"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 1227 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына толықтыру енгiзу туралы

      1-бап. "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 729-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      8-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметі айқындайтын елдi мекендер жергiлiктi атқарушы және өкілді органдардың ұсынуы бойынша коммуналдық меншiктегi жылумен жабдықтайтын кәсiпорындарды жергiлiктi бюджеттен отын сатып алу үшiн субсидиялауға жол берiледi.
      Көрсетiлген шығыстар тарифтi жасау кезiнде есепке енгiзiлмейдi.".
 

      2-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады