"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" (жаңа редакция) Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 1309 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:
      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" (жаңа редакция) Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
пайдалану туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы

      Осы Заң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және жануарлар дүниесiнiң тiршiлiк етуi мен биологиялық сан алуандығын сақтау қазiргi және болашақ ұрпақтардың мүдделерiн ескере отырып адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда қолданылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
      1) Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы Конвенцияның Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк органы - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенция бойынша мiндеттемелердiң орындалуын ұйымдастыру жөнiндегi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - СИТЕС);
      2) балық ресурстарын және басқа су жануарларын мемлекеттiк басқарудың бассейндiк принципi - әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiне қарамастан, балықтар мен су жануарларының басқа да түрлерiнiң өсiмiн молайтуы мен қоныс аударуының ерекшелiктерi ескерiле отырып, балық шаруашылығы су тоғандарындағы (учаскелерiндегi) балық ресурстары мен су жануарларының бacқa да түрлерiн басқарудың біртұтас жүйесі;
      3) жануарлар дүниесiнiң биологиялық сан алуандығы - жануарлар дүниесi объектiлерiнiң бiр түр шеңберiндегi, түрлер арасындағы және экологиялық жүйедегi сан алуандығы;
      4) биологиялық негiздеме - жануарлар дүниесiн пайдалануға немесе шаруашылық және өзге қызметке арналған, жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мен олардың өмiр сүру ортасына ықпал ететiн ғылыми негiзделген қорытынды;
      5) биологиялық-экономикалық тексеру - жануарлар дүниесi объектiлерiн алуға оңтайлы түрде жол берiлуiн айқындау және аң шаруашылығын ұтымды жүргiзу мақсатында жүргiзiлетiн аумақты және су айдынын биологиялық және экономикалық бағалау;
      6) аң шаруашылығы - аң ауланатын жерлерде жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану, жануарлар дүниесiнiң өмiр сүру ортасын сақтау, оны қорғау, өсiмiн молайту жөнiндегi шаруашылық қызметтiң түрi;
      7) балық шаруашылығы - балық шаруашылықтары су тоғандарында (учаскелерiнде) балық ресурстары мен су жануарларының басқа да түрлерiн орнықты пайдалану, олардың өмiр сүру ортасын сақтау, оларды қорғау, өсiмiн молайту жөнiндегi шаруашылық қызметтiң түрi;
      8) iшкi шаруашылық аң аулауды ұйымдастыру - аңшылық алқаптарын түгендеу және құндылығы, табиғи және экономикалық жағдайларын зерделеу, жануарларды есепке алу, биотехникалық және пайдалану шараларын жобалау бойынша iс-шаралар жиынтығы, олардың негiзiнде аңшылық шаруашылығын жүргiзу жоспары әзiрленедi;
      9) iшкi шаруашылық балық аулауды ұйымдастыру - балық шаруашылығының су айдындарын (учаскелерiн) түгендеу, табиғи және экономикалық жағдайларын зерделеу, балық ресурстарын есепке алу, балық-су-мелиоративтiк және пайдалану шараларын жобалау бойынша iс-шаралар жиынтығы, олардың негiзiнде балық шаруашылығын жүргiзу жоспары әзiрленедi;
      10) егерьлiк қызмет - бекiтiлген аң аулау және балық шаруашылықтары су тоғандарында (учаскелерiнде) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғауға, өсімiн молайтуға және пайдалануға бақылау жасау функциясын жүзеге асыратын аң шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарының құрылымдық бөлiмшесi;
      11) жануарлар дүниесi (жануарлар) - құрғақта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркiн жағдайда жүретiн, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша мекендейтiн жабайы жануарлар (сүт қоректiлер, құстар, бауырмен жорғалаушылар, қос мекендiлер, балықтар, сондай-ақ ұлулар, жәндіктер және басқалары);
      12) зоологиялық коллекция - жеке және заңды тұлғалардағы жануарлар дүниесi объектiлерiнiң тұлыптар, жұмыртқалар, препараттар және бөлiктер, жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өзiнiң жинағы, сондай-ақ ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелiк және эстетикалық құндылығы бар зоопарктердiң, зообақтардың, цирктердiң, зоологиялық питомниктердiң, аквариумдардың, океанариумдардың жабайы жануарлары;
      13) жануарларды жасанды өсiру - жануарлар дүниесi объектiлерiн ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда ұстау және өсiру;
      14) шаруашылықаралық аң аулауды ұйымдастыру - аң аулайтын жерлердi бекiтiп беру қарсаңында, олардың шекараларын сипаттауды, алаңдарды, жануарлар дүниесiнiң және олар мекендейтiн ортаның жай-күйiн есепке алуды қамтитын шаралар кешенi;
      15) жануарлар дүниесiнiң объектiсi - жануарлардың дара немесе жеке түрі;
      16) жануарлар дүниесін қорғау - жануарлар дүниесi мен олар мекендейтiн ортаны, биологиялық сан алуандықты сақтауға, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану мен өсiмiн молайтуға бағытталған қызмет, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күрес пен оның алдын алу және күресу жөнiндегi шаралар кешенi;
      17) жануарлар дүниесiнiң өмiр сүру ортасын қорғау - жануарлар дүниесi объектiлерiнiң орнықты өмiр сүру және өсiмiн молайту шарттарын сақтауға немесе қалпына келтiруге бағытталған қызмет және жаратылыс бостандығы қалпындағы жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн ұдайы көбейту;
      18) аңшы - аң аулауға белгiленген тәртiппен құқық алған жеке тұлға;
      19) аң шаруашылығы ұйымы - бекiтілiп берiлген аң аулайтын жерлерде аң шаруашылығы қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзетiн жеке немесе заңды тұлға;
      20) аңшылық минимумы (аңминимум) - жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы жөнiндегi жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы бекiткен арнайы бағдарлама, оның бiлiктiгiне аңшы болуға ниетiн бiлдiрген азаматтар үшiн арнайы емтихан жүргiзiледi;
      21) жануарлар дүниесін пайдалану - жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн, олардың пайдалы ерекшелiктерiн оларды табиғи мекендеу ортасынан бөлiп ала отырып немесе бөлiп алмай-ақ пайдалану;
      22) жануарлар дүниесiн пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы берiлген жеке және заңды тұлғалар;
      23) жолдама - бекiтiлген аң ауланатын жерлер мен балық шаруашылықтары су тоғандарына (учаскелерiне) оларға жануарлар дүниесiн аулау мақсаттарымен бару үшiн; аң шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдары жеке тұлғаларға беретiн құжат, оның үлгілiк нысанын жануарлар дүниесiн қорғау өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi;
      24) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсат - жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жануарлар дүниесiн арнаулы пайдалануға арналған құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға беретiн белгiленген нысандағы құжат;
      25) балық аулаушы - балық аулауға және су жануарларының басқа да түрлерiн аулауға белгiленген тәртiппен құқық алған жеке тұлға;
      26) балық шаруашылығы ұйымы - бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) балық шаруашылығы қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзетін жеке және заңды тұлға;
      27) балық шаруашылығын ұйымдастыру - балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) бекiтiлуi қарсаңындағы және ихтиофаунаның шекарасын, ауданын және жай-күйiн айқындауды қамтитын әзiрлiк iс-шараларының кешенi;
      28) жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасы - жануарлар дүниесiнiң объектiлерi жаратылыс еркiндiгi жағдайында мекендейтiн табиғи орта;
      29) аңшының куәлiгi - жеке тұлғаның аң аулау құқығын растайтын, белгiленген нысандағы құжат;
      30) балық аулаушының куәлiгi - жеке тұлғаның әуесқойлық (спорттық) балық аулауын растайтын, белгiленген нысандағы құжат;
      31) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттiк орган) - жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басқару мен бақылау функциясын iске асыруды өз өкiлеттiгi шегiнде жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн мемлекеттiк орган;
      32) жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану - жануарлар дүниесi объектiлерiн олардың түрлерiнiң сан алуандығын тұралатуға әкеп соқпайтын және сол арқылы оның өсiмiн молайту мен адамдардың қазiргi және болашақ ұрпақтарының қажетiн қанағаттандыру қабiлетiн сақтайтын тәсiлдер мен қарқында пайдалану.

      2-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
              пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының
              заңдары

      1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы тарапынан қол қойылған халықаралық келiсiм-шартында осы заңда жазылғаннан басқа өзге ережелер белгiленетiн болса, онда халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Жануарлар дүниесiнiң санаттары

      1. Жануарлар дүниесi нысаналы мақсаттары бойынша мынадай санаттарға бөлiнедi:
      1) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi;
      2) жануарлардың аң аулау объектiлерi болып табылатын түрлерi;
      3) жануарлардың балық аулау объектілерi болып табылатын түрлерi;
      4) уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарында (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлерi;
      5) жануарлардың шаруашылық мақсаттарында пайдаланылмайтын, бiрақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлерi;
      6) жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылық және басқа үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға келтiрiлетiн залалға жол бермеу, ауыл шаруашылық қызметiне айтарлықтай зиян келу қаупiнiң алдын алу мақсатында санын реттеуге жататын түрлерi.
      2. Жануарлардың түрлерiн санаттарға жатқызу және бiр санаттан екiншiсiне көшiру жануарлар дүниесiнiң саналуандығын сақтау, оларды қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану мақсатында жүргiзiледi.

      4-бап. Жануарлар дүниесiне меншiк және жануарлар
              дүниесiнiң объектiлерi

      1. Жануарлар дүниесi мемлекеттiк меншiкте болады.
      2. Мекендейтiн ортадан осы заңда белгiленген тәртiппен алынған, сондай-ақ ерiксiз және жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлген жануарлар дүниесiнiң объектiлерi оларды аулаған және өсiрген жеке және заңды тұлғалардың меншiгi болып табылады.

      5-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
              пайдалану саласындағы қатынас субъектiлерi

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қатынас субъектiлерi жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар болып табылады.

2-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласын мемлекеттiк басқару

      6-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
              пайдалану саласын мемлекеттiк басқарудың негiзгi
              принциптерi

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласын мемлекеттiк басқарудың негiзгi принциптерi:
      1) жануарлар дүниесiнiң орнықты өмiр сүруiн және орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету;
      2) ізгiлiк принциптерiне сәйкес, жануарлар дүниесiн пайдалануды жануарларға қатал қарауға жол бермейтiн әдiстермен жүзеге асыру;
      3) жануарлар дүниесiн қорғауға, өсiмiн молайтуға және пайдалануға мемлекеттiк бақылау функциясының жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану жөнiндегi қызметпен қоса атқарылуына жол бермеу;
      4) жердi, суларды, өсiмдiк дүниесiн және басқа табиғи ресурстарын пайдалану құқығынан жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын бөлшектеу;
      5) жануарлар дүниесiн арнайы пайдаланудың ақылылығы;
      6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк реттеу мен мемлекеттiк бақылау;
      7) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiктiң болмай қоймайтындығы;
      8) азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау мен өсiмiн молайту және орнықты пайдалану саласындағы мiндеттердi шешуге қатысуы.

      7-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
              пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқаруды
            жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүйесi

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар жүйесiне Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi мемлекеттiк орган, осы Заңда және Қазақстан Республикасы өзге де заң актiлерiнде белгiленген олардың құзыретi шегінде жергілікті атқару органдары кiредi.

      8-бап. Балық ресурстарын және су жануарларының басқа да
            түрлерiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану
            саласындағы мемлекеттiк басқарудың ерекшелiктерi

      Балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерiн мемлекеттiк есеп, кадастр, мониторинг, зерттеу, қорғау, өсiмiн молайту және мемлекеттiк бақылау жасау мемлекеттiк басқарудың бiртұтас жүйесiн құрайды және балық шаруашылығының бассейндерiнде бассейндiк принцип бойынша жүзеге асырылады.

      9-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне:
      1) негiзгi бағыттарды әзiрлеу және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ету;
      2) жануарлар дүниесiн иелену, пайдалану және билiк ету құқығын жүзеге асыру;
      3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру, басшылық жасау және бақылау;
      4) жануарлар дүниесiн қорғау, өсімiн молайту және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу;
      5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласын басқару мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органды айқындау;
      6) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн алуға арналған лимиттердi бекiту;
      7) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) тiзбесiн бекiту;
      8) аң ауланатын жерлер мен балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) резервтiк қоры туралы ереженi бекіту;
      9) аң аулау ережелерiн, балық аулау мен басқа да су жануарларын аулау ережелерiн бекiту;
      10) аң шаруашылығын жүргiзу, балық шаруашылығын жүргiзу ережелерiн бекiту;
      11) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарды бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн бекiту;
      12) Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы туралы ереженi бекiту;
      13) жасанды көбейтiлуi мемлекеттiк бюджеттiң қаражаттары есебiнен жүзеге асырылатын сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн бекiту;
      14) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар дүниесi объектiлерiн ғылыми-зерттеу және өзге мақсаттарында алуға төлем жасауды Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған мөлшерде бекiту;
      15) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережелерін бекiту;
      16) жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеу қоюды және тыйым салуды белгiлеу тәртiбiн айқындау;
      17) жануарлардың түрлерiн сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санатқа жатқызу және оларды басқа санатқа ауыстыру;
      18) жануарлар дүниесiн мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттiк кадастрдi және мониторингтi жүргiзудiң тәртiбiн белгілеу;
      19) зоологиялық коллекциялар жасаудың және мемлекеттiк есепке алудың тәртiбiн белгiлеу;
      20) аң аулайтын жерлер мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiндегi конкурс өткiзу тәртiбiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту;
      21) аңшылық және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлардың құнды түрлерiнiң тiзбесiн бекiту;
      22) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi бекiту;
      23) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру кiредi.

      10-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретi

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретiне:
      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
      2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу;
      3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      4) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн алуға арналған квоталарды бекiтiлген лимиттер негiзiнде бөлу;
      5) аңшының және балық аулаушының куәлiктерiн беру тәртiбiн айқындау;
      6) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру;
      7) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi әзiрлеу;
      8) аң аулайтын жерлер мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiндегi конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеу;
      9) жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк кадастрiн және мониторингiн жүргiзу;
      10) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-iздестiру жұмыстарын ұйымдастыру;
      11) Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын жүргiзу және шығару;
      12) жануарлар түрлерiн сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санатқа жатқызуды қоспағанда, бiр санаттан екiншi санатқа жатқызу;
      13) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен туынды түрлерiн, соның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген санатқа жатқызылған түрлерiн әкелуге және әкетуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте рұқсат беру;
      14) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлем жасау мөлшерiн анықтаудың әдiстемесiн әзiрлеу және бекiту;
      15) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарды бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн анықтаудың әдiстемесiн әзiрлеу және бекiту;
      16) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау;
      17) жануарлар дүниесi объектілерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар енгiзу;
      18) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн жасанды көбейту жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру;
      19) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және сан есебiн жүргiзудi ұйымдастыру;
      20) жануарлар дүниесін қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор актiлерiнiң нысанын, олардың жасалуы мен берiлуiнiң тәртiбiн бекiту;
      21) аң шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарының егерьлiк қызметi туралы үлгiлiк ереженi бекiту;
      22) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың арнаулы құралдарды қолдану ережесiн әзiрлеу және бекiту;
      23) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру кiредi.
      2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмiн барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы мiндеттi.

      11-бап. Облыстық жергiлiктi өкiлдi органдардың құзыретi

      1. Облыстық жергiлiктi өкiлдi органдардың құзыретiне:
      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды бекiту;
      2) жануарлар дүниесiн қорғау өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының есептерiн қарау.

      12-бап. Облыстық жергiлiктi атқарушы органдардың
             құзыретi

      1. Облыстық жергiлiктi атқарушы органның құзыретiне:
      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргiзу және мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру;
      2) ведомстволық жағынан бағынысты органдар мен ұйымдардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi қызметiн үйлестiру, басшылық жасау және бақылау;
      3) жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) тiзбесiн бекiту;
      4) уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру;
      5) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аң ауланатын жерлер мен балық шаруашылықтары су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiнде шешiмдер қабылдау;
      6) аң ауланатын жерлердегi резервтiк қорда жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және оларды есепке алуды жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      7) жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және оларды есепке алуды жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

      13-бап. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алу,
               кадастр және мониторинг

      Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және ұтымды пайдаланылуын ұйымдастыруды қамтамасыз eту үшін жануарлар дүниесі түрлерiнiң географиялық таралуы мен жай-күйi туралы, олардың саны, жүйелi байқаудың нәтижелерi, оларды шаруашылықта пайдаланудың көлемi туралы мәлiметтер жиынтығын және басқа да қажеттi деректердi құрайтын жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алу, кадастр және мониторинг жүргiзiледi.

3-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау

      14-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi
               негiзгi талаптар

      1. Жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне, олардың мекендейтiн ортасына, көбею жағдайлары мен жануарлардың қоныс аудару жолдарына ықпал ететiн қызмет жануарлар дүниесiнiң, олардың мекендейтiн ортасының сақталуын және келтiрiлген зиянды өтеудi қамтамасыз етудiң талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуға тиiс.
      2. Жануарлар дүниесi мекендейтiн ортаға немесе олардың жай-күйiне әсер ететiн және әсер етуi мүмкiн шараларды жүзеге асыру кезiнде мынадай негiзгi талаптардың сақталуы қамтамасыз eтілуге тиiс:
      1) жануарлар дүниесiнiң жаратылыс еркiндiгi жағдайындағы биологиялық сан алуандығы мен үйiрлiк тұтастығын сақтау;
      2) жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мекендейтiн ортасын, көбею жағдайларын, қоныс аудару жолдарын және шоғырланатын орындарын сақтау;
      3) жануарлар дүниесi объектiлерiнiң ғылыми негiзделген, ұтымды пайдаланылуы мен өсiмiн молайтуы;
      4) табиғаттағы биологиялық тепе-теңдiктi сақтау мақсатында жануарлар дүниесi объектiлерiнiң санын реттеу;
      5) жануарларды жасанды өсiрудi қоса, жануарлардың, соның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң кейiннен оларды табиғи ортаға шығара отырып өсiмiн молайту.
      3. Жануарлар дүниесiн қорғаудың, өсiмiн молайтудың және пайдаланудың мемлекеттiк, салалық және аймақтық бағдарламаларын, нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеген кезде осы баптың 2-тармағында көрсетiлген негiзгi талаптар мiндеттi түрде ескерiлуге тиiс.

      15-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау

      Жануарлар дүниесiн қорғау:
      1) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi ережелер мен нормаларды белгiлеу және сақтау;
      2) жануарлар дүниесiн пайдалануға шектеулер қою мен тыйым салулар белгiлеу;
      3) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау;
      4) жануарлар дүниесiн пайдаланудың белгiленген ережелерiн бұзуды болдырмау;
      5) мекендейтiн ортаны қорғауды, көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын ұйымдастыру;
      6) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аумақтарды, су айдындарын бекiтiп беру жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн қорғау жөнiндегi мiндеттемелердi оған жүктеумен;
      7) ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын құру;
      8) жануарлар дүниесi объектiлерiн жасанды өсiру;
      9) ауырған, табиғи апат кезiнде және басқа себептер салдарынан қырылу қатерi төнген жағдайларда жануарларға көмек көрсету;
      10) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру;
      11) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау мен орнықты пайдалану идеяларын насихаттау;
      12) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi қызметiн ынталандыру;
      13) азаматтарды жануарлар дүниесiне iзгіліктi және ұқыпты қарау рухында тәрбиелеу.

      16-бап. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн сақтау және
               өсiмiн молайту мақсатында оны пайдалануға шектеу
               қоюды және тыйым салуды белгiлеу

      1. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн сақтау және өсiмiн молайту мақсатында:
      1) жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмдерiнiң шектелуi;
      2) аулаудың әдiстерiне, жолдары мен құралдарының түрлерiне тыйым салынуы;
      3) алу нормасының өзгертiлуi;
      4) жануарлар дүниесiн пайдаланушылар санының шектелуi мүмкiн.
      2. Шектеу қою мен тыйым салуды белгiлеу үшiн:
      1) жануарлардың көбеюiнiң жыныстық-жас мөлшерi құрылымының бұзылуы;
      2) жануарлар санының қысқаруы;
      3) мекендеу ортасының нашарлауы;
      4) жануарлардың қоныс аудару және көбею кезеңiнде көптеп жиналатын жерлерiнде тыныш аймақтар құру;
      5) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың талаптарын орындау негiз болып табылады.
      3. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн сақтау мақсатында:
      1) өсiмдiктердi жойып жiберуге және жануарлардың өмiр сүру жағдайларын нашарлататын өзге де iс-әрекеттерге;
      2) жануарлардың үйiрлi түрде қоныстанған аймақтарында немесе уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша оларды алдын ала басқа жерге көшiрмей тұрып, периметрi бойынша iндерiнен бергi 20 метр жердi жыртуға;
      3) жануарлардың тұрақтары мен ұяларын бұзуға және бүлдiруге, жұмыртқалар жинауға;
      4) суда жүзетiн құстардың жаппай ұя салуы кезiнде және балықтардың уылдырық шашу кезеңiнде белгiленген орындарға моторын iске қоса отырып катерлермен, моторлы қайықтармен және басқа суда жүзетiн құралдармен баруға;
      5) ұшақтардың, тiкұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының жабайы тұяқты жануарлар мен топ-топ құстар жаппай мекендейтiн аумақтардың үстiмен бiр километрден төмен биiктiкте уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмiнсiз ұшып өтуiне;
      6) жануарлардың мекендеу ортасын жоюға, жемшөптiк екпелер егiстiгiнiң, қорғаныш қондырғыларының, сортаң топырақтардың, жануарларды азықтандыратын астаулардың, сiлтеме белгiлердiң, аншлагтардың, аң және балық шаруашылығын жүргiзу мақсатындағы құрылыстардың бүлiнуiне;
      7) Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгізілген сирек кездесетiн және құрып кетуi қаупi төнген жануарлардың түрлерiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсатынсыз алуға;
      8) жануарлар дүниесi объектiлерiн белгiленген лимиттен тысқары және жануарлар дүниесiн пайдалануға берiлген рұқсатта көрсетiлген мерзiмдерден тыс аулауға;
      9) жануарлар дүниесi объектілерiн жануарлар дүниесiн аулаудың рұқсат етiлмеген құралдары түрлерiмен, аң аулау мен балық аулау ережелерiнде көрсетiлмеген әдiстермен және жолдармен аулауға;
      10) жануарлар дүниесi объектiлерiн жарылғыш қондырғыларды, улы химикаттарды қолдана отырып аулауға (бұған далалық кемiргiштердi қыру кезiнде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауру түрлерiнiң iндетi жайлаған жағдайдағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша улы химикаттарды қолдану қосылмайды);
      11) уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатынсыз жануарларды жерсiндiру мен будандастыруды жүргiзуге, сондай-ақ олардың жануарлардың жерсiндiрiлген түрлерiн алуына тыйым салынады.

      17-бап. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету
               қаупi төнген түрлерiн қорғау

      1. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiледi.
      2. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң күйреуiне, санының қысқарып кетуiне немесе мекендеу ортасының бұзылуына әкеп соғатын iс-әрекеттерге жол берiлмейдi.
      3. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар түрлерiн қорғауды мемлекет жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар түрлерiн қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
      4. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн алуға оларды арнайы жасалған жағдайда өсiру және мекендеу ортасына шығару үшiн айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын ғылыми және өзге мақсаттарда жол берiледi.
      5. СИТЕС-тiң Қазақстан Республикасындағы Әкiмшiлiк органының рұқсаты болмаса, жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнген түрлерiн және олардың бөлшектерiн қолда ұстауға, оларды тасымалдауға, сатуға, сатуға шығаруға және сатып алуға, сондай-ақ олардың импорты мен экспортына тыйым салынады.
      6. СИТЕС-тiң Қазақстан Республикасындағы Әкiмшiлiк органы рұқсат бергенi үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгiлеген тәртiпте алым алады.

      18-бап. Өсiмдiктердi қорғау құралдарын, минералдық
               тыңайтқыштарды және басқа препараттарды
               қолдану кезiнде жануарларды қорғау

      1. Өсiмдiктердi қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа препараттарды қолдану кезiнде жануарлар дүниесiн қорғаудың талаптары орындалуға тиiс.
      2. Жануарлардың қырылуын және олар мекендейтiн ортаның нашарлауын болдырмау мақсатында жеке және заңды тұлғалар мұндай препараттарды тасымалдаудың, сақтаудың және қолданудың Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ережелерiн сақтауға мiндеттi.
      3. Өсiмдiктердi қорғаудың жаңа құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа препараттарды әзiрлеген кезде бұлардың қоршаған ортада шоғырлануының әзiрлеушiлер белгiлеген шектi жол берiлетiн нормативтерi жануарлар дүниесi мен олар мекендейтiн ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс.
      4. Жануарлар дүниесi мен олар мекендейтiн ортаның жай-күйiне әсер ететiн өсiмдiктердi қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа препараттарды сақтаудың, тасымалдаудың және қолданудың ережелерi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлуге тиiс.

      19-бап. Шаруашылық және өзге қызметтердi жобалау мен
               жүзеге асыру кезiнде жануарлардың мекендеу
               ортасын, көбею жағдайларын және қоныс аудару
               жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтау
               жөнiндегi iс-шаралар

      1. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды, құрылыстар мен басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру мен көлiк құралдарын пайдалану, қазiргi бар технологиялық процестердi жетiлдiру және жаңаларын енгiзу, батпақты, бұта басқан аумақтарды шаруашылық айналымына енгiзу, жердi мелиорациялау, орман және су пайдалануды жүзеге асыру, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзу, пайдалы қазбалар өндiру, ауыл шаруашылық жануарларын жаятын және айдайтын жерлердi белгiлеу, туристiк маршруттар жасау және халықтың жаппай демалатын орындарын ұйымдастыру кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерiнiң мекендеу ортасы мен көбею жағдайларын, қоныс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтау жөнiнде iс-шаралар көзделiп, жүзеге асырылуға, сондай-ақ жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретiнде ерекше құнды деп танылған учаскелерге ешкiмнiң тимеуi қамтамасыз етiлуге тиiс.
      2. Темiр жол, тас жол, құбыр жүргiзу және басқа көлiк магистральдарын, электр өткiзу және байланыс желiлерiн, арналарды, бөгеттердi және өзге де су шаруашылық құрылыстарын орналастыру, жобалау және салу кезiнде жануарлардың мекендеу ортасын, көбею жағдайларын, қоныс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн iс-шаралар әзiрленiп, жүзеге асырылуға тиiс.

      20-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарларды
               қорғау

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн қорғау Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      21-бап. Жануарлар дүниесi объектiлерiн жасанды өсiру

      1. Жануарлар дүниесi объектiлерiн жасанды өсiру:
      1) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн сақтау және молайту;
      2) ғылыми зерттеулер;
      3) жануарларды жерсiндiру;
      4) жануарлар дүниесi объектiлерiн кәсiпкерлiк қызметте пайдалану мақсатында жүзеге асырылады.
      2. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң санын сақтау және арттыру мақсатымен кейiннен оларды табиғи мекендеу ортасына шығару арқылы жануарлар дүниесi объектiлерiн жасанды өсiру мемлекеттiк бюджет қаражаттарының және заңдарда тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
      3. СИТЕС-тiң I және II қосымшаларына енгiзiлген, жасанды жолмен өсiрiлген жануарлар түрлерi, егер олар СИТЕС-тiң Қазақстан Республикасындағы Әкiмшiлiк органы тiркеген өсiру нәтижесi болып табылса ғана, сауда нысанасы болуы мүмкiн.
      4. Жануарлар дүниесi объектiлерiн кәсiпкерлiк қызмет мақсатында жасанды өсiру шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаражаттары және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.

      22-бап. Жабайы жануарларды жерсiндiру және будандастыру,
               оларды Қазақстан Республикасына әкелу және
               одан тыс жерлерге әкету

      1. Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнгендерiн қоспағанда, жануарларды жерсiндiруге және будандастыруға, оларды Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тыс жерлерге әкетуге биологиялық негiздеме мен мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк орган берген рұқсат бойынша ғана жол берiледi.
      2. Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлардың түрлерiн жерсiндiруге және будандастыруға биологиялық негiздеме мен мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысына сәйкес және уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынысы негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен жол берiледi.

      23-бап. Жаппай ауырған, табиғи апат кезiнде және басқа
               себептер салдарынан қырылу қатерi төнген
               жағдайларда жануарларға көмек көрсету

      1. Бекiтiлiп берiлген аң ауланатын жерлер мен балық шаруашылықтары су тоғандарында (учаскелерiнде) жаппай ауырған, табиғи апат кезiнде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген жағдайларда жануарларға көмек көрсетудi аң шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдары, ал басқа жерлер мен су тоғандарында - облыстық атқарушы органдар жүзеге асырады. Осы жағдайларда аумағының және оқиғаның маңыздылығына байланысты халықаралық ұйымдар және Қазақстан Республикасы Үкiметi көмек көрсетуi мүмкiн.
      2. Жануарларды табиғи апат аудандарында аулауға, сондай-ақ қырылу қаупi төнген жануарларды аулауға жол берiлмейдi.

      24-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
               пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер

      1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер:
      1) жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн жыл сайын бағалау;
      2) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерінiң жай-күйін ұдайы зерделеу;
      3) жануарлар дүниесiнiң эпизоотикалық жай-күйiн тұрақты зерделеу;
      4) халықаралық ғылыми-зерттеу бағдарламаларына қатысу;
      5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi негiздеу;
      6) биологиялық сан алуандылықты сақтау және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту мен пайдалану бағдарламалары жөнiндегi шараларды негiздеу;
      7) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғаудың, өсiмiн молайтудың және пайдаланудың құқықтық және экономикалық тетiктерiн әзiрлеу мақсатында жүзеге асырылады.
      2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мемлекеттiк бюджеттiң қаражаттары және заңдармен тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.
      3. Бекiтiлiп берiлген аң ауланатын жерлер мен балық шаруашылығы су тоғандарындағы (учаскелерiндегi) жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн жыл сайын бағалау олар бекiтiлiп берiлген субъектiлердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      25-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған
               биологиялық негiздеме

      1. Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеменi әзiрлеу жөнiндегi қызмет Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиялауына жатады.
      2. Лицензияны беру, қолданылуын тоқтата тұру және оны керi қайтарып алу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

4-тарау. Жануарлар дүниесiн пайдалану

      26-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану

      1. Жануарлар дүниесiн пайдалану жалпы және арнайы пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      2. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерi осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнiң талаптарына сәйкес пайдалануға берiледi.
      3. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн мекендейтiн ортасынан ала отырып пайдалану жатады.
      4. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерiн мекендейтiн ортасынан алмай пайдалану жатады. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану тегiн негiзде жүзеге асырылады.
      5. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда пайдалану орман заңдарының және Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдардың талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады.
      6. Жануарлар дүниесi объектiлерiн биологиялық қару ретiнде пайдалануға тыйым салынады.

      27-бaп. Жануарлар дүниесiн пайдалану түрлерi

      Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесiн пайдаланудың мынадай түрлерiне жол берiледi:
      1) аң аулау;
      2) судағы омыртқасыздар мен теңiз сүт қоректiлерiн аулауды қоса алғанда, балық аулау;
      3) аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарында пайдалану;
      4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда пайдалану;
      5) жануарлардың тiршiлiгiндегi пайдалы қасиеттер мен өнiмдердi пайдалану.

      28-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмдерi

      1. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдаланудың мынадай мерзiмдерi белгiленедi:
      1) аң және (немесе) балық шаруашылығын жүргiзген кезде биологиялық-экономикалық тексерудiң, аң аулайтын жерлер мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беруге арналған конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарының, аң шаруашылығы мен балық шаруашылығы ұйымдарын дамыту жоспарларының негiзiнде конкурстық комиссия айқындайтын аң аулайтын жерлер мен балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) бекiтiлiп беру кезеңiне байланысты 10 жылдан 49 жылға дейiн;
      2) қалған түрлерiне - 1 жылдан аспайтын мерзiм.
      2. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдаланғанда пайдалану мерзiмдерi белгiленбейдi.

      29-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалануға беру

      1. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлетiн жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсат негiзiнде берiледi.
      2. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану қандай да бiр рұқсатсыз жүзеге асырылады.

      30-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың құқықтары
               мен мiндеттерi

      1. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнаулы пайдалану кезiнде:
      жануарлар дүниесiнiң өздерiне рұқсат етілген түрлерiн ғана пайдалануды жүзеге асыруға;
      жануарлар дүниесi объектiлерiн оларды беру талаптарына сәйкес пайдалануға;
      ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн және бұл ретте алынған өнiмдi меншiктенуге;
      жолдама беруге;
      жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға арналған шарттар жасасуға құқылы.
      2. Арнаулы пайдалану кезiнде жануарлар дүниесiн пайдаланушылар:
      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауға;
      2) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен уақытылы енгiзуге;
      3) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;
      4) жануарлар дүниесiн халық пен қоршаған орта үшiн қауiпсiз болатын, табиғи үйiрлердiң тұтастығын бұзуға және жануарларға қатал қарауға жол бермейтiн тәсiлдермен пайдалануға;
      5) жануарлар дүниесi объектiлерiнiң санын есепке алуды жүргiзуге және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есеп-қисап тапсыруға;
      6) жануарлар дүниесiн, соның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн қорғауды және өсiмiн молайтуды қамтамасыз етуге;
      7) мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен аң шаруашылығын биологиялық-экономикалық тексеруге сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.
      3. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде өздерiнiң мәдени және эстетикалық қажеттерiн қанағаттандыру үшiн жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға құқылы.
      4. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде:
      1) жануарлар дүниесiн қорғау өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауға;
      2) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;
      3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен көзделген өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.
      5. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiне мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың, шаруашылық және басқа ұйымдардың тарапынан заңсыз араласуға тыйым салынады.

      31-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемдер

      1. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану ақылы негiзде жүзеге асырылады.
      2. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары, бюджетке аударым жасау және төлем төлеудiң тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес белгiленедi.

      32-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалануға
               арналған лимиттер мен квоталар

      1. Жануарларды алу лимитi - жануарларды олардың табиғи өсiмiн және оңтайлы санын сақтай отырып алудың жол берiлетiн шектегi көлемi.
      Жануарларды алу лимитi жануарлар дүниесi объектiлерiнiң және олардың мекендеген ортасының санын, мониторингiн есепке алудың, ғылымын зерттеулердiң негiзiнде әзiрленген биологиялық негiздемеге сәйкес белгiленедi және оны мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Бiрнеше мемлекеттердiң аумақтары бойынша көшiп-қонып жүретiн немесе мемлекетаралық маңызы бар су тоғандарын мекендейтiн жануарларды алу лимитi мемлекетаралық келiсiмдер мен халықаралық ұйымдардың шешiмдерi негiзiнде белгiленедi, ал бұлар болмаса, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалады.
      2. Жануарларды алу квотасы - жануарларды алу лимитiнiң аң шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдары үшiн белгiлi бiр мерзiмге белгiленген бiр бөлiгi.
      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер кезiнде мемлекеттiк тапсырысты орындау үшiн уәкiлетті мемлекеттiк орган жеке квота белгiлейдi.
      Мемлекеттiк тапсырыс бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзудi қоспағанда, аң ауланатын жерлер мен балық шаруашылықтары су тоғандарының (учаскелерiнiң) резервтiк қорына жануарларды алу квотасы бөлiнбейдi.
      Жануарларды алуға бөлiнген квота кәсiпшiлiк және әуесқойлық (спорттық) аулаудың көлемi мiндеттi түрде көрсетiле отырып, уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiмен аң шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарына жеткiзiледi.

      33-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын тоқтату
               негiздерi

      Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы:
      1) жануарлар дүниесiн пайдаланудан өз еркiмен бас тартқан;
      2) жануарлар дүниесiн пайдаланудың мерзiмi өтiп кеткен;
      3) жануарлар дүниесiн пайдаланушының қызметi тоқтатылған;
      4) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегі заңдардың талаптары, сондай-ақ аң шаруашылығын және балық шаруашылығын жүргiзу шарттарының талаптары жүйелi түрде бұзылған;
      5) аң ауланатын жерлер мен балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелерi) бекiтiлiп берiлген жер учаскелерi мемлекеттiк мұқтаждар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен алып қойылған;
      6) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға берiлген рұқсаттар жойылған;
      7) Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен көзделген өзге де негiздер туындаған жағдайларда тоқтатылады.

      34-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
               пайдалану саласындағы нормативтер

      1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтер жануарлар дүниесiнiң сақталуын, мекендеу ортасы мен оның орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн қажет жол берiлетiн шектi сандық және сапалық көрсеткiштердiң мәнiн айқындайды.
      2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтер ғылыми зерттеулер негiзiнде белгiленедi және олар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы iс-шараларды жоспарлау мен шаруашылық және өзге де қызметтердi енгiзу, жүргiзу кезiнде мiндеттi болып табылады.

5-тарау. Аң аулау

      35-бап. Аң аулау ұғымы және түрлерi

      1. Аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн табиғи ортасынан ала отырып жануарлар дүниесiн пайдаланудың арнаулы түрi.
      Жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау мақсатымен iздестiру, соңына түсу, iзiн кесу, аулауға әрекет жасау, аң ауланатын жерлерде қабынан алынған аңшылық қаруы және аң аулаудың басқа да жарақтары немесе аң аулаудан алған өнiмдерi бар, байлауын алып тастаған аң аулайтын иттерi мен саятшы құстары бар тұлғалардың жүруi аң аулау деп танылады.
      2. Аң аулау:
      1) кәсiпшiлiк аң аулау;
      2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау түрлерiне бөлiнедi.
      3. Кәсiпшiлiк аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн кәсiпкерлiк қызмет мақсатында аулау.
      4. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау - аңшының аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн спорттық, эстетикалық қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында және ауланған өнiмдi жеке тұтыну мақсатында жүзеге асыратын аң аулауы.
      5. Егер уәкiлеттi мемлекеттiк орган өзгеше белгiлемесе, аң аулау бекiтiлiп берiлген аң ауланатын жерлерде жүргiзiледi.

      36-бап. Аң аулау құқығы

      1. Мынадай талаптарға сай келетiн жеке тұлғалар:
      1) аң аулау атыс қаруын қолдана отырып жүргiзiлсе, жасы 18-ге толғанда;
      2) аң аулау жарақ түрлерiмен аулаудың басқа да рұқсат етiлген ережелерiн, иттер мен саятшы құстарды қолдана отырып жүргiзiлсе, жасы 14-кe толғанда;
      3) аң аулау құқығына арналған жыл сайынғы мемлекеттiк бажды төлегенде;
      4) арнаулы емтиханды (аңшылық бiлiмнiң ең төменгi мөлшерi) тапсырғаны туралы белгi қойылған аңшылық куәлiгi бар болғанда аң аулауға құқылы.

      2. Шетел азаматтары үшiн Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аң шаруашылығы ұйымымен аң аулауды ұйымдастыру жөнiнде жасасқан шарт пен шетелдiк азаматтың өзi тұратын елден берiлген оның аң аулау құқығын растайтын құжаты және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк баждың төленгенi негiзiнде туындайды.

6-тарау. Балық аулау және басқа су жануарларын аулау

      37-бап. Балық аулау

      1. Балық аулау - балық аулау объектiсi болып табылатын балық және басқа су жануарларын аулау.
      2. Балық аулау:
      1) кәсiпшiлiк балық аулау;
      2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау түрлерiне бөлiнедi.
      3. Кәсiпшiлiк балық аулау - балық аулау объектiсi болып табылатын балық және басқа су жануарларын кәсiпкерлiк қызмет мақсатында аулау.
      Кәсiпшiлiк балық аулау - тек балық шаруашылығын жүргiзу ұйымдарына бекiтiлген балық шаруашылығы маңызы бар су айдындарында (учаскелерiнде) жүргiзiледi.
      4. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау - балық аулаушының балық және басқа су жануарларын спорттық, эстетикалық және ауланған өнiмдi жеке қажеттерiне тұтыну жүзеге асыратын балық аулауы.
      Әуесқойлық (спорттық) балық аулау балық шаруашылығы ұйымдарына, жеке тұлғаларға және әуесқой балық аулаушылардың қоғамдық бiрлестiктерiне бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде), қорықтардың, балық көшеттiктерiнiң, тоғандардың, көлдердiң және басқа балық шаруашылықтарының, сондай-ақ ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтайтын су қоймаларының аумағында орналасқан су тоғандарын қоспағанда, балық аулаудың белгiленген ережелерiн сақтай отырып жүзеге асырылады. Тоғандарда, көлдерде және басқа балық шаруашылықтарында әуесқойлық (спорттық) балық аулау су сервитуттарының негiзiнде немесе иесiнiң келiсiмiмен жүзеге асырыла алады.

      38-бап. Балық аулау құқығы

      1. Кәсiпшiлiк балық аулау құқығына жеке және заңды тұлғалар келесi:
      уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiленген тәртiппен берген жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсат болған;
      құрылтай құжатында қызметтiң осындай түрi бар болған;
      балық шаруашылығы ұйымдарымен балық аулауға және басқа су жануарларын аулауға арналған шарты бар болған;
      балық аулау жұмысына тiкелей қатысушы барлық тұлғалардың өз iciнe жауап беретiн жасқа келген жағдайларда ие болады.
      2. Әуесқой (спорттық) балық аулау және басқа су жануарларын аулау құқығын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген балық аулаушының билетi бар жеке тұлғалар пайдаланады.

      39-бап. Жасанды су тоғандарындағы балық шаруашылығы
               қызметiн реттеудiң ерекшелiктерi

      Жасанды су тоғандарын құрған, оларда балық және басқа су жануарларын өсiрген жеке және заңды тұлғалар оларды меншiктенедi және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларға өз қалауы бойынша билiк етедi.

7-тарау. Аң және балық шаруашылығын жүргiзу

      40-бап. Аң және балық шаруашылығын жүргiзу
               құқығының берiлуi

      1. Аңшылық және балық шаруашылығын жүргiзу құқығы жеке және заңды тұлғаларға облыстық атқарушы органның аң ауланатын жерлер мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру туралы шешiмдерiнiң, уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен жануарлар дүниесiн пайдаланушы арасында жасасылатын аңшылық және балық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарттың негiзiнде берiледi.
      2. Аң шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдары жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн ақы енгiзген және жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алған сәттен бастап жануарлар дүниесi объектiлерiн алу немесе осы құқықты өзге тұлғаларға квота шегiнде беру құқығын алады, ал басқа жеке және заңды тұлғалар - аң шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарынан жолдама алғаннан кейiн, солармен аңшылыққа немесе балық аулауға шарт жасасқан соң алады.
      3. Аң шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарына аң ауланатын жерлер мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп берудiң мерзiмi өтiп кеткен кезде олардың осы аумақтар мен су айдындарын қайта бекiтуiне басымдығы болады.

      41-бап. Аң ауланатын жерлер

      1. Аң ауланатын жерлер - аулау объектiсi болатын жануарлардың түрлерi мекендейтiн орта болып табылатын аумақтар мен су айдындары, онда аң аулау және аң шаруашылығын жүргiзу жүзеге асырылады немесе жүзеге асырылуы мүмкiн.
      2. Аумақтар мен су айдындарын аң ауланатын жерге жатқызу, олардың шекарасын белгілеу және жер учаскелерiне тиiстi сервитуттар орнату шаруашылықаралық аң аулауды ұйымдастыру, биологиялық-экономикалық зерттеу нәтижелерi негiзiнде Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      3. Аң ауланатын жер орман қоры жерлерiнде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде, босалқы жерлерде, өзге де санаттағы жерлерде, сондай-ақ аң аулау мен аң шаруашылығын жүргiзу жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкiн су қоры жерлерiнде болуы мүмкiн.
      4. Аң ауланатын жердегi жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға байланысты емес шаруашылық қызметi жануарлар дүниесi объектiлерiнiң және олар мекендейтiн ортаның сақталуын қамтамасыз ететiн әдiстермен және тәсiлдермен жүргiзiлуге тиiс.
      5. Аң ауланатын жерлер орналасқан жерлер мен су айдындарына иелiк ету, пайдалану және билiк ету құқығы аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдалануға құқық бермейдi.
      6. Мынадай жағдайларда:
      1) ағымдағы жыл үшiн мемлекеттiк баж төлегенi туралы белгi соғылған аңшы куәлiгiнсiз;
      2) сақтау және пайдалану құқығына iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз оқ ататын қарумен;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген иттермен және саятшы құстармен;
      4) аң шаруашылығы ұйымдарымен шартқа отырмай кәсiпшiлiк мақсаттарда;
      5) егер уәкілеттi мемлекеттiк орган өзгеше белгiлемесе, аң ауланатын жерлердiң резервтiк қорында;
      6) елдi мекендердiң жерлерiнде, сондай-ақ солармен шектесетiн аумақтарда аң аулау ережелерiмен белгiленетiн оқ ататын аң аулау қаруын қолданудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қашықтықта;
      7) уәкілеттi мемлекеттiк органның рұқсатынсыз өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерiнде;
      8) күйзелiстi және дәрменсiз жағдайдағы жануарларды (дауылдан, тасқыннан, өрттен бас сауғалағандарды, су тоғандарынан өту кезiнде, мұздақта, аштықтан әлсiреген, жусанды паналаған су бетiнде жүзетiн құстарды);
      9) авиа-, авто-, мото-, көлiк құралдарын, қарда жүретiн техникаларды, шағын көлемдi кемелердi двигательдерiн, түнде көретiн аспаптарын, лазерлiк нысана көрсеткiштерiн, жарық беретiн және дыбыстық аспаптарын iске қосып қолдана отырып әуесқойлық (спорттық) мақсаттарда;
      10) мас болудың алкогольдiк немесе нашақорлық немесе уланудың өзге де түрлерi жағдайларында аң аулауға тыйым салынады.

      42-бап. Балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелерi)

      1. Балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелерi) - балық шаруашылығын жүргiзу үшiн пайдаланылатын және пайдаланылуы мүмкiн не олардың қорының өсiмiн молайту үшiн маңызы бар су тоғандары (iшкi теңiздер, өзендер, көлдер, тоғандар, су қоймалары мен басқа да жер үстi сулары).
      2. Балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелерi):
      1) халықаралық маңызы бар;
      2) республикалық маңызы бар;
      3) жергiлiктi маңызы бар деп бөлiнедi.
      3. Халықаралық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарына (учаскелерiне) Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттердiң аумақтарына орналасқан су тоғандары жатады.
      Республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарына (учаскелерiне) екi және одан да көп облыстардың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелерi) жатады.
      Жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарына (учаскелерiне) барлық басқа балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелерi) жатады және олардың тiзбесiн облыстық атқарушы орган бекiтедi.
      4. Балық шаруашылығы су тоғандарында:
      1) су көлiгiнiң селолардың, балық қабылдау пункттерiнiң жанына аялаудың, қондырғылар орнатып, қалқыма көрсеткiштер қою үшiн тоқтауын және өте-мөте қажет болатын жағдайды қоспағанда, балық аулауға тыйым салынған орындар шегiне келiп тоқтауына;
      2) балық аулайтын әр түрлi құралдарды бiр су тоғанынан басқа су тоғанына арнаулы өңдеусiз апаруына;
      3) уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатынсыз жаңа балық кәсiпшiлiгi учаскелерiн, ұйықтар ашуына, өзендерге салдар мен қалтқымалар орнатуына;
      4) су тоғанында немесе оған жақын жерде қолданылуы балық аулау ережелерiнде тыйым салынған балық аулау құралдарымен болуға;
      5) балықтарды ноқта жiптерде сақтауға, ойықтардан шыққан өлi және ауру балықтарды, аулау құралдарын суға және жағалауды бойлай лақтырып тастауға;
      6) балық аулау ережелерiмен белгiленген кәсiпшiлiк шаралардан кем балық аулауға, қабылдауға, сатуға және сақтауға;
      7) суда жүзетiн құстарды балық шаруашылығы су тоғандарында өсiруге және уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатынсыз ондатр немесе басқа кәсiпшiлiк мақсаты үшiн мелиоративтiк жұмыстарды жүргiзуге;
      8) мұз қатқан кезеңде халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмiнсiз, ал жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) тиiстi облыстық атқарушы органның келiсiмiнсiз автомобиль көлiгiмен және өзге де механикалық жылжымалы құралдармен болуға тыйым салынады.
      5. Мынадай жағдайларда:
      1) бөгеттердiң, шлюздердiң және көпiрлердiң жанында, көлдердi өзара жалғастыратын және негiзгi өзенмен жалғайтын ағыстарда, мелиоративтiк жүйелердiң арналары мен бұрылыстарында, өзендер мен арналар сағасы алдындағы балық аулау ережелерiнде айқындалған шекарадан тыс жерлерде;
      2) балық аулау ережелерiмен тыйым салынған балық аулау құралдарымен;
      3) балықтардың қыстайтын шұңқырлары мен уылдырық шашатын орындарында;
      4) белгiленген тәртiппен тiркелмеген және тiркеу нөмiрлерiмен белгiленбеген жүзбелi құралдармен;
      5) ұйымның атауы көрсетілген биркасы жоқ және аулау құқығын берген рұқсатқа сәйкес аулау құралының параметрлерi көрсетiлмеген аулау құралдарымен;
      6) теңiзде және өзендерде бекiре балықтарын аулау үшiн аулаудың қақпақты құралдарымен;
      7) мас болудың алкагольдiк немесе нашақорлық немесе уланудың өзге де түрлерi жағдайларында балық аулауға тыйым салынады.

      43-бап. Аң ауланатын жерлер мен балық шаруашылығы су
               тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру тәртiбi

      1. Аң ауланатын жерлер мен балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелерi) облыстық атқарушы органның шешiмiмен конкурстық негiзде бекiтiлiп берiледi.
      Конкурсты уәкiлеттi мемлекеттiк орган құратын комиссия облыстық атқарушы органмен бiрлесiп, конкурс өткiзу ережелерiне сәйкес өткiзедi.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда конкурсты Қазақстан Республикасы Үкiметi құратын комиссия жүргiзедi.
      Аң ауланатын жерлер мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiндегi конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтiлiп берiлетiн аумақтар мен су айдындарындағы аң аулауды биологиялық-экономикалық тексеру негiздерiнде әзiрлейдi.
      2. Жеке меншiкте немесе уақытша жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жер пайдалануында болатын жер учаскелерiндегi аң ауланатын жерлер оларға конкурс өткiзiлмей, олардың өтiнiшiмен облыстық атқарушы органдардың шешiмдерiмен квалификациялық талаптарға сәйкес болғанда бекiтiлiп берiледi.

      44-бап. Аң ауланатын жердiң және балық шаруашылығы су
               тоғандарының (учаскелерiнiң) резервтiк қоры

      1. Жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға осы Заңмен белгiленген тәртiппен бекiтiлiп берiлмеген аң ауланатын жер мен балық шаруашылығының су тоғандары (учаскелерi) аң ауланатын жер мен балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) резервтiк қорын құрайды.
      2. Балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) халықаралық және республикалық маңызы бар резервтiк қоры уәкiлеттi мемлекеттiк органның қарауында, жергiлiктi маңызы бар - тиiстi облыстық атқарушы органдардың қарауында болады.
      3. Аң ауланатын жерлердiң резервтiк қоры тиiстi облыстық атқарушы органдардың билiгiнде болады.

      45-бап. Аң аулау мен балық аулау объектілерiне жатпайтын
               жануарларды шаруашылық мақсаттарына пайдалану

      Aң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарлар дүниесi объектiлерiн шаруашылық мақсаттары үшiн пайдалану, сондай-ақ жануарлардың пайдалы қасиеттерi мен тiршiлiк ету өнiмдерiн пайдалану уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

      46-бап. Жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық,
               тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттар,
               соның iшiнде зоологиялық коллекциялар жасау үшiн
               пайдалану

      Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнгеннен басқа, жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттар, соның ішiнде зоологиялық коллекциялар жасау үшiн пайдалану уәкілетті мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

      47-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
               пайдалану саласындағы мемлекеттiк ұйымдар

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мынадай нысанда мемлекеттiк ұйымдар:
      1) жануарлар дүниесiнiң қысқаруға бейiм жекелеген түрлерiн қорғауды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк мекемелер;
      2) аңшылық орналастыруды, балық шаруашылығын орналастыруды, жануарлар дүниесi объектiлерiн жерсiндiру және тектiк қорын сақтау үшiн жасанды өсiрудi жүзеге асыратын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар құрады.
      2. Жергiлiктi атқарушы органдар аң ауланатын жер мен балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) резервтiк қорындағы жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту үшiн жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту жөнiндегi коммуналдық ұйымдар құрады.

8-тарау. Жануарлардың санын реттеу

      48-бап. Жануарлар санын реттеудiң мақсаттары

      Жануарлардың санын реттеу:
      1) халықтың денсаулығын сақтау;
      2) ауыл шаруашылық және үй жануарларының ауруын болдырмау;
      3) экономикада залалды болдырмау;
      4) биологиялық тепе-теңдiктi сақтау мақсаттарында жүзеге асырылады.

      49-бап. Жануарлар дүниесi объектiлерiнiң санын
               реттеу үшiн негiздердiң туындауы

      Жануарлар дүниесi объектiлерiнiң санын реттеу үшiн мынадай негiздер болуы мүмкiн:
      1) жұқтырушылары жануарлар дүниесiнiң объектiлерi болып табылатын aуpу жұғу қатерiнiң немесе онымен халықтың, ауыл шаруашылық және үй жануарларының ауруының туындауы;
      2) экономикаға едәуiр залал келу қатерiнiң туындауы;
      3) жануарлардың жекелеген түрлерi санының қысқаруына және басқа терiс салдарға соқтырған жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасындағы қалыптасқан табиғи баланстың бұзылуы.

      50-бап. Жануарлардың санын реттеудiң тәртiбi

      Жануарлардың санын реттеудiң тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

9-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру және экономикалық ынталандыру

      51-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
               орнықты пайдалану жөнiндегi iс-шараларды
               қаржыландыру

      1. Мыналар:
      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк ұйымдар;
      2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк, салалық және аумақтық бағдарламаларды iске асыру;
      3) жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алу, кадастрi мен мониторингiн жүргiзу;
      4) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы бұған уәкiлеттiк алған мемлекеттiк органдар жүргiзетiн ғылыми зерттеулер;
      5) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн қоса алғанда, жануарлар дүниесi объектiлерiн жерсiндiру;
      6) Қазақстан Республикасының Қызыл Кiтабын жүргiзу және шығару;
      7) экономикаға едәуiр залал келтiретiн, халықтың, ауыл шаруашылық және үй жануарларының денсаулығына қатер төндiретiн жануарлар түрлерінің санын реттеу;
      8) табиғи апаттар мен төтенше экологиялық жағдайлар кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерiнiң қырылу қатерiн болдырмау жөнiндегi шаралар;
      9) шаруашылықаралық аң аулауды ұйымдастыру және балық шаруашылығын ұйымдастыру;
      10) аң шаруашылығы немесе балық шаруашылығы ұйымдарына бекiтiлiп берiлетiн резервтiк қордағы аң ауланатын жерлер мен балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiн) аң аулауды биологиялық-экономикалық зерттеу мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландырылады.
      2. Бекiтiлiп берiлген аң ауланатын жерлер мен балық шаруашылығы су тоғандарындағы (учаскелерiндегi) жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегi шараларды қаржыландыру аң шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарының қаражаттары есебiнен жүргiзiледi.
      3. Жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегi шараларды қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қоғамдық қорлар құрылуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де көздер тартылуы мүмкiн.

      52-бап. Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды
               және орнықты пайдалануды экономикалық
               ынталандыру

      Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды экономикалық ынталандыру (жеңiлдiктер, префенциялар беру, мемлекеттiк қолдау) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

10-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы бақылау

      53-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
               пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау

      1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау - уәкiлеттi мемлекеттiк органның жануарлар дүниесiн қорғау өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарын бұзудың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және жоюға бағытталған қызметi.
      2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын орындауына бақылауды жүзеге асыруды және Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауды көздейдi.
      3. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi мемлекеттiк органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының және оның тиiстi аумақтарының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары, ал олардың орынбасарлары - жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлардың орынбасарлары болып табылады.
      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiн қадағалайтын уәкiлеттi мемлекеттiк орган құрылымдық бөлiмшелерiнiң және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары Қазақстан Республикасының және оның тиiстi аумақтарының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, ал жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiн қадағалайтын мамандар - Қазақстан Республикасының және оның тиiстi аумақтарының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
      4. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту жөнiндегi мемлекеттiк мекемелердiң лауазымды тұлғаларына жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың құқықтары берiледi.

      54-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
               пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау
               объектiлерi

      1. Мыналар:
      1) жануарлар дүниесi және олар мекендеген орта;
      2) жануарлар дүниесi объектiлерiн ерiксiз және жартылай ерiктi жағдайларда ұстаудың шарттары;
      3) жануарлар дүниесiн аулау жарақтары;
      4) жануарлар дүниесiнiң ауланған өнiмi;
      5) жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын растайтын құжаттама (аң аулаушының және балық аулаушының куәлiгi, жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған шарт және рұқсат, жолдама, балық аулаушының билетi, кәсiпшiлiк журналы);
      6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi қызмет;
      7) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтiк құжаттама;
      8) жануарлар дүниесiне және оның мекендейтiн ортасына әсерiн тигiзетiн қызмет жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау объектiлерi болып табылады.

      55-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк
               инспекторлардың құқығы

      1. Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар:
      1) жануарлар дүниесiн қорғау өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдары нормаларының орындалуын тексеру мақсатында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау объектiлерiнде заңдарда белгіленген тәртiппен кедергiсiз болуға (қызметтiк куәлiгiн көрсетуi бойынша), сондай-ақ жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметi туралы ақпарат алуға;
      2) осы заңмен берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;
      3) iс жүргізу шешiмiн қабылдау үшiн құқық қорғау органдарына тексеру материалдарын беруге;
      4) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы анықталған кезде жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiн тоқтата тұруға немесе тоқтату туралы заңдарда белгiленген тәртiппен ұсыныс енгiзуге;
      5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы нәтижесiнде келтiрiлген зиянның мөлшерiн белгiлеуге және осының негiзiнде кiнәлi тұлғаларға осы зиянды ерікті түрде өтеу туралы ұсыныс жасауға не сотқа талап-арыз беруге;
      6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қарауға, кiнәлiлердi әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапкершiлiкке тарту туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберуге;
      7) аң ауланатын жерлердiң, балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) аумағынан және ерекше қорғалатын табиғи аумақтан шыққан кезде көлiк және суда жүзу құралдарын тоқтатуға және оларға тексеру жүргізуге;
      8) аулау жарақтарының тыйым салынған түрлерін оларды сот шешiм қабылдағанға дейiн сақтау үшiн алуға;
      9) заңсыз ауланған жануарлар дүниесі объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен алуға;
      10) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын сот шешiм шығарғанға дейiн уақытша сақтау үшiн алуға;
      11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнаулы құралдар мен қызметтiк атыс қаруын сақтауға, асынып жүруге және қолдануға құқылы.
      2. Жануарлар дүниесi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың әрекетiне (әрекетсiздігiне) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi жоғары мемлекеттiк органға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

      56-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк
               инспекторлардың актiлерi

      1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын анықталған бұзудың дәрежесiне қарай мемлекеттiк бақылау нәтижелерi бойынша әсер етудiң құқықтық шараларын қабылдау мақсатында жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi құқықтық инспекторлар мынадай актiлер:
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар;
      2) мынадай:
      жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзудың жойылғаны туралы;
      талап-арызды көрсетiлген мерзiмде сотқа мiндеттi түрде ұсына отырып үш күннен аспайтын мерзiмде сот шешiмiнсiз жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметiне тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы нұсқама шығарады. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданыста болады.
      3) Мынадай:
      жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңдары бұзылған жағдайда кiнәлi адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту туралы;
      жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, тыйым салынған аулау жарақтарын және заңсыз ауланған жануарлар дүниесi объектiлерi мен олардың өнiмдерiн сот шешiмi шыққанға дейiн уақытша сақтау үшiн алу туралы қаулы шығарады.
      2. Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың актiлерi жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.

      57-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк
               инспекторларды құқықтық және әлеуметтiк қорғау

      Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықтық және әлеуметтiк қорғалуға тиiс.

      58-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
               пайдалану жөнiндегi өндiрiстiк бақылау

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өндiрiстiк бақылау - бекiтiлiп берiлген аң ауланатын жерлер мен балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) жануарлар дүниесiнiң пайдаланылуын қорғау, өсiмiн молайту және бақылау функциясын жүзеге асыратын аң шаруашылығы және балық шаруашылығы кәсiпорындарының егерьлiк қызметi.

      59-бап. Қорықшылық қызметтiң құқықтары мен мiндеттерi

      1. Қорықшылық қызметтiң қызметкерлерi бекiтiлiп берiлген аң ауланатын жерлер мен балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) өздерiнiң мiндеттерiн атқару мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен:
      1) оларды кейiннен жануарлар дүниесi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға не уәкiлеттi мемлекеттiк органға мiндеттi түрде беру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауға;
      2) аң аулау мен балық аулау құқығына арналған құжаттардың болуын тексеруге;
      3) заттар мен көлiк құралдарына тексеру жүргiзуге;
      4) оларды кейiннен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға не уәкiлеттi мемлекеттiк органға мiндеттi түрде беру үшiн жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, аң аулау мен балық аулаудан алынған заңсыз өнiмдi, аулау жарақтарының тыйым салынған түрлерiн алуға;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нысанды киiм-кешек киiп және атыс қаруын асынып жүруге құқылы.
      2. Аң аулайтын жерлер мен балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) жануарлар дүниесi пайдаланылған кезде қорықшылық қызметтiң қызметкерлерi жануарлар дүниесiн қорғауды қамтамасыз етуге және заңдылықтың сақталуын бақылауға мiндеттi.
      3. Қорықшылық қызметтiң қызметкерлерi өз функцияларын жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлармен өзара iс-қимылда жүзеге асырады.
      4. Қорықшылық қызметтiң қызметкерлерiн ұстап тұруды тиiстi аң шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады.

      60-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
               пайдалану саласындағы қоғамдық бақылау

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық бақылауды Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес қоғамдық бiрлестiктер жүзеге асырады.

      61-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
               пайдалану туралы заңдарды бұзғаны үшiн
               жауаптылық

      1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңдардың бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
      2. Айыппұл салу не өзге де өндiрiп алулар кiнәлi тұлғаларды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен залалды өтеуден босатпайды.

      62-бап. Жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау мен
               пайдалану мәселелерi бойынша даулардың шешiлуi

      Жануарлар дүниесiнiң объектілерi мен олардың мекендеу ортасын қорғау және пайдалану, жануарлар дүниесiн пайдалануға беру мәселелерi жөнiндегi дауларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен соттар шешедi.

      63-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
               пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық

      1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда белгiленген принциптерге сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Құрып кету қаупi төнген жануарлар дүниесi объектiлерiмен халықаралық сауда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және халықаралық нормаларға сәйкес реттеледi.

      64-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 1993 жылғы 21 қазандағы N 2463-XII Заңының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1993 ж., N 18, 439-бап; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Ведомостары, 1999 ж., N 11, 357-бап; 2001 ж., N 3, 20-бап; 2001 ж., N 24, 338-бап).

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады