Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Шығыс Қазақстан облысындағы жер сiлкiнiсiнен туындаған төтенше жағдай өңiрлiк ауқымдағы төтенше жағдай деп жариялансын.
2. Шығыс Қазақстан облысының әкiмiне 2003 жылы болған жер сiлкiнiсi зардаптарын жоюға 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 153 (бip жүз елу үш) миллион теңге бөлiнсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
4. Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiне 2003 жылы орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есеп берсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі