Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi мен Германия Федеративтiк Республикасының Федералдық Экономика және еңбек министрлiгi арасындағы Экономикалық ынтымақтастықты ұйымдастырудың негiзгi ережелерi туралы келiсiмге қол қоюға келiсiм берiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Жоба
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi мен Германия Федеративтiк Республикасының Федералдық Экономика және еңбек министрлігі арасындағы Экономикалық ынтымақтастықты ұйымдастырудың негiзгi ережелерi туралы
Келісім
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi мен Германия Федеративтiк Республикасының Федералдық Экономика және еңбек министрлiгi,
Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтiк Республикасы арасындағы Экономика, өнеркәсiп, ғылым және техника саласындағы кең ауқымдық ынтымақтастықты дамыту туралы 1992 жылғы 22 қыркүйектегi келiсiмдi басшылыққа ала отырып,
өнеркәсiптi, ауыл шаруашылығын, инфрақұрылымды және Қазақстан Республикасында қызметтер көрсетудi дамытуға кәсiпорындардың нарықтық-экономикалық ережелер бойынша нақты еркiн қатысуы үшiн қолайлы жағдайлар жасауға ұмтыла отырып,
Қазақстан-германия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық жұмыс тобының қызметiн жандандыру қажеттiгiн назарға ала отырып,
мына төмендегiлер туралы осы Келiсiмдi жасасуға келiстi:
1-бап
Бiрлескен экономикалық мiндеттер
Тараптар өз құзыретi шегiнде мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады:
1. Жасалған халықаралық шарттар ережелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету, әсiресе:
1.1. Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтiк Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу мен өзара қорғау туралы 1992 жылғы 22 қыркүйектегi келiсiм;
1.2. Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтiк Республикасы арасындағы Экономика, өнеркәсiп, ғылым және техника саласындағы кең ауқымдық, ынтымақтастықты дамыту туралы 1992 жылғы 22 қыркүйектегi келiсiм.
2. Халықаралық тендерлерде қазақстандық және германдық кәсiпорындар үшiн тең мүмкiндiктердi қамтамасыз eту.
3. Сауда-экономикалық және коммерциялық мiндеттердi орындау үшiн маңызды басқа да ведомстволармен бiрлескен шараларды үйлестiру.
4. Тараптар мемлекеттерiнiң кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң iшкi экономикалық қызметiн:
бiрлескен кәсiпорындар құру кезiнде;
экономиканың қайта өңдеу секторында өнiм өндiрiсiн инвестициялау кезiнде;
инновациялық технологияларды енгiзу кезiнде;
өндiрiлетiн тауарлардың сапасын және бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру кезiнде қолдау.
5. Қазақстан Республикасының шыққан тегi немiс азаматтарын екi жақты экономикалық ынтымақтастыққа тарту үшiн қажеттi жағдайлар жасау.
6. Қазақстан Республикасының өңiрлерi мен Германия Федеративтiк Республикасының жерлерi арасындағы экономикалық ынтымақтастықты қолдау.
2-бап
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің қызметiн қолдау және бiрлескен жобаларды Тараптар құзыреттерінің шеңберінде iске асыру тетiгi
Тараптар олардың иелiгiндегi қолдаудың мынадай сыртқы- экономикалық тетiктерiн пайдаланатын болады:
"Ойлер-Гермес-КредитФерзихерунг" германия сақтандыру ұйымы мен "Мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" қазақстандық акционерлiк қоғамы арасындағы экспортты сақтандыруды, егер ол экономикалық ақталған және Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi мен Германия Федеративтiк Республикасының Федералдық экономика және еңбек министрлiгiнiң құзыретiне жататын болса жүзеге асыруға жәрдемдесу;
мүмкiндiгiнше өзара негiзде кәсiпорындарды қолдау жөнiндегі iс-шараларды өткiзу (Ic-шаралар жоспары жыл сайын 3-қосымшаға сай нысан бойынша келiсiлетiн болады);
экономикалық қызмет пен жобалардың мониторингi (1-қосымшаға сәйкес);
шағын кәсiпкерлiктi оның субъектiлерiнiң сыртқы экономикалық қызметiнде қолдауды жүзеге асыру.
3-бап
Қазақстан Республикасының саяси-экономикалық мiндеттерiн iске асыруда Германия Федеративтiк Республикасының Федералдық Экономика және еңбек министрлігінің қолдауы
Федералдық Экономика және еңбек министрлiгi Қазақстан Тарапына мынадай бағыттар бойынша көмек көрсететiн болады:
1. Даму мен инвестициялар жөнiндегi қазақстандық бағдарламаларды, сондай-ақ Германия Федеративтiк Республикасы Федералдық Экономика және еңбек министрлiгiнiң иелiгiндегi ақпараттық құралдар арқылы германдық қолдау кезiнде жүзеге асырылатын тендерлер мен жобаларды насихаттау.
2. Бiр тараптан Қазақстан Республикасы және екiншi тараптан Еуропалық Қауымдастық және оларға мүше мемлекеттер арасындағы Серiктестiк және ынтымақтастық туралы келiсiмде қамтылған сауда- экономикалық, әсiресе қазақстандық тауарларды Еуропалық рынокқа жiберуге қатысты мүмкiндiктердi толығымен ашу.
3. Германия/еуропа өнеркәсiптiк нормалары мен стандарттарын Қазақстанға енгiзудi қолдау.
4. Мемлекеттiк және жеке немiс оқу орындарымен ынтымақтастықта қазақстандық менеджерлердi Германияда даярлау.
5. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң ынтымақтастығын жандандыруға бағытталған iс-шараларды қолдау.
4-бап
Ынтымақтастықтың құрылымдық-ұйымдық нысандары
Қазақстан-германия сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi жұмыс тобы осыған дейiн жұмыс iстеп келген Қазақстан- германия Кооперациялық кеңестi ауыстырады және екi жақты сауда және кооперациялық қатынастардың саяси тұғырнамасын жасайды.
Тараптар осы Келiсiмдi iске асыру мақсатында Қазақстан- германия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi жұмыс тобының кезектi мәжiлiсi барысында өз өкiлдерiнiң қатысуымен Қазақстан-германия сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi үкіметаралық жұмыс тобының тұрақты органы ретiнде "Сауда және инвестициялар" ведомствоаралық жұмыс тобын құру мүмкiндiгiн қарастырады. "Сауда және инвестициялар" ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған жағдайда:
"Сауда және инвестициялар" ведомствоаралық жұмыс тобының мәжiлiстерiн өткiзу мерзiмдерi, күн тәртiбi Тараптардың келiсiмi бойынша айқындалатын болады;
"Сауда және инвестициялар" ведомствоаралық жұмыс тобының мәжілiстерiне қажет болған кезде Тарап мемлекеттерiнiң кәсiпкерлерi тартылатын болады;
Тараптар Ведомствоаралық жұмыс тобы қызметiнiң шеңберiнде тақырыптық семинарлар, форумдар ұйымдастыруы мүмкiн. Көрсетiлген iс-шараларды қаржыландыру мәселелерiн Тараптар жекелеген Хаттамалар негiзiнде реттейтiн болады;
Ведомствоаралық жұмыс тобының iс-шаралары кезегiмен Қазақстан мен Германияда өтетiн болады және оларға қатысуға байланысты шығыстарды әр Тарап дербес мойнына алатын болады.
Шағын және орта кәсiпорындардың өкiлдерi делегациясының сапарлары, кәсiпорындардың мүдделерiне сәйкес өзара негiзде жүзеге асырылады.
Делегацияның баратын елде болуымен байланысты шығыстарын жiберушi Тарап, ал мәжiлiстi өткiзу жөнiндегi шығындарды шақырушы Тарап мойнына алады.
Қажет болған жағдайда екi Тарап нақты мәселелер бойынша жоғары деңгейдегi саяси-экономикалық келiссөздерге мүмкiндiк жасайды. Тараптар екi елдiң өңiрлерi мен сауда-экономикалық палаталары деңгейiнде сыртқы экономикалық байланыстарды, сондай-ақ жекелеген заңды және заңды тұлғалардың экономикалық бастамаларын қолдайды.
Жоғарыда аталған iс-шараларды үйлестiру мен дайындау үшiн, сондай-ақ проблемалық сәттердi жылдам анықтау және шешу үшiн Тараптар мемлекеттерiнiң елшiлiктерiн тарта отырып, "Сауда және инвестициялар" ведомствоаралық жұмыс тобы тұрақты жұмыс байланысын қамтамасыз етедi.
Бұл үшiн олар әр тараптан Жұмыс тобының бiр хатшысын тұрақты байланыс серiгi етiп тағайындайды.
5-бап
Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделедi.
Осы Келiсiмге төменде санамаланған қосымшалар ақпараттық сипатқа ие және тұрақты жаңартылатын болады:
1. Екi тараптың қатысушы кәсiпорындары мен банктерiнiң қалауы бойынша саяси қолдау қажет нақты жобалардың тiзiмi ("Сауда және инвестициялар" ведомствоаралық жұмыс тобы арқылы мониторинг).
2. Германиялық құрылымдар мүмкіндiгiнше қатыстырылатын экономика және индустрия саласындағы басымды жобалар бойынша қазақстандық ұсыныстар.
3. Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау үшiн екi Тараптың нақты шараларын ұйымдастыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының нысаны (экономикалық форумдар, шағын және орта кәсiпорындар үшiн экспортты қолдау жөнiндегi iс-шаралар және таяу арадағы қажеттi консультациялар).
6-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде даулар мен келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар мен келiссөздер жүргiзу жолымен шешетiн болады.
7-бап
Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi, белгiсiз мерзiмге жасалады және Тараптардың бiреуi екiншi Тарапты осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтатуға өзiнiң ниетi туралы жазбаша хабардар еткен күннен бастап алты ай өткенге дейiн күшiнде қалады қолданылады.
2003 жылғы "____"______, _________________ қаласында қазақ, немiс және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiннiң күшi бiрдей. Құжаттың мәтiнiн әртүрлi оқуға байланысты даулар туындаған жағдайда екi Тарап та орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік
Индустрия және сауда Республикасының
министрлiгі үшiн Федералдық Экономика
және еңбек министрлiгі үшiн
2003 жылғы "__"_________ Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлiгi мен Германия
Федеративтiк Республикасының Федералдық Экономика
және еңбек министрлiгi арасындағы Экономикалық
ынтымақтастықты ұйымдастырудың негiзгi ережелерi
туралы келiсiмге қол қоюға келiсiмге
1-қосымша
Жобалардың мониторингi
_________________________________________________________________
Р/с | Кәсiпорын | Жоба | Ескерту
N | | |
_________________________________________________________________
1. Ферроштааль AГ Қазақстанның мұнай Тендер шеңберiнде өтiнiм
индустриясы үшiн берілді
спиралдық тiгiс
құбырлар өндiру
жөнiндегi зауыттар
салу ("ҚазМұнайГаз"
ҰК" ЖАҚ)
2. Ферроштааль АГ Газ құбыр өткізу Ұсыныс "Интергаз Орталық
желiсiн кеңейту және Азия" ЖАҚ-қа берілді
жаңғырту
3. Ферроштааль АГ Павлодардағы Ұсыныс кезеңiнде
алюминий зауыты
үшiн алюминий
балқытпаларын
жеткiзу
4. ЕАДС Германия Ұтқыр радар Келiссөздер жүргiзiлуде,
ГмбХ кластерлерiн жеткiзу қаржыландыру мәселесi
шешiлуде
5. Винтерсхалл АГ Қашаған мұнай Алдағы тендерге қатысады
секторындағы блокты
барлау
6. ДОЙТАГ ОКИОК консорциумы Қосымша тапсырыстарға
шеңберiнде офшорлы мүдделi
бұрғылау
қондырғыларын
жеткiзу
7. Пройссаг Энерги "Ақтөбе Пройссаг Салық проблемасы
Mұнай Лтд."
мұнай БК
8. Бентек ГмбХ Мұнай өнеркәсiбi "ҚазМұнайГаз" ҰК"
үшiн бұрғылау ЖАҚ арқылы қосымша
қондырғылары тапсырыстар
9. Бентек ГмбХ Петропавлда ұтқыр Неғұрлым кеңінен қатысу
бұрғылау ниетінде
қондырғылар
фабрикасын салу
10. Старториус АГ "Хайтек ноу-хау Алғышарттар: Өлшемдер
қоса алғанда жоғары саласында Федералдық
дәлдiктi өлшем физика-техникалық
аспаптарын жеткiзу ведомство атынан
қазақстандық
серiктестермен
ынтымақтастық туралы
шарт жасасу
11. Жинақ Қазақстанда құрылыс
кассаларының жинақ кассалары
халықаралық жүйесiн дамыту
кооперациясы қоры (серiктес - ЛБС
Мюнстер қаласы)
12. Папенбург АГ Жол құрылысындағы Германдық стандарттар
түрлi жобалар мен тиiстi бағаларды
қолдану
13. Тройханф Жабайы қарасораны БК Алғышарттары:
индустриялық қайта 1) "Құрамында есiрткi
өңдеу. бар өсiмдiктердi
"TЧС Фарм өнеркәсiптiк қайта
интернайшенел ЖШС - өңдеу жөнiндегi
қазақстандық өндiрiстер кешенiн
тараптан серiктес құру туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 11 қаңтардағы
N 37 қаулысы
2) "Тройханф"
компаниясымен зауыттар
құрылысын инвестициялау
туралы уағдаластық.
Өнеркәсiптiк қайта өңдеу
мақсатында қарасораны
қолдануды шектейтiн
Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасының
жетiлмеуiне байланысты
проблемалар бар.
14. Кнауф ДЕГ-тың қатысуымен БК
"THC Pharm International
фирмасымен (Алматы
қаласы) бiрлесiп
_________________________________________________________________
2003 жылғы "__"________ Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлiгi мен Германия
Федеративтiк Республикасының Федералдық Экономика
және еңбек министрлiгi арасындағы Экономикалық
ынтымақтастықты ұйымдастырудың негiзгi ережелерi
туралы келiсiмге қол қоюға келiсiмге
2-қосымша
Басым халық шаруашылығы жобаларына германияның қатысуы үшiн қазақстандық ұсыныстар
_________________________________________________________________
Экономикалық сала | Жоба | Ықыласты ceрiктес
_________________________________________________________________
Ауыл Астық жинайтын комбайндар Клаас фирмасы;
шаруашылығы мен басқа да техниканы Дойтц-Фар фирмасы
техникасы бiрлесiп жөндеу және
лизинг
Машина жасау Лениногорск және Өскемен
қалаларында ұнтаңтау
машиналарын, диiрмендердi,
тұқым сепкiш, флотациялық
машиналар мен қосалқы
бөлшектер өндiру
жөнiндегi кәсiпорын
ұйымдастыру
Тау-кен және карьер
жабдықтарын өндiру
жөнiндегi кәсiпорын
ұйымдастыру
Кентау қаласында ашық
тәсiлмен әзiрлеуге
арналған экскаваторлар
өндiру жөнiндегi
кәсiпорын ұйымдастыру
Павлодар қаласында
майыспалы тығыздау
өндiру жөнiндегi
кәсiпорынды
ұйымдастыру
Атырау және Арыс
қалаларындағы
локомотивтi зауытта
өздiгiнен жүретiн
шағынмашиналар,
думпкарлер мен ашық
жүк машиналарды
өндiру жөнiндегi
кәсiпорынды ұйымдастыру
Қызылорда қаласында сүзу
материалдарын өндiру
жөнiндегi кәсiпорынды
ұйымдастыру
Семей қаласында кенге
арналған жүк кемелерiнiң
өндiру жөніндегі кәсіпорын
ұйымдастыру
Түркiстан қаласында
циклондық жабдықтар,
өндiрiстік желдеткіштер
мен басқа да техникалық
құрал-жабдықтар өндіру
жөніндегi кәсiпорынды
ұйымдастыру
Қарағанды қаласында
мұнай өнеркәсiбi үшiн
электр дәнекерлеу
құбырларын дайындау
Ауыл Ветеринарлық,
шаруашылығы фармакологиялық
және дезинфекциялық
препараттар өндіру
жөнiндегі кәсіпорынды
ұйымдастыру
Биенiң сүтi негiзiнде ана
сүтi алмастырғышты
дайындау
"Астана-Агропромтехника"
фирмасымен ауыл-шаруашылығы
техникасының өндiрiсi
жөнiндегі тәжiрибе алмасу
Kөлiк Еуропа мен Қытай арасындағы "Вили Бетц" фирмасы
көлiктiк тасымалдауларды
жүзеге асыру үшiн
көлiк-экспедициялық фирма
құру
Қорғаныс "МИГ" тұрпатындағы ұшақтарды Даймлер-Крайслер АГ
өнеркәсiбi жаңғырту
Химия өнеркәсiбі Павлодарда қазақстандық РВЕ Солюушен АГ
хлордан, фосфордан,
күкiрттен, алюминийден
жоғары қосылған құны бар
өнiмдер шығаруды
ұйымдастыру
Мұнай-химия өнеркәсiбіне
қазіргі заманғы
технологияларды енгiзудi
қолдау
Өмiрлiк маңызы бар
медикаменттердi, соның
iшiнде қатерлi iсікке
қарсы "Арглабин"
препаратын дайындау
Германияда препаратты БиоМедика Ворпсведе
халықаралық стандарттар
мен ceртификаттар бойынша
клиникалық зерттеудi
жүргiзу
Қарағанды қаласында Луржи Лайф Сайнс
"Арглабин" препаратын Техноложиес ГмбХ
өндiру жөнiндегi
зауыт салу
"Шымкентфосфор" ААҚ
базасында фосфорлық
өнеркәсiп қалдықтарын
кәдеге жарату жөнiндегi
бiрлескен кәсiпорын
салу
_________________________________________________________________
2003 жылғы "__"________ Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлiгi мен Германия
Федеративтiк Республикасының Федералдық Экономика
және еңбек министрлiгi арасындағы Экономикалық
ынтымақтастықты ұйымдастырудың негiзгi ережелерi
туралы келiсiмге қол қоюға келiсiмге
3-қосымша
Іс-шаралар жоспары
_________________________________________________________________
Бастамашы | Орны/Уақыты | Іс-шара | Ұйымдастырушы| Ескерту
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________