1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытынды (келiсу) ұсыну мен алудың тәртiбi туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Ресейдiң федералдық ғарыштық бағдарламалары, халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары және коммерциялық бағдарламалар шеңберiнде "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2003 жылға арналған жоспарына толықтыру бойынша қорытынды (бұдан әрi - Қорытынды) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қорытындыны Peceй тарабына дипломатиялық арналар арқылы жiберсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 13 желтоқсандағы
N 1261 қаулысымен
бекiтiлген
Ресейдiң федералдық ғарыштық бағдарламалары, халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары және коммерциялық бағдарламалар шеңберiнде "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2003 жылға арналған жоспарына толықтыру бойынша
қорытынды
Ресей Федерациясы Сыртқы iстер министрлiгiнiң 2003 жылғы 19 тамыздағы нотасында ұсынылған қосымша ақпаратты қарап, Қазақстан Республикасының Үкiметi Ресейдiң федералдық ғарыштық бағдарламалары, халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары және коммерциялық бағдарламалар шеңберiнде "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2003 жылға арналған жоспарымен көзделген "Союз" зымыран тасығышымен "РЕСУРС-ДК" ғарыш аппаратын ұшырудың орнына "Союз-ФГ" зымыран тасығышымен "АМОС-2" ғарыш аппаратын 2003 жылдың IV тоқсанында ұшыруды келiседi.