Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының шеңберiнде жасасқан көп жақты шарттарды тоқтату туралы хаттаманы бекiту туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1192 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының шеңберiнде жасасқан көп жақты шарттарды тоқтату туралы хаттаманы бекiту туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының шеңберiнде жасасқан көп жақты шарттарды тоқтату туралы хаттаманы бекiту туралы

      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Мемлекеттерi басшылары кеңесiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы органдарының құрылымын жетiлдiру және реформалау туралы 1999 жылғы 2 сәуiрдегi шешiмiн басшылыққа ала отырып, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының шарттық-құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында қаулы етемін:

      1. Қоса берiлiп отырған 2000 жылғы 1 желтоқсанда Минск қаласында жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiнде жасасқан көп жақты шарттарды тоқтату туралы хаттама бекiтiлсiн.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Бейресми аударма

Тәуелсіз мемлекеттер достастығының шеңберінде
жасасқан көп жақты шарттарды тоқтату туралы
Хаттама

Ресми
куәландырылған
мәтiн

      Тәуелсіз мемлекеттер достастығының шеңберінде
жасасқан көп жақты шарттарды тоқтату туралы
Хаттама

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер,
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Мемлекеттерi басшылары кеңесiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы органдарының құрылымын жетiлдiру және реформалау туралы 1999 жылғы 2 сәуiрдегі шешiмiн басшылыққа ала отырып
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының шарттық-құқықтық базасын түгендеу мақсатында
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Тараптар қолданыс мерзiмi аяқталуына және кейiнiрек шарттар жасалуына байланысты осы Хаттаманың 1-қосымшасында тiзбеленген шарттар тоқтатылғандығын атап өтедi.

2-бап

      Осы Хаттаманың 2-қосымшасында тiзбеленген шарттар, осы шарттарға қатысушы-мемлекеттер арасындағы қарым-қатынаста өзiнiң қолданысын осы Хаттама күшiне енген күннен бастап тоқтатады.

3-бап

      Осы Хаттаманың 1 және 2-қосымшалары оның ажырамас бөлiктерi болып табылады.

4-бап

      Осы Хаттама оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілiк рәсiмдердi оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшiне енеді.
      Минск қаласында 2000 жылғы 1 желтоқсанда орыс тiлiнде бiр түпнұсқа дана болып жасалды. Түпнұсқа дана Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбiр мемлекетке оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.

Әзiрбайжан Республикасы           Молдова Республикасы
үшін                              үшін

Армения Республикасы              Ресей Федерациясы
үшiн                              үшiн

Беларусь Республикасы             Тәжiкстан Республикасы
үшiн                              үшiн

Грузия                            Түрiкменстан
үшiн                              үшiн

Қазақстан Республикасы            Өзбекстан Республикасы
үшiн                              үшiн

Қырғыз Республикасы               Украина
үшiн                              үшiн

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы
шеңберiнде жасасқан көп жақты
шарттарды тоқтату туралы 2000
жылғы 1 желтоқсандағы хаттаманың
1-қосымшасы      

Қолданыс мерзiмi аяқталуына немесе кейiнiрек шарттардың жасалуына байланысты өзiнiң қолданысын тоқтатқан халықаралық шарттар

_________________________________________________________________
N        Шарттардың атауы                Қол қойылған жерi
p/c                                         және күнi
_________________________________________________________________
1               2                                3
_________________________________________________________________

1. Транзит тәртібi туралы келiсiм            Мәскеу қаласы,
                                             1992 ж.08.02., YБК

2. Достастық мемлекеттерiнiң сауда-          Минск қаласы,
экономикалық ынтымақтастығы                  1992 ж 14.02., МБК
саласындағы өзара қарым-қатынастарын
реттеу туралы 1992 жылғы келiсiм

3. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына         Мәскеу қаласы,
Қатысушы-мемлекеттер шеңберiндегi            1992 ж.13.03., ҮБК
ғылыми-техникалық ынтымақтастық
туралы келiсiм

4. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы           Мәскеу қаласы,
шеңберiндегi тiкелей ғылыми-техникалық       1992 ж.13.03., YБК
байланыстар туралы келiсiм

5. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы           Мәскеу қаласы,
шеңберiндегi ғылыми-техникалық               1992 ж.13.03., ҮБК
объектiлерді бiрлесiп пайдалану
туралы келiсiм

6. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы           Мәскеу қаласы,
шеңберiндегi ғылыми және ғылыми-             1992 ж.13.03., ҮБК
педагогикалық кадрларды даярлау
және олардың бiлiктiлiгi туралы
құжаттарды нострификациялау
саласындағы ынтымақтастық
туралы келiсiм

7. Достастықтың Бiрлескен Қарулы             Ташкент қаласы,
Күштерiндегі және қатысушы                   1992 ж.15.05., YБК
мемлекеттердiң Қарулы Күштерiндегi
өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету
туралы келiсiм

8. Әуе шабуылына қарсы қорғану               Мәскеу қаласы,
жүйесi жөнiндегi келiсiм                     1992 ж.06.07., МБК

9. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының        Мәскеу қаласы,
Бiрлескен Қарулы Күштерi Бас                 1992 ж.06.07., МБК
қолбасшылығының өтпелi кезеңдегі
қызметiн ұйымдастыру туралы келiсiм

10. Қару-жарақ және әскери техниканы         Мәскеу қаласы,
мемлекетаралық стандартқа келтiру            1992 ж. 13.11., ҮБК
жөнiндегі жұмыстарды ұйымдастыру
туралы келісім

11. Әскери кадрларды даярлау                 Мәскеу қаласы,
туралы келiсiм                               1992 ж.13.11., YБК

12. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына        Минск қаласы,
қатысушы мемлекеттердiң Қорғаныс             1993 ж.22.01., МБК
министрлерiнiң Кеңесi жөнiндегі
ереже туралы келiсiм

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы
шеңберiнде жасасқан көп жақты
шарттарды тоқтату туралы 
хаттаманың 2-қосымшасы  

Қолданысы тоқтатылатын халықаралық шарттар

_________________________________________________________________
N               Шарттардың атауы              Қол қойылған жерi
P/c                                              және уақыты
_________________________________________________________________
1                    2                               3
_________________________________________________________________

1. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына             Минск қаласы,
қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесiнiң         1991 ж.30.12., МБК
Қарулы күштер және Шекаралық әскерлер
туралы келiсiмi

2. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына             Минск қаласы,
қатысушы мемлекеттер арасындағы Стратегиялық     1991 ж.30.12., МБК
күштер жөнiндегi келiсiм

3. Ортақ мақсаттағы күштерде                     Мәскеу қаласы,
Әскери ант беру туралы келiсiм                   1992 ж.16.01., МБК

4. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына             Мәскеу қаласы,
қатысушы мемлекеттердiң стратегиялық             1992 ж.16.01., МБК
күштерiнде Әскери ант беру туралы келiсiм

5. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына             Минск қаласы,
қатысушы мемлекеттер арасындағы Достастық        1992 ж. 14.02., МБК
мемлекеттерiнiң бiрыңғай қорғаныс бюджетiн
және қарулы күштердi қаржыландыру тәртiбiн
қалыптастыру туралы келiсiм

6. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына             Минск қаласы,
қатысушы мемлекеттер арасындағы Стратегиялық     1992 ж.14.02., МБК
күштердiң мәртебесi туралы келiсiм

7. Достастыққа қатысушы мемлекеттердiң           Минск қаласы,
Қарулы Күштерiн қару-жарақпен, техникамен,       1992 ж.14.02., МБК
материалдық құралдармен қамтамасыз ету,
жөндеу кәсiпорындарының өндірiстiк қызметiн,
ғылыми зерттеу және тәжiрибелiк-
конструкторлық жұмыстарын ұйымдастыру
қағидаттары туралы келiсiм

8. Армения Республикасы,                         Минск қаласы,
Беларусь Республикасы,                           1992 ж.14.02., МБК
Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы,
Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы,
Түрiкменстан және Өзбекстан Республикасы
арасындағы өтпелi кезеңдегi ортақ мақсаттағы
күштер туралы келiсiм

9. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының            Киев қаласы,
жоғарғы органдарының қорғаныс мәселелерi         1992 ж.20.03., МБК
жөнiндегі өкiлеттiктерi туралы келiсiм

10. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы              Киев қаласы,
Бiрлескен Қарулы Күштерi қызметінiң              1992 ж .20.03., МБК
құқықтық негiздерi туралы келiсiм

11. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы              Киев қаласы,
Бiрлескен Қарулы күштерiн iрiктеп алу            1992 ж.20.03., МБК
және онда әскери қызметтi өтеу
қағидаттары туралы келiсiм

12. Бiрлескен Қарулы Күштердiң ортақ             Киев қаласы,
мақсаттағы күштерiнiң өтпелi кезеңдегі           1992 ж.20.03., МБК
мәртебесi туралы келiсiм

13. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының           Киев қаласы,
Шекаралық әскерлерiнiң мәртебесi                 1992 ж.20.03., МБК
туралы келiсiм

14. Өтпелi кезеңдегi Бiрлескен Қарулы            Киев қаласы,
Күштер туралы келiсiм                            1992 ж.20.03., МБК

15. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына            Киев қаласы,
қатысушы мемлекеттердің шекараларын және         1992 ж.20.03., МБК
теңiздегi экономикалық аймақтарын
қорғау туралы келiсiм

16. Достастықтың Шекаралық әскерлерiн            Ташкент қаласы,
iрiктеп алу және онда әскери қызметтi            1992 ж. 15.05., МБК
өтеу қағидаттары туралы келiсiм

17. Достастықтың Шекаралық әскерлерiн            Ташкент қаласы,
қаржыландыру тәртібi туралы келiсiм              1992 ж.15.05., МБК

18. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына            Ташкент қаласы,
қатысушы мемлекеттердiң Бiрлескен Қарулы         1992 ж.15.05., МБК
Күштерiндегi және Қарулы күштерiндегі
құқық қорғау органдары туралы келiсiм

19. Шекаралық әскерлердi қару-жарақпен,          Ташкент қаласы,
әскери техникамен және басқа да материалдық      1992 ж.15.05., YБК
құралдармен қамтамасыз ету, ғылыми-зерттеу
және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарын
ұйымдастыру қағидаттары туралы келiсiм

20. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының           Ташкент қаласы,
Бiрлескен Қарулы Күштерiн барлаумен              1992 ж.15.05., ҮБК
қамтамасыз етудi ұйымдастыру туралы келiсiм

21. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына            Ташкент қаласы,
қатысушы мемлекеттердiң Мемлекет басшылары       1992 ж.15.05., МБК
кеңесiнiң және Үкiмет басшылары кеңесiнiң
рәсiмдерінiң уақытша ережелерi туралы келiсiм

22. Шекаралық әскерлердің басқару жүйесiн        Минск қаласы,
ақпараттық қамтамасыз ету және құпияларын        1992 ж.26.06., YБК
қорғау туралы келiсiм

23. Шекаралық әскерлердiң әскери                  Минск қаласы,
қызметкерлерiн және олардың отбасы мүшелерiн,    1992 ж.26.06., YБК
жұмысшылар мен қызметшiлердi медициналық
қамтамасыз етудi ұйымдастыру туралы келiсiм

24. Ғылыми-техникалық ақпаратты                  Минск қаласы,
мемлекетаралық алмасу туралы келiсiм             1992 ж.26.06., ҮБК

25. Жекелеген мемлекеттер ұлттық                 Мәскеу қаласы,
валютаны енгiзген жағдайда рубль                 1992 ж.06.07., МБК
аймағындағы мемлекеттердiң мүддесiн қорғау
туралы келiсiм

26. Шекаралық әскерлердiң Бас қолбасшысы         Мәскеу қаласы,
туралы келiсiм                                   1992 ж.06.07., МБК

27. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының           Бiшкек қаласы,
Мемлекеттер басшылары кеңесiнiң және Үкiмет      1992 ж.09.10.,
басшылары кеңесiнiң жанынан Консультативтiк         МБК, ҮБК
экономикалық жұмыс комиссиясын құру
туралы келісім

28. Заңды төлем құралы ретінде рубльді           Бiшкек қаласы,
сақтаған мемлекеттердiң бiртұтас                  1992 ж.09.10.,
ақша жүйесi және келiсiлген ақша-кредиттік,         МБК, ҮБК
сондай-ақ валюталық саясаты туралы келiсiм

29. Стратегиялық күштер жөнiндегі                Минск қаласы,
келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы келiсiм       1993 ж.22.01., МБК

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады