"Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының теңгеріміндегі "Оқжетпес" санаторийін қайта жаңарту" объектісінің 10 кВ электр тарату желілерін республикалық меншіктен Ақмола облысының коммуналдық меншігіне беру туралы Ақмола облысы әкімнің ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен электр тарату желілерін қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы