"Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" ашық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы N 1209 қаулысы

      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 32-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар салада қызметiн жүзеге асыратын кейбiр ашық акционерлiк қоғамдардың салық берешегiн өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) "Петропавл ауыр машина жасау зауыты", "С.М.Киров атындағы Петропавл зауыты өндiрiстiк бiрлестiгi", "Омега" және "Семей машина жасау зауыты" ашық акционерлiк қоғамдарының (бұдан әрi - Қоғамдар) иелiгiндегi жарияланған шектеулi акцияларды мемлекеттiң меншiгiне оларды мәжбүрлеп алып қою арқылы Қоғамдардың салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мерзiмi өткен берешегiн өтеу есебiне орналастырсын;
      2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Қоғамдар акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмiнде иелiгiндегi жарияланған шектеулi акцияларға мемлекеттiк меншiк құқығын тiркеуiн қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қоғамдардың алынған акцияларын "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" ашық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға берсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi мен "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ААҚ (келiсiм бойынша) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады