Қазақстан Республикасы Yкiметiнің резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 1291 қаулысы

      "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына және "Қазақстан Республикасының Yкіметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408 қаулысына сәйкес және Астана қаласы сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы шешiмiн әрi Астана қаласы сотының 2003 жылғы 2 қыркүйектегі ұйғарымын орындау үшін Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне 2003 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен Астана қаласы сотының "Алматықұрылыс" ашық акционерлiк қоғамының пайдасына шығарылған 2001 жылғы 13 желтоқсандағы шешiмiн iшiнара орындау үшiн 64 435 979 (алпыс төрт миллион төрт жүз отыз бес мың тоғыз жүз жетпiс тоғыз) теңге мөлшерiнде қаражат бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады