Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының Астана қаласында салынған "Transport tower" әкiмшiлiк-технологиялық кешенi ғимаратын (бұдан әрi - ғимарат) жабдықты, жиһазды және мүкәммалды қоса алғанда, оны пайдалануға берген сәттен бастап республикалық меншiкке беру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген объектiлердi республикалық меншiкке қабылдау және оларды Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң теңгерiмiне беру жөнiндегi қажеттi iс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi және Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамымен, "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамымен, "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен бiрлесiп, ғимаратты республикалық меншiкке беру шарттарын белгiлесiн.
4. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен "Transport tower" әкiмшiлiк-технологиялық кешенi ғимаратын ұстау және пайдалану жөнiндегi шығындарды 2004 жылға арналған республикалық бюджеттiң жобасына енгiзудi және "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң "Transport tower" әкiмшiлiк-технологиялық кешенi ғимаратын ұстау" бюджеттiк бағдарламасының бiрыңғай әкiмшiсi ретiнде Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiн белгiлеудi қамтамасыз етсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі