларды бередi.
      2. Байланыс қызмет көрсетулерi берiлуiнiң ұйымдастырылу бөлiгiнде тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте облыстың даму жоспарына енгiзу үшiн республикалық мәндегi қалада (астана) аудан әкiмi, аудандық мәндегi қала, кент, ауыл, (село), ауылдық (селолық) округтың әкiмдерiне облыс әкiмдiгiне ұсыныс жасауды қалыптастырады.

      9-бап. Радиожиiлiк спектрiн және байланыс жерсерiктерiнiң
             орбиталық позицияларының пайдаланылуын реттеу

      1. Радиожиілiк спектрiн және жерсеріктерiнің орбиталық позицияларының пайдалануды реттеу мемлекеттің ерекше құзыретінде болады.
      Радиожиілік спектрін пайдалануды реттеу деп радиожиілік спектрiн тиiмдi пайдалануға және радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың электр магниттiк сыйысушылығын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешенiн айтады.
      2. Радиожиiлiк спектрiн бөлу саласындағы саясатты әзiрлеудi және iске асыруды, сондай-ақ мемлекеттiк мүддесiнде радиожиiлiктердi және байланыс жерсерiктерiнiң орбиталдық позицияларын тиiмдi пайдалануды Қазақстан Республикасының Yкiметi қамтамасыз етедi.
      3. Радиожиiлiк спектрiн бөлу, сондай-ақ мемлекеттiк мүддесiнде радиожиiлiк спектрi мен байланыс спутниктерiнiң орбиталдық позицияларын тиiмдi пайдалануды мемлекеттiк саясат iске асыру ұсынуды әзiрлеудi және оны ұйымдастыруды радиожиiлiк спектрiн пайдаланатын байланыс операторлары мен тұтынушылар бiрлестiктерi өкiлдерiнiң қатысуымен Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының Радиожиіліктерi жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясы туралы ереженi және оның құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      4. Шектеулi pecуpc болып табылатын радиожиiлiк спектрiн пайдалану ақылы негiзде жүзеге асырылады. Радиожиілік спектрiн пайдаланғаны үшiн мемлекеттiк бюджетке ақы төлеудің жылдық ставкалары, оны есептеу және төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленеді.
      5. Қазақстан Республикасының аумағында радиожиiлiктердi бөлу және тиiмдi пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында байланыс саласындағы уәкiлеттi орган келесi реттегi әзiрлемелер мен процедуралардың орындалуын қамтамасыз етедi:
      1) радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды жобалау, салу, пайдалану және шетелдерден әкелу тәртiбi жөніндегі;
      2) байланыс құралдарын, соның iшiнде телерадиохабарын тарату мақсаты үшiн пайдаланылатын құралдарды және электромагниттiк сәулелену көзi болып табылатын өзге де техникалық құралдарды мiндеттi түрде тiркеу жөнiндегі;
      3) радио қабылдауды индустриялық кедергiлерден қорғауды және радио бақылауын жүргiзу жөнiндегi, радиожиiлік спектрiн пайдалануды мемлекеттiк техникалық қадағалау мен бақылау жөнiндегi;
      4) Халықаралық телекоммуникация одағының Радиобайланыс регламентiне сәйкес радиожиілікті үйлестiру жөніндегi рәсімдерді әзiрлеудi және орындауды қамтамасыз етедi;
      6. Байланыс құралдары, соның iшiнде телерадиохабарын тарату үшiн пайдаланатындары және электромагниттiк сәулелену көздерi болып табылатын өзге де техникалық құралдар Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілейтiн тәртіппен мемлекеттiк тiркелуi тиiс.
      Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгiленген тәртiппен алым алынады.

      10-бап. Радиожиiлiк спектрiн тарату, жиілiктер белдеуiн,
               радиожиiлiктердi (радиожиілiктi арналарды) бөлу және
               меншiктеу(тағайындау) жөнiндегi жалпы ереже

      1. Қазақстан Республикасында радиожиiлiктер спектрiн пайдалану мынадай қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады:
      пайдаланушылардың радиожиiлiктi спектрге қол жеткiзуiнiң рұқсаттық тәртiбi;
      мемлекеттiк басымдықтарды қоспағанда, барлық пайдаланушылардың радиожиiлiк спектрiне қол жеткiзуiнiң тең құқығы;
      радиожиілiк спектрiн пайдаланудың ақылы болуы;
      жиiлiктер белдеуiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiктi арналарды) мерзімсіз бөлудi, меншiктеудi (тағайындауды) болдырмау;
      аталмыш шаралар шығындарының орнын толықтырумен радиожиілiк спектрiн пайдалануды айырбастау;
      радиожиілік спектрiн бөлу және пайдалану рәсімдерiнің айқындығы және ашықтығы.
      2. Радиожиілік бөлу барлық мақсаттағы радиоэлектронды құралдар үшiн Үкiмет бекiткен Қазақстан Республикасының Радиоқызметтерi арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгi ауқымдағы жиiлiктер белдеуiн бөлудiң ұлттық кестесiне және Қазақстан Республикасының Радиожиіліктерi жөнiндегі Ведомствоаралық комиссиясы бекiткен радиожиiлiк спектрiн пайдаланудың перспективалық жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Жиiлiктер белдеуiн бөлудiң ұлттық кестесiне өзгерiстер мен толықтырулар Халықаралық электр байланыс одағының Радиобайланыс регламентiне сәйкес Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы шешiмдерiнiң негiзiнде енгiзілдi.
      3. Барлық мақсаттарға арналған радиоэлектронды құралдар үшiн жиiлiктер белдеуiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiктi арналарды) тарату, бөлу және меншiктеу тәртiбiн байланыс саласындағы уәкiлеттi органы мен Қазақстан Республикасы әскери басқармасының орталық атқарушы органы бiрлесiп белгiлейдi.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, теледидарлық және радиохабарларын тарату мақсаттары үшiн жиiліктер белдеуiн, радиожиіліктердi (радиожиілікті арналарды) бөлу конкурстық негiзде өткiзiлуi мүмкiн.
      4. Жиiлiктердi меншiктеу, Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқаруды, қорғанысты, қауiпсiздiк және құқық тәртiбi қорғауды қамтамасыз ету ыңғайында, байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық субъектiлерiнiң басқа жиiлiктерге көшуiне байланыста келтiрiлген залалдарының орнын мезгiлi толықтырумен өзгертiлуi мүмкiн.
      5. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығы қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау қажеттiктерiн қамтамасыз ететiн радиоэлектрондық құралдар үшiн, Қазақстан Республикасының әскери басқармасының азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен орталық атқарушы органдарына арналған байланыс саласындағы уәкiлеттi орган беретiн, рұқсаттық құжаттармен куәландырылады.
      6. Радиожиілiк спектрiн пайдалануға рұқсаттар лицензия иелерiне және өндiрiсішiлiк спектрдi пайдалануды болжап отырған тұлғаларға байланыс саласындағы уәкiлеттi органға белгіленген үлгідегі өтiнiш келiп түскен күнінен бастап кемінде екi ай мерзiмi iшiнде берiледi.
      7. Азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған радиожиiлiк спектрiн пайдалануға қатысты рұқсат арызданушыға келесi реттегi негiздемелер бойынша берiлмейдi:
      жиіліктер белдеуiн, радиожиіліктердi (радиожиілік арналарды) ұлттық Кестесiне келмеу жағдайда;
      өтiнiш жасалған радиоэлектрондық құралдардың радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi сыйысымдылығын қамтамасыз ету саласындағы талаптардың, нормалардың және ұлттық стандарттардың сәулелену мен қабылдау параметрлеріне сәйкес келмеуi;
      электромагниттік сыйысымдылықтың қолданыстағы және радиоэлектрондық құралдарды пайдалану үшiн жоспарланатын сараптамасының терiс қорытындысы;
      пайдаланушыға заңнамамен белгiленген тәртiпте бұрын берiлген, азаматтық пайдаланушылардың өтiнiшi жасалған жиiлiк белдеулерiн, радиожиiлiктi қамтуы;
      лицензиялардың заңнамамен белгiленген тәртiпте, радиожиiлiктiң пайдалануымен беретiн, байланыс саласындағы кәсiпкерлiк қызметтiң түрiне тиiстi лицензияның болмауы;
      Қазақстан Республикасы әскери басқармасының орталық атқарушы органымен жиiлiк белдеулерi, радиожиiлiктер (радиожиiлiк арнаның) келiсуiн өткiзудiң терiс нәтижелерi;
      Егерде мұндай процедуралар Халықаралық электр байланыс одағының радиобайланыс регламентiнде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында қарастырылатын болса, радиожиiлiктiң халықаралық үйлестiру процедурасының терiс нәтижелерi;
      Байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес байланыс саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн өзге де техникалық себептер бойынша.
      8. Мемлекеттiк қорғаныс және қауiпсiздiк қажеттiктерiн қамтамасыз ететiн, радиоэлектрондық құралдарға арналған радиожиiлiк спектрiн пайдалануға қатысты рұқсат беруден бас тарту Қазақстан Республикасы әскери басқармасының орталық атқарушы органы белгiлейтiн тәртiпте жүзеге асырылады.
      9. Келiсу жүргiзу мерзiмi сұрау жөнелтiлген сәттен бастап отыз күннен аспауы тиiс, бұл ретте өтiнiмдердi қарау мерзiмi қажеттi келiсулердi жүргізу уақытына ұзартылуы мүмкiн сәйкес шекаралас мемлекеттермен (Қазақстан Республикасының шекара арасында) радиожиiліктердің халықаралық үйлестiруін жүргiзу кезінде өтiнiштердi қарау мерзiмi төрт айға дейiн ұзартылуы мүмкiн, ол туралы өтiнiш берушi алдын ала жазбаша түрде хабарлануы тиiс.

      11-бап. Нөмiрлеу ресурстарын пайдалануды бөлу мен реттеу және
               нөмiрлер бөлу

      1. Қазақстан Республикасының нөмiрлеу ресурстарын таратуды және нөмiрлердi бөлудi, сондай-ақ телефон байланысы қызметтерiн көрсетуге арналған жалпы пайдаланымдағы электр байланыс желiсiнде телефон байланысы нөмiрлерiн пайдаланудың ерекшелiктерiн осы Заңға және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн нормативтiк құқылық және техникалық кесiмдерiне сәйкес байланыс саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      2. Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган нөмiрлердi пайдалану құқығын алу тәртiбiн анықтайтын Ереженi белгiлейдi, оның iшiнде нөмiрлердi меншiктеу негiзiн белгiлейдi, нөмiрлердiң таратылған және резервтiк ресурстарының тiзiлiмiн жүргiзедi.
      3. Байланыс желiлерiнiң операторлар өздерiнiң жергiліктi электр байланыс желiлерiнде техникалық мүмкіндiк бар болғанда, пайдаланушы орналасқан орнын емес, байланыс операторларын ауыстырғанда ол меншiктенген нөмiрлердің сақталуын қамтамасыз етуi тиiс. Байланыс саласындағы уәкілеттi орган осы талаптың орындалуын техникалық себептермен негiзделген мерзiмге тоқтата тұруы мүмкiн.
      4. Байланыс операторына бөлiнген нөмiрлеу ресурсын алуды байланыс саласындағы уәкілетті орган:
      1) нөмiрлеу қорын алушының өтiнiшi бойынша;
      2) байланыс операторы лицензиясының қызметiн тоқтату;
      3) байланыс операторының нөмiрлеу ресурстарын, оларды пайдалануды реттейтiн нормативтiк құжаттарды бұза отырып, пайдалануы;
      4) байланыс операторының, бөлiнген нөмiрлеу ресурстарын бөлiнген сәтiнен бастап екі жылдың iшiнде 75 %-ға пайдаланбауы негiзiнде жүзеге асырады.

      12-бап. Төтенше жағдайлар кезiнде байланыс желiлерiн басқару

      1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде байланыс желiлерiн басқаруды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Үкiмет белгiленетiн тiзбе бойынша мемлекеттiк органдардың байланысты басқару орталықтарымен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегi орталық атқарушы органымен, сондай-ақ қарауында телекоммуникация желiлерi бар атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасай отырып, байланыс саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, карантиндер, өзге де төтенше жағдайлар кезiнде мемлекеттiк органдардың, үкiметтiк байланыстан басқа, желiлер мен байланыс құралдарының қызметiн тоқтатуға, басымдық пайдалануға құқы бар.
      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, карантиндер, өзге де төтенше жағдайлар кезiнде байланыс операторларының желiлердi және байланыс құралдарын пайдаланған кездерiндегi орын алған шығындарының орнын толтыру Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
      3. Байланыс желiлерi мен құралдарының иелерi теңiздегi, жердегi, әуедегi, ғарыш кеңiстiгіндегi адам өмiрiнiң қауіпсiздігіне, Қазақстан Республикасында қорғаныс, қауiпсiздiк пен құқық тәртібiн қорғау саласында шұғыл шаралар жүргiзуге қатысты барлық хабарламаларға, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы хабарламаларға толық басымдық беруге тиiс.

      13-бап. Байланыс операторларының жедел-iздестiру қызметiн
               жүзеге асыратын органдармен өзара iс-қимылы

      1. Қазақстан Республикасының аумағында iс-қимыл жасайтын байланыс операторлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес байланыс желілерiнде жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзудiң ұйымдастыру және техникалық мүмкіндіктерiн қамтамасыз етуге, абоненттер туралы қызметтiк ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ көрсетiлген iс-шараларды жүргiзудiң түрлерi мен әдiстерiнiң жария болмауы жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.
      Жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу үшiн байланыс желiлерiне және құралдарына қойылатын талаптарды арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүзеге асыратын ұлттық қауiпсiздiк органдарының келiсiмi бойынша байланыс саласындағы уәкiлеттi орган белгілейдi.
      2. Байланыс құралдары жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерiне нұқсан келтiретiн қылмыстық мақсаттарда пайдаланылған жағдайда мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, ведомстволық бағыныштылығы мен меншiк түрлерiне қарамастан, кез келген байланыс желiлерi мен құралдарының қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар.
      3. Байланыс операторларының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдармен қарымқатынасы осы Заңға және жедел-iздестiру қызметi туралы заңнамаға сәйкес реттеледi.

      14-бап. Байланыстың техникалық құралдарын сертификаттау

      1. Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникация желiсiнде пайдаланылатын техникалық байланыс құралдары, электрмагниттiк сәулелену көздерi болып табылатын радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар, почта байланысының техникалық құралдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi түрде сертификатталуы тиiс.
      2. Мiндеттi сертификатталуға жататын байланыс құралдары стандартизациялау және сертификаттау мәселелерi жөнiндегi ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсе отырып, байланыс саласындағы уәкiлеттi органмен белгіленедi.

      15-бап. Байланыс саласындағы қызметтi лицензиялау

      1. Байланыс қызметтерiн ұсынуға байланысты жеке және заңды, оның iшінде шетелдiк тұлғалардың қызметi лицензиялар негiзiнде жүзеге асырылады.
      Лицензия беру жағдайлары мен бiлiктiлiк талаптарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      2. Байланыс саласындағы лицензиялауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес байланыс саласындағы уәкілеттi орган жүзеге асырады.
      3. Лицензиар мыналардың негiзiнде лицензия беруден бас тартуы мүмкiн:
      1) радиожиiлiктердiң болмауына, радиоэлектронды құралдардың қуаты бойынша шектелулерiне, нөмiрлеу ресурстарының жеткiлiксiздегіне байланысты қызмет түрін техникалық iске асыруларды мүмкiндiгiнiң болмауы;
      2) жүзеге асыруға қатысты лицензия тек конкурстық негiзде берiлетiн қызмет түрлерiне өтiнiш берiлгенде. Өтінiш берушi конкурсқа қатысқан жағдайда, лицензия беруден бас тарту конкурс нәтижелерi бойынша жүргізілуi мүмкiн;
      3) лицензия беру немесе лицензияланатын қызметті жүзеге асыру нәтижесiнде ұлттық қауiпсiздiк және (немесе) қоғамдық тәртiп бұзылатын болса;
      4) байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде тұрғындардың денсаулығына электр магниттiк сәулешығару көздерiнiң зиянды әсерi болуы мүмкiн болғанда.
      4. Лицензиар мынадай жағдайларда лицензия қызметiн тоқтатуға құқылы:
      1) тиiстi рұқсатты ресiмдеусiз радиожиілік спектрiн пайдаланғанда;
      2) радиожиілік спектрiн пайдаланғаны үшiн төленетiн ақыны енгiзудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленгеннен мерзiмнен бiр айдан артық уақытқа кешiктiргенде;
      3) лицензиат өзiне бекiтiлген жиiлiктер, радиожиiлiктер белдеуiн (радиожиіліктi арналарды) басқа пайдаланушыға уақытша немесе тұрақты пайдалануға бергенде;
      4) лицензиат электр магниттiк жүйелердiң белгiленген қызмет iстеу нормаларын бұзатын, бөгеуiлдер туғызуға әкелетiн радиоэлектронды пайдалану ережесiн бұзғанда;
      5) лицензиар немесе оның уәкiлеттi органы тексеру нәтижесiнде анықталған лицензияны қолдану шарттарын бұзғанда;
      6) өз құзыретi шегiнде лицензиар сұраған және лицензиаттың қызметiн бағалауға қажеттi мәлiметтердi ұсынудан бас тартқанда;
      7) егер лицензияның қолдану шартында өзге белгiленбесе, лицензиат лицензия берiлген сәттен бастап алты ай бойы iшiнде қызмет көрсетулердi ұсынбағанда.
      5. Егер лицензияны тоқтату туралы хабарлама алған сәттен бастап отыз күннің iшiнде оның иесi кемшiлiктердi жоймаса, лицензиар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиатты жауапкершiлiкке тартуға құқылы.

      16-бап. Конкурс негiзiнде байланыс саласындағы қызметтi
               лицензиялау

      1. Радиожиiлiк белдеуiн және нөмiрлеу ресурстарын пайдалана отырып, байланыс қызметтерiн көрсету бойынша кәсiпкерлiк қызметке лицензия мынадай жағдайда, конкурстық негiзде берiледi, егер:
      1) байланыс қызметi, тиiстi сапа деңгейiмен, радиожиiлiк спектрi байланысы қызметiнiң көрсетiлуi үшiн рұқсат қол жеткiзiлетiн, радиожиілік спектрi көлемiнің жеткiлiксiздiгiне байланысты, белгiлi аумақта қолданылатын, ол бойынша Қазақстан Республикасының радиожиiлiктер жөнiндегi Ведомствоаралық комиссияның байланыс операторларының мүмкiн болар саны бойынша шектеулер ұсынылған ауқымда радиожиілiктiң пайдалануымен көрсетiлетiн;
      2) белгiлi бiр географиялық аумақта жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiсi желілік қол жеткiзудiң шектеулi ресурстарына ие, осыған байланысты байланыс саласындағы уәкiлеттi орган осы аумақта iс-қимыл жасайтын байланыс операторларының мүмкiн саны бойынша шектеулер белгiлейдi. Мұндай шешiм тек уақытша сипатта болуы мүмкiн және техникалық сипаттағы себептер жойылғаннан кейiн алынып тасталуы тиiс;
      3) әмбебап байланыс қызмет көрсетулерi құқығына қатысты лицензия әмбебап қызмет көрсетулерiне байланысты, шығындардың өтелу жағдайында берiледi.
      2. Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының ұсынысына сүйене отырып, конкурсты өткiзу туралы шешiмдi осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлгендей байланыс саласындағы уәкiлеттi орган қабылдайды және конкурс осындай шешiмдi қабылдағаннан кейiн алты айдан кешiктiрілмей өткізіледi.
      Конкурсты өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      3. Байланыс саласындағы уәкілеттi орган жүргiзген конкурс қорытындысы бойынша жиiлiктер, радиожиіліктер белдеуiн (радио жиiлiктер арналарды) пайдалануға алған жағдайда, жеңiмпаз конкурс қорытындысы бойынша конкурстық комиссия белгiлеген тәртiптен және мөлшерде Бюджеттiк кодекске сәйкес бiр реттiк ақы енгiзедi.
      4. Конкурстарға (немесе аукциондарға) қатысуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға және конкурсты (немесе аукционды) өткiзу ережесiне жауап бере алатын кез-келген жеке және заңды, оның iшiнде тиiстi лицензияға ие тұлғалар жiберiледi.

      17-бап. Телевизиялық және (немесе) радиохабар ұйымдастыру
               жөніндегi қызметтi лицензиялау

      1. Жеке және заңды тұлғаларға теледидар және (немесе) радиохабарларын тарату қызметiне лицензияны бұқаралық ақпарат құралдар iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бередi.
      2. Теледидар және радиохабарларын тарату желiлерiн электр байланыс қызмет көрсетулерiн (деректер беру, Интернет желiсiне қол жеткiзу, телематикалық қызметтерiн, жергiлiктi телефон байланысының қызмет көрсетулерi және басқа) таратуға пайдаланған жағдайда, көрсетiлген желiлердiң иесi осы Заңның 15-бабына сәйкес байланыс саласындағы уәкілеттi орган берген лицензия негiзінде қызметiн жүзеге асырады.
      3. Теледидар және радиохабарларын тарату мақсатында радиожиiлiктердi есептеудi, радиожиiлiктi органдармен келiсудi және халықаралық үйлестiрудi бұқаралық ақпарат құралдары iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның деректерге есептеу жүргiзуге қажеттi қосымшаларымен бiрге берген тапсырысы бойынша байланыс саласындағы уәкiлеттi орган жүргiзедi.
      4. Теледидар және (немесе) радио хабарларын тарату мақсатында радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсатты байланыс саласындағы уәкілетті орган бұқаралық ақпарат құралдар iстерi саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша, теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуға лицензиясы бар болған жағдайда, бередi.
      Радиожиiлiк спектрiн пайдалануға берген рұқсатта техникалық құралдардың орналасқан орны, оның iшiнде географиялық координаталарын көрсете отырып антенналық құрылғылардың орналасуын, сондай-ақ пайдаланылатын тарату құралдардың iс-жүзiндегi қуаты мiндеттi түрде көрсетілуi тиiс.

      18-бап. Байланыс қызмет көрсетулерiн тарифтеу

      1. Байланыс қызмет көрсетулерiне қатысты тарифтер, байланыс операторларымен, барлық байланыс қызмет көрсетулерiн пайдаланушылары үшiн тең жағдайды қамтамасыз ететiн, ашықтық және әдiлдiк ыңғайы негiзiнде белгiленедi.
      2. Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн тiзбе бойынша шұғыл және (немесе) жедел қызметтердi шақыруды байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн байланыс операторлар тегiн көрсетедi.
      Жергiлiктi телефон қосылуларын уақыттық есепке енгiзген кезде байланыс операторлары жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу бойынша және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте, тиiстi шығындардың өтемақысын төлеген жағдайында, сонымен қатар, абоненттерге әлеуметтiк мәнi бар елдi мекендердiң объектiлерiмен тегiн қосылуларын берудi қамтамасыз етуге тиiстi.

3-тарау. Байланыс желiлерi

      19-бап. Қазақстан Республикасының бiрыңғай байланыс желiсi

      1. Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникация желiсi Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан телекоммуникация желiсi болып табылады және мынадай санаттардан тұрады:
      1) жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiсi;
      2) ведомстволық телекоммуникация желілерi;
      3) телекоммуникацияның бөлiнген желiлерi;
      4) арнайы мақсаттағы телекоммуникация желiлерi;
      5) корпоративтiк және электр магниттiк сигналдар арқылы     ақпарат беретiн басқа да желілерi.
      Келешекке арналған бiрыңғай телекоммуникациялық желiлердi құру, жаңа технологиялардың енгiзiлуiн есепке ала отырып байланыс саласындағы уәкiлеттi орган әзiрлейтiн, тұжырымдаларымен, басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      2. Арнайы мақсаттағы телекоммуникациялық желiлерден басқа, Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникация желiсiн құрайтын желiлер үшiн байланыс саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) өзара iс-қимылдың бiрыңғай тәртiбiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырған жағдайларда ұйымдастыру-техникалық iс-шараларының кешенiн, басқарылатын параметрлердi қалыптастыруды және олардың орындалуын бақылауды қамтитын телекоммуникация желілерiнiң орталықтандырылған басқаруын белгiлейдi;
      2) байланыс желiсiнiң санатына байланысты нөмiрлердi құру, басқару, пайдалану, телекоммуникация желiлерiнің жұмыс iстеуi, тұрақтылығын және ақпараттық қауіпсiздігін ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету, радиожиiлiк спектрiн пайдалану, трафиктi өткiзу тәртiбiн, желiлердің өзара iс-қимыл жасау шарттарын, телекоммуникация қызметiн көрсету жөніндегi талаптарды белгiлейдi.
      3. Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникация желiсiне кiретiн барлық санаттағы желiлердің байланыс операторлары байланыс саласындағы уәкілеттi орган бекiткен өзара iс-қимылдың бiрыңғай тәртiбiнің талаптарын қанағаттандыратын өздерiнiң желiлерiн басқару жүйелерiн құруға міндеттi.
      Телекоммуникация желiлерiн құру кезiнде байланыс операторлары жедел-iздестiру iс-шаралардың жүргiзiлуiн қамтамасыз ету жөнiндегi желiлер жабдықтарының мемлекеттік стандарттарға сәйкестiгiн қамтамасыз етедi.
      4. Жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiсi Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық пайдаланушыларға телекоммуникация қызметтерiн ұсынуға арналған өзара байланысқан телекоммуникация желiсiнiң кешенi болып табылады.
      Жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiлерi мыналармен анықталатын телекоммуникация желiлерiне бөлiнедi:
      1) қызмет көрсетiлетiн аумақ пен нөмiрлеу ресурстары шеңберiндегi географиялық (байланыстың жергiлiктi желiсi);
      2) географиялық емес, Қазақстан Республикасының және нөмiрлеу ресурсының шегiнде белгiлi бiр географиялық аумақпен байланыспаған;
      3) пайдаланушыға ұсынатын байланыс қызмет көрсетулерiн iске асыру тәсiлi бойынша (бекiтiлген және жылжымалы).
      Шетелдiк мемлекеттердiң жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiлерiмен өзара iс-қимыл жасайды.
      Жалпыға бiрдей қол жеткiзiмді қызмет көрсетулердi пайдаланушылардың мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ сенiмдi жұмыс iстеуi үшiн жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiлерi құрамына кiретiн телекоммуникация желiсiнiң бiрыңғай мемлекеттiк нормативтiк техникалық реттеуге жатады. Жалпыға бiрдей қол жеткiзiмдi байланыс қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызмет үшiн осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, нормативтік-техникалық талаптардан тысқары бұл телекоммуникация желiсiнiң жұмыс iстеу және пайдалану тәртiбiн байланыс желілерiнiң иелерi дербес белгілейдi.
      5. Ведомстволық телекоммуникация желiлерi олардың өкілеттілiктерiне сәйкес мемлекеттiк органдардың және жергілiктi басқару органдарының басқарушылық және ұйымдастырушылық мақсаттарын iске асыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердің өндірiстік және басқарушылық мақсаттарының қамтамасыз етілуiн iске асыруға арналған.
      Ведомстволық телекоммуникация желiлерi жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiне қосылған, бiрақ ақысыз телекоммуникация қызметтерiн көрсетуге пайдаланылуы мүмкiн емес.
      6. Бөлiнген телекоммуникация желiлерi телекоммуникацияның дербес санаты болып табылады және пайдаланушылардың шектеулi тобына телекоммуникациялық қызмет көрсетулерiн ұсынуға арналған және:
      1) өзара iс-қимыл жасай алады, бiрақ Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiне, сондай-ақ шетелдiк мемлекеттерi жалпы пайдаланымдағы байланыс желiлерiне қосылмаған;
      2) егер олар жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiлерiнiң жұмысын реттейтiн талаптарға сәйкес болса, жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiнiң санатына ауыстырылуымен жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiлерiне қосыла алады;
      3) осы телекоммуникация желiлерi операторларының байланыс қызметiн көрсетулерi лицензияда көрсетiлген аумақтар шегiндегі лицензиялар негiзiнде және байланыс саласындағы уәкілеттi орган белгiлеген тәртiппен бөлiнген желiлерге меншiктелген нөмiрлеудi пайдалана отырып жүзеге асырылады.
      Бөлiнген желiлердi ұйымдастыру үшiн қолданылатын байланыс технологиясы мен құралдарын, сондай-ақ құру қағидаларын осы желiлердiң иелерi белгiлейдi.
      7. Арнайы мақсаттағы телекоммуникация желiлерi Қазақстан Республикасында қорғаныстың, қауiпсiздiктiң және құқық тәртiбiн қорғаудың мұқтаждықтарын, сондай-ақ үкiметтiк байланысты қамтамасыз етуге арналған және жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiне қосылған.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге көзделмесе арнайы мақсаттағы байланыс желiлерiнiң, ақылы байланыс қызметтерiн көрсету үшiн пайдалануы мүмкiн емес.
      Қазақстан Республикасында қорғаныстың, қауiпсiздiктің және құқық тәртiбiн қорғаудың мұқтаждарын қамтамасыз eтуге арнайы тағайындалған байланыс желiлерiнің ресурстары жеткiлiксiз болғанда бұл мiндеттердi орындауға жауапты органдар мен ұйымдар олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына және байланыс желілерiнiң санатына қарамастан байланыс операторлары көрсететiн байланыс қызметтерiн өтемдi негiзде басымдықпен пайдалануға құқылы.
      Қазақстан Республикасының үкiметтiк байланысы, қорғанысы, қауiпсiздіктің және құқық тәртiбiн қорғаудың мұқтаждары үшiн байланыс Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қамтамасыз етіледі.
      8. Корпоративтік телекоммуникация желiлерi заңды тұлғалардың басқару және iшкi өндiрiстiк мақсаттарын iске асыруды қамтамасыз етуге арналған.
      Корпоративтiк телекоммуникация желiлерi:
      1) әкiмшiлiк аумақ шеңберiнде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық коммутация орталығының транзит торабының деңгейiнде, егер ол тиiстi нөмiрлеу ресурсын бөле отырып желiнің түрлi әкiмшiлiк аумақтары бойынша таратылған учаскілерiн бiрiктiретiн болса, мемлекеттiк коммутациялық секция арқылы корпоративтiк клиент ретiнде жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiне қосылуы мүмкiн;
      2) егер олардың iс-қимыл аймағында жалпы пайдалымдағы телекоммуникация операторының желiсi болмаса, осы Заңның 15-бабына сәйкес кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия алған жағдайда, байланыс қызметтерінің көрсетiлуi үшiн ақылы болуы мүмкін.
      9. Радио және теледидар хабарларын тарату желiлерi бiрыңғай телекоммуникация желiсiнiң құрама бөлiгi болып табылады да, Қазақстан Республикасының аумағына және шет елдерге теледидар және радио бағдарламаларын тарату және трансляциялау үшiн пайдаланатын, жердегi және жерсерiктiк хабар тарату жүйелерiнiң бiртұтас өндiрiстiк-технологиялық кешенiн құрайды. Жердегi жүйелердің құрамына радиорелелi және кабельдi байланыс желiлерi, мемлекеттiк мен коммерциялық бағдарламаларды трансляциялау үшiн пайдаланатын әртүрлi қуатты радиотаратқыштар мен өзге құралдар кiредi. Жер серiктiк жүйелер құрамына халықаралық жер серiктiк ұйымдарға, жекелеген мемлекеттерге жататын орбиталық байланыс жер серiктерi және жердегi таратушы және қабылдаушы станциялары кiредi.
      10. Мемлекеттiк телерадио бағдарламаларын тарату және трансляциялау үшiн, байланыс операторлардың арналары мен техникалық құралдарын пайдаланатын, бiрыңғай телекоммуникация желiсiнде негiзделген республикалық және аумақтық радио және теледидар хабарларын тарату желілерi құрылады. Коммерциялық телерадиохабар таратушы ұйымдар өзiнің бағдарламаларын тарату мен трансляциялау үшiн негiзiнде өзiнiң және келiсiм өзге де телекоммуникация желiлерiн пайдалана алады.
      11. Бағдарламаларды тарату және трансляциялаудан басқа, радио және теледидар хабарларын тарату желiлерi, қорғаныс, мемлекеттiк қауiпсiздiк және құқық қорғау мақсатында, бейбiтшiлiк уақытта төтенше жағдайларда хабарлау сигналдарын тарату үшiн және жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын ерекше кезеңде пайдаланады.

      20-бап. Фельдъегерлiк және арнайы курьерлiк байланыс

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi, мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз етумен, үкiметтiк курьерлiк байланысты жүзеге асыратын қызмет болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегер қызметiнiң жеке құрамы ішкi iстер органдарының кадрлары болып табылады, жауынгерлiк атқышқор қаруымен, байланыс және арнайы қорғану құралдарымен, сондай-ақ үлгілерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн формасы киім-кешекпен қамтамасыз етіледi. Арнайы атақ берілген Мемлекеттік фельдъегер қызметiнiң қызметкерлерiне қызметтен өтудің, еңбекке ақы төлеудiң, арнайы атақтар берудің, дәрiгерлiк, зейнетақымен қамтамасыз етудiң тәртiбi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне арналған өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерде белгiленген әлеуметтік қорғаудың шарттары таралады.
      2. Арнайы курьерлiк байланыс қызметi арнайы курьерлiк байланыс каналдары бойынша арнайы жөнелтiмдердi салып жiберген кезде мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз етілу жарғының мақсаттарын жүзеге асырады.
      Арнайы байланыс қызметiнiң жеке құрамы байланыс саласындағы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық кесімдерiне сәйкес форманы киiммен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтiк қарумен, арнайы байланыс және қорғану құралдарымен қамтамасыз етiледi.
      Арнайы байланыс қызметiнiң жеке құрамы байланыс саласындағы уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық кесiмдерiне сәйкес формасы киiммен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік қарумен, арнайы байланыс және қорғану құралдарымен қамтамасыз етiледi.
      3. Арнайы және фельдъегерлiк байланыс қызметтерi арнайы және фельдъегерлiк арналар бойынша арнайы жөнелтiмдердi жiберу кезiнде мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегi ерекше жарғылық міндеттердi орындайды. Арнайы және фельдъегер байланысы қызметтерiнің жеке құрамын, iшкi тәртiбiн, бағыныштылығы мен тәртiбiн, ұйымдастырушылық қызметiн, сондай-ақ арнайы және фельдъегер байланысы қызметтерiн ұсыну тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      4. Почта байланыс ұйымдарының, арнайы қызметтерi, Қазақстан Республикасы қарулы күштерiнiң фельдъегерлiк-почта байланысының өзара қатынастары байланыс саласындағы уәкілеттi органының бiрлескен нормативтiк құқықтық кесiмдермен реттелiнедi.
      5. Арнайы және фельдъегерлiк байланыс қызметкерлерi тасымалдайтын арнайы жөнелтiмдер заң актiлерiнде қарастырылған жағдайлардан бөлек ескертiлмесе, тексеруге және кiдіртiлуге жатпайды.

      21-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк, қорғаныс,
               қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдарының,
               қажеттiктерiне арналған байланыс желiлерi

      1. Yкiметтiк байланыс Қазақстан Республикасының Президентiмен белгілейтiн, телекоммуникацияның арнайы түрлерiнiң қауiпсiздiгiн құpу, дамыту және қамтамасыз ету саласындағы арнайы уәкiлеттi орган қамтамасыз етiледi. Аталған орган өзiнiң өкiлеттiлiгi шеңберiнде мемлекеттiк құпиялардың сақталумен қамтамасыз ете келе, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын телекоммуникациялардың арнайы түрлерiмен қамтамасыз етедi.
      Байланыс операторлары жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желiлерiн жаңғырту және дамытуды үкiметтiк байланыс бөлiмшелерiнiң техникалық мүмкiндiктерi мен жарақтандырылуын есепке ала отырып жүзеге асырады.
      Yкiметтiк байланыс жүйесi Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қамтамасыз етiледi.
      2. Қазақстан Республикасында қорғаныстың, қауiпсiздiк пен құқық тәртiбiн қорғаудың қажеттерiне арналған байланысты жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiнің негiзi ретiнде пайдаланылатын арнаулы телекоммуникация желiлерi қамтамасыз етедi.
      3. Жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiлерi мен ведомстволық байланыс желілерiнің арналары Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау қажеттiлiктерi үшiн Қазақстан Республикасының  заңнамасында көзделген тәртiппен шарттың негiзiнде берiледi.
      4. Арнайы мақсаттағы телекоммуникация желiлерiнің жұмысын қамтамасыз етуге арналған бiрыңғай телекоммуникация желiсiнiң ресурстарын дайындау мен пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      5. Байланыс операторлары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының, қорғаныстың, қауiпсiздiк пен құқық тәртiбiн қорғаудың қажеттiктерi үшiн байланыс арналары бөлiнген жағдайда оларды алмастыру немесе қалпына келтiру жөнiнде бiрiншi кезектегi шұғыл шаралар қолдануға мiндеттi.
      6. Байланыс операторларының сот шешiмiнен басқа жағдайларда, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау мемлекеттiк органдарының байланыс арналарын ажыратуға, мемлекеттiк байланыс қызмет көрсетулерiнiң берiлуiн тоқтатуға құқылары жоқ.
      7. Байланыс операторлары байланыстың қолданыстағы және жаңадан салынып жатқан құрылыстары мен тораптарында техникалық құралдарды орналастыруға қажетті резервтiк алаңдарды, сондай-ақ арнайы мақсаттағы телекоммуникация желiлерi мен үкiмет байланысы мүдделерiнде пайдаланылатын желiлік-кабельдiк ғимараттардағы резервтiк сыйымдылық пен кепiлдi электр қоректендiрудi көздейдi.
      8. Бейбiт уақытта жедел жағдайдың шиеленiскен кезiнде, аса маңызды жұмыстар мен шараларды жүзеге асыру кезінде байланыс операторлары жедел-iздестiру қызмет жасайтын немесе өте маңызды жұмыстарды жүзеге асыруға өкілеттiгi бар байланыс қызметтерiн пайдаланушыларға қосымша арналарды және тiкелей байланыс желiлерiн, керек болған жағдайда жалпы пайдалымдағы телекоммуникация желiлерінің жұмыс iстеп тұрған арналарды шарттарды ресімдемей, уақытша жалға алу жағдайында бөлiп бередi.

      22-бап. Почта байланысы

      1. Почта байланысының желiсi почта жөнелтiмдерiн, ақша аударымдарын қабылдауды, сұрыптауды, тасымалдау мен жеткiзудi қамтамасыз ететiн, сондай-ақ шарт негiзінде мерзiм баспасөздi жөнелтудi, жеткiзу мен таратуды, зейнетақылар мен жәрдемақыларды жеткiзiп берудi ұйымдастыратын ұйымдар мен көлiк құралдарының бiртұтас технологиялық жүйесi болып табылады.
      2. Әскери жөнелтiмдердің өңделуi мен табыс етiлуiн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң фельдъегерлiк-почта байланысы жүзеге асырады.
      3. Почта байланысы саласындағы уәкілеттi орган белгiленген тәртiппен беретiн лицензиялардың негiзінде почта байланысының қызмет көрсетулерiн мемлекеттiк емес ұйымдар ұсынуы мүмкiн.
      4. Почта жөнелтiмдерiн жеткiзiп беру мерзімдерi байланыс саласындағы уәкілеттi органның нормативтiк құқықтық кесiмдерінде белгiленедi.
      5. Почта арқылы жiберуге тыйым салынған заттардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      6. Почта жөнелтiмiн жiберушi оның бағалануын салыным құны шегiнде жариялауға құқылы.

4-тарау. Телекоммуникация байланысы желiлерiнiң өзара iс-қимылы

      23-бап. Телекоммуникация желiлерiн қосу

      1. Жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiнiң басымдық операторлары үшiн басқа телекоммуникация желiлерiнiң қосылу қызмет көрсетулерi жағдайларын белгiлейтiн қосулы туралы шарт, сондай-ақ осыған байланысты желiлердiң өзара iс-қимылы және трафиктi өткiзу жөнiндегi мiндеттемелер, құрылымы монополияға қарсы саясат жөнiндегi уәкiлеттi органмен бекiтiлетiн, жариялы шарт болып табылады.
      Телекоммуникация желiлерiнiң басымдық оператордың желiсiне қосылу тәртiбi байланыс саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
      2. Жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiлерiнің операторлары байланыс саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелерге сәйкес қосылу қызметтерiн көрсетуге міндеттi.
      3. Басымдық операторларының телекоммуникация желiлерiн қосып алу ерекшелiктерi:
      1) жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiнің басым операторлары үшiн басқа телекоммуникация желiлерiне қосып алу қызметтерiн көрсету, сондай-ақ осы жағдайларға байланысты желiлердiң өзара iс-қимылы және трафиктi өткiзу жөнiндегi талаптарды белгiлейтiн қосылу туралы шарт жария шарт болып табылады;
      2) басымдық операторының қосып алу туралы шарт жасасудан бас тартуына рұқсат етiлмейдi.
      Шарт жасасудан бас тартқан жағдайда сот сөзсiз шарт жасасу және басқа тарапқа келтiрген шығындардың орнын толтыру туралы шешiм шығарады;
      3) телекоммуникация желiлерiн басым оператордың желiсiне қосып алу ережесiн байланыс саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
      4. Телекоммуникация желiлерiнiң операторлары өз желiлерiнде әрбiр байланыс қызмет көрсетулерiнiң пайдаланушысы үшiн байланыс операторларын еркiн таңдау мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiстi.
      5. Басымдық байланыс операторлары мынаған құқылы:
      1) халықаралық және (немесе) қалааралық телефон байланысының қызметiн өз желiсiнiң абоненттерiне беруге;
      2) халықаралық және (немесе) қалааралық телефон байланыстың қызметiн басқа байланыс операторлар желiлерiнiң абоненттерiне бередi;
      3) трафик транзитi бойынша қызмет көрсетулерiн ұсынуға операторларына желiлiк ресурстарды беруге және басқа байланыс операторларының желiсi қорлардың қызмет етуi.

5-тарау. Байланыс құралдарын, ғимараттардың желiлерiн,
радиожиiлік спектрiн және байланыс жерсерiктерiнiң
орбиталдық позицияларын қорғау және күзету

      24-бап. Байланыс желiлерiнiң күзет аймақтары

      1. Байланыс желiлерiнiң сақталуымен, техникалық құралдардың, ғимараттардың және құрылғылардың пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында, жердi пайдаланудың ерекше жағдайлары бар аймақтар болып табылатын күзет аймақтары мен сүрлеулер белгiленедi.
      2. Күзетi аймақтарына енгiзiлген жерлер жергiлiктi жерлерде арнаулы белгiлермен белгiленедi. Бұл жерлер жердің меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан алып қоюға жатпайды.
      3. Күзетi аймақтарына белгiлеу тәртiбiн және олардағы жұмыс ережесiн байланыс саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi. Көрсетiлген аймақтардың шекараларын және олардың жердi пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамасына сәйкес жердi меншiкке немесе пайдалануға ұсыну туралы шешiм қабылдаған орган белгiлейдi.
      4. Қазақстан Республикасында телекоммуникация желiлерiн қорғау ережесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.

      25-бап. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен
               желiлерi, радиожиiлiк спектрi мен байланыс
               жерсерiктерiнiң орбиталдық позицияларын қорғау және
               күзету

      1. Байланыс құралдары, ғимараттар мен байланыс желiлерi радиожиiлiк спектрi мен байланыс жерсерiктерiнiң орбиталдық позициялары мемлекеттің қорғауында болады.
      2. Байланыс құралдарын, ғимараттар мен байланыс желiлерiн, радиожиiлiк спектрiн, байланыс жерсерiктерiнің орбиталдық позицияларын күзету Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
      3. Радиожиiлiк спектрi мен байланыс жерсерiктерiнiң орбиталдық позицияларын пайдаланудың белгiленген тәртiбiн қорғау мақсатында заңнамамен электр магниттiк жүйелердің жұмыс iстеуiне нормаланбаған кедергiлер туғызатын радио электрондық құралдарды Қазақстан Республикасында өндiрiлуiне және әкелiмiне, сондай-ақ пайдалануына шектеулер қойылуы мүмкiн.
      4. Телекоммуникация желiлерiнiң және ғимараттарының, байланыс құралдарының, радиоэлектрондық құралдар мен жиілігі жоғары қондырғыларды дайындаудың, сатып алудың, әкелудiң, пайдалану мен тiркеудiң, барлық мақсаттары радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың жұмысы үшін радиожиiлiктi пайдаланудың белгiленген тәртiбiн бұзуға жол берген, сондай-ақ теле- және радио қабылдауға нормаланбаған кедергiлер жасайтын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауап бередi.

6-тарау. Байланыс желiлерiн дамыту

      26-бап. Байланыс желiлерiн дамыту

      1. Байланыс операторлары байланыс желiлерiн дамытуды өз беттерiмен жоспарлайды және жүзеге асырады. Әмбебап байланыс қызмет көрсетулерiн пайдаланушыларға берудi қамтамасыз ететiн, байланыс желiлерiн дамыту Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Байланыс желiлерiн дамытуға бағытталған шараларды қаржыландыру банк несиелерi, өзге де қарыз құралдары, меншiктi қаржылар есебiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте, жеке және заңды тұлғалардың инвестицияларын тарту есебiнен жүзеге асырылуы мүмкiн.
      3. Тұрғын үйлер мен басқа да объектiлер салған кезде байланыстың iшкi және iшкi кварталдық желiлерiн жобалау мен жүргiзудi, сондай-ақ абоненттiк почта шкафтарын орнатуды қолданыстағы техникалық нормалар мен ережелер негiзінде құрылысқа тапсырыс берушілер өз қаржылары есебiнен, жүзеге асырады.
      4. Тұрғын үй массивтерiнiң кешендi құрылысын салған кезде, өндiрiстiк объектiлер мен оған жанасып жатқан елдi мекендердiң құрылысын жүргiзгенде, азаматтық ғимараттар мен почта бөлiмшелерiнiң үй-жайлары мен кiретiн, барлық байланыс құралдарының жобалаулары мен құрылыстарын iске асыру тапсырыс берушiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      5. Үйлердi, ғимараттарды, жолдарды, көпiрлердi және басқа объектiлердi салған немесе қайта салған кезде байланыс желiлерiн қайта орналастыру мен көшiру жөнiндегі жұмыстар стандарттарға сәйкес құрылысқа тапсырыс берушiнiң және байланыс желілерiнiң меншiк иелерi мен (немесе) пайдаланушылары беретiн стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес орындалады.
      6. Байланыстың жалпы республикалық магистралдық, халықаралық желiлерi мен тораптарының жобалануын, құрылысын байланыс саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша, құрылыс саласындағы уәкiлеттi органмен берiлетiн, лицензия негiзiнде жеке заңды тұлғалар жүргiзедi.
      7. Басшылары үкiметтiк байланыс желiсiнің абоненттерi болып табылатын мемлекеттік органдардың ғимараттарын, кешендер және объектiлерiн және ұйымдарды салу барысында, құрылыстары мен объектiлерiн салу кезінде арнайы мақсаттағы қосу желiлерi мен iшкi байланыс желiлерiн жобалау және төсеу құрылысқа тапсырыс берушiнiң меншiк жалғанатын қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      27-бап. Көлiк құралдарын пайдалану

      1. Байланыс операторлары мен арнайы және фельдъегерлiк қызметтерге шарттық негiзде темiржол, теңiз, әуе және автомобиль көлiгiнiң барлық бағыттары мен желiлерi бойынша почта байланысының қызметкерлерiнiң, фельдъегерлiк байланыстың және арнайы фельдъегерлiк байланыстың қарулы қызметкерлерiнің алып жүруiмен почталық және арнайы жөнелтiмдердi тасымалдауға, сондай-ақ тасымалдау үшiн почта жөнелтімдерiн көлiк ұйымдарының жауапкершiлiгiне тапсыруға құқық берiледi.
      2. Алып жүрудiң қалааралық және халықаралық бағыттары бойынша тасымалдауды тұрақты жүзеге асыратын көлiк ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгеннен басқа жағдайларда, почталық және арнайы жөнелтiмдердi тасымалдауға шарт жасасудан бас тарта алмайды, сондай-ақ мыналарды:
      арнайы және фельдъегерлiк байланыс қызметкерлерiнiң олардың қызметтік мiндеттердi орындауы кезiнде кезексiз билет сатып алу;
      әуе, су және темiржол көлiктерiнің тұрақтарына арнайы және фельдъегерлiк байланыс қызметтерi автокөлiгiнiң өтуi;
      арнайы және фельдъегерлiк байланыс қызметтерi қызметкерлерінiң жолаушыларды жалпы отырғызуға дейiн отыру құқықтарын қамтамасыз етедi.
      3. Арнайы және фельдъегерлiк байланыс қызметкерлерiнiң автокөлiгiн қандай да болмасын айрықшалайтын жазу жазылмай-ақ арнайы санатқа жатады және соғыс жағдайын енгiзу немесе соғыс кезеңiн жариялау, сондай-ақ төтенше жағдайлар енгiзудi не табиғи не техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды қоспағанда, бұл қызметтердiң келiсiмiнсiз мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүдделерiнде пайдалануы мүмкiн емес.
      4. Зақымданған желiлердi және байланыс құралдарының қалпына келтiру жөнiндегi шұғыл авариялық-техникалық жұмыстарды жүргiзу кезiнде көлiк құралдарының иелерi байланыс кәсiпорындарына көлiк құралдарын кезексiз ұсынады.
      Байланыс ұйымдарына тиесiлi көлiк құралдарының арнайы белгiсi болуы мүмкiн және қызмет көрсетулердi ұсынуға пайдаланылуы мүмкiн емес.

      28-бап. Байланыс жерлерiн беру мен пайдалану

      1. Байланыс желiлерiне байланыс операторларына меншiкке, тұрақты немесе уақытша пайдалануға, сондай-ақ жер учаскесiне шектелген мақсаттық пайдалану (сервитут) құқығында ұсынылатын жер учаскелерi жатады.
      2. Автомобиль және темiржол станциялары, әуежайлар, теңiз, өзен порттары мен айлақтары жанынан почта тасымалы бөлiмшелерi үшiн үйлер мен ғимараттар салуға арналған жер учаскелерi автомобильдермен, почта вагондарымен, почта, ұшақтармен, теңiз және өзен кемелерiмен жеткізілген почта жөнелтiмдерiн алмасу үшiн жағдайлар қамтамасыз етiлiп, вокзал үйлерiнiң дәл жанын, ал қалалық  почтамптар мен почта байланысы тораптарының құрылысына қаланың орталық бөлiгiнен бөлiнуге тиiс.
      3. Байланыс операторларына ұсынылатын жер учаскелерiнiң, оның iшiнде күзет аймақтары мен сүрлеу жолдардың өлшемдерi белгiленген тәртiппен бекiтілген осы қызмет түрi үшiн жер учаскелерiн бөлу нормаларына және жобалау-техникалық құжаттамаға сәйкес белгiленедi.
      Байланыс жерлерiн пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе ол өкілеттiк берген орган белгiлейдi.
      4. Байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық субъектілерiнiң меншiк нысандарына қарамастан атқарушы органдардың шарттары мен шешiмдерiне сәйкес көпiрлер, тоннелдер, көшелер, автомобиль жолдары мен темiр жолдарын, құрылыстар, коллекторлар, тыйым салынған аймақтар, ормандар сулар арқылы байланыс желiлерiн тартуға құқығы бар.
      5. Табиғи аумақтары ерекше күзетiлетiн жерлерде және жер пайдаланудың ерекше жағдайлары бар аймақтарға телекоммуникация желiлерi мен объектiлерiнiң құрылысы аталған жерлерде (аумақтарда) жер пайдаланудың белгiленген тәртiбiн есепке ала отырып жүзеге асырылды.
      6. Жер учаскесiндегi, ғимараттағы немесе құрылыстардағы жұмыстарды аяқтағаннан кейін байланыс операторы немесе тапсырыс берушi жер учаскесiн, ғимараттағы немесе құрылысты бастапқы күйiне өз есебiнен келтiруге және жер учаскесiнiң меншiк иесiне, жер пайдаланушыға, немесе ғимараттың, құрылыстың меншiк иесiне келтiрiлген шығындарды өз есебiнен өтеуге мiндеттi.
      7. Желiлер мен объектiлердiң құрылысын жүргiзген кезде байланыс операторлары табиғатты қорғау технологиясын қолданулары қажет және қызметтi жүзеге асырған кезде экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеулерi тиiстi. Қоршаған ортаға және халықтың экологиялық қауiпсiздiгiне келтiрген залалы үшiн жоғарыда аталған операторлар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жауапты болады.
      8. Елдi мекендердi құру, жаңа жерлердi игеру, мелиорация жүйелерiн қайта орналастыру, пайдалы қазбаларды зерттеу салдарынан байланыс ғимараттарының көшiрiлуi немесе қайта орналастырылуы байланыс желiлерi иелерiнiң және (немесе) пайдаланушыларының техникалық шарттары бойынша және стандарттарға сәйкес құрылысқа тапсырыс берушiлердiң өз есебiнен жүргiзiледi. Бұл орайда байланыс ғимараттары иелерiнiң есебiнен жүзеге асырылады.
      9. Иегер немесе жердi пайдаланушы, меншiгi немесе жер пайдалану құқығында иеленiп отырған жер участiгiн мүдделi байланыс операторларына шектеулi мақсаттағы пайдалану құқығында беруге мiндеттi.
      10. Байланыс объектiлерi орналасқан жер учаскелерiне құқықтар беру жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi, жер учаскесiнiң сатып алу-сату шарты, жер учаскесiн жалға беру шарты негiзiнде, сондай-ақ жер учаскесiн шектеулi пайдалану жөнiндегi (сервитут шарты) шарт бойынша жүзеге асырылады.

7-тарау. Әмбебап байланыс қызметтерi

      29-бап. Әмбебап байланыс қызметтерi

      1. Әмбебап байланыс қызметтерiнің тiзiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Әмбебап байланыс қызметтерi ретiнде дауыстық телефондама және қол жеткiзу желiсiн пайдалану секторында бекiтiлген, және олардың қызмет көрсету сапасы параметрлерiмен байланыс саласындағы белгiленген уәкiлеттi органмен халыққа ұсынылуы мiндеттi болып табылатын байланыс қызмет көрсетулерi белгiленуi тиiстi.
      Әмбебап байланыс қызмет көрсету ұсынуларының негiзгi өлшемдерiне мыналар жатады:
      байланыс қызмет көрсетулерiн пайдаланушылары үшiн бағалық қол жеткiзiлiм;
      елдi мекеннiң санатын және тұрғындардың санын есепке ала отырып белгiленетiн, тұрғылықты орны бойынша қол жеткiзiлiм;
      белгiленген уақыт кезеңi үшiн жеке телефондар немесе белгiленген қол жеткiзу желiлерi сандарының енгiзiлуiн есепке ала отырып белгiленетiн (қоғамдық телефондарды орнату) уақыт бойынша қол жеткiзiлiмi.
      2. Жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiлерiне қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының берiлу құқығы үшiн мемлекеттiк бюджетке Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленетiн тәртiпте қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының берiлгендiгi үшiн төлемақы енгiзiледi.
      3. Байланыстың әмбебап қызмет көрсетулерiне қатысты тарифтер мiндеттi мемлекеттiк реттелуге жатады және Қазақстан Республикасының Үкiметiмен бекiтiледi. Бұл орайда тариф қызмет көрсетулерiнiң берiлуi үшiн қажеттi шығындар құнынан төмен болмауға тиiстi және байланыс операторларының тиiмдi қызмет iстеуiн қамтамасыз ететiн кiрiстi алу мүмкiндiгiн ескерулері қажет.

      30-бап. Әмбебап байланыс қызметтерiн көрсету операторы

      1. Әмбебап байланыс қызмет көрсетулерi конкурс бойынша ірiктелiнiп алынатын немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес тағайындалатын байланыс операторларымен жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасы облысының аумағында (оның ерекшелiктерiн ескере отырып) қолданыста жүрген әмбебап байланыс қызметтерiн көрсету жөнiндегi байланыс операторларының саны барлық ықтимал пайдаланушыларды әмбебап байланыс қызмет көрсетулерiмен қамтамасыз ету қажеттiлiгiнен шыға отырып белгiленедi.
      Әмбебап байланыс қызметтерiн көрсетудегi әрi қарай шығындарды өтеу құқығы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiлерi операторларының арасында өткiзiлетiн конкурстың нәтижелерi бойынша ұсынылады.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер болмаған жағдайда немесе жеңiмпазды анықтау мүмкiн болмағанда, байланыс саласындағы уәкiлеттi орган белгiлi бiр аумақта жалпыға қол жеткiзімдi байланыс қызметтерiн көрсетудi осы аумақта өтеу құқысы бар жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісiнiң қызмет көрсетулерiн ұсынатын басым операторға жүктейдi.
      3. Басым операторлардың оған жүктелген жалпыға қол жеткізiмдi байланыс қызметтерiн көрсету жөнiндегi мiндеттен бас тартуға құқығы жоқ.

      31-бап. Әмбебап байланыс қызметтерiн көрсетуге өтемақы

      1. Егерде бұл конкурс нәтижелерiмен немесе шарт негiзiнде, осы аумақта жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiнiң басымдық операторларына әмбебап байланыс қызмет көрсетулерiнiң берiлуi жөнiндегi мiндеттемелердiң артылу жағдайларымен белгiленген болса, әмбебап байланыс қызметтерiн көрсететiн байланыс операторларының шығындары өтелуге тиiстi.
      2. Өтемақы мөлшерiн белгiленген кезде әмбебап қызмет көрсету операторлары осы қызмет көрсетулерi үшiн пайдаланылатын, байланыс қызмет көрсетулерi мен байланыс желiсiнiң бөлiмдерiне көрсетiлетiн қызмет түрлерi бойынша кiрiсi мен шығыстардың бөлек есепке алынуы жүзеге асыруға мiндеттi.
      3. Халыққа әмбебап байланыс қызметтерiн көрсететiн байланыс операторларына келтiрiлген залалдарды өтеуге арналған әмбебап байланыс қызмет көрсетулерi құнының қаражаттандыру Ережелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

8-тарау. Байланыс қызмет көрсетулерiн пайдаланушылардың құқықтары

      32-бап. Байланыс қызмет көрсетулерiнiң сапасы

      1. Байланыс операторлары байланыс қызмет талаптарына пайдаланушыларға сапасы жағынан стандарттарға, техникалық нормаларға, байланыс қызметiн көрсету шартының талаптарына сәйкес ұсынуға мiндеттi.
      2. Байланыс қызмет көрсетулерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiптегi жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескерiле отырып, байланыс саласындағы уәкiлеттi органмен бекiтiлетiн, байланыс қызмет көрсетулерiнiң берiлу ережелерiне сәйкес пайдаланушылардың барлық санаттары үшiн (халық, бюджеттiк ұйымдар, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер) теңдей жағдайда көрсетiледi.

      33-бап. Байланыс қызмет көрсетулерiн пайдаланушылардың
               құқықтарын қорғау

      1. Пайдаланушылардың өздерiне тиiстi сападағы байланыс қызметiн көрсету, осындай қызметтер туралы және олардың орындаушылары туралы ақпарат алу құқықтарын қорғау, сондай-ақ осы құқықтарды iске асырудың тетiктерiн Қазақстан Республикасының заңдары реттейдi.
      2. Байланыс операторлары Қазақстан Республикасының Конституциясы кепiлдiк берген хат жазысудың, телефондық сөйлесулердiң, почталық жөнелтiмдерiнің, телеграфтық және заңнамамен тiкелей белгiленген, бұл құқықтың жағдайлары басқа, телекоммуникация желiлерi бойынша берiлетiн өзге де хабарламалардың құпиялығын қамтамасыз етедi.
      3. Жергiлiктi телефон байланысының қызмет көрсетулерiн ұсынатын жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiлерiнің байланыс операторлары анықтамалық қызметтердi құру немесе телефон нөмiрлерiнiң анықтамалығын жариялау мақсатында сұрау салу бойынша бiр-бiрiне өз желiсiнiң пайдаланушылары туралы өз деректерге қол жеткiзудi ұсынуға мiндеттi. Ақпарат осы Заңның және пайдаланушылар құқығын қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып ұсынылады.
      4. Байланыс операторынан абоненттер туралы қызметтiк ақпарат алуға тек пайдаланушының келiсiмiмен және осы Заңның 13-бабында қарастырылған жағдайларда ғана рұқсат eтiледi.
      Телефон сөйлесулерiн тыңдау, телекоммуникация хабарларымен танысу, ұстап қалу, почта жөнелтiмдерi мен құжаттық хат-хабарларды жәшiктен алу және қарап тексеру, олар туралы мәлiметтер алу, сондай-ақ байланыс құпияларының басқа да шектеулерi тек Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiптегi жағдайда рұқсат етiледi.
      5. Қызмет көрсетулердi пайдаланушылардың хат жазысу, телефондық сөйлесулер, почталық, телеграфтық және хабарламалары құпиялығын заңсыз бұзылғандықтары үшiн байланыс операторлары заңдарға сәйкес жауап бередi.
      6. Байланыс операторының жергіліктi телефон жалғауды уақытына қарай есептеудi жүзеге асыруға техникалық мүмкiндiктерi болған жағдайда байланысты пайдаланушы - жеке тұлға қызметке абоненттiк немесе уақытына қарай ақы төлеу жүйелерiнің бiрiн таңдап алуға құқылы.
      Қызмет көрсетулердiң мерзiмдiк ақы төлеу жүйесiн қолданған кезде пайдаланушының талабы бойынша байланыс операторы ақы төлеуге жататын, орын алған жергiлiктi телефон қосылыстары туралы жазбаша ақпарат тегiн беруге мiндеттi.
      Мұндай ақпаратты бермеген жағдайда пайдаланушы қызмет көрсетулердiң төлемақысын абоненттiк жүйе бойынша төлеуге құқылы.
      Байланыс қызмет көрсетулерiнiң пайдаланушы - заңды тұлға жергiлiктi телефондық қосылыстардың есептерiн мерзiмдiк ақы төлеу жүйесi бойынша жүзеге асырады.

9-тарау. Байланыс қызмет көрсетулерiнiң берiлу ерекшелiктерi

      34-бап. Байланыс операторларының қызметiнде тiлдер мен
                алфавиттердi пайдалану

      1. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында, байланыс желiлерiнде меншiк нысанына қарамастан, байланыс операторларының қызметтiк iс жүргiзуi мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасының шегiнде жiберілетiн жеделхаттар мен почта жөнелтiмдерiн жіберушi мен алушының мекен-жайлары жөнелтушiнің қалауы бойынша мемлекеттiк немесе орыс тілiнде ресімделуi тиiс.
      3. Жеделхаттың мәтiнi жөнелтушiнiң қалауы бойынша мемлекеттiк немесе орыс тiлінде жазылуы тиiс.
      4. Байланыс желілерi арқылы берiлетiн халықаралық хабарламалар Қазақстан Республикасының хабарлық шарттары мен келiсімдерінiң нормаларында белгiленетiн тiлдерде өңделедi.
      5. Мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi ақпараттар, байланыс операторларының қызметiне қатысты басқа да мәлiметтер, сондай-ақ бланк өнiмiнің үлгiлерi пайдаланушыларға ыңғайлы жерлерге орналастырылады.
      6. Почта байланысы бөлiмшелерi, почтамптар, сөйлесу пункттерi, ақпараттық-анықтамалық қызметтер операторларының, байланыс кәсіпорындарының (ұйымдарының) басқа да қызметкерлерiнің пайдаланушылармен жұмыс процесiнде тiкелей тілдесуi мемлекеттік тілде немесе орыс тiлiнде жүзеге асырылады.

      35-бап. Байланыс саласындағы есепке алу-есеп беру уақыты

      1. Байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асырған кезде байланыс операторларының хабарламалар мен ақпаратты беру немесе қабылдап алудың технологиялық процестерiнде олардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жерiне қарамастан, байланыс саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтін бiрiңғай есепке алу-есеп беру уақыты қолданылады.
      2. Байланыс қызмет көрсетулерiнiң берiлу көрсетiлу уақыты туралы пайдаланушыларға хабарлау жергіліктi уақыт бойынша жүргiзiледi.
      3. Халықаралық байланыста есепке алу-есеп беру уақыты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленедi.

10-тарау. Байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыру
кезiндегi жауапкершiлiк

      36-бап. Байланыс операторлары мен пайдаланушылардың
               жауапкершiлiгi

      1. Байланыс операторлары - жарияланған бағаланымы мен алынған тариф мөлшерінде бағалы почта жөнелтiмдерiнің жоғалғаны, бүлiнгенi үшiн, жеделхат мәтiнiнің мағынасы өзгеретiндей бұрмаланғаны, жеделхаттың жеткiзiлмегенi немесе жеделхаттың белгiленген мерзiмi өтiп кеткен соң жолданым иесiне табыс етiлгенi үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен материалдық жауапкершiлiкте алады.
      Байланыс саласындағы заңнаманы бұза отырып пайдаланушыға,  байланыс қызметтерiн беретiн байланыс операторы, пайдаланушыға осы тәртiп бұзушылықтың салдарынан келтiрiлген шығынның орнын толықтыруға мiндеттi.
      2. Байланыс қызмет көрсетуiн пайдаланушы шарттық жағдайларды, жабдықтардың пайдалану тәртiбiн, телекоммуникация желiлерiнде сертификаты жоқ жабдықтардың пайдалануын бұзған кезде, сондай-ақ байланыс қызмет көрсетулерiнiң төлемдерiн уақытылы төлемеген кезде, байланыс операторы жазбаша хабарлағаннан кейiн, осы Заңның 13-бабы 3-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, заңдарға сәйкес жабдықтардың зақымдалуы немесе бос тұруы салдарынан байланыс операторына келтiрiлген залалды өтеу және байланыс операторының кiрiс шығындарын пайдаланушының байланыс операторы пайдаланушылық байланыс желiсiне қол жеткiзуiн тоқтата тұруға құқылы.
      3. Егер мiндеттемелердің бұлайша орындалмауы немесе тиiсiнше орындалмауы байланысты пайдаланушының кiнәсiнен, не шамасы келмейтiн жағдайлар салдарынан болғаны дәлелденсе, хабарламаны беру немесе қабылдап алу не почта жөнелтімдерiн жөнелту немесе жеткiзу жөніндегi мiндеттемелердiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшін, байланыс операторы жауап бермейдi.

11-тарау. Халықаралық ынтымақтастық

      37-бап. Халықаралық ынтымақтастық

      1. Байланыс саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Халықаралық қызметте байланыс саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi берген және халықаралық шарттарда көзделген өз өкiлеттiктерi шегiнде Қазақстан Республикасының байланыс әкiмшiлiгi ретiнде халықаралық одақтар мен байланыс ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi және қорғайды.

      38-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 24-баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларын қоспағанда, ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
      2. "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 18 мамырдағы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 12, 396-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 1-2, 10-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады