"Павлодар машина жасау зауыты" ашық акционерлiк қоғамының конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртiбi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1186 қаулысы

      Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн стратегиялық маңызы бар "Павлодар машина жасау зауыты" ашық акционерлік қоғамын банкрот деп тануға байланысты, сондай-ақ "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Мыналар:
      1) өндiрiстiң технологиялық циклын қамтамасыз ететiн мүліктік кешендi бiрыңғай лотпен (бұдан әрi - лот) сатуды;
      2) лотты сатудың ең төменгi бағасын бiрiншi және екiншi кезектегі кредиторлардың талаптарынан кем емес, сондай-ақ әкiмшiлiк шығыстардың сомасынан кем емес етiп белгiлеудi;
      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Павлодар машина жасау зауыты" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрi - Қоғам) үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында конкурстық басқарушыға, конкурстық өндiрiс кезеңiне шарттар жасасу құқығын берудi көздейтiн қоғамның конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртiбi белгiленсiн.

      2. Мыналарды:
      1) Қоғамның өндiрiстік қызметiнің бейiнiн жүк көтеретiн тетiктерi бойынша 5 (бec) жыл бойы сақтау жөнiндегi міндеттемелердi сатып алушының (бұдан әрi - Сатып алушы) қабылдауын;
      2) Павлодар облысының әкiмдiгiмен келiсiлген, жүк көтерiмдiлiгi 25 тоннаға дейiнгi автокрандарды, жүк көтерiмдiлігі 50 тоннаға дейінгі көпiрлi, тағанды, консольды - бұрылмалы және металлургиялық крандарды, металлқұрастырмаларды, металлургиялық шөмiштердi шығару, сондай-ақ жүк көтеретін тетiктердің жаңа түрлерiн жобалау және енгiзу бойынша Қоғамның даму бағдарламасының болуын;
      3) конкурстық массаны сатудан түскен қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда Сатып алушының келiсiлген кесте бойынша 10 (он) жыл бойына кепілмен қамтамасыз етiлген үшiнші кезектегі кредиторлар алдындағы берешектi бiркелкi өтеу жөнiнде мiндеттемелер қабылдауын;
      4) Сатып алушының Қоғамның 500 адамнан кем емес сандағы қызметкерлерiн жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді көздейтiн лотты сатып алушыларға қосымша талаптар белгiленсiн.

      3. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады