Маңызды стратегиялық мәні бар тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 желтоқсандағы N 1244 қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы N 1017 Жарлығына (2846 отбасы) және Қазақстан Республикасы Президентінің "Оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 945 Жарлығына (79 отбасы) сәйкес көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарды қабылдауды, жайластыруды және бейімдеуді қамтамасыз ету үшін оларды сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар тауарларды (тұрғын үйлерді) берушілер болып тұрғын үйлердің иелері немесе өкілдігі азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген олардың сенімді өкілдері 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен белгіленсін.

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген берушілерден тауарларды (тұрғын үйлерді) бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүргізсін;
      2) тұрғын үйлер сатып алу үшін бөлінген қаражаттың оңтайлы әрі тиімді жұмсалуы қағидатының сақталуын, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңның 21-бабы 3, 4-тармақтарының орындалуын қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады