"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сайлау заңы мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1178 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сайлау заңы мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне
сайлау заңы мәселелерi бойынша
толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Азаматтық iс жүргiзу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат):
      273-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Сайлаушылардың тiзiмдерiн түзету қажеттігi туралы сайлау комиссиясының шешiмiне шағым жасау туралы өтiнiш келiп түскен күнi қаралуға тиiс.";
      274-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Өтiнiш негiздi деп танылған сот шешiмi бұзылған сайлау құқығын қалпына келтiру үшiн негiз болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар):
      1) 99-бапта "бестен онға", "жиырмадан отызға" деген сөздер тиiсiнше "оннан он беске", "жиырма бестен отыз беске" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) мынадай мазмұндағы 99-1 және 102-1-баптармен толықтырылсын:
      "99-1-бап. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығына кедергi келтiру
      Сайланбалы лауазымдарға кандидаттарға, олардың сенiм бiлдiрген aдaмдapына олардың сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқығын іске асыру процесінде кедергi келтiру, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырма бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      "102-1-бап. Сайлаушылардың тiзiмдерiн жасау үшiн сайлаушылар туралы дұрыс емес мәлiметтер беру
      Мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларының сайлаушылар туралы дұрыс емес мәлiметтер беруi, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      3) 103-бапта:
      "оннан жиырмаға" деген сөздер тиiсiнше "он бестен жиырма беске" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 105-бапта "оннан жиырма беске", "жиырма бестен елуге" деген сөздер тиiсiнше "жиырмадан отызға", "отыздан алпыс беске" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 107-бапта "бестен онға" деген сөздер тиiсiнше "оннан он беске" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 108-бапта "онға" және "елуге" деген сөздер тиiсiнше "он беске" және "елу беске" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) мынадай мазмұндағы 108-1, 109-1, 110-1-баптармен толықтырылсын:
      "108-1-бап. Сайлау науқанын сайлау қорларынан басқа қаржыландыру
      Кандидаттарға, партиялық тiзiмдердi ұсынған саяси партияларға олардың сайлау қорларынан басқа қаржылық немесе өзге материалдық қолдау көрсету, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      "109-1-бап. Заңды және жеке тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың жазбаша келiсiмiнсiз қызмет көpceтуi
      Заңды және жеке тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы қызметiне байланысты олардың жазбаша келiсiмiнсiз қызмет көрсетуi, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      "110-1-бап. Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiр сұрауды жүргiзу шарттарын бұзу
      1. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарында көзделген қоғамдық пiкiрдi сұрау нәтижелерiн, сайлау нәтижелерi болжамдарын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi жариялау тәртiбiн бұзу, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда және дауыс беруге арналған пунктте қоғамдық пiкiр сұрауды жүргiзу, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.".

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады