Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы N 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 1306 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 626 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 626 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін реттейтін кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы N 62 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 18-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Ескерту. 1) тармақшасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1345 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен ;
      2) Ескерту. 2) тармақшасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1345 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен ;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген өлшемдеріне:
      14-тармақтың 2), 3), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) қос сырғымалы доңғалақтары бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қатарласқан біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда:

      0,5 метрден 1 метрге дейін              12,5
      1 метрден 1,3 метрге дейін              15,0
      1,3 метрден 1,8 метрге дейін            16,5
      1,8 метрге тең немесе одан көп          18,0-ден аспауы тиіс;
      болғанда
      3) бір сырғымалы доңғалағы бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қатарласқан біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда:

      0,5 метрден 1 метрге дейін              12,0
      1 метрден 1,3 метрге дейін              14,0
      1,3 метрден 1,8 метрге дейін            16,0
      1,8 метрге тең немесе одан көп          17,5-ден аспауы тиіс;
      болғанда
      4) қос сырғымалы доңғалақтары бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің үш білікті біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда:

      0,5 метрден 1 метрге дейін              17,5
      1 метрден 1,3 метрге дейін              21,0
      1,3 метрден 1,8 метрге дейін            24,0
      1,8 метрге тең немесе одан көп          26,5-ден аспауы тиіс;
      болғанда
      5) бір сырғымалы доңғалағы бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің үш білікті біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда:

      0,5 метрден 1 метрге дейін              16,5
      1 метрден 1,3 метрге дейін              19,5
      1,3 метрден 1,8 метрге дейін            22,5
      1,8 метрге тең немесе одан көп          24,5-ден аспауы тиіс".
      болғанда

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады