ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиядағы Қазақстан Республикасының Өкілетті Өкілі В.Б.Темірбаевтың қызметін қаржыландырудың кейбір мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1195 қаулысы. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 12 тамыздағы N 844 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиядағы Қазақстан Республикасының Өкілетті Өкілі Валерий Батайұлы Темірбаевтың қызметін қаржыландыру оның өкілеттігі мерзімі ішінде республикалық бюджетте "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа да органдарына қатысу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен жүргізіледі деп белгіленсін.

      2. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиядағы Қазақстан Республикасының Өкілетті Өкілі Валерий Батайұлы Темірбаевтың қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстар сметасы бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің         
2003 жылғы 28 қарашадағы   
N 1195 қаулысымен      
бекітілген      

ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиядағы Қазақстан Республикасының Өкілетті Өкілі Валерий Батайұлы Темірбаевтың қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстар сметасы

_________________________________________________________________
Шығыстар атауы                        Сомасы
_________________________________________________________________
Ақшалай қамту                         1580,0 АҚШ доллары
Көліктік қызмет көрсету               270,0 АҚШ доллары
Байланыс қызметін көрсету және        150,0 АҚШ доллары    
кеңсе заттары
Шығыстардың бір айдағы жиыны:         2000,0 АҚШ доллары
_________________________________________________________________

      2003 жылға арналған барлық ағымдағы шығыстар:
      2000 х 12 = 24000 АҚШ доллары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады