"2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына , "Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қыркүйектегi N 1408 қаулысына сәйкес әрi материалдық және моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шығарылған сот шешiмдерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес сот шешiмдерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне 2003 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 5 500 000 (бec миллион бес жүз мың) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Mинистрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 19 желтоқсандағы
N 1276 қаулысына қосымша
Азаматтық iстер бойынша орындалуға
тиiс сот шешiмдерінің тiзбесi
___________________________________________________________________
Р/с| Сот органының | Талапкердің | Мемлекеттік |Мемле.
N | атауы мен | Т.А.Ә. | бажды |кеттік
| шешiмнiң күнi | | шегерген. |баж
| | | дегі сома |(теңге)
| | | (теңге) |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5
___________________________________________________________________
1 Алматы облысы Мұзаффар A.К. 1 500 000
Текелi қалалық сотының
2002 ж. 21.06. шешiмi.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы сотының
азаматтық iстер
жөнiндегi алқасының
2003 ж. 02.09. қаулысы
2 Алматы облысы Есжанов Т.Қ. 1 500 000 -
Текелi қалалық сотының
2002 ж. 30.10. шешiмi.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы сотының
азаматтық iстер
жөнiндегi алқасының
2003 ж. 10.07. қаулысы
3 Алматы облысы Серкенова А.Ж. 1 500 000 -
Текелi қалалық сотының
2002 ж. 05.12. шешiмi.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы сотының
азаматтық iстер
жөніндегі алқасының
2003 ж. 02.09. қаулысы
4 Ақтөбе қаласы сотының Мусина М.Ж. 1 500 000 -
2000 ж. 21.11.
сырттай шешiмi
Жиыны 5 500 000
Жалпы сомасы 5 500 000
___________________________________________________________________