Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі N 782 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 1274 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың кедендік құнының олардың сапасы мен санынан сәйкестігіне тәуелсіз сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі N 782 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 238-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәуелсіз сараптама жүргізу тәртібін айқындайтын нормативтік кесімді қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады