Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1753 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы N 1201 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 376 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.20. N 376 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Гранттар беретiн халықаралық және мемлекеттiк ұйымдардың, шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1753 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 589-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
      1-тармақ "тiзбесi" деген сөзден кейiн "(бұдан әрi - Тiзбе)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Гранттарды тарту және пайдалану жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мүдделi мемлекеттiк органдар Тiзбеге енгiзуге ұсынатын ұйымдар қызметiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 10-бабының   1-тармағы 4) тармақшасының талаптарына сәйкестiгiн айқындау жөнiндегi iс шараларды өткiзгеннен кейiн орынды жағдайда жыл сайын 20 ақпанға дейiн Тiзбеге толықтырулар енгiзу туралы тиiстi шешiмнiң жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi деп белгiленсiн.";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Гранттар беретiн халықаралық және мемлекеттiк ұйымдардың, шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тiзбесiнде:
      "Халықаралық ұйымдар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы 48-2, 48-3, 48-4-тармақтармен толықтырылсын;
      "48-2. Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО)
      48-3. Ядролық сынақтарға жалпыға бiрдей тыйым салу туралы шарт ұйымы (ЯСЖТШҰ)
      48-4 ЖҚТБ-ға, туберкулезге және малярияға қарсы күрес жөнiндегi жаһандық қор";
      "Мемлекеттiк ұйымдар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы 76-1 және 76-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "76-1. "Ядролық қатердi азайту жөнiндегi бастама (NTI)" американ қоры
      76-2. Американ азаматтық зерттеулердi дамыту қоры (CDRF)";
      "Шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар және қорлар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы 152 және 153-тармақтармен толықтырылсын:
      "152. "United Way International" корпоративтiк қоры
      153. "IССО" нидерланд қоры (Дамушы елдермен ынтымақтастық орнатуға арналған шiркеуаралық ұйым)".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады