Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.29 № 2219 Қаулысымен
"Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
1) "Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгінiң қажеттерi үшiн мемлекеттiк қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, қаржыландыру және орындау ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2002 жылғы 6 тамыздағы N 881 қаулысына:
2-тармақтағы "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.26 N 1237 қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы