Маңызды стратегиялық мәнi бар қызметтер көрсетудi мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 1272 қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес iшкi су жолдарында кеме қатынасы қауiпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. Республикалық мемлекеттiк қазыналық су жолдары кәсiпорындары (қосымшаға сәйкес) маңызды стратегиялық мәнi бар ретiнде кеме қатынасы жолдары мен гидротехникалық құрылыстарды (шлюздердi) күтiп ұстау және дамыту жөніндегi қызметтер көрсетудің жеткiзушiлерi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі:
      1) кеме қатынасы жолдары мен гидротехникалық құрылыстарды (шлюздердi) күтiп ұстау және дамыту жөнiндегi қызметтер көрсетудi сатып алуға бөлiнген ақшаны ұтымды әрi тиімдi жұмсау қағидатының сақталуын қамтамасыз етсін;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2003 жылғы 19 желтоқсандағы
N 1272 қаулысына қосымша 

Республикалық мемлекеттiк қазыналық су
жолдары кәсiпорындарының тiзбесi

1. Қазақстан Республикасы Көлiк және
   коммуникациялар министрлiгінің
   Павлодар су жолдары республикалық
   мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны            Павлодар қаласы

2. Қазақстан Республикасы Көлiк және
   коммуникациялар министрлiгінің
   Шығыс Қазақстан су жолдары
   республикалық мемлекеттiк
   қазыналық кәсіпорны                        Өскемен қаласы

3. Қазақстан Республикасы Көлiк және
   коммуникациялар министрлiгінің
   Семей су жолдары республикалық
   мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны            Семей қаласы

4. Қазақстан Республикасы Көлiк және
   коммуникациялар министрлiгiнің
   Орал су жолдары республикалық
   мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны            Орал қаласы

5. Қазақстан Республикасы Көлiк және
   коммуникациялар министрлiгiнің
   Атырау су жолдары республикалық
   мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны            Атырау қаласы

6. Қазақстан Республикасы Көлiк және
   коммуникациялар министрлiгiнің
   Балқаш су жолдары республикалық
   мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны            Қарағанды облысы

7. Қазақстан Республикасы Көлiк және
   коммуникациялар министрлiгiнiң Iле
   су жолдары республикалық
   мемлекеттік қазыналық кәсiпорны            Алматы облысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады